Разработка на тему Карым - катынас мадиниетi

Раздел Обществознание
Класс 7 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Өзiн-өзiтану сабағының жоспары


Мектеп: Садуақас Сатыбалдин атындағы ЖОМ

Мерзiм:

Тақырып: Қарым - қатынас мәдениеті

Құндылық: Сүйіспеншілік

Қасиеттер: Сыйластық, сыпайылық

Мұғалiм: Ермуханова Айнур Гафуровна

Класс 7

Оқушылар саны 8

Сабақ мақсаты:

  • Оқушылардың өзара қарым - қатынастарын отбасында, сыныпта, мектепте ұжымда сыйластыққа, сүйіспеншілікке құруға үйрету.

Міндеттері:

1. Оқушыларға жағымды , ізгілікті қарым - қатынас жасаудың мәнін, маңызын түсіндіру.

2. Жағымды қарым - қатынас жасай алу дағдыларын дамыту;

3. Оқушылардың бойындағы сүйіспеншілік сезімдерін оята отырып, қарым - қатынас мәдениетін тәрбиелеу.

Ресурстар

  • Оқулық

  • Дәптер

  • Күнделік

  • Қалам

  • Түрлі-түсті қарандаш

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңi. Сәлемдесу, оқушылардың көңіл күйін сұрау, сабаққа қатысуын сұрау.

  • Бес«Т» ережесін сақтау

  • Тыныштық сәтi.

«Су асты патшалығына ойша саяхат.» (мелодия «Дождь и скрипка»).

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ - қолыңызды айқастырмаңыз, қолыңызды тізеге немесе үстелге қоюға болады.
Көзіңізді жұмыңыз және бірнеше рет терең тыныстаңыз, денеңізді босатыңыз. Бірнеше секундтан соң теңіз түбіне саяхат жасаймыз.
Теңіз жағасымен келе жатқаныңызды елестетіңіз. Толқындардың жеңіл шалпылына, шағалалардың шуылына құлақ түріңіз. Жалаң аяқтарыңызбен құмды сезініңіз. Шалғайдан қара нүкте көріп тұрсыз: ол жақындаған кезде дельфин екенін түсіндіңіз. Ол сізді теңіз түбіне алып кету үшін келді. Ол өте әдепті, сізді шыдамдылықпен күтіп тұр. Жайлап оның арқасына отырыңыз, мықтап ұстап, жолға шығыңыз. Дельфиннің арқасында жайланып отырып, өзіңді қауіпсіз сезіну, су астында жүзу қандай керемет. Жан - жағыңызға қараңыз: мұнда кемпірқосақ тәрізді арлы - берлі жарқырай қалқыған әсем балықтар қаншама. Теңіз түбіне бойлаған сайын айнала қалайша өзгереді, суда тербелген қаншама ғажайып балдырлар. Қараңызшы, қандай орасан зор балықтар, ал енді анау жаққа көз тастаңыз... бұл орасан зор сегізаяқ. Су асты неткен қызықты әрі ғажап әлем. Сіз бір нәрсені байқадыңыз ба? Мұнда неткен тұңғиық, толық тыныштық. Осы тыныштық күйде болыңыз.
Ал қазір жоғарыға, өз әлемімізге кері қайтуға дайындалыңыз. Айналаға жіті қараңыз. Ғажап түстерге тағы бір рет қараңыз және тыныштыққа құлақ түріңіз. Осындай тыныштық сізге самалдай әсер береді. Енді дельфин кері қарай жолға шықты. Сіз су бетіне шықтыңыз, жағаға жақындадыңыз. Дельфиннің арқасынан түсіңіз, оны сипалаңыз және осындай ғажап саяхатқа апарғаны үшін ризашылық білдіріңіз.
Сыныпқа оралыңыз және өз орныңызға келіңіз. Бірнеше секундтан соң көзіңізді ашыңыз, осы түйсінген тыныштықты өз бойыңызда сақтауға тырысыңыз.

Сабақ барысын талдау:

  1. Үй тапсырмасын тексеру

Д.Дефо «Робинзон Крузо» үзіндісін оқып келу. Сұрақ қою арқылы мәтінді талдау.

  • Шығарманы оқығанда қандай сезімде болдыңдар?

  • Кейіпкердің сағынышының сыры неде?

  • Ол неліктен адамдар қауымына талпынды деп ойлайсыңдар?

  • Оған қалай көмектесер едің?

  • Адам өмірін жалғыз өткізе ала ма?

  1. Дәйексөз
    Оқушылар дәйексөзді есте сақтап қалу үшін үш рет қайталатып, дәптерлеріне дәйексөзді жазып алады.

«Өмір - теңіз

Жүзем оңда демеңіз,

Ізгіліктен жасалмаса кемеңіз»

Рудаки

  • Берілген дәйексөздің мағынасы қандай?

  • Неліктен өмірді теңізбен байланыстырған?

  • «Ізгілік жасау» сөзін қалай түсінесіз?

  • Сүйіспеншілік, мейірімділік қасиеттері әр адам бойында бола ма?

  • Дәйексөзбен сабағымыздың құндылығын қалай байланыстыруға болады?


  1. Әңгiмелеу

«Бақытсыз бай»

Ертеде жалғыз басты бір бай өмір сүрді. Оның туысқаны да, баласы да жинаған мал мүлкі мен ақшасы еді. Соларды баладай мәпелеп күтетін. Бір күні ол жалшысының көңілді күлкісін естіп оның үйін айналшықтап тың тыңдады. Бірақ мардымды ештеңе ести алмады. Ол ертесіне жалшыны түннің ортасына дейін босатпай әбден жұмысқа салды. Бірақ кешегі күлкі тағы қайталанды. Дегбірі қашып шыдамсызданған бай енді "мынау менің қазынамнан ұрлап жүр, сол үшін үйіне барып мәз болып жатыр" деген жаман ойға кетті. Ол жалшысының есігін бір теуіп кіріп барды. Сөйтсе жалшысы екі баласын арқасына мінгізіп алып, өзі ат болып ойнап жүр екен.

- Ақымақ, бүгін қиралаңдап дұрыс жұмыс істемедің! Түнімен мына мұрынбоқтарыңды ойнатамын деп шаршайды екенсің ғой! - деп ақырды.

- Қожайын, осы екі балапанымды көргенде шаршау, уайым дегенді ұмытып, тыңайып, сергіп қалам, - деп байыпты қалпынан жазбай жауап берді малайы.

- Нағыз ақымақ екен! - деп үйден атып шыққан бай енді "мен кеш кіріп қалдым ба екен, ол ұрлаған ақшасын тығып үлгерді де, маған сыр бермей отыр сұмпайы" деп күдігінен арыла алмай-ақ қойды.

Екінші күні жалшы таң атқанша жұмыс жасады. Бірақ ол еш реніш білдірмей үйіне қайтты. Бай соңынан бұқпантайлап барып тағы тың тыңдады. Құлағына шықырлаған ақша мен сылдырлаған күміс теңгені жалшысы санап жатқандай естіліп кетті. Ол тағы да есікті бір теуіп кіріп барды. Екі баласын екі жағына алып қаннен қаперсіз рахаттанып ұйықтап жатқан жалшысын көргенде не істерін білмей қалды. Үн-түнсіз білдіртпей үйден шығып кетті. Сонда да күдігі сейілер емес.

Ертесіне жалшысының көңілді, сергек қалпы байға өзін мазақ қылып тұрғандай көрініп кетті. Бай ақыры:

- Менің қазынамнан біраз қаражат жоғалды. Соны сенен басқа ешкім алған жоқ. Себебі сен үнемі көңілді жүресің, тыққан ақшаң болған соң көңілің тоқ боп жүр, - деді.

Сонда жалшысы:

- Қожайын, жағдайың сорлы құлдан да жаман-ау. Күнде кешке үйімді торауылдайсың. Менің байлығым екі балам мен жан жарым және денсаулығым мен қара күшім. Құланиектеніп таң атқаннан кеш батқанша тәңірімнен осы байлығымнан айыра көрме деп тілеймін. Сондықтан мен бақыттымын, көңілдімін, - деп жауап берді.

Не дерін білмеген бай үн-түнсіз қалды. "Япырмай, шынында да мына қара құл бақытты. Мен сияқты қызғанатын байлығы да жоқ. Байлық маған бақытсыздық үшін біткен бе? Басым ауырып кетті".

Осы күні жалшы үйіне ерте қайтты. Оның сыртынан қарап тұрған бай алдынан жүгіріп шыққан екі баласына қызыға қарап қалды…

  • Хан неліктен қара құлды андып жүрді?

  • Қара құлдың бақыты неде деп ойлайсыңдар?

  • Отбасыда қандай қарым - қатынас болу керек деп ойлайсыңдар?

  • Хан қара құлға неліктен қызығып қарап қалды?


  1. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

Оқушыларды гүлдердің түстеріне байланысты екі топқа бөліп отырғызамын. Екі топқа жағдаяттар беріледі, талдау жасалады.
І топ : Жанар қандай да бір жарыссөзге түсер кезде, оның ойында тек қана қайткенде де қарсыласын сөзден ұту ниеті ғана тұратын. Қанша ұтымды ойлар айтқанмен, ол жеңіліске ұшырап қалатын. Себебі неде деп ойлайсыңдар?

ІІ топ: Бір үйдің екі қызы бар. Ата - анасы екеуіне бірдей жағдай жасайды. Бірақ ағайынды екі қыздың бірі ылғи, ешнәрсе көңілі толмай, көңілсіз жүреді. Ал екіншісі керісінше шат шадыман. Себебі неде деп ойлайсыңдар?


  1. Топпен ән айту. М.Рүстемовтың «Қимаймын» әні.

Ұясына батқан күні қимаймын,

Ерте солып жатқан гүлді қимаймын.

Желдей есіп,

Желдей есіп өтіп жатқан зымырап,

Осынау жас, бал күндерді,

Бал күндерді қимаймын.

Сырға толы кештерімді қимаймын,

Жылдар, жылдар, өткеніңді қимаймын.

Жалын атқан,

Жалын атқан, жыр ұнатқан жастық шақ,

Менен ерте кеткеніңді,

Кеткеніңді қимаймын.

Қызық толы кештерімді қимаймын,

Шалқып, тасып жүргенімді қимаймын.

Бәрінен де, бәрінен де,

Бәрінен де, жан достар.

Алыс кетсең жүздеріңді,

Өздеріңді қимаймын.


  1. Үй тапсырмасы.

«Отбасы», «Бақыт» сөздерін қалай түсінеміз? Шағын эссе жазып келу.


  1. Соңғы тыныштық сәтi.

Жай музыка қойылады

Құрметті оқушылар жайланып отырып, көздеріңізді жұмып, бүгінгі сабақтан алған жақсы сәттерді жүрегіңізге түйіп алаңыз.

Тыныштық, тыныштық, тыныштық, тыныштық бар жерде
Тыныштық, тыныштық, тыныштық, тыныштық бүкіл әлемде



© 2010-2022