Сабақ жоспары Ана тілінің қызметі 5-сынып

Раздел Обществознание
Класс 6 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Оқу ісінің меңгерушісі:

Қазақ тілі

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім:

Сабақтың атауы

Ана тілінің қызметі

Сілтеме

Қазақ тілі оқулығының әдістемесі

Сабақтың жабдығы

Такта,флипчарт,оқулық, сұрақтарға жауап беру, салыстыру, постер салу, дәптермен жұмыс,рефлексия жасау

Жалпымақсаттар

Оқушыларға қазақ тілінің қоғамдық қызметі мен маңызын нақты деректер келтіре отырып түсіндіру. оқушылардың лингвистикалық дүниетанымдарынкеңейту. АКТ-ны тиімді пайдалану

Оқыту нәтижесі

Оқушыларды ана тілді құрметтеуді ұғына білуі,АКТ пайдалана алуы

Топқа бөлу

Сыныпты жыл мезгілдеріне қарай төрт топқа бөлу. Күз айында туылғандар 1 - топ, қыс айында дүниеге келгендер 2 - топ, көктем айындағылар 3 - топ, жаз айындағылар 4 - топ болып бөлінеді.

Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу

«Қара жорға » биін билету арқылы сыныпта психоло-гиялық ахуалды қалыптастыру

Ортаға шығып «Қара жорға» биін билеу арқылы көңіл күйлерін көтеру

Үй тапсырмасын сұрау

BLUB TREE-ді қолдана отырып бастауышта не үйренгендерін білу

Мағынаны тану

Power Point таныстырылымы арқылы сабақты түсіндіру

«Ана тілінің қызметі»

Сабақты мұқият тыңдап, есте сақтау

Ана тілі сол тілде сөйлейтін халықпен бірге өмір сүреді және сол халықтың өкілдері үшін қатынас құралы ретінде қызмет етеді. Тілінен айрылған халық өзіне тән барлық қасиетін жоғалтып, халық болудан қалады. Тіл ана тілі атануы үшін, ол күнделікті өмірде ұдайы қолданыста болуы керек.

Тілдің ең негізгі қызметі адамдардың бір - бірімен сөйлесу, бір нәрсе жайында пікір алысу үшін қызмет етуі. Екінші қызметі - адамдардың қоршаған орта жөніндегі өз ойларын тіл арқылы жеткізуі. Үшінші қызметі - адам өзінің бір нәрсе туралы көз - қарасын, күйініші мен сүйінішін, жақсы көру жек көру сезімдерін тіл арқылы білдіруі.

Қазақ тілі - қазақ халқының ана тілі. Қазіргі кезде дүние жүзінде шамамен 5651 тіл бар.Сөйлеушілерінің саны жағынан алғанда қазақ тілі осы тілдердің ішінде 70 - орынға ие болып тұр.

Ой қозғау

Диалогқа түсу /сыныпқа сұрақ қою/

Ана тілі дегеніміз не?

Ұлт тілі,ділі дегенді қалай түсінеміз?

Оқулықтағы жаттығуларды дәптерге орындату

Топқа стикерлер арқылы бөлу

І топ «Қазақ тілінің кешегісі»

ІІ топ «Қазақ тілінің бүгіні»

ІІІ топ « Қазақ тілінің болашағы

Диалогқа түсіп,сұрақтарға жауап беру

Оқулықтағы жаттығуды орындау

Топқа бөлініп ,пікір таластырады.

Сергіту сәті

Иiлiп оңға бiр, иiлiп, солға бiр.

Жаттығу жасаймын.

Оң аяқ, сол аяқ, оң аяқ , сол аяқ

Жаттығуоңай-ақ.

Оқушылар денелерін жатықтырады

Ой толғаныс

Бір біріне сұрақ қойдыру арқылы өздеріне бағалату

Үй тапсырмасы

«Ана тілі» өлеңін жаттап келу.

Үй тапсырмасын білу, түртіп алу

Бағалау

Формативті бағалау

Өзін өзі бағалау

Кері байланыс

Оқу ісінің меңгерушісі:

Қазақ тілі

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім:

Сабақтың атауы

Әдеби тілтуралы түсінік.

