XIX ғасырдағы ағартушылық философия. Ыбырай Алтынсарин шығармаларындағы адам мәселесі

 Сабақтың тақырыбы: XIX ғасырдағы ағартушылық философия. Ыбырай Алтынсарин шығармаларындағы адам мәселесі.   Сабақтың мақсаты: ХІХ ғасырдағы ағартушылық философия туралы  сабақ барысында  Ы.Алтынсарин ағартушылық еңбегі және педагог шығармаларындағы  адам мәселесіне тоқталу. Ұжымшылдыққа, өз елін сүюге, азаматтыққа, адамгершілікке тәрбиелеу. Оқушылардың ой-өрісін дамыту, шешендікке баулу, шығармашылықпен жұмыс істеуге, ізденіске жол ашу. Сабақтың түрі: аралас сабақ Сабақтың әдісі: Интерактивтік...
Раздел Обществознание
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:




























Пәні: қазақстан тарихы

Сыныбы: 9 «в»

Пән мұғалімі: Құлтанов Жеңіс Ғабдумәлікұлы

Сабақтың тақырыбы: XIX ғасырдағы ағартушылық философия. Ыбырай Алтынсарин шығармаларындағы адам мәселесі.


Сабақтың мақсаты:

ХІХ ғасырдағы ағартушылық философия туралы сабақ барысында Ы.Алтынсарин ағартушылық еңбегі және педагог шығармаларындағы адам мәселесіне тоқталу.

Ұжымшылдыққа, өз елін сүюге, азаматтыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Оқушылардың ой-өрісін дамыту, шешендікке баулу, шығармашылықпен жұмыс істеуге, ізденіске жол ашу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: Интерактивтік оқыту әдістері.

Сабақтың формасы: жеке, топтық.

Сабақтың пәнаралық байланысы: қазақ әдебиеті.

Сабақтың көрнекілігі: презентация, мәтінді тапсырмалар, видеотаспа, түсті жапсырма қағаздар.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру.

А) «Жақсылық тамшысы» тренингі. Әр бала түсті стикерлерге өзінің бойындағы жақсы қасиеттерін жазып жеткізеді де тақтадағы ақ қағазға іледі.

Б) Тренингті өткізу үшін берілген түсті қағаздардың түстеріне байланысты оқушылар 4 топқа бөлінеді.

2. Үй тапсырмасын тексеру.

«Тұлғаны таны» ойыны.

Шарты: Оқушыларға тұлға бейнесі жасырылады. Бұл кімнің бейнесі екенін табу үшін 6 бөлікті ұяшықта ұпаймен берілген сұрақтар жасырылған.

10 ұпай:

«Құдатғу біліктің» авторы? / Жүсіп Баласағұни/.

10 ұпай:

«Диуани лұғат ат-Түрік» шығармасын кім жазды? / Махмұт Қашқари/.

20 ұпай:

Ахмет Йасауидың «Ақыл кітабы» араб әліпбиімен қай тілде жазылды? / көне қазақ/

20 ұпай:

Асан қайғы қай ғасырда өмір сүрді? /15 ғасыр/.

30 ұпай:

Асан қайғының есімімен қазақ арасында қандай идея байланыстырылады? / бейбітшілік идеясы/

30 ұпай:

16-18 ғасырлардағы қазақ философиясы қандай идеяны басшылыққа алды? / ұлттық мемлекетті нығайту идеясы/

10

10

20

20

30

30


Ұяшықтардың астында жасырылған тұлға-Ыбырай Алтынсарин.

3.Негізгі бөлім.

1. Кластер.

ӘXIX ғасырдағы ағартушылық философия. Ыбырай Алтынсарин шығармаларындағы адам мәселесі.р топ кластердің тармақшаларын толтырып, мұғалімнің қосымша сұрақтары арқылы бір мәселе-адам мәселесіне топтастыруы шарт. Осы кластерді топтастыру арқылы мұғалім мен оқушылар жаңа сабақтың тақырыбына енуі тиіс.


XIX ғасырдағы ағартушылық философия. Ыбырай Алтынсарин шығармаларындағы адам мәселесі.XIX ғасырдағы ағартушылық философия. Ыбырай Алтынсарин шығармаларындағы адам мәселесі.XIX ғасырдағы ағартушылық философия. Ыбырай Алтынсарин шығармаларындағы адам мәселесі.XIX ғасырдағы ағартушылық философия. Ыбырай Алтынсарин шығармаларындағы адам мәселесі.XIX ғасырдағы ағартушылық философия. Ыбырай Алтынсарин шығармаларындағы адам мәселесі.XIX ғасырдағы ағартушылық философия. Ыбырай Алтынсарин шығармаларындағы адам мәселесі.XIX ғасырдағы ағартушылық философия. Ыбырай Алтынсарин шығармаларындағы адам мәселесі.XIX ғасырдағы ағартушылық философия. Ыбырай Алтынсарин шығармаларындағы адам мәселесі.XIX ғасырдағы ағартушылық философия. Ыбырай Алтынсарин шығармаларындағы адам мәселесі.XIX ғасырдағы ағартушылық философия. Ыбырай Алтынсарин шығармаларындағы адам мәселесі.XIX ғасырдағы ағартушылық философия. Ыбырай Алтынсарин шығармаларындағы адам мәселесі.XIX ғасырдағы ағартушылық философия. Ыбырай Алтынсарин шығармаларындағы адам мәселесі.XIX ғасырдағы ағартушылық философия. Ыбырай Алтынсарин шығармаларындағы адам мәселесі.










