Өнерлі бала сүйкімді десек

Сыныбы:3 Сабақ №21Тақырып: Өнерлі бала сүйкімдіҚұндылық: СүйіспеншілікҚасиеттер:Таланттылық, зеректілік,өнерпаздық.Сабақ мақсаты: Өнерлі бала сүйкімді ұғымының мәнін ашу.Сабақ міндеті:- оқушыларға өнер ұғымының тереңдігн түсіндіру;- эстетикалық талғамдарын дамыту;-сұлулықты,өнерді сүюге,өнерпаздыққа тәрбиелеу.№Сабақтың барысыРесурстар, мәліметтер1 5ДәйексөзАдамның сәні-өнер, білім, ақылы. Жетес шешенБалалар дәйе...
Раздел Обществознание
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Мерзімі ---------- Сыныбы:3 Сабақ №21

Тақырып: Өнерлі бала сүйкімді

Құндылық: Сүйіспеншілік

Қасиеттер:Таланттылық, зеректілік,өнерпаздық.

Сабақ мақсаты: Өнерлі бала сүйкімді ұғымының мәнін ашу.

Сабақ міндеті:

- оқушыларға өнер ұғымының тереңдігн түсіндіру;

- эстетикалық талғамдарын дамыту;

-сұлулықты,өнерді сүюге,өнерпаздыққа тәрбиелеу.

Сабақтың барысы

Ресурстар, мәліметтер

1



2

Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен сәлемдесу.

Сәлеметсіздер ме,қадірменді қонақтар !

Қош келдіңіздер! Сәлеметсіздер ме,менің сүйікті оқушыларым!

Оқушыларды түгелдеу.5 жұмыс құралын түгендеу:күнделік,оқулық,жұмыс дәптері, қаламсап,қарындаш. 5Т ұстанымын еске түсіру.

Талап

Тәртіп

Тыныштық

Тазалық

Татулық

Тыныштық сәті. (жағымды көңіл күйге келу)

Бүгінгі күніміз қайырлы,нәтижелі болсын.Қәне,бәріміз біздің аспандағы нұрын шашып тұрған Күнге ұқсап отырайықшы.

Бетховеннің шығармасы тыңдалады.

-Балалар денелеріңді түзеу ұстап,бастарыңды жоғары

көтеріп, ыңғайланып отырыңдар.Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Ауаны еркін жұтып, еркін тыныс алыңдар. Өнер мен бақытқа, махаббат пен тыныштыққа толы, таза,шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезініңдер. Менің өмірім... Менің әлемім... Менің ойларым... Осылайша барлығымыз ойымызды жинақтайық. Рахмет.

Үнтаспа,

оқулық,

дәптер,ақ парақтар,

күнделік,

жұмыс дәптері,

қаламсап, АТК,

стикерлер,

смайликтер

3

Үй тапсырмасын тексеру «Құмға салған сурет» мәтінін оқыдыңдар ма?

Мәтін бойынша пікір алмасу сұрақтар:

-Балалар,Әбілханның өнерге құштарлығы қалай көрінді?

- Ә.Қастеевтің атақты суретші болуына кімдер көмектесті?

-Өнерлі өрге жүзер дегенді қалай түсінесіңдер?

-Өз өнерлеріңді қалай шыңдап жүрсіңдер?

Мектептегі өнерлі оқушыларды үлгі етіп айтып кету.

Оқулықтағы

«Құмға

салған сурет»

мәтіні

4





5

Дәйексөз

Адамның сәні-өнер, білім, ақылы.

Жетес шешен

Балалар дәйексөздің мағанасын қалай түсінесіңдер?

Ұлдар 1 рет оқиды. Қыздар 1 рет оқиды.Барлығы хормен оқиды. Дәйек сөздің мағанасын оқушылардың жауаптарын тыңдау арқылы түйіндеймін)

-Адам өнер,білім,ақылымен ерекшеленеді. Олай дейтініміз өнер, білім,ақыл арқылы табысқа,қуанышқа, бақытқа жетуге болады.Өнерлі, білімді ақылды адамның жаны сұлу, мінезі де сыпайы, адамдармен қарым-қатынасы жақсы, қашанда көңіл күйі көтеріңкі болады.

Дәйексөзді дәптерге жазып алыңдар.(жаттап келу тапсырылады)

-Өнерге,білімге байланысты тағы қандай ұлағатты сөздер немесе мақал-мәтелдер білесіңдер?

Бейнекөріністер көрсету

-Қандай адамды өнерлі дейді?

