Ашық сабақ: § 49. Қызыл кітап және оған тіркелген буынаяқты жәндіктер

Сабақтың тақырыбы:  § 49. Қызыл кітап және оған тіркелген буынаяқты жәндіктер. Сабақтың мақсаты: Білімділік­- Қызыл кітап және оған тіркелген буынаяқты жәндіктер туралы жалпы түсінік беру. Тәрбиелік- оқушыларды табиғатты, жануарларды қорғауға, аялауға тәрбиелеу. Дамытушылық-сирек кездесетін жәндіктердің негізгі ерекшеліктері туралы білімдерін толықтырып, дамыту. Сабақтың әдісі: түсіндірмелі – көрнекілік. Сабақтың типі: аралас сабақ.                        Көрнекі құралдар: кесте, слайд, элект...
Раздел Обществознание
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: § 49. Қызыл кітап және оған тіркелген буынаяқты жәндіктер.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік­- Қызыл кітап және оған тіркелген буынаяқты жәндіктер

туралы жалпы түсінік беру.

Тәрбиелік- оқушыларды табиғатты, жануарларды қорғауға, аялауға тәрбиелеу.

Дамытушылық-сирек кездесетін жәндіктердің негізгі ерекшеліктері туралы білімдерін толықтырып, дамыту.

Сабақтың әдісі: түсіндірмелі - көрнекілік.

Сабақтың типі: аралас сабақ.

Көрнекі құралдар: кесте, слайд, электронды оқулық.

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі. (2 мин)

2. Үй тапсырмасын тексеру. (15 мин)

3. Жаңа сабақ. (20 мин)

4. Жаңа сабақты бекіту (4 мин)

5. Үй тапсырмасы. (2 мин)

6. Білімді бағалау. (1 мин)

Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа дайындықты тексеріп, сабақты бастау.

Үй тапсырмасын тексеру Сұрақ - жауап.

Жаңа сабақ: Қызыл кітап- өз алдына ерекше кітап. Қазақстан Республикасы Қызыл кітабында тіркелетін жануарлар 5 санатқа бөлінді.

Олар: I санат- жойылып бара жатқан түрлер мен түртармақтары; II санат- саны азайып бара жатқан түрлер мен түртармақтары; III санат- сирек түрлер мен түртармақтары; IV санат- белгісіз түрлер мен түртармақтары және V санат- қалпына келтірілген түрлер мен түртармақтары. Қазақстанда Қызыл кітап Үкімет шешімімен 1978 жылдың қаңтарында бекітілді. Омыртқалы жануарларға арналған бірінші бөлімі сол жылы жарық көрді. 1991жылғы екінші басылымда омыртқалы жануарлардың 105 түрі қамтылды. Сөйтіп құрттар-2, бунақденелілер-6, шаянтәріздестер-1 және былқылдақденелілердің- 96түрі Қызыл кітаптан орын алды. Қазақстан Республикасының 1996 жылы жарық көрген үшінші кітабына 125 түр және түртармақтары тіркелген. Жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі жұмыс Қазақстан Республикасының заңына сәйкес жүргізіліп келеді. Бұл- мемлекеттік маңызды іс. Қазіргі негізгі міндет- Қызыл кітапқа тіркелген түрлер мен түршелер ғана қорғау емес. Сонымен бірге олардың ғылымға белгісіз түрлерін жергілікті жерлерде зерттеу. Олардың ғаламшардан мүлде жойылып кетпеуіне үлес қосу. Бұл мәселені жүзеге асыруға мектеп оқушылары да жәрдем көрсете алады. Өйткені олардың өздері тұрған мекеннің түкпір-түкпірін барлауға мүмкіндіктері бар.

Қазақстанның Қызыл кітабына тіркелген бунақденелілер. Республикамыздың Қызыл кітабына тіркелге омыртқасыз жануарлар туралы дерек жоқтың қасы. Табиғаттағы тіршілік иелерінің үлкен-кішісі болуға тиісті емес. Сондай-ақ омыртқасыз жануарлар мен омыртқалы жануарлардың бірінсіз бірінің күні жоқ. Осы жайтты ескеріп, Қазақстан Қызыл кітабына тіркелген бунақденелілердің кейбір өкілдеріне тоқталамыз.

