Разработка по самопознании «Жаксы тилек - жылы журек» 5 класс

Урок для учащихся 5 классов. Мақсаты: Оқушыларды адамгершілікке,мейірімділікке,қарапайымдылыққа,ізгілікке, Кеңпейілділікке тәрбиелей отырып, оқушылардың бойына жақсы қасиеттерді бойына сіңіру, әрдайым жақсылық, қамқорлық жасай білуге баулу.Адамзат баласының өзіне және өзгелерге жасаған жақсылығынан кейінгі ұрпақ өнеге –үлгі,ғибрат алады.Қоршаған ортаға,айналаңдағы адамдарға мейірімділікпен қарап,қолыңнан келгенше көмек көрсете алу адамшылықтың,ізгіліктің белгісі.Осындай ғибрат аларлықжақсы адам...
Раздел Обществознание
Класс 5 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:



Тақырыбы: « Жақсы тілек - жылы жүрек»

Мерзімі: 04.02.2015ж. Сынып:5-А
Мақсаты: Оқушыларды адамгершілікке,мейірімділікке,қарапайымдылыққа,ізгілікке,
Кеңпейілділікке тәрбиелей отырып, оқушылардың бойына жақсы қасиеттерді бойына сіңіру, әрдайым жақсылық, қамқорлық жасай білуге баулу.
Жүрісі: 1 бөлім
Адамгершіліктің шуағы сөнбесін!

1 жүргізуші Бота:
Құшақ жая қарсы аламыз әсем шаттық көңілмен,
Қош келдіңіз, төрімізден орын алған көрермен!
Құрметті ата- аналар, ұстаздар, оқушылар!
5-А сынып оқушыларының «Жақсы тілек -жылы жүрек» атты қарым-қатынас сабағымызды бастаймыз.
2-жүргізуші Омархан: Өмірде жаман адам туылмайды.Егер нәпсісі рухынан жоғары,үстем болса,жақсы іс-әрекеттерді адам бойынан табу қиын.Ал барлық жақсы қасиеттер, яғни шыншыл,мейірімді,кешірімді,еңбекқор, ақылды т.б. адамда ғана болады.Осының бәрі рухтан туындайды.Рух дегеніміз не? Рух- адам бойындағы бір күшті қуат, сезім.Күн адамның рухы болса,күннің сәулесін адам бойындағы жақсы қасиеттер деп алайық.
Ал енді мына күнге қараңдаршы?Осы жарық күнді біз мейірбан шуағын төгетін құдіретті анаға теңейік,бірақ күніміздің бетін жартылай бұлт басып тұр, яғни бұл ана жүрегіндегі көлеңке сезімі.

О,алтын Күн көктегі,
Арманың болар, көп тегі...


Аружан-Күн: Ең әуелі арманым,
Өртенбей еш орманым.
Құты қашып елімнің
Солмаса гүлі жерімнің,
Ренжітпей бірін тек
Адамдар жүрсін күлімдеп,
Деп төгемін нұрымды
Кейде ұқпай пенделер,
Түтінге өзі сенделер.
Олар тартар сазайын
Несіне айтам,о жайын.


