Разработка урока на тему

          Урок по теме "Многонациональный Казахстан" - Көпұлтты Қазақстан - был разработан мною и проведен совместно с учителем истории в 10-м классе. Тема современного многонационального государства всегда актуальна, познавательна. Толерантность, добрые отношения между народами, стабильность, уважение к традициям - вот главные ценности, которыми дорожит и гордится Казахстан. опыт взаимопонимани, поддержки всегда актуален. Надеюсь, данная разработка будет интересна коллегам и всем, кто интересуе...
Раздел Обществознание
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

10 сынып

Сабақтың тақырыбы: Көпұлтты Қазақстан. Многонациональный Казахстан.

Сабақтың мақсаты: ҚР-ғы халықтардың ынтымақтастықпен, бірлікпен, тең құқықпен өмір сүріп жатқандығын үлгі етіп, елбасы Жолдауынан хабардар ету. Білімге шақыра отырып, еліміздің болашағының іргетасының қалануына әрбір азамат өз үлесін қосу қажет екендігін ұғындыру. Тіл әуезділігін, көркемдігін, байлығын, шешендігін көрсететін нақыл сөздер, мақал-мәтелдер арқылы оқушы дүниетанымын, ой өрісін дамыту.

Сабақтың түрі: интеграциялық сабақ.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, іздену.

Көрнекілігі: Хроника «Мой Казахстан» видеофильм, слайдтар, оқулық, сөздіктер, Ата Заңы, №33 «Степной маяк» газетінен «Прежде думай о Родине» атты мақала, ҚР картасы, ақ қағаздан қиып алған алақандар, жазылған мақал.

Пәнаралық байланыс: тарих, әдебиет

Сабақтың барысы:

І. Қазақ тілі мұғалімі

Алтын күн төгеді шапағын,
Шырқаймыз өмірдің шат әнін.
Мың алғыс өзіңе Туған ел!
Мың алғыс өзіңе Отаным !

Оқулықта берілген «Атамекен» әнін хормен айту. (Хроника «Мой Казахстан» видеофильмді көрсету).

ІІ. Қазақ тілі мұғалімнің кіріспе сөзі:

Бүгінгі сабақтың тақырыбын түсінген боласыңдар. Атамекен - көпұлтты Қазақстан. Атамекен сөздің синонимдерін айтып беріңіздер. Атамекен - отан - туған жер - кіндік кескен жер.

Бәріміз үшін атамекен, кіндік кескен жер - бұл Қазақстан мемлекеті.

Дәптерлерін ашып бүгінгі күнімізді жазып қойыңыз. Қыркүйектің он үші. Көпұлтты Қазақстан. ( дәптерлерге жазғызу).

Қазақстан бүгінде ұлттар мен ұлыстар мекендеген достық пен ынтымақтың ордасына айналды. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев соңғы Жолдауында «2050 жылы Қазақстан жұдырықтай жұмылған біртұтас халық, үлгілі ұлттық мемлекет болатынына мен сенімдімін» деген. Қазақстан - халықтар достығы, бірлік пен татулық орныққан ел. «Саусақ бірікпей ине ілікпейді» дейді қазақ халқы. Бұл мақалды кім қалай түсінеді?

Сабағымыздың нақыл сөздің терең мағынасын тарихи деректер, мақалдар мен мәтін оқу арқылы ашуға тырысып көрейік. Көмекші, кеңесші ретінде бізге тарих мұғалімі Майя Ашкеновна көмектеседі.

Учитель истории: Как отметил Н.А. Назарбаев: «Мы против нивелирования растворения одной нации в другой, одной культуры в другой. Поэтому, когда мы говорим о государственной национальной политике, мы имеем ввиду не только сохранение мирных стабильных отношений между народами, но и сохранение развития самих национальных культур». Проведение фестиваля языков народа Казахстана особенно дорого многонациональному народу нашей Республики, объединенному общей историей, традициями. Так пусть всегда на нашей земле царит мир и благополучие.

(О Конституции РК. Слайд, вопросы по датам (на партах Конституция РК на казахском и русском языках ).

