Ашық сабақ Қылау 6-сынып

Раздел Обществознание
Класс 6 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі:

Сержанова Алия Тажимуратовна

Қысқа мерзімді сабақ жоспары:

Күні: 25.02.2015ж

Қазақ әдебиеті

6 «В» сыныбы

Сабақтың тақырыбы:

Сайын Мұратбеков «Қылау» әңгімесі

Жалпы мақсат:

С. Мұратбеков өмірі, шығармашылығымен және

«Қылау» әңгімесінің мазмұны, идеясымен танысады.

Күтілетін нәтиже:


  1. С. Мұратбеков өмірінен мәлімет алады.

  2. «Қылау» әңгімесінің мазмұнымен танысады.

  3. Кейіпкерлер бейнесін таниды.

  4. Әңгіменің негізгі идеясын біледі.

  5. Әңгіме мазмұнын ауызша баяндай алады.

Сілтеме:


  1. Қазақ әдебиеті оқулығы. 6-сынып.

  2. Әдебиетті оқыту әдістемесі.

  3. Мұғалімдерге арналған нұсқаулық.

Негізгі идеялар:

Оқушылар сын тұрғысынан ойлауға, өз бетінше жұмыс жасауға, шығармашылыққа, жан-жақтылыққа, ізденушілікке үйренеді. Рухани өрлеуге, сезімталдыққа, адамгершілікке тәрбиеленеді.

Сабақта қолданылатын материалдар:


  1. А-4 парағы

  2. Флипчарт

  3. Стикерлер

  4. Оқулық

  5. Жетондар

  6. Power point таныстырылы

Оқыту әдістері:

Жаңа әдістер

СТО

Сұрақ-жауап

Жеке жұмыс

Топтық жұмыс

Сабақ кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

І. Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу. (5 минут)


  1. «Менің бойымдағы асыл қасиет" тренингі.



  1. Сыныпты топқа бөлу.

Мақал-мәтелдер арқылы сыныпты 4 топқа бөлу.

1-топ. Досы жақсының өзі жақсы.

2-топ. Бірлік болмай, тірлік болмас.

3-топ. Ақыл азбайды, білім тозбайды.

4-топ. Білім - ердің дәулеті.



  1. Әр топтың өздеріне топ басшысын сайлату.



  1. Топ ережесін құру.

1.Барлық оқушы тренингке қатысады.

2.Мақал -мәтел тақырыптарына байланысты 4 топқа бөлінеді.

«Достар» тобы

«Бірлік» тобы

«Ақылдылар» тобы

«Білімділер» тобы

3.Өздері топ басшысын

сайлайды.

4.Барлық топ бірлікте топ ережесін құрады.

ІІ. Үй тапсырмасын

сұрау.

«Кім жылдам»

  1. минут)

Сұрақтар.

1. «Оян Тұрар!»-деп Тұрарды камерада оятқан кім?

2. Приходко мырзаның ұлының аты кім?

3. Аркаша сабақты қалай оқиды?

4. Надзиратель Тұрарға барқылдап ұрысқанда араша түскен кім?

5. Рысқұлды айдауға әкетіп бара жатқанда тұтқындар қалай қоштасты?

6. Түрмеден қашқан Тұрар кімнің үйін паналады?

7. Қырғызбай Тұрарды оқуға жаздыруға неден қорықты?

8. Тұрардың фамилиясы кім болып жазылды?

9. Тұрар мектепте алғаш жазған сөздер?

10. Тұрар тақтаға шыққанда жырқылдап күлген бала кім?

11. Атамырза Тұрарға не үшін күлді?

12. «Шынтақ жеңнен жылтыңдап қарамайды, оған надандық үңіліп қарайды» деген Ломоносовтың сөзін кім айтты?

13. Семашко мырза Тұрарды қандай қызметкет қабылдады?

14. Оқу бітіру куәлігін толтыру кезінде Тұрар қандай қылмыс жасағаны үшін директордан кешірім сұрады?

15. Директор сол кезде не істеді?

16. «Диірменде туған тышқанның баласы дүрсіліңнен қорықпайды». Бұл кімнің сөзі?

17. «Сен тышқанның баласы емес, жаралы арыстанның баласысың. Сен-Қызыл Жебесің, бауырым!» деген сөзді кім айтты?



Оқушылар берілген сұрақтарға жауап беру арқылы жетон алады.

ІІІ.Қызығушылықты ояту.

«Ой қозғау» (5 минут)

Сайын Мұратбеков туралы не білеміз? Білгендерін топтастырып жазғызу не постер арқылы бейнелету.

Оқушылар, қылау дегеніміз не?

Дұрыс айтасыздар, олай болса бүгін сендермен Сайын Мұратбековтің «Қылау» әңгімесімен танысамыз.

Сайын Мұратбеков туралы білгендерін топтастырып жазады немесе постер арқылы бейнелейді.

Оқушылар сілбілеп, ұшқындап түскен ұлпа қардың қылау екенін айтады.

IV. Мағынаны тану.

(18 минут)

Әңгіме мазмұнымен танысу

Оқушыларға берілген бөлімдерін жеке оқып шығуға және топ болып сол бөлімге ат қоюға тапсырма береді.

1-топ 221-224-бет

2-топ 225-227-бет

3-топ 228-230-бет

4-топ 231-233-бет

Әр топтан бір оқушыға «Ортадағы қаламсап» стратегиясы бойынша мазмұндатады.

Әр топ берілген бөлімдерін оқып шығады және сол бөлімге ат қояды.





V. Қорытындылау.

(8 минут)

1-топ «Қылау» әңгімесіне композициялық талдау жаса.

2-топ Сатай мен Рәбиғаға мінездеме беріңдер.

3-топ «Достық-алтыннан қымбат» тақырыбына шағын шығарма жазу.

4-топ Әңгіме идеясы мен тәрбиелік мәні туралы айтыңдар және әңгіме желісі бойынша сурет салыңдар.


VI. Үй тапсырмасын беру. (1-минут)


  1. «Қылау» әңгімесі бойынша бейнелі сөздерді табу.

  2. Достық туралы өлең құрастыру.

VII. Бағалау.

(2 минут)

Оқушылардың үй жұмысы және сынып жұмысы бойынша алған жетон түстеріне қарай баға қойылады. Қызыл түс - «3», сары түс - «4», жасыл түс - «5».

Рефлексия.(1-минут)

Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын жазу тапсырылады.

Оқушылар сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын жазады.











© 2010-2022