1-Жүргізуші: Балалар күннің бетіндегі бұлттарды ашып,ана көңілін сергітуіміз керек. Ендеше күннің өзінен сұрайық.Сізді мына бұлттарды арылту үшін не істейік?
Күн: «Жақсылық етсең өзіңе, жамандық етсең өзіңе»деген мақалдың мағынасын ашып беріңізші?
2-Жүргізуші: Аңыз әңгімеден көрініс:
Бір диуана ел аралап шахардан шахар кезіп;қоржынын арқалап жүреді екен.Оның айтар сөзі «жақсылық етсең өзіңе, жамандық етсең өзіңе» деген мақал болса керек .Күндердің күнінде келе жатып есік алдында ерігіп тұрған кербез әйелге келеді.Әйел оны көріп :- О,жаман неме міне саған жақсылық та,жамандық та мынаны же де өл,-деп у қосылған нанды береді.
Бір күні келе жатып диуана жүрген жерің қайырымды, мейірімді болсын- деп сәлем береді керуен басы.Азық таусылып, біздің күніміз қиын болды.Мына қарақшыларға тоналған әкелі, балалыларға жүрек жалғар бірдеңең бар ма?
Қайыршы қалтасындағы нанды алып екеуіне бөліп береді.Нешекүн нәр татпаған олар қомағайлана жеп алады.Сәлден соң бірінен соң бірі құлап, тіл қатпастан қалады.Керуен адамдары диуананы сабай бастайды. Бір кезде ол үн қатып : -Уа, қайырымды адамзат жазықсыз мені таяқтамаңдар.Мен ел берген садақаны алып жүре беремін.Кімнің не бергенін қайдан білейін. Бірақ сол нанды берген адамның үйін білемін - дейді.
-Жүр,баста онда сол үйге -деп керуеншілер манағы үйдің жанына келеді.Керуенді көрген әйел сыртқа жүгіріп шығады.Хәл үстінде жатқа күйеуі мен баласын көріп, өз ісіне өкінеді.Әйелдің жазықсыз жанға жауыздық жасағаны өз алдына келеді.Жасаған жамандығына өкініп, ақыры ішқұса болып өледі.
Міне «Жақсылық етсең өзіңе ,жамандық етсең өзіңе» деген осыдан қалған.


Күн: Міне балалар,адамдығыңнан айнымай, айналама қамқор болып, жамандыққа жоламай,жақсылыққа жолдас болың.Адам жаман-жақсыны ажырата біліп,жаманнан бойын аулақ ұстап,бойына жақсы қасиеттерді дарыта алғанда ғана өзінің мұратына жете алады.Сондықтан да мен сіздерге жақсы адамға жолдас болатын мейірімділік, сыпайылық,адамгершілік қасиеттерінің шуағын төгейін.Ешқашан да адамгершіліктің шуағы сөнбесін!

2 бөлім Ізгілікке бастар жол

1-Жүргізуші : Рахмет,Күн Ана! Келесі бұлттан арылту үшін қандай көмек керек?

Күн : Ізгілік не? Тегі қандай? Түсі қандай? Қандай ізгілік істедің?
Сырлыбай Аружан:
Ізгілік не? Тегі қандай? Түсі қандай өзінің?
Мінез-құлық,ісі қандай өзінің?
Ізгіліктің нышаны?
Халық үшін қайтпай құрақ ұшады
Ізгі жүрек ізгілігін сатпайды,
Жомарт жандар құнын тілеп жатпайды.
Қайырымды жан қайырым етпес есеппен,
Есе күтсең,ұрғанмен тең кезекпен.
Қадірсіз зат шеттеп жерде қалады,
Асыл нәрсе төрден орын алады.
Ізгі іс етсең-текті тірлік сүргенің,
Жауыздығың-жерге тірі кіргенің
Ізгі ісіне опық жеген жан бар ма?
Жаманатты зауал таппай қалған ба?
Жамандықты қусаң, азап шегесің!


2-Жүргізуші: Адамзат баласының өзіне және өзгелерге жасаған жақсылығынан кейінгі ұрпақ өнеге -үлгі,ғибрат алады.Қоршаған ортаға,айналаңдағы адамдарға мейірімділікпен қарап,қолыңнан келгенше көмек көрсете алу адамшылықтың,ізгіліктің белгісі.Осындай ғибрат аларлықжақсы адамдардың ішінен жүзінде нұр ойнаған,пейілі кең,жылы жүректі,ізетті,инабатты,қамқор жандардың бірі-Сара Алпысқызы Назарбаеваны атап айта аламыз.Сара Алпысқызы «Бөбек» қорын құру арқылы қамқорлыққа зәру,жәудіреген қазақтың қаракөз бүлдіршіндерінің жүректеріне жол таба білді.Жас ұрпақты білімі мен өнерді серік етіп,өздерін-өздері ашуға,танытуға үлкен мүмкіншілік жасады.Ол өз сөзінде былай дейді: «Адам баласы шыр етіп дүниеге келген соң,оның ең басты міндеті өмірден адам қалпын сақтап өту.Ол

үшін әр адам өзін-өзі таып қана қоймай,адам баласын сүйе білу қажет»
Әрине,біз осындай ізгі істің бастауы бола білген Сара Алпысқызын әрқашан да құрметтеп ,үлгі тұтамыз.