Нәзікқұйрық инелік (Аральский тонкохвост). Республикамызда Сырдария өзенінің Арал теңізіне таяу су алабында ғана тіршілік етеді. Бұл-ерекше қорғауды қажет ететін жыртқыш жәндік. Өйткені ол басқа бунақденелілер мен масаны қорек етеді. Нәзікқұйрық инелік ғылымға тек 1979жылы ғана белгілі болды. Толық зерттелген жоқ. Сондықтан нәзікқұйрық инеліктің тіршілігі туралы нақтылы дерек жоқ.

Көркемше-инелік (Красотка-девушка). Бұл өзге инеліктерден қанатында ерекше белгінің болмауымен ерекшеленеді. Тағы бір ерекшелігі- өзге инеліктер тәрізді қанатын жайған қалпында қонбайды. Көркемше инелік көбелектерше қанатын құрсағынан жоғары жинастырып қонады.

Шолғыншы инелік (Дозорщик-император). Бұл- күйенті тұқымдас инеліктердің бір түрі. Шолғыншы инеліктің қанаттары біркелкі қалыпта болмайды, бірі ұзын, бірі қысқа болып келеді. Ол едәуір ірі инелік: құрсағының ұзындығы 49-61 миллиметрге дейін жетеді.

Ақтеңбіл дәуіт (Богомол древесный). Бұл- Қазақстан Қызыл кітабына енген ең жалмауыз дәуіт. Ақтеңбіл дәуіттің дернәсілі 85 күнде 147жоңышқа бітесін, 41 жеміс шыбынын және 226 бөлме шыбынын қорек еткен. Жұмыртқадан жаңа ғана шыққан дернәсіл ересек күйге жеткенше 1кг 300 грамға жуық бунақденелілерді жойған. Ал аналық дәуіттің қомағайлығы ерекше. Ол аталығын жеп, жұмыртқаларының дамуына қажетті нәруызды осылай толықтырады.

Далалық кергі (Степная дыбка). Ол- өте сирек кездесетін, Қазақстанда мекендейтін ең ірі денелі шекшек. Мұның қанаты жоқ. Далалық кергі шырылдамайды және жыртқыш. Оны Солтүстік Қазақстаннан, соған жақын аумақтардан кездестіруге болады.

Бұғықоңыз (Жук-олень)- саны күрт кеміп бара жатқан, тұрқы 87мм шамасындағы ең ірі қоңыз. Бұғықоңыз еменді ормандарда өмір сүреді. Биік таулы жерлерде кездеспейді. Қазақстанда Жайық өзенінің жайылмасынан кездестіруге болады. Бас бөлігіндегі жақ тұсынан бұғының мүйізіне ұқсас ұзын өскін ерекше байқалатындықтан, қоңыз «бұғықоңыз» аталған. Аналығы аталығынан кіші, тұрқы 28-45 мм шамасында болады. Бұғықоңыздар зақымданған ағаш діңінен аққан шырынмен қоректенеді.

Ересек бұғымүйіздер ұзақ өмір сүре алмайды, 3-4 аптадан соң тіршілігін жояды. Бұларды дер кезінде қорғамаса, аумақтан мүлде кездеспей қалуы мүмкін.

Бекіту:

  1. Қазақстанда сирек және жойылып бара жатқан омыртқасыздардың қанша түрлері мен түршелері Қызыл кітапқа тіркелген?

  2. Бұл омыртқасыздарды қорғауға қандай шаралар қолданылуда?

  3. Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына тіркелген бунақденелілердің қай түрлерін білесіңдер?

  4. Олардың тіршілік әрекеті туралы қандай деректер әйгілі?

Үйге тапсырма: § 49. Қызыл кітап және оған тіркелген буынаяқты жәндіктер.

Бағалау: білім деңгейлеріне сай оқушыларды бағалау

© 2010-2022