Қоғамдық пәндерді оқытудағы семинарлық сабақтар, оларды өткізу ерекшеліктері

           Соңғы жылдары білім беру үрдісіне жаңа технологиялардың енгізілуі бұдан бұрын жеткіліксіз көңіл бөлініп келген бірқатар әдістемелік проблемаларды зерттеудің қажеттігін көрсетті.  Мектеп мұғалімі оқушы санасына терең теориялық білім негіздерін қалаушы рөлін атқарып, оқушылардың өздігінен білім алуы, сондай-ақ  олардың жеке көзқарастарын қалыптастыру мен қоғамдық ортаға бейімдеу мәселелері  де кейінгі орынға ысырылып келгені шындық. Бұл кемшілікті мұғалімдердің жаңа заман талабына сай б...
Раздел Обществознание
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Құлтанов Жеңіс

Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебінің

тарих пәнінің мұғалімі

Қоғамдық пәндерді оқытудағы семинарлық сабақтар, оларды өткізу ерекшеліктері

Соңғы жылдары білім беру үрдісіне жаңа технологиялардың енгізілуі бұдан бұрын жеткіліксіз көңіл бөлініп келген бірқатар әдістемелік проблемаларды зерттеудің қажеттігін көрсетті. Мектеп мұғалімі оқушы санасына терең теориялық білім негіздерін қалаушы рөлін атқарып, оқушылардың өздігінен білім алуы, сондай-ақ олардың жеке көзқарастарын қалыптастыру мен қоғамдық ортаға бейімдеу мәселелері де кейінгі орынға ысырылып келгені шындық. Бұл кемшілікті мұғалімдердің жаңа заман талабына сай бейімделгісі келмеуі емес, тек оқушылардың оқу жұмысын ұйымдастырудың ерекшеліктерін жете білмеуінен деп санаймын. Сол себепті, осы мақалада қоғамдық пәндерді оқытудағы семинарлық сабақтар, оларды өткізу ерекшеліктеріне тоқталуды жөн көрдім. Жиырма жылдық тәжірибемнен түйгенім, көптеген мұғалімдер арасында семинарды оқушылардың алдын-ала дайындаған баяндамаларының жиынтығы ретінде ғана қарау туралы пікір бар. Кейбір жағдайларда ғылым мен білімнің әр түрлі салаларының мамандары шақырылатын сабақтарды да семинарға жатқызады. Бірнеше сыныптың қатысуымен өтілетін конференцияларды да семинар деп атайды. Сабақта немесе сабақтан тыс мезгілде семинарды конференциямен жаңылыстыру- сабақтың семинарлық түрін түсінудегі және іске асырудағы қателіктердің бірі. Ұжымдық талқылаусыз семинар болмайды.

Семинар сабақтарды өткізуде мұғалімдердің жіберетін тағы бір қателігі- семинарды қорытынды-қайталау сабағымен салыстыру; онда оқушылар тек белгілі бір тақырып бойынша оқып үйренген материалдарына сүйене отырып сөйлейді. Алайда ол қосымша әдебиеттерді, дереккөздерін оқып үйренбейінше әдеттегі қорытындылау-қайталау сабағы түрлерінің бірі болып шығуы мүмкін. Менің пікірімше тағы бір қателік- семинарды лабораториялық-тәжірибелік сабақтармен жаңылыстыруда. Себебі, сабақтың бұл түрінде деректің мәтіні бойынша ғана жұмыс жүргізіледі. Осыған байланысты, мұғалім семинар сабақтарды ұйымдастыру және өткізу барысында оның төмендегідей ерекшеліктерін ескергені жөн:

  • Семинар сабаққа әзірлену барысында оқушылар қосымша әдебиеттерді, деректерді өздігінен оқып үйренеді;

  • Семинарлық сабақ міндетті түрде жаңа материалды оқып үйренуді көздейді және оның бұрын өтілген материалмен қатынасы семинардың түріне байланысты;

  • Семинарда жоспарланған мәселелер бойынша ұжымдық талқылау жүргізіледі, материал әуелі кіші топтарда талқыланып, екшеліп , содан соң барлық сыныптың талқылауына ұсынылады;

  • Семинар сабақтың жоспары сабақта қаралатын мәселелерді қамтуы қажет;

  • Оқушылардың ойлау қабілетін дамытатын, қызықты және маңызды элементтеріне зейіндерін аударатын қосымша сұрақтар әзірленуі керек; қосымша сұрақтар тек бір ғана жауап алуға негізделген емес, мәселені жан-жақты талқылайтын «... дәлелдеңдер», «... дәлелдейтін фактілерді таңдап алыңдар», «Неліктен...», «... қалайша?» және т.б. тіркестерді қолдану арқылы түйінді жауап алуға негізделуі тиіс.

  • Оқушыларға деректі материалдарды жинастыру және өңдеу жөнінде немес осындай сипаттағы жалпы тапсырмалар берілгені жөн, ол: кестелер, сандық мағлұматтардың негізінде жасалған диаграммалар, таблицалар, фото, видео материалдарды пайдалана отырып жасалатын монтаждар болуы мүмкін.

Демек, бұдан туындайтыны: семинар сабақтардың алдында әрбір оқушы өз бетінше жұмыс істеулері қажет. Тіпті, жекелеген оқушылар мұғалімнен ерекше , жеке тапсырмалар алған күнде де, қалған барлық оқушыларға жалпы тапсырма берілуі және семинарға әзірленуі тиіс. Семинар өздігінен жеке жұмыс істеудің жалғасы бола отырып, сонымен қатар өздігінен жұмыс істеудің ұжымдық формасы болып табылады. Мұғалім осындай сабақтарды ұйымдастыру және өткізу арқылы оқытудың жеке және топтық түрлерін іске асырады. Бұл сабақтар мәселені анықтау, талқылау және оны жан-жақты тани білу үшін сабақтың қолайлы түрі деп санаймын. Сабақтың барысында белгілі бір мәселені түсінуде әртүрлі пікірлер жиі байқалады. Мұғалімнің шеберлігі- бұл айырмашылықтарды байқай білу, оған сыныптың назарын аудару. Мұғалім әр сабақта пікірталас тудыратын жағдайларды ұтымды пайдалануды игергені жөн. Себебі пікірталас туындаған жағдайда оқушылардың сабаққа деген ынтасы күрт артатындығын, бар білімдерін өз көзқарасын дәлелдеуге жұмылдыратындығын тәжірбе көрсетіп отыр. Пікірталас кезінде туындайтын шындық оқушылар үшін барынша сенімді және дәлелді болады. Ал мұғалімнің қорытындылары талқылау барысына сүйенуі тиіс. Сабақтың тақырыбы бойынша жасалатын қорытынды сөз оқушылар тарапынан айтылған сәтті жауаптар мен белгілі бір қателіктерді түзеу жөніндегі сын-ескертпелерді қамтуы тиіс. Осы талаптар орындалған жағдайда ғана, оқу үрдісінің жаңаша жағдайларына бейімделе отырып, оқушылар мәтінмен жұмыс істеуге, ойланып-толғана оқуға, қолындағы қаламмен жұмыс істей білу дағдысын қалыптасытруға, алуан түрлі газет, әдеби, анықтама, фото, видео материалдарды барынша тиімді пайдалануға көп көңіл бөледі.



© 2010-2022