Күн: Ия ,адам ізгілік туралы сөздерді жалаң айтпай,оны іс жүзінде көрсете білгіні дұрыс.Ізгілік пайда үшін емес, адамдардың қуанышы үшін жасалады.Ізгі ниет, ақ көңілмен жасаған әр ісіңде ізгіліктің ізі бар екенін еске сақта! Жақсылық істеуден жалықпа, істеген жақсылығыңа өкінбе.Мен сіздерге қайырымдылық,ізеттілік,ақ ниет,кеңпейілділік қасиеттерінің шуағын төгейін.Ізгі істер бақыт пен дәулетке жеткізсін!


1-Жүргізуші: Рахмет,Күн Ана! Айтқаныңыз келсін! Келесі бұлттан арылту үшін қандай көмек керек?

3 бөлім Жылы жүрек-жақсы тілек


Күн : Жақын адам.Жанашыр адам деген кім?
Ұлдана: Жақын адам,жанашыр адам.Қандай жақсы ұғымдар.Бұл сұрақ өте оңай,қарапайым сияқты көрінеді.Ойланып,толғанып,нақты жауап іздей бастасаң,бұлардың оңайлығы да,қарапайымдылығы да сағымдай бұлдырып,алуан ойлардың жетегіне әкетеді.Кейде біз жақын,жанашыр адам дегенде айналамызға төңірегімізге қарамай,әлде бір алыстан іздеп,бөгде бөтен жаққа көз тігетініміз бар.

Әсел: Қасымыздағының бәрі қарапайым,елеусіз ешқандай кереметі жоқ дегендей қомсынамыз ба,қайткенде,оны аттап өтуге бейім тұратынымыз бар.Шынында бағдарлап,бағалап көре білсек, әлгі біз іздеп жүрген кереметтердің бәрі тап өзіміздің қасымызда,көз алдымызда болып жатады.
Ернар: Айтып жүрген жақсы адамдарымыз жанымызда,өз арамызда жүреді.Бұл жерде айтайын деп отырғанымыз-біздің айналамыздың,өміріміздің тамаша адамдарға толы екендігі.Тек соларды көріп,танып,құрметтеп,сүйе білу керек екен.

Б.Аружан: Мен сөзімді І.Есенберлиннің сөзімен ұштағым келіп отыр. «Мен адамдарды құрмет тұтамын.Бірақ олардың Американы немесе бүкіләлемдік тартылыс заңын ашқандығынан немесе ғарышқа ұшуымен емес, тек таза көңілмен сүйе білу және жақсылық жасап,әділ бола білу,біреудің қайғысын бөлісе білуіне,қайырымдылық жасауына қарап» дегендей жанында жүрген жандардың қуанышын бөлісіп,қиындығына ортақтаса білген ауыл азаматтарына мектеп атынан алғысымыз шексіз.


Күн: Әрине,адам әрқашан өмірдің жақсы жақтарын көруге талпынуы қажет. Ол үшін айналаға жақсы ниет,жағымды ой,жылы жүрекпен қарау керек.Өзіңе де,өзгеге де жақсылық тіле! Мен сіздерге жомарттық,жанашырлық,сүйіспеншілік қасиеттерінің шуағын шашамын.



2-Жүргізуші: Көп-көп Рахмет,Күн ана бұлттардан арылып,көңілі сергіп,өзінің нұрын бізге шашып тұр.

Құлақтан кіріп, бойды алар

Әсем ән мен тәтті күй,

Көңілге түрлі ой салар

Әнді сүйсең менше сүй, - деп Алаш жұртына есімі мәшһүр болған ғасырлар тоғысындағы ұлы тұлға Абай атамыз айтқандай, әнді Абайша сүйіп бүгінде үлкен сахналарда өз өнерін халқына паш етіп жүрген 5-«А» сынып оқушысы Сәрсенбек Дәуренбектің орындауында ....................... әнін қабыл алыңыздар!

