Коучинг сессияТоптастыруды тиімді ұйымдастыра отырып колообаративті ортаны құру

Раздел Обществознание
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Коучинг-сессия

Қатысушылар: мұғалімдер

Өткізушілер: Б.Б.Закиров

Ж.А.Делегеева


Сабақтың тақырыбы:

Топтық жұмыстарды тиімді ұйымдастыру арқылы коллабаративті ортаны құру



Мақсаты:

Мұғалімдердің тәжірибесіне оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін енгізу.



Міндеттері :1.Оқыту мен оқытудағы жаңа тәсілдер арқылы топтық жұмысты жетілдіре отырып, оқушылардың сыни ойлауы мен ынтымақтастық дағдыларын дамыту.
2. Бірлескен жұмыс барысындағы берілетін тапсырмаларды орындау арқылы мақсатқа жету жолдарына талпындыру.
3. Оқыту мен оқытудағы жаңа тәсілдерді енгізу және тиімді пайдалану арқылы оқушылардың білім сапасын арттыру.

Қажетті ресурстар:Флипчарттар, компьютер, маркерлер, стикерле (әр түсті), тапсырмаларға арналған ақ беттер, слайдтар.





Жүргізілетін жұмыс

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Мұғалімдермен амандасу.

2 мин.

Коучингтің тақырыбы және мақсатымен таныстыру.

Психологиялық ахуал туғызу

2мин.

« Күн сәулесі» тренингін өткізу.

Шеңберге тұрып көздерін жұмады.

-Мына дыбыстарды естігенде көз алдарыңызға нелер елестейді.\звук природы\

-Ия,жаздың шуақты күнінің бірінде көл жағасына демалуға бардыңыз.Шығыстан самал жел есіп тұр.Желдің әсерінен көлдің бетінде толқындар пайда боды.Бірінен кейін,бірі келіп толқындар жағаға соғылуда.Көлді шыр айналып,шаңқылдап шағалаар ұшып жүр.Күннің ыстық қызуы өңмеңізден өтіп,денеңізді қыздырып барады.Сол күннің нұрына екі қолымызды созып алақанымызды қыздырайық.Енді сол алақандарымызды жүрек тұсымызға ұстап жылылықты жүрегімізге ұялатайық.Көзімізді ашайық.Міне сіздердің жүректеріңіз күн нұрына малынған жылылықпен бірге ізгілік,нәзіктік,мейрімділікке толы.Енді сол жүрегіміздегі жақсы қасиеттерімізді жылылықпен ,қолымызды созып әріптестерімізге сыйлайық.

Топқа бөлу

2 мин.

  1. Үш топқа бөліну.

Жеміс-жидектерге байланысты топқа бөлу.

\алма,алмұрт,жүзім\

Топтық жұмыс

5мин.



10 мин

1-тапсырма:

1.Топ дегеніміз не?Топқа бөлудің тиімді әдістерін ұсыныңыз.

2.Топтық жұмыстың кемшіліктері.

3.Топ мүшелерінің коллабаративті рөлін айқындау

2-тапсырма :

Жағдаяттарды шешу.Сахналау.

Бірлескен жұмыс үдерісінде келіспеушіліктер туындауы мүмкін. Жиі кездесетін келіспеушіліктер және оларды шешу жолдары.

1 топ.
Оқушысеріктесіменнемесетоппенжұмысжасаудан бас тартады.

2 топ.
Топтағы қандайда бір нақты оқушымен ешкімнің жұмыс жасағысы келмейді.

3 топ
Оқушы топтың басқа мүшелерінің пікірімен санаспайды, олардың идеяларын тыңдамайды.

Сергіту сәті

2мин.

Би.

Слайд көрсету,

Қортындылау

3 мин.

1. Топ дегеніміз не? 1 слайд
2. Топқа бөлудің тиімді әдістері. 2 слайд
3. Топқа тиімді бөлгенде: 3 слайд
4. Топ мүшелерінің ережесі. 4 слайд.
5. Топтық жұмысты ұйымдастырудың мақсатына жету. 5 слайд
6. Топ мүшелерінің рөлін айқындау. 6 слайд
7. Топ мүшелері рөлдерін атқару. 7 слайд
8. Бағалауда не ескерілуіқажет? 8 слайд

Рефлексия

3 мин.

"Екі жұлдыз,бір тілек" Стикерлер арқылы.




© 2010-2022