Сілтеме

Қазақ тілі оқулығының әдістемесі

Сабақтың жабдығы

«Қазақ тілі» энциклопедиясы.

Жалпымақсаттар

1.Білімділік: Оқушыларға әдеби тіл туралы түсінік беру, ауызша және жазбаша тілдің айырмашылығын ұғындыру.

2.Тәрбиелік: Оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке баулу. Табиғатты, отанды сүюге тәрбиелеу.

3.Дамытушылық:Оқушылардың әдеби тіл туралы түсініктерін кеңейте отырып,, сабақта қолданылған қосымша материалдар арқылы дүниетанымдарын кеңейту.

Оқыту нәтижесі

Топқа бөлу

Сыныпты оқушыларды төмндегі гүлдердің аттарына сай топқа бөлемін.

1-раушан гүлдері тобы

2-сарғалдақтар тобы

3-лала гүлдері тобы

Ынтымақтастық атмосферасы

Оқушылармен сәлемдесу.

Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.

Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.

Оқушылар мұғаліммен қосылып тақпақты айтады

Үй тапсырмасын сұрау

1.Ана тілінің қызметі туралы түсінік.

2. «Қазақ тілінің болашағы» деген тақырыпта шығарма жазу.

Мағынаны тану

Білім тексеру:

«Ана тілі» туралы А. Байтұрсынов не айтқан?

«Ана тілі» туралы Ә. Кекілбаев не деген?

Қазақ тілінің байлығы не?

«Ана тілі» туралы қандай мақал - мәтелдер білесіңдер?

Жаңа тақырыпты түсіндіру:

Қазақ тілінде «әдеби» сөзі «әдеп» сөзінің негізінде жасалған.

Ол «сөз әдебі» дегенді білдіреді.

Әдеби тіл сөйлеу тілінен жоғары тұрған көрке тіл. Ол сол халықтың бәріне бірдей ортақ әрі бәріне бірдей түсінікті болып келеді.

Әдеби тіл екі түрлі формада өмір сүреді: ауызша тіл, жазбаша тіл. Мысалы: мұғалімнің сабақты түсіндірген сөзі, оқушының сабақта берген жауабы, радио, теледидардан сөйлеген сөздерауызша тіл болады да, кітапта, газет - журналда жазылғандар жазбаша тіл болып есептеледі.

Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойып жаз.
Сөз қылыштан өткір.
өнер алды-қызыл тіл.
Бас кеспек болса да,
Тіл кеспек жоқ.
Шешеннің сөзі ортақ.

Оқулықтағы жаттығуларды топтарға бөліп орындату.

Сергіту сәті

Еркiн ұста денеңдi,
Тарсылдатпай едендi,
Орнымыздан тұрып алып.
Жүгiрейiк бiр уақыт,
Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш.
Аяқты алға созайық,
Тiк көтерiп, қозғайық,
Тым сылбыр да болмайық.
Алға қарай озбайық,
Бiр, екi, үшi, бiр, екi, үш.

Оқушылар денелерін жатықтырады

Ой толғаныс


  1. Әдеби тіл дегеніміз не?

  2. Ауызша тіл дегеніміз не?

  3. Жазбаша тіл дегеніміз не?

І деңгей

Мәтінді тыныс белгілерін қойып көшіріп жазу

Қарамен жазылған сөйлемнің мәнін түсіндіріңдер.

ІІ деңгей

Мәтіндегі ойды түсініп оқыңдар.

Адам өміріндегі тілдің орнын әңгімелеңдер

Тіл, сөз туралы 2- 3 мақал ойлап жазыңдар.

ІІІ деңгей

Төмендегі пікірлерді жаттап алыңдар.

Айтылған пікірлердегі негізгі ойды анықтаңдар.

Үй тапсырмасы

Әдеби тіл туралы түсінік,тапсырманы аяқтау

Күнделіктеріне жазады

Бағалау

Бағалау парақшаларын арқылы өзін-өзі бағалау

Парақшаларды толтырады



© 2010-2022