Ән: « »


4 бөлім Жүректен -жүрекке.
1оқушы Бекнұр: Бізге ашық күн керек,
Аспан керек мөп-мөлдір
Қуанышқа тұр бөлеп,
Бақытты өмір төккен нұр.
2 оқушы Нұрхализа : Тыныш болып жер беті,
Түршікпесін денеміз
Азамат боп ер жетіп,
Ағаларға ереміз
3 оқушы Ұлдана : Еңбек етсем ертегі
Бақытыма сенемін
Мақсатыма жеткізер
Уақытыма сенемін
Достық іс пен қасты да,
Жеңеріме сенемін .
4 оқушы Абай: Ақыл, сана біліммен
Өнеріме сенемін
Абыройлы ақ ниет
Адамдыққа сенемін.
Оқушылардың қолынан жасалған бұйымдарды тапсыру.


2-Жүргізуші: Балалар, болашақ сендердікі сондықтан білім алған жолдарыңнан бастап, мектеп өңірінде болып жатқан тәрбие жұмыстарына назар аударып, ұстаздардың берген тәлімдерін өз бойларыңа жинап, өнегелі болып өсулерің керек. Яғни адам болып өсу үшін тек өз бойымызға жақсы қасиеттерді жинап өсуіміз керек. «Жақсыдан үйрен - жаманнан жирен» деген сөз.

1-Жүргізуші: Ата-анаңның тілегі - сенің жақсы адам болып, азамат болуың.
Сенің Отан сүйгіштігің, оқу мен еңбектегі табыстарың ата-ана үшін шексіз бақыт. Ата-анаңның алдында шыншыл бол! Кішіге мейірімді, досыңа қайырымды бол!
Бойында осындай қасиеттер бар баланы біз қандай бала дейміз?
- тәртіпті, әдепті, үлгілі т.б.
5 бөлім
Жақсы сөз - жанға қуат



2-Жүргізуші: Расында да, жұдырықтай жүрегіне жылылық пен ұлылық ұялаған АНА- өмірдің гүлі, тіршіліктің сәні. Олай болса, Ардақты ата-аналар! Мейірімі мол, білім мен тәрбиенің қайнар бұлағы- аяулы ұстаз апайлар, ата-аналарға сөз кезегі беріледі.

Ата-аналарға сөз.


5 оқушы Әсел : Адамға ең керегі
Адамшылық,кең құшақ
Өмір сүргім келеді,
Тамыр жайып тереңге


5 оқушы : Өмір сүргім келеді,
Тілегімнің шегі жоқ
Өнер нұрын төгеді
Тұра білсек көгі боп
Өмір сүргім келеді,
Бақытты боп ,арлы боп.
Адамзатқа керегі
Жүрмесе ешкім зарлы боп.
Ата-аналарға сөз беріледі.

6 бөлім
2-жүргізуші: Мың бұралған ақ қайыңдай,
Қыздар шықсың ортаға.
Ал, ендеше қол соғайық,
Қошеметпен қарсы алайық.

Қазақша Би: 5-А сынып қыздары


Қорытынды
1-Жүргізуші : Адам нәсілін жер бетіне баяндатып тұрған бірден -бір күш-мейірім мен рақым ғана.Жақсылық жасау-әр адамның қолынан келеді.Жылы жүрек,шын пейіл ниет,нәзік сезім адамды жақсылыққа бастайды.Жақсылықтан-жақсылыққа ұмтылу адамды бақытқа,игілікке жеткізеді.Ешқандай жақсылық зая кетпейді.Сондықтан да айналаңдағы адамдарға сергек қарап,сезімталдық таныт.Олардың жақсылығын сезіп көре біл.Жаныңдағы адамдарға немқұрайлық танытып,самарқау қарама.Қуанышына ортақ болып, қиындығын бөліс.Сонда сен де олардың сүйіспеншілігіне бөленесің.Сүйіспеншілік-адамдық өлшемнің белгісі Сіздерге айтарым
Талпын жақсы болуға,
Күндей сәуле шашатын
Білім іздеп, өнер тап,
Түнді күндей ашатын.









© 2010-2022