ҰЛТ ЖОСПАРЫ БАҒДАРЛАМАСЫНДАҒЫ БІРТЕКТІЛІК ПЕН БІРЛІК

Раздел Обществознание
Класс -
Тип Статьи
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

ҰЛТ ЖОСПАРЫ БАҒДАРЛАМАСЫНДАҒЫ БІРТЕКТІЛІК ПЕН БІРЛІК


Н.Ә. Назарбаевтың 2015 жылғы ҚР Президентін сайлау кезіндегі бүкілхалықтық жеңісі елде инновационды реформаларды өткізудің сабақтастығын, жүйелілігін, мемлекетіміздің ары қарай дамуында ұлт лидерінің стратегиялық көрінісін тағы да дәлелдеді.

«Нұр Отан» партиясының ХVI съезінде мемлекет Басшысының орындауында айтылған 5 институционалдық реформаларды жүзеге асыру идеясы Ұлт Лидерінің инаугурация рәсімінде сөз сөйлеуі кезінде де белгіленді. Алдағы міндеттерді жүзеге асыруда жастарға маңызды рөл белгіленеді. Білімпаздық, білім, руханият және толеранттыққа талпыну - міне осы құндылықтарға өз жолдауларында Президент жас ұрпақты шақырады[1][2].

Өз үндеуінде Президент Н.Ә. Назарбаев ерекше көңіл аударады: «Біз өз халқымыздың игілігі жолында ұлы мақсаттарды алға қоямыз, сондықтан мен барлық саяси партияларды, қоғамдық бірлестіктерді, барша қазақстандықтарды 2050 Стратегиясының басты мақсатына жету жөніндегі жұмысқа белсене қатысуға шақырамын! Әсіресе, жастарымызға мынаны айтамын. Бұл Стратегия сіздерге арналған. Оны жүзеге асыратын да, жемісін көретін де сіздер»

Сонымен қатар, осы ұлт жоспарының 4 - бөліміне (Біртектілік пен бірлік) назар аударсақ, нақты тәуелсіз толерантты қазақ елінде бірнеше этикалық топтардың еркін өмір сүріп жатқандығы, сондай-ақ «Мәңгілік ел» аясында патриотты қазақстандықты қалыптастыра отырып, елді ақпараттық технологиялармен толықтай қамтамасыз ету,білім сапасын одан жақсарту барысында «Нұрