Тема: Отбасы және жастар 9-сынып

Раздел Обществознание
Класс 9 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Отбасы және жастар

Сабақ тақырыбы: Отбасы және жастар
Сабақтың мақсаты:
Білімдік мақсаты: ҚР «Неке және отбасы» туралы Заңына сәйкес отбасының құқығы туралы түсінік беру, отбасы, неке, азаматтық неке, туыстық, мұрагерлік ұғымдарын танып білу.
Дамытушылық мақсаты: Отбасы қажеттігін, маңыздылығын, неке құқығы туралы білімдерін кеңейту.
Тәрбиелік мақсаты: Отбасы мен неке құқықтық ережелерінің бұзылмауына баға беру.
Сабақ түрі: Жаңа білім беру
Оқыту әдісі: Шағын лекция, топ жұмысы, жеке жұмыстар
Пән аралық байланыс: Қазақстан тарихы, әдеп
Көрнекілік: «Неке және отбасы» туралы Заң. Кесте, тірек-сызба
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру.
Оқушылармен амандасу, түгелдеу, кітап құралдарын тексеру.
Біздер биыл құқықта І. Конституциялық құқық ІІ. Әкімшілік құқық оқыдық.

ІІ. Жаңа сабақ. Отбасы және неке
Жоспар
1. Неке және отбасы ұғымы. Отбасылық қатынастар.
2. Туыстық және туысқандардың түрлері.
3. Мұрагерлердің алты кезегі
4. Неке және отбасын қорғау.

1. Ой қозғау. Отбасының қызметін атау
- Ұрпақ жалғастырады,
- өзара көмектеседі,
- мәселені бірге шешеді,
- балаларға білім мен тәрбие беру,
- тұрғылықты жері болады.

2. Мағынаны тану Шағын лекция
Отбасы дегеніміз-бұл некеден, туыстықтан, бала асырап алудан немесе балаларды тәрбиелеуге алудың өзге де нысандарынан туындайтын және отбасылық қатынастарды нығайту мен дамытуға септігін тигізетін, мүліктік және мүлікке қатысты емес жеке бастың құқықтары мен байланысқан адамдар тобы. Отбасылық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы отбасылық құқық деп аталады. Отбасы - неке қатынастарын реттейтін негізгі нормативтік құқықтық акт 17 желтоқсан 1998 жылы ҚР «Неке және отбасы» Заңы болып табылады. 10. 01. 2006 жылы өзгертулер енгізілген. 7 бөлім, 29 тарау, 213 баптан тұрады.
Неке - отбасы құрудың негізі болып табылады. Ерлі-зайыптылар арасындағы тең құқықтық одақты - неке деп түсіндіруіміз қажет.
Отбасылық қатынастар адамдар арасында некеден, туыстық, бала асырап алудан, отбасына тәрбиелеу үшін бала алудан туындайтын қатынастар. Отбасындағы қатынастар адамгершілік, ізгілік - өнегелік, өзара құрмет, сүйіспеншілік, қамқорлық және имандылық нормалары негізінде реттеледі.

Отбасы түрлері
Толық отбасы - ата-ана балалары, ата әжесі.
Толық емес отбасы - ата-ана біреуінің болуы (ажырасқан, қайтыс болған)
Туыстық дегенде бір негізден немесе ортақ бір атадан тарайтын қандас адамдардың байланысы түсініледі. Туыстықтың екі тармағы болады: тікелей және жанама туыстық. Тікелей туыстық жоғары және төменгі тармаққа ажыратылады. Туыстықтың жоғары тармағы ұрпақтан арғы атаға қарай тарайды (әкеге, шешеге, атаға, атаның атасына және т. б.), төменгі тармақ - арғы атадан ұрпақтарына қарай тарайды (балаға, немереге, шөбереге және т. б.). жанама туыстыққа жеті ата, немере ағайындар жатады.(кесте)
Мұрагерлердің алты кезегі
1-кезегі Балалары, ерлі-зайыптылар мен ата-аналар
2-кезегі Туыстары, ағалары, қарындастары, әке-шешесі жағынан ата-әжесі
3-кезегі Көкесі, тәтесі
4-кезегі Алтыншы атасына дейінгі өзге туыстары
5-кезегі Он жыл бірге тұрған туыс ағалары, қарындастары, өгей әке-шешесі
6-кезегі Мұра қалдырушының еңбекке жарамсыз асырауында болғандар

Толық туыс - бір ата-анадан тарағандар,
Толық емес туыс - әке мен шешесінің біреуі ортақ туыстар,
Бір кіндіктен - бір анадан тарағандар,
Қандастар - әкесі бір, шешелері басқа,
Сүйек жақын - өгей ер, қыз бала
Неке және отбасын қорғау екі түрде жүзеге асырылады:
1. Юрисдикалық (сот, прокурор, АХАТ органдары, ІІО)
2. Беюрисдикалық (азаматтар мен ұйымдардың өзара іс-әрекеттері)

Дамыту кезеңі
І. Жеке тапсырма: Отбасында сендер қандай қызмет атқарасыңдар?
(ата-ана, іні-қарындас, аға-апа үшін қандай жауапкершілік сезінесіңдер?)

ІІ. «Неке және отбасы» Заңы баптарымен жұмыс жасату.
1. Неке жасы - (ерлер-18, әйелдер-17) (10бап)
2. Некеге тұруға тиым салу (2бөлім, 3тарау, 11бап) (- Басқа некеде тұрған жағдайда, - туыстық жақын болса,- психикалық есі кем болған жағдайда,- сол ел азаматтығы жоқ болса)
3. Жарамсыз неке (жалған неке-фиктивтік неке) (24-25-26бап)
4. Некені тоқтату (қайтыс болуда, жоғалып кетсе) (4тарау, 14бап)
5. Неке құқықтары (тегін, мамандық, тұрғылықты жерінтаңдау, ортақ меншік) 28-29 бап

ІІІ. Тренинг өткізу Акварум (үш белсенді оқушыны шығару, тапсырма беру, пікірлерін тыңдау, сұрақтар қою, ұнағанына дауыс беру)
1. Жалғыз басты адам отбасы болмайды
Қоғамдағы отбасылы болмағандар (қыздар, ұлдар, ажырасқандар) туралы пікірлерің?

ІV. Пікірталас
1. Қазіргі жастар ерте отбасын құрып, ата-аналарына жауапкершілік арта салуы дұрыс па?
Бекіту. - Жақсы отбасы және нашар отбасы неге болады? (ойланып жаз)
Сәйкестендіру тест
№ Термин Анықтама
1 Нуклеарлы отбасы А) Бір атадан тарағандар
2 Кеңейген отбасы Ә) Баламен не баласыз ата-аналардың бірі тұратын отбасы
3 Мұрагерлік Б) Отбасын құру негізі, ер мен әйел арасындағы ерікті келісіммен жасалған құқықтық одақ
4 Полигамия Г) Мұраға қалатын не заң бойынша иесі өлгеннен кейін басқа адамға берілетін мүлік
5 Туыстық Ғ) Ерлі-зайыптылардың бірінің баласымен не туысқандарының бірімен тұратын отбасы
6 Неке З) Көп әйел алу

Қорытынды: «Жүректен - жүрекке»
«Мен өз отбасымды қалай жақсы көремін?» оқушылар таратылған жүректерге отбасы туралы сезімдерін жазып тақтаға іледі, дауыстап оқиды.
Бағалау.
Үйге тапсырма: 17-тақырып, 97 бет. Көрші 10 отбасы тізімін алып, отбасы түрінен ақпарат дайындау.













ОТБАСЫ ЖӘНЕ ЖАСТАР

Жарияланды 23-08-2012, 14:31 Категориясы: Тәрбие сағаты

Тақырыбы: ОТБАСЫ ЖӘНЕ ЖАСТАР
Мақсаты: Пікірсайыс тудыра отырып, өз ойларын дәлелдеп, басқа пәндерден алған білімдерін адам, қоғам, құқық пәнімен байланыстыра өз бетінше ойлай білуге дағдыландыру, оқушылардың бойында әдептілік, әділеттік, сыпайылық, инабаттылық, кішіге қамқор, үлкенге құрметпен қарап ізетті болу дағдыларын қалыптастыру.
Тәрбиелік мәні: Оқушыларды адамгершілікке, жаман әдеттерден бойын аулақ ұстауға, жүйелі ойлауға, топ болып жұмыс істеуге тәрбиелеу
Әдісі: пікір сайыс
Көрнекілігі: сұрақтар, нақыл сөздер жазылған плакаттар, кестелер, сөзжұмбақ

Барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды топқа бөлу.

2.Тақырып бойынша пікір сайыс
3. Кесте толтыру
4. Сөзжұмбақ шешу

I. Пікір сайыс сұрақтары.
Осы сұрақтар төңірегінде әр топ
өз пікірлерін айтып дәлелдейді

1. Отбасы деген не?
2. Отбасы қандай қызметтер атқарады?
3. Некенің қандай түрлерін білесіңдер?
4. Қазіргі кезеңде құрылған отбасылардың тұрақсыз болуының себебі неде деп ойлайсыңдар?
5. Үлгілі отбасы қандай болуы керек?
6. Отбасын құра алмау құбылысы жайлы әңгімелеңдер.
7. Қазіргі жастардың жаман әдеттерге әуес болуының себебі неде?
8. Дәстүрлі қазақ отбасы жайлы әңгімелеңдер

II.Кесте толтыру.
Өзін-өзі зерттеу
Менің жағымды қасиеттерім
Менің кемшіліктерім

III.Сөзжұмбақ шешу ( Отбасы)
1. Ата-анасы балалары бар отбасы қалай аталады?
2-3 Отбасының тұрпаттары қандай болады?
4. Отбасын құрудың негізі

5. Отбасы шеңберіндегі әрекет ететін ең маңызды құндылықтардың бірі
6. Отағасының бірінші әйелі

IV. Қорытынды: Пікір сайысты қорытындылап , қанатты сөздер арқылы мазмұнын ашу.

Отбасы және жастар

Жарияланды 9-09-2013, 11:10 Категориясы: Тарих

Адам, Қоғам, Құқық.
Сабақтың тақырыбы: Отбасы және жастар
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушыларға отбасы, отбасы түрлері мен атқаратын функцияларына, отбасындағы бала мен ата - ана құқығына сипаттама беру.
Тәрбиелік: оқушыларға оқушыларды болашақ отбасы өміріне, оның алдындағы жауапкершілікке тәрбиелеу. Өмір сүруге даярлау, құқықтық тәрбие беру.
Дамытушылық: отбасы, неке туралы құқықтың негіздерін баяндау арқылы оқушылардың қызығушылығын арттыру және жауапкершілігін қалыптастыру.
Көрнекілігі: тірек сызбалар.
Әдісі: тірек сызбаларды пайдалана отырып баяндау, өзара белсенділікті арттыру.
Түрі: аралас сабақ

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезең
а) сәлемдесу
б) сабаққа дайындығын тексеру
в) оқушылар назарын сабаққа аудару
2. Үй тапсырмасын тексеру

Сәйкестендіру сұрақтары.
Ұғым Анықтамалар
1. Этнос
2. Ұлт.
3. Халық.
4. Мемлекет.
5. Диаспора
6. Автохтонды ұлт

• Белгілі бір географиялық ортада тұрып, әлеуметтік белсенді және жүйелі әрекет ете алатын, азаматтығы бар қоғам мүшелерінің жиынтығын айтамыз.
• Адамдардың тарихи отанынан өзге жерлерде тұратын бөлігі.
• Қазақстан үшін қазақтар
• Қоғамның саяси - экономикалық, мәдени - әлеуметтік жүйесін бірізділікке түсіретін, қоғамды басқаратын және сақтайтын негізгі институт.
• Белгілі бір аумақты мекен еткен, өзіне тән шаруашылық жүргізу ерекшелігі бар, өзінің тарихи дәстүрлері қалыптасқан, тілі, мәдениеті,, ұлттық психологиясы айшықтана көрініс беретін адамдар қауымдастығының орнықты формасы.
• Адамдардың еркі бойынша емес, табиғи және тарихи үдерістер нәтижесінде пайда болған әлеуметтік топтасудың айрықша түрі.

3. Білімдерін жан жақты тексеру
1. Қазақстанның ұлттық құрамы.
2. Ұлтаралық қатынастар дегеніміз не?
4. Оқушыларды жаңа сабаққа дайындау
Сабақтың тақырыбын, мақсатын баяндау.
Оқушылар назарын сабаққа аудару.
5. Жаңа сабақты түсіндіру

Сабақ жоспары:
1. Отбасы құрудың басты мақсаты.
2. Некеден тыс қалу және оның себептері мен салдары.
3. Отбасының тұрпаты.
4. Ерлі - зайыптылар арасындағы қарым - қатынас.
Отбасы - ерлі - зайыптылардың, ата - аналардың, балалардың және басқа туыстардың арақатынасын реттейтін нормалардың, тәртіп үлгілерінің жиынтығымен сипатталатын әлеуметтік институт.
Отбасының бірнеше түрі болады.

Неке - отбасын құру мақсатын көздеген ер мен әйелдің ерікті және тең одағы. Некеге отырған ерлі-зайыптылар бірі - бірінің алдында белгілі бір құқықтарға ие болады және міндеттер орындайды. Неке міндетті түрде тіркелуі керек. Тек тіркелген некеде тұрғандардың әрекеттері заңды болады.
Қазақстан Республикасының неке және отбасы туралы заңы бойынша неке жасы ерлермен әйелдер үшін он сегіз жас болып белгіленген.
Отбасын құру ұстанымдары.
o Ер мен әйелдің некелік одағының еріктілігі;
o Отбасындағы ерлі-зайыптылар құқықтарының теңдігі;
o Бөгде адамдардың отбасы ісіне араласуын болдырмау;
o Отбасының ішкі мәселелерін келісіп шешу;
o Балалардың отбасында тәрбие алуына және олардың қамына көңіл бөлу;
o Кәмелетке толмаған және еңбекке қабілетсіз отбасы мүшелерінің құқықтары мен мүдделерінің қорғалуына көңіл бөлу;
o Отбасы мүшелері құқықтарының сот арқылы қорғалуының қамтамасыз етілуі;
o Отбасындағы салауатты өмір салтын қолдау;
o Отбасы мүшелерінің бір - бірінің қамын ойлауы;

Моногамды отбасы
Полигамды отбасы

Отбасы мынадай функция атқарады:
● Бала өсіріп, тәрбиелеу арқылы ұрпақ жалғастығын қамтамасыз ету.
● Баланы әлеуметтенуге, қоғамда өмір сүруге дайындау.
● Отбасы мүшелерін баспанамен, көлікпен, киіммен, тамақпен, үй заттарымен, оқуға, еңбек етуге қажетті жабдықтармен, тағы да басқа материалдық құндылықтармен қамтамасыз ету.
Көптеген адамдар «отбасы құрудың негізі - махаббат» деп есептейді. Дегенмен ерлі-зайыптылар арасындағы қатынастарда жауапкершілік пен сенімнің де атқаратын рөлі аз болмаса керек.
Сенім - отбасы шеңберінде әрекет ететін азаматтық құндылықтардың маңыздылардың бірі. Сенім болған отбасының шаңырағы биік, босағасы берік болады.

Әмеңгерлік дегеніміз - дәстүрлі құқықтық мәдениеттің негізгі институттарының бірі; күйеуі өліп, жесір қалған әйелдің қайынағасына немесе қайынінісіне, не болмаса жұбайының ең жақын туыстарының біріне тұрмысқа шығуы, некелесуі.
Атастыру - қазақ халқының дәстүрлі ғұрыптық салты, қыз бен жігіт ата - аналарының өз балаларын бір - біріне үйлендіру жайында ақ ниет, жарқын үмітпен күні бұрын уәделесуі, жігіт атын қызға, қыз атын жігітке естіртуі.

6. Жаңа сабақты бекіту:
Сөзжұмбақ
т о л ы қ
к е ң е й т і л г е н
м а х а б б а т
б а л а
с е н і м
м о н о г а м д ы

Сөзжұмбақ сұрақтары.
1. Ата - анасы және балалары бар отбасы.
2. Ата - анасы балаларынан басқа туыстары қосылып өмір сүріп жатқан отбасы.
3. Отбасын құрудың негізі.
4. 18 жасқа толмаған адам.
5. Отбасы шеңберінде әрекет ететін азаматтық құндылықтардың маңыздыларының бірі.
6. Бір әйел мен бір ердің некелік одағы.
7. Үйге тапсырма: Отбасы және жастар.
8. Бағалау:










Тақырыбы: Отбасы және жастар

Мақсаты: а)білімділік:

Отбасы құрудың басты мақсаты. Некеден тыс қалу және оның себептері мен салдарлары.Отбасының тұрпаттары.Моногамды және полигамды отбасылар. Отбасының міндеттері.Ерлі-зайыптылар арасындағы қарым-қатынастар туралы әңгімелеу. ә)дамытушылық:Әркім өз отбасының шежіресін зерттеу арқылы туған-туыстары туралы біліктерін дамыту. б)тәрбиелік:Адамгершілікке,отбасындағы бірлікке,бір-бірін сый- лай білушілікке тәрбиелеу. Сабақтың түрі: Аралас сабақ. Сабақтың әдісі: Пікірлесу,сұрақ-жауап,топтық тапсырмалар,ойындар,есеп- ті тапсырма.Жанұя шежіресімен танысу. Көрнекілігі:Фотосуреттер,тірек-сызбалар,мақал-мәтел, нақыл сөздер. І.Ұйымдастыру бөлімі: Сыныпты ата-аналарымен бірге үш топқа бөлемін.Әр топтың өз аты бар. 1. «Қара шаңырақ».2. «Үлкен отау».3. «Кіші отау». Сабақтың барысы:

Тақырып 2 сағатқа берілгендіктен, бұл тақырып өткен сабақта түсіндірілген болатын,бірден мазмұнын сұрап, талдаудан бастаймыз. Үй тапсырмасы бойынша жұмыс. 1.Отбасы -басты мақсат.Топтар өздерінің аттарына түсініктеме береді. 2.Отбасы. (Көрнекілік бойынша жұмыс.)

Отбасының қызметі:

1 Некеге тұру.

2 Баспананың болуы.

3 Ұрпақ жалғастыру.

4 Материалдық-экономикалық және шаруашылық-тұрмыстық қызмет.

5 Тәрбиелік қызмет.

6 Түрлі қайшылықтардан шығу.

3.Неке.Көрнекілікті пайдалана отырып,оқушылардың үйден оқып келгендерін сұрау.Бір оқушыдан некеге рұқсат етілмейтін жағдайларды сұрау. 4.Отбасын құру қағидалары.Қазақтардың және Қазақстанда тұратын әр түрлі халықтардың отбасын құрудағы өзіндік ерекшеліктеріне тоқталу. Тақтадағы көрнекілікке көңіл аудару.

Қазақ халқы: Ұйғыр халқы:

Шілдехана өткізу. 40 күн қыздың үйінде күтеді.

Қырқынан шығарғанда азан шақырып, ат қойылады. 7-10 күн ішінде молдаға ат қойғыза- ды.

Жеті атаға дейін үйленуге тыйым салынған. Туысқа үйленуге рұқсат.

Тұсау кесу. Тұсау кесу міндетті емес.

Неке жігіт үйінде қиылады. Неке қыздың үйінде қиылады.

Екі халықтың ұқсастығы:

Тілі,діні,кейбір салт-дәстүрлері,ырым-тыйым,мақал-мәтелдері.

-Өздерің көріп тұрғандай заңымыз ортақ болғанымен, Қазақстан халықтарының салт-дәстүрлері әртүрлі. Қазақ халқы 7атаға дейін қыз алысып, қыз беріспеген.Өкінішке орай жеті атасын білмейтіндер ,немере, шөбере жиен-нағашылардың өзі бірін-бірі түстеп танымайтындар көбейді.Жесірін тентіретпейтін қазақы қасиет кеміп, үлкенді қадір тұтып, кішіге қамқор болатын кісілікті әркез таныта бермейтін болып барады. «Жеті атасын білген ұл,жеті жұрттың қамын жер. Өзін ғана білген ұл,құлағы мен жағын жер.» деген халық даналығын ұмытпай,зердемізге тоқуымыз керек. Миға шабуыл.-Қазақ не үшін «Жеті атасын білмеген-жетесіз»деген? (Оқушылардың ойларын білу) -Жеті атаға дейін адам қаны сақталады екен.Оны ғылым дәлелдеп отыр.Қанның ұқсастығы тұқым қуалайтын ауруларды қоздырып ұрпақ азатынын қазақ әу баста-ақ білген. Есепті тапсырма. -Ендеше адам қаны ұрпақтарында қанша пайыз болатынын әркім өз дәптерлеріне есептеп шығарсын.Әр ұрпақ сайын 50 пайызға азайтып отырасыздар.Шешімі:

1 Әке 100%

2 Бала 50%

3 Немере 25%

4 Шөбере 12,5%

5 Шөпшек 6,3%

6 Немене 3,1%

7 Туажат 1,5%

5.Отбасындағы балалар ата-аналардың құқықтары. Ата-аналардан сұрау.( Мәтінмен жұмыс жасалады.) 6.Отбасын құра алмау құбылысы. Ойталқы: -Өздерің өмірден көріп жүргендей кей адамдар неліктен отбасын құра алмай отыр? 7.Отбасының тұрпаттары.

1-сызба:

Моногамды Полигамды

2-сызба:

Баланың санына қарай отбасылар:

1 Көп балалы отбасылар (үш,одан да көп бала)

2 Орташа отбасылар (екі бала)

3 Бір баласы барлар.

4 Баласы жоқ отбасылар.

8.Отбасының атқаратын функциясы. Демограф М. Тәтімовтың мәліметтерін келтіріп кету. Президент Жолдауынан үзінді оқу: «2006 жылдан бастап аз қамтылған отбасылардың 18 жасқа дейінгі балаларына ай сайынғы жәрдемақылар 4 және одан да көп кәмелетке толмаған балалары бар көп балалы аналарға, «Алтын алқа», «Күміс алқа» немесе І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» белгілерімен марапатталған аналарға 4000 теңге жәрдемақы төленуі тиіс. 2006 жылдың шілдесінен бастап,1 жасқа дейінгі сәбиді күту жөніндегі мемлекеттік жәрдемақыларды енгізу қажет деп санаймын.»

