Құқық және пайда болуы

Раздел Обществознание
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: Құқық және пайда болуы.

Мақсаты: Оқушыларға құқықтың пайда болуы жайлы мағлұмат беру. Оларды өз құқықтарын орынды, дұрыс өмірде пайдалана білуге үйрету. Адамгершілік қасиеттерін арттыру.

Көрнекілік: суреттер, нақыл сөздер, кітаптар көрмесі.

Сабақтың барысы:

Өткен ХХ ғасырда кәмелетке жасы толмағандардың қылмыстың ауыр жолына түсуі кәсіптік-техникалық училищелер оқушыларының есебінен жасалып келген еді. Ал соңғы кезде олардың арасында мектеп оқушыларының жиі бой көрсетуі алаңдатарлық жағдай. өйткені жас буынөкілдерінің ортасында мұндай кері құбылыстың етек алуы қоғамымыздың ертеңгі болашағының тамырына балта шапқанмен бірдей.

Әрине, оқушылар жасаған қылмыстар үшін бірінші кезекте олардың ата-аналары жауап беруге тиіс. Абай 10-қарасөзінде мәртебесіз әке баласын жақсы адам етіп тәрбиелей алар ма екен деген болатын.

Ал, жасөспірімдер ше? Олар туралы Абай 15 қарасөзінде былай тұжырымдаған:

«егер кісі орнын таппай, не болса сол, бір баянсыз, бағасыз нәрсеге қызығып, құмар болып, өмірінің қызықты, қымбатты шағын итқорлықпен өткізіп алады екен-дағы, күнінде өкінгені пайда болмайды екен». Яғни, жастық шақ мәңгі емес ғой, ал жасөспірім ол туралы ойламаса керек.

Ата-ананың атқаратын рөлі, алатын орны бөлек, сондықтанда халқымыз «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» демекші, көптеген ата-аналар бала тәрбиесінде жете мән бермей, « киім-кешек пен тамақ тауып берсем болмай ма?» деп өзінің міндетін тар шеңберде шектегісі келеді. Мектеп қайда, мұғалімдер бар емес пе деп, тіптен кейбір ата-ана баласының мектепке бармайтындығынан да бейхабар болып шығады. Осыдан келіп, не оқуда, не жұмыста жоқ жасөспірім амал жоқ, қылмыстың есігін айқара ашып, темір тордың ар жағынан бірақ шығады. ҚР Конститутциясының 27- бабында атап көрсетілгендей: «Балаларына қамқорлық жасау және және оларды тәрбиелеу ата- ананың табиғи құқығы әрі парызы». Яғни, бір сөзбен айтқанда, бірнеше ғасырға жетерлік ұлағатты сөздермен ұстаз атанған. Көптеген ата- аналар жеткеншек ұрпақтың тәрбиесімен жүйелі айналысудың орнына тиіп- қашып, барлық жүкті мектепке итере салады, мектептен келген баланың күн ұзақ далада жүріп, «көше бойының тәрбиесінде, әртүрлі ортада болатыны» жаңа «достарының» көмегінің нәтижесінде қылмыстың небір сорақы әдістерін қолымен жасайтыны жасырын емес. Ал, бала тәрбиесі мұндай салғырттыққа, сылту- себеп іздестіруге төзбейді. Оны дұрыс деңгейде жүргізу үшін педагогтік ұжымдардың кәсіптік білгірлігі, ата-аналардың саналы көзқарасы және осы принциптерге негізделген мектеп пен отбасы арасындағы тығыз байланысқан одақ, нәтижелі жұмыс қажет. Сонда ғана өзара ойластырылған бағдарлы іс-қимыл ғана жасөспірімдердің салиқалы, толыққанды тәрбиесін қамтамасыз етіп, болашақ үшін рухани денсаулығы зор азаматтар тәрбиеленбек. Заң мен педогогикалық, экономикалық тәжірибеге сүйенсек, 14 жастан бастап еңбек жасауға болады, осы жастан асқан балалардың сабақ оқудан бос кездерінде қабілетіне қарай жұмыс істеп, үйренуі, олардың бойында іскерлік қабілетті қалыптастырады.







© 2010-2022