Қазақ тілі мұғалімі: «Ескіні еске алмай, жаңа жадына түспейді», «Не вспомнив прошлое, не уяснишь настоящее, говорит народ. Халық аузынан шыққан отан туралы мақалдарды еске түсірейік.

Берілген Отан туралы мақал-мәтелдерді жалғастырыңдар.

Бірлік болмай .... тірлік болмас.

Байлық - байлық емес, бірлік - байлық.

Жұмыла көтерген жүк жеңіл.

Татулық - табылмас бақыт.

Сила - в единстве. Күш - бірлікте.

Туған жердің ауасы да шипа.

Туған жердің жуасы да тәтті.

Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас.

Ағаш тамырымен, адам досымен мықты.

( мақалдарды дәптерлерге жазғызу)

Қазақстанда неше ұлт өкілдері тұрады? Қандай қарым-қатынаста өмір сүреді?

Назарларыңызды экранға аударайық. (Ассамблея туралы фильм көрсету).

Учитель истории: Велика наша Родина - Казахстан. У каждого этноса нашей страны своя история, своя культура, своя боль, но в целом всё сводится к законному желанию нормально жить на ставшей родной земле Казахстана, и не просто нормально жить, а жить в дружбе и согласии. (об Ассамблее народа Казахстана информация, диалог с учащимися, об учащихся нашей школы).

Қазақ тілі мұғалімі: Бірлік туралы мәтінмен танысайық. Оқулықпен жұмыс. 12 бет, «Ел бірлігі».

1. Сөздерді синоним арқылы түсіндіру, мәтіннен тауып, аудару.

өтіп бара жатқанда - келе жатқанда

жуандығы қамшы сабындай - тым жуан емес

бір құшақ тобылғы - таволга, кустарник

көп күш жұмсамай - аз ғана

тер ақты - шаршады

әрең сындырды - зорға, әзер

жау - дұшпан, қас

жалғыз адамды - біреуді

қос жұдырық - кулак

2. Мәтінді түсініп, мәнерлеп оқу. Екпінге көңіл аудару.

3. Берілген сөйлемдердің мағынасын ашқызу. (слайд)

  • Көп біріксе, ешкім де жеңе алмайды.

  • Жалғыз адамды жау алады.

  • Егер екі қолдың он саусағындай ел қос жұдырық боп түйілсе, қандай жауға болса да қауіпті күш.

4. Әңгіменің негізгі ойы неде? Бірлік болмай, тірлік болмас. «Саусақ бірікпей, ине ілікпейді» деген мақалдың мағынасын сендерге түсінікті болған шығар?

Өзіндік жұмыс.

22.08.2013 жылғы №33 «Степной маяк» газетінен «Прежде думай о Родине» мақаламен жұмыс. Орыс тілінде берілген мақаланың негізгі мазмұнын қазақ тілінде айтқызу. Атауын қазақша аудару. «Ең әуелі Отан туралы ойла». Бас кейіпкері туралы не білдіңдер? Ол кім? - «Жас Отан» ұйымының жаңа хатшысы Курбан Ламаев.

арнайы мақсатпен - целенаправленно

меңгерген - освоил

Сабақты қорытындау.

Қазақ тілі мұғалімі: Сендердің алдарында ақ қағаздан киылған алақандар жатыр. Көпұлттық Қазақстанның азаматы қандай болу керектігін, өз тілек-ойларын жазып, оқып, картамызға ілуді сұраймыз. Есте қалған мақалды да жазып қоюға болады.

Учитель истории: Для будущего процветания нашей страны необходимы стабильность внутри государства, дружба и согласие между народами, населяющими ее. Конечно, основой вашей жизненной позиции в будущем должны явиться все ваши знания, приобретаемые в школе, в жизни. И нам хотелось бы закончить урок следующими строками стихотворения «Егемен, елім-ай!» в исполнении Симанковой Надежды.

Қазақ тілі мұғалімі:

Үйге тапсырма: «Көпұлтты Қазақстан» атты шығарма жазып келу. Шығарма байқауына белсенді қатысуыңа шақырамыз!

Бағалау.


© 2010-2022