9.Отбасындағы қарым-қатынастар. Бабалар сөзі -тәрбие көзі. -Үйдегі алтын қазық кім?-депті қарт. -Ата,үйдегі алтын қазық - бала,-депті жігіт. -Жоқ,балам,үйдегі алтын қазық-ана.Ана ақылды болса,бала дана болады.Ана тәрбиесі- қызға үлгі,әке тәрбиесі-ұлға үлгі.Ана ақылшың,әке қамқоршың,ағаң қорғаушың, інің сүйенішің,қарындасың қанатың екенін ұмытпа.Ананы сыйламағанның ақылы кем , әкені сыйламағанның жақыны кем.Ананың мейрімі көзінде,ықыласы көңілінде,ақылы сөзінде,-депті қарт. -Дүниеде ең жақының кім? -Тату болса -ағайың жақын, Ақылшы болса-апайың жақын, Бауырмал болса-інің жақын, Инабатты болса-келінің жақын. Алдыңа тартқан адал асын, Қимас жақын-қарындасың. «Кім білгір?» ойыны. Ата мұраң-асыл қазынаң. Жалпы сұрақ: -Малдың басы қандай қонаққа ұсынылады?(Сыйлы қонаққа.) -Қандай жілік қыз балаға берілмейді?(Кәрі жілік.) -«Абысын тату болса - ас көп» деген сөз бар.Сондағы абысын кім?(Ағайынды адамдардың әйелдері.) -Бөле деп кімді айтамыз? (Бірге туған апалы-сіңлілі кісілердің балалары.) -Қазақтарда үй иесінің атауы? (Отағасы.) -Бір рудан немесе бір атадан тараған туыс.(Әулет.) Топтарға тапсырма: 1.Отбасында туыстығына қарай ер адамның дастархан басындағы орнын сипаттап беріңіз.(Ақсақал,отағасы,енші алған ұлдары,кенже бала,күйеу бала.) 2.Отбасында туыстығына қарай әйел адамдардың дастархан басындағы орнын сипаттап беріңіз.(Анасы,жасына қарай қыздар,келін.) 3.Ренжіскен ағайындардың бір-бірімен татуласуы керектігі туралы ,әсіресе, қай мейрам кезінде көбірек айтылады?(Айт мейрамы кезінде.) «Жалғасын тап» ойыны: Жалпы тапсырма: 1.Бала жетіге келгенше(жерден таяқ жейді.) 2.Ұлға отыз үйден(қызға қырық үйден тыйым.) 3.Атаңның баласы болма (адамның баласы бол.) 4.Әке көрген- оқ жонар,(шеше көрген-тон пішер.) 5.Баланың ұяты әкеге,(қыздың ұяты шешеге.) 6.Балапан ұяда не көрсе (ұшқанда соны іледі.) 7.Ата-бәйтерек,(бала-жапырақ.) 8.Ана сүтін ақтамағанды(ешкім жақтамайды.) 9.Анаңды Меккеге үш рет арқалап барсаң да(қарызыңды өтей алмайсың.) «Мағынасын түсіндір» ойыны: Топтық тапсырма: І. «Тәрбие жалқауды да адам етер, Еркелік жақсыны да надан етер.»

ІІ. «Баланы өте ерке қылып өсірсең не басын жарады,не басыңды жарады.» ІІІ. «Әкесіне қарап ұлын сына, Шешесіне қарап қызын сына.» Менің жанұямның шежіресі. Оқушылар үйден дайындап келген жанұяларының шежіресімен таныстырады. Бекіту тапсырмалары: І топқа: «Бақытты жанұя. Ол қандай?» ІІ топқа: «Жанұядағы жанжал.Оны шешу жолдары.» ІІІ топқа: «Отбасы мейрамдары.Оларды өткізу жолдары.» Қорытындылау. «Менің жанұямның қызықты сәттері...» Оқушылар әкелген фотосуреттерді қарау. Оқушыларды бағалау. Топтарға берген жауаптары бойынша орын беру. Үйге тапсырма: Тақырыпты оқу.Тарауды қайталау.



© 2010-2022