(Кішкентай ақын Жамбыл,шахматшы Жансая,әнші Ермек т,б, танымал өнерлі балалар туралы видео көрсету)

Жас ақын Жамбыл 2 жасында хат танып, 4 жасынан ұйқас құраған.Бүгінде 50-ге жуық туындылары бар. Бала Жамбылдың «Періште тілек»атты кітабы жарық көрді.

Жас өнерпаз әнші Ермек Балжігіт жеті жасында жеке концертін өткізген.

Жас шахматшы Жансая Әбдімәлік күміс жүлде иеленді. Жансая атындағы шахмат акодемиясы ашылды.

дәйексөз жазылған

плакат,




бейнекөріністер

6

Әңгімелеу

«Менің өмірім... Менің әлемім... Менің ойларым...» Осылардың барлығы бір арнаға тоғысқан өмір өрнектері іспеттес. Жүрктегіні сөзбен жеткізбесең де, жырмен жеткізгеннің өзі көңілге қуаныш ұялатады. Балалар,осы оқылған жолдар кімнің ойы деп ойлайсыңдар?

-Дұрыс айтасыңдар, балалар! Бұл ақын адамның ойы.

-Ал балалар ақын адам туралы неге сөз қозғадым, қалай ойлайсыңдар?

-Өйткені қазір оқитын мәтініміз «Ақын деген кім?» Қайым Қанат Қабділрашидұлы-Семей облысы, Ақсуат ауданының Құмкөл ауылында дүниеге келген.

Мәтінді оқу. Мәтінді зейін қойып тыңдайық.

Мәтін бойынша сұрақтар:

  • Немересі әжесіне қандай сұрақ қойды?

  • Әжесі оған қалай жауап берді?

  • «Жүрегі үлкен» деген сөздің мағанасын әжесі қалай түсіндіреді?

  • Әсия неліктен әжесіне мұндай сұрақ қойған еді?

  • Әжесі Әсияға ақын-бабаларымыз туралы не айтты?

  • Нағыз ақын деп қандай адамды айтамыз?

  • Өнерлі адамның бойында қандай қасиеттер болады деп ойлайсыңдар?

  • Өздерің қандай өнер түрін қалар едіңдер?

Түйін

Мәтіннің мазмұнында айтылғандай ақынның «жүрегі үлкен болады», өнер адамының қай-қайсысы болсада халқына жақын болады, елін сүйеді, адамдарды құрмет тұтады.

Оқулықтағы «Ақын деген кім?»

мәтіні

7

Жаңа ақпарат

Өнерлі болу адам баласына тән. Талпыну, талаптану әркімді өнерлі етеді. Ол үшін талмай еңбектену, іздену қажет. Қоршаған әлемді шығармашылықпен көркемдеп бейнелеу көрнісі өнер деп аталады.

Адамның өнерпаздығы оның қабілеті, шеберлігі, іскерлігінен көрінеді.

8

Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс

Ойын:

Мамандық таңдау

(Әр топтың ортасына мамандақ жазылған қағаздар тасталады.)

Әр топ қимыл іс-әрекет арқылы сол мамандықты дәріптеп шығады.

9

Үй тапсырмасы

  • І топ-би өнері туралы,ІІ топ- әншілер туралы, ІІІ топ -ақындар туралы,ІV топ- күйшілер туралы мәліметтер жинақтап, альбом жасап келуі керек.

  • Дәптердегі ребусты шешу.

10

Топпен ән айту

Айгөлек Сөзін жазған Н. Баймұхамедов

Әнін жазған Б.Байқадамов

Айгөлек әні

11

Бағалау . Әр оқушының бүгінгі сабақтағы көңіл-күйін білдіретін смайликтермен бағалау

көңіл-күйін білдіретін смайликтер

12

Соңғы тыныштық сәті .

Көзімізді жұмып, еркін жайғасайық. Енді, бүгінгі өткен сабағымыздан нені түсіндік, қандай жақсы нәрселерді үйрендік, өзімізге нені алдық сол жөнінде ойланайық. Осының барлығын жүрегімізге салып, көкейімізге түйіп алайық. Жайлап, көздеріңізді ашуға болады.

«Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек» әні ойналады

- Арманға бірге барайық,
Жүрекке сая табайық
Махаббат әні әлдилеп,
Алысқа қанат қағайық.
- Армандарың орындалсын! Біліммен, өнермен алға самғаңдар! -деп бүгінгі сабағымызды аяқтаймыз. Баршаңызға рахмет! Сау болыңыздар!

«Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек» әні


© 2010-2022