Азаматтық құқық 9 - сынып

Раздел Обществознание
Класс 9 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Мерзімі: 03.03.2015

Сабақ

Сынып: 9 «а»

Өтетін орны: Құқық кабинеті 304

Сабақтың тақырыбы

ІХ тарау.§22.Азаматтық құқық.

Жалпы мақсат

Оқушылар құқық саласында азаматтық құқықтың алатын орны мен мазмұнын түсінеді, меншік иесінің құқықтарымен, азаматтық кодекстің баптарымен танысады, өз еркін ой- пікірін еркін айта білуге, олар топтасып жұмыс істеуге, сұрақтар мен мәселенің шешімін табуға дағдыланады. қоғамдық өмірге белсене араласуға,ауызбіршілікке, топтасып бір ортадан шешім қабылдауға тәрбиеленеді.

Күтілетін нәтиже

оқушылар құқық саласында азаматтық құқықтың алатын орны мен мазмұнын түсінеді, азаматтық құқық ұғымын айтады, сұрақтар мен мәселенің шешімін топтасып ортақ жауап айтады.

Оқыту әдістері

СТО, АКТ, топтық жұмыс, жеке, деңгейлік тапсырмалар.

Әдебиеттер

Адам.Қоғам.Құқық 9 - сынып оқулығы. ҚР - сының Азаматтық кодексі

Уақыт

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

6мин

Үй тапсырмасын сұрау.тақырып: ҚР - сының конституциясы. Рөлдік ойын «Оқушы», «Қорғаушы»,«Сыншы», «Сарапшы»

1 - топ.Конституция мемлекеттің негізгі заңы.

2 - топ Халық - Конституцияяны жасаушы.

3 - топ Азаматтардың негізгі міндеттері.

4 - топ. Конституцияның құрылымы мен мазмұны.

Формативті бағалау

6мин

топқа бөлу: «Азаматтық кодекс», «Әкімшілік кодекс», «Қылмыстық кодекс», « Еңбек кодексі»

Ой қозғау. ҚР - сының Конституциясының нешінші бабында тұрғын үй және меншікке байланысты жазылған.

ҚР - сының Конституциясын пайдаланып топпен жауабын табады.

20мин

Өзара оқыту стартегиясы. Топ мүшелерін реттік санмен төртке дейін санап, тақырыпты бөліп беру.

Өздеріне тиісті тапсырманы оқып, топ мүшелеріне түсіндіреді.

.Өзара бағалау. Қалыптастырушы бағалау.

7мин

1.Интербелсенді тақтамен жұмыс. «Құпия ұяшықтар».4 ұяшық 4 тақырыптан тұрады, әр бір ұяшықта күрделі болуына байланысты 10;20;30 баллдық сұрақтан болады.Деңгейлік тапсырмалар.

2.«Сыр сандық».Әр топқа бір сұрақтан тиісті. Мәселенің шешімін табу.

3. «Кім жылдам ойыны тест.9 сұрақтан тұрады. Жауабын жылдам тапқан оқушы жауап береді.

Әр топқа үш ұяшықтан. Оқушылар өздерінің жауап бере алатынына қарай сұрақты таңдайды. 10 ұпайлы ұяшықта жеңілдеу сұрақ.

Формативті бағалау

3мин

Үйге тапсырма:

Азаматтық кодекс тобына - Интелектуалдық меншік реферат.

Әкімшілік кодекс тобына - Менің кәсіпкерлік жоспарым. Бизнес жопар құру.

Еңбек кодексі тобына - Меншік нысандарының түрелері.

Қылмыстық кодекс тобына - Азаматтық құқықтық қатынастарға мысалдырды шешімімен «ҚР - сының Азаматтық кодексіне» сүйене отырып жазып келу

Оқушылар кестедегі Конституциясының 9 бөліміне келтірілген мысалдарды сәйкестендіреді.

Жиынтық бағалау

Бағалау: Өзін- өзі бағалау, жинаған ұпай сандарын есептеп қорытынды баға шығару.

Әрбір оқушы топ ішінде бір - бірін өзара бағалайды.

Жиынтық бағалау. Жинаған ұпай сандарын, жинаған түрлі түсті ұапай сандарын ескере отырып жиынтық бағалау.

Кері байланыс: стикерлер арқылы өз пікірлерін қалдыру

Әрбір оқушы өз пікірлерін сабақтың қалай болғандығы жөнінде және ұсыныс пікірлерін жеткізу үшін өз ойларын жазып қалдырады.



© 2010-2022