Өлең-сөздің патшасы, сөз сарасы

IV.Сөз тапқанға қолқа жоқ. Мұнда сайыскерлер қойылған сұрақтарға мақал-мәтелмен жауап беруі қажет. 1.     Қылыштан өткір затты ата 2.     Білімді мен ұста өлсе артында не қалдырады? 3.     Жаман үйді кім билейді? 4.     Сүйек пен еттен  өтетін  заттарды ата 5.     Жолы  болар жігіттің алдынан кім  шығады? 6.     Қайғысыз адам қалай семіреді? 7.     Кімнен жарты қасық ас қалады? 8.     Дос пен дұшпан қалай мақтайды? 9.     Сөйлей-сөйлей кім боласың? 10.                       Көре-көре кім боласың? 11.                       Нені көрсең көзін аш? 12.                       Әдепті бала қандай бала? 13.                       Талаптыға не жауар?
Раздел Обществознание
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сайыстың тақырыбы: Өлең - сөздін патшасы, сөз сарасы

Мақсаты: білімділік- оқушыларға Абай өлеңдерін және қара сөздерін мәнерлеп жатқа айту,сөз өнерінің қыр-сырымен таныстыру,халық даналығы,халық өсиеттерінен нәр алғызу,дәстүр мен жаңашылдық,оның адамзат тарихымен тығыз байланысты жайындағы білімдерін қалыптастыру.

Тәрбиелік-шәкірттерді туған жерге деген сүйіспеншілікке , Отанның тыныштығын қорғауға,адамгершілікке,қасиетті нәрселерді қадір тұтуға тәрбиелеу.

Дамытушылық-өз пікірі,эстетикалық талғамы бар сауатты, білімді оқушы дайындау.

Көрнекілігі: Интерактивті тақта,Абайдың суреті, шығармаларының жинағы,нақыл сөздер.

Жоспары:

І. Сәлемдесу

ІІ.Топтың ұраны.

ІІІ.Өлең -сөздің патшасы,сөз сарасы.Абай өлеңдерін мәнерлеп жатқа айту.

IV.Сөз тапқанға қолқа жоқ.

Мұнда сайыскерлер қойылған сұрақтарға мақал-мәтелмен жауап беруі қажет.

  1. Қылыштан өткір затты ата

  2. Білімді мен ұста өлсе артында не қалдырады?

  3. Жаман үйді кім билейді?

  4. Сүйек пен еттен өтетін заттарды ата

  5. Жолы болар жігіттің алдынан кім шығады?

  6. Қайғысыз адам қалай семіреді?

  7. Кімнен жарты қасық ас қалады?

  8. Дос пен дұшпан қалай мақтайды?

  9. Сөйлей-сөйлей кім боласың?

  10. Көре-көре кім боласың?

  11. Нені көрсең көзін аш?

  12. Әдепті бала қандай бала?

  13. Талаптыға не жауар?

V. «Сөз сөзден туады» кезеңінде оқушылар бір минуттың ішінде әдебиетші деген сөзден мағыналы сөздер шығару керек.

VI.Жұмбақтар сыр шертеді.

VII.Асыл сөзді іздесең.

Абайды оқы ерінбе!

Адамдықты көздесең,

Жаттып тоқы көңілге!

С.Торайғыров

Абайдың қара сөзерін жатқа айту.

VIII. «Бой жазу» ойыны

  1. Аптаның төртінші күні.

  2. Жұма күні қазақтардың пісіретін наны.

  3. Шөлге шыдамды жануар.

  4. Ұя салмайтын құс.

  5. Кіші жүздің биі.

  6. Жұма күндері мұсылманның баратын жері.

  7. Мұсылмандардың қасиетті қаласы.

  8. Көшпелі тұрмысқа лайықты үй.

  9. 9 -дан100 -ге дейінгі сандарда қанша 9 саны кездеседі?

  10. Жетіге дейін ғана саналатын қай сан есім?

  11. Қазақтың белгілі суретшісі.

  12. Бүкіл Шығыс әйелдері ішінен Кеңес Одағының Батыры атағын алған кімдер?

  13. Тіл дыбыстарын тіл білімінің қай саласы тексереді?

  14. Желмая мініп, шырайлы жер іздеумен өмір кешкен кім?

  15. Үш арсызды ата?

  16. Қыс қатты болып малдардың жаппай қырылуы.

IX. Білімдіден шыққан сөз.

Оқушылар шығармашылығы.

Х. Құр босқа ғылым таппай,мақтанбадым

Орынсыз және өнерсіз,баптанбадым.

Орным бар,білімім бар , заманым кең.

Сондықтан көңіл шалқып шаттанғаным

(Көрініс)

ХІ. Осы жалған дүниеден

Шешен де өткен не бұлбұл

Көсем де өткен не дүлдүл

Сөз мәнісін білсеңіз,

Ақыл -мизан өлшеу құл

Егер қисық көрінсе,

Мейлің таста,мейлің күл,- деп Абай атамыз айтқандай азда болса ғибрат алсақ,біздер бақыттымыз.Сөз кезегін әділқазылар алқасына берейік.

ХІІ.Қорытынды.


© 2010-2022