Методические материаль Акварель бояуы

Раздел Обществознание
Класс 7 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Методические материаль Акварель бояуы.

Шаймерден Азатхан Серікұлы

Қызылорда облысы, Шиелі ауданы №45 «Ақ Орда»

мектеп - гимназиясының І санатты бейнелеу пәнінің мұғалімі.

«Үздік көркем сурет» байқауы, Ташкент қласындағы

«Наурыз нақыштары» атты байқауларының жеңімпазы.


Акварель бояуын қолдану


Акварель бояуы оқушылардың жұмыс істеуіне өте қолайлы, қағаз бетіне мөлдір түседі. Осы ерекшелігі-акварель туындыларының ең құнды қасиеті. Бояудың мөлдір түскен жерлерінде қағаздың өңі көрініп тұрады. Оқушылар осы мөлдірлікті жоғалтпай жұмыс істеуге үйренуі керек. Онымен әр түрлі түстерді үйлестіріп, қысқа мерзімде орындалатын этюдтер жазуға болады. Мұнда түстік қасиеттер аралық жігін білдірмей жалғасуы тиіс. Ол үшін белгілі бір әдіс-тәсіл қолданылады. Мысалы, «Затқа қарап сурет салу» тақырыбын алайық. Мұнда оқушыларды көп қатпарлы техникамен сурет салуға үйретуге болады. Алдымен заттың солған көлекесін түсіріп, бірте-бірте қоюлата жағу тәсілімен заттың формасын, көлемін, түс ерекшелігін айқындауға үйрету керек.

«Табиғатты бейнелеу» тақырыбы бойынша дымқыл қағазға табиғат көрінісін салу оқушылардың жұмыс істеуін жылдамдатады. Сондықтан табиғаттың бір сәтін қағаз бетіне тез түсіру оқушылардың шапшаң жұмыс істеуін керек етеді.

Акварельмен жұмыс істегенде ақ, қара түс қолдануға, сондай-ақ қызыл, сары, ашық жасыл, күлгін түстерді шамадан тыс қолдануға болмайды. Бояумен ұқыпты, таза жұмыс істеу талап етіледі. Бояу түстерін бір-бірімен араластырған кезде табиғи түстен ауытқымауды қадағалаған жөн. Осы орайда Шиелі қаласындағы № 45 «Ақ Орда» мектеп-гимназиясында өткізген сабақтарымның біріне тоқталайын. 4- сыныптағы «Затқа қарап сурет салу» (көк шәйнек, қызыл алма) сабағында заттың құрылысын, формасын, түсінің жарасымын, әсемдігін ажырата білуге дағдыландыруды мақсат еттім. Табиғи түсті үйлесімді таба білуге баулыдым. Әдетте бояуларды екі-үш түстен артық араластыруға болмайды. Себебі қазіргі бояулар көптеген химиялық қосылыстардан тұрады. Сондықтан бояуды ұқыпты араластыруға үйреткен жөн. Заттың түс, рең ерекшелігін ескеріп, сурет салуды екі кезеңге бөлуді ұсындым. Алдымен бояу реңінің қоюлығын ретімен (1 сурет) айырып алу қажет. Сабақта суреті салынатын заттар өте қарапайым болғаны жөн. Түс ерекшелігін айқындауда (2 сурет) заттың формасы мен кеңістіктің бір-бірімен ара жігін көрсетуге көңіл бөлген жөн. Жарық пен қараңғының жіксіз жымдасуы әр түрлі бояуды дұрыс қолдануға негізделеді. Заттың түсін анықтау үшін бояулардың әр алуан түстері палитрада ізделуі керек. оқушылардың палитрада дұрыс жұмыс істеуін қатаң бақылау қажет. Акварель бояулардың ішіндегі «Нева, Ленинград» тәрізді сапалы түрлерімен пайдаланған жөн. Акварельмен салынған сурет қағаздың сапасына да байланысты. Қағазды мүмкіндігінше планшетке керіп алған жөн. Қағаздың сурет салынатын беті өңі деп аталады. Акварельге арналған қағаздың беті кедір-бұдыр болып келеді, ал қыл қалам жалпақ және дөңгелек болып, екі түрге бөлінеді.

Сурет салғанда оқушыларды жалпыдан жекеге көшу заңдылығына бағыттаймыз. Оқыту әдісінің ерекшелігіне байланысты бояуды қолдануда, алдымен, үлкен жазықтықтарды жалпақ қыл қаламмен бояған қолайлы, жеке бөлшектерімен жұмыс істегенде дөңгелек қыл қалам ыңғайлы. Оның ерекшелігі-суланған кезде ұштала түседі.

Акварель бояуымен жұмыс жасауға үйреткенде, әр оқушының талғамын (бояу таңдау қабілетін) дамытуға ықпал жасау қажет.

© 2010-2022