План по историй и прововедений на тему Мемлекет және оның қоғамдағы рөлі (9 класс)

Раздел Обществознание
Класс 9 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Адам.Қоғам.Құқық 9-сынып

Сабақтың тақырыбы:

Мемлекет және оның қоғамдағы рөлі


Жалпы мақсаты:

1.Мемлекеттің функциялары, мемлекеттік билік жөнінде мағлұмат беру.

2. Оқушылардың проблеманы өз дәрежесінде шешіп, өзгені тыңдай білу дағдысы мен өз пікірін талдай білу дағдысын қалыптастыру. Жаңа жағдайда өз бетімен білімді қолдануға ықпал ету,белсенділігі мен қызығушылығын арттыру

3. Дара жаратылған адам ретінде өзін-өзі құрметтеу сезімін дамыту; өзге адамның құқықтары мен бостандықтарын құрметтеуге тәрбиелеу. Топтық жұмыстар орындай отырып, өзара ынтымақтастық орнату.

Сілтеме

Білім стандарты, сабақ жоспары

Оқыту нәтижесі

Күтілетін нәтиже:

1.Тақырып бойынша өз беттерімен білім алады.

2.Сөздік қоры көбейеді.3. Сыни ойлайды.

4.Ынтасы артады, өз ойын айтуға үйренеді.

5.Тақырыптың мазмұнын түсініп талдайды.

6.Алған білімдерін өмірмен байланыстырады.

7.Бір-бірін тыңдауға үйренеді.

Негізгі идеялар

Теориялық білімді практикамен ұштастыру, ойларын тиянақты және дәлелді жеткізе білу.

Негізгі қолданылатын модульдер

Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер. Диалогтік оқыту, сыни тұрғыдан ойлау, көшбасшылық, оқыту үшін бағалау (формативтік) және оқуды бағалау.

Тапсырмалар

Сұрақ-жауап, оқулықпен жұмыс, топқа сұрақ-тапсырма, постер жасау.

Оқушының іс-әрекеті

1.Берілген іс-әрекетке белсене араласу, қатысу , мәселені шешуге талпыну.

2.Сабақ соңында бағалау кестені толтыру, рефлексия жазу

3.Өз нәтижесіне көз жеткізіп,өз біліміне сараптама жасайды

Мұғалім іс-әрекеті

I.Ұйымдастыру кезеңі:

Салемдесу. Жағымды атмосфера қалыптастыру.

Сынып оқушыларын түгендеу, зер салу. Сыныпты топқа бөлу.

Өткен тақырыптарды пысықтау, бағалау.

II.Жаңа cабақ:

  1. Мемлекет функциялары.

  2. Мемлекетті басқару формалары.

  3. Құқықтық мемлекет.

Бұдан екі ғасыр бойы өмір сүрген ағылшын экономисі Адам Смиттің тұжырымдауы бойынша, мемлекет аса маңызды да нақты үш функцияны атқару керек:

1.Қоғамды күш көрсетуден және өзге тәуелсіз қоғамдардың басым кіруінен қорғау;

2.Мүмкіндігіне қарай, қоғамның әр мүшесін әділетсіздіктен және сол қоғамның өзге мүшелерінің тарапынан болатын езгіден сақтау;

3.Жекелеген адамдар мен шағын топтардың мүдделеріне қызмет етпейтін белгілі бір қоғамдық

Мекемелер ұстау;

Мемлекетті басқарудың бірқатар тарихи қалыптасқан формалары бар. Мемлекетті басқарудың формалары:

1.Монархия 2.Республика 3. Диктатура. (Оқулық көлемінде мысалдар келтіріп, түсіндіру)

Құқықтық мемлекет - ҚР алдында мақсат етіп қойып отырған сапалық қасиет. Бұл нысана бойынша барлық органдар мен лауазымды адамдардың қызметі құқық нормаларына сай реттеледі. Заң бәрінен де жоғары тұрады, заң алдында барлық адам тең. Құқықтық мемлекетке тәне белгілер ҚР Конституциясының баптарында көрініс тапқан.

Оқулықпен жұмыс. Әр топқа тақырып бойынша бөліп беру. Дәптермен жұмыс жасату.

III. Қорытынды:

  • Мемлекеттің атқаратын үш функциясын атаңдар

  • Абсолюттік және конституциялық монархиялардың арасындағы ұстанымды айырмаларды қандай?

  • Мемлекетті басқарудың формалары туралы не білесіңдер?

  • Құқықтық мемлекеттің сипаты қандай?

  • Диктатура дегеніміз не?

Б.Ү.Ү. кестесі

Білгенім

Үйренгенім

Үйренгім келеді


IV.Бағалау.

V.Үйге тапсырма: Тақырыпты меңгеру, қосымша материалдар негізінде реферат, презентация жасау.


© 2010-2022