Топпен жұмыс. Әр топқа мәтінді тапсырмалар таратылады. Топ мәтінді талқылайды және өз ойларын ортаға салады, көпшілікке ұсынады.


1 топ.

Тапсырма мәтіні.

Ыбырай адамның жан-жақты қалыптасуының негізгі көзі тәрбие екенін «Бақша ағаштары» деген әңгімесінде жақсы көрсеткен: «Бағып-қағуда көп мағына барында шек жоқ, шырағым: мұнан сен де өзіңе ғибрат алғайсың; сен жас ағашсың, саған да күтім керек; мен сенің қате істеріңді түзеп, пайдалы іске үйретсем, сен менің айтқанымды ұғып, орнына келтірсең, жақсы кісі болып өсерсің, бұғаусыз бетімен кетсең мынау қисық бітен ағаштай қисық өсерсің»- дейді.

Ыбырай Алтынсарин адам мінезін қалыптастырудағы тәрбие рөліне қай дәрежеде назар аударады? Ағартушының осы сөздеріне келісесіздер ме? Келіспесеңіздер неліктен? Ойларыңызды нақты мысалдар арқылы дәлелдеңіздер.


2 топ.

Тапсырма мәтіні.

Ыбырай Алтынсарин өзінің бүкіл өмірін өз халқының арасында өнер-білім тарату, оны алдыңғы қатарлы орыс мәдениетіне жақындастыру жолына арнады. «Кел балалар оқылық!» өлеңінде: «Оқымаған жүреді қараңғыны қармалап. Оқысаңыз, балалар, шамнан шырақ жағылар»- деп өнерге, білімге шақырды. Сонымен қатар, Алтынсарин өзінің әдеби-публицистикалық шығармаларында халықты біліммен қатар нені дамытуға шақырды? Нақты мысалдармен дәлелдеңдер.


3 топ.

Тапсырма мәтіні.

Ыбырай Алтынсарин Ильминскийге жазған бір хатында «Мен қазақ балалрын ұқыптылыққа, тазалыққа, отырықшылыққа, тұрмыстың артықшылығына, мысалы, құрғақ, жылы бөлмелерде тұруға үйретудің өзі қазақ даласында тәрбиелің мәні бар жұмыс деп білемін»,- дейді. Ыбырай Алтынсаринның пайымдауынша қазақ халқының мәдени дамудан шетте қалуының себебі неде? Және бұл мәселені шешудің қандай жолын көрсетті? Өз ойларыңызды саралап, жауап беріңіздер.


4 топ.

Тапсырма мәтіні.

Ыбырай Алтынсарин өмір сүрген кезеңде қазақ даласы облыс, уездерге бөлініп басқарылатын. Бұл әлеуметтік жағдайды шиеленістірді. Болыстар сайлап қойылды, қоғам саяси партияларға бөлінді. Олардың арасында болыс сайлауы үшін талас-тартыстар жүріп отырды. Болыс болу үшін патша әкімшілігінің шенеуніктеріне пара берілді, ал ол шығын халық есебінен өндірілді. Ыбырай осы жағдайларды қатты сынады. Ол қазақ даласындағы әділетсіздікті, заңсыздықты көріп күйінді, заңның әділетті болуын көкседі. Заң әділетті болмаса, адамның адамдығы сақталмайтынын айта келіп, бұл ойын шәкірттеріне жеткізу үшін өзі жазған оқу құралдарына осы тақырыпқа арналған қысқа, көркем әңгімелерін енгізді.

Ыбырай өз көзқарастарына қандай идеяны негіз етіп алды? Дәлелді, нақты жауап беріңдер.

4.Қорытынды бөлім.

А) Видеотаспаны көру.

Б) Синквейн жазу.

Мысалы:

Ыбырай Алтынсарин

Білімді, дарынды

Оқытты, үйретті, дамытты

Қараңғы бар қазақ баласын.

Дана.

5.Бағалау.

6. Үй тапсырмасы. «Ыбырай шығармаларындағы адам мәселесі» тақырыбына эссе жазып келу.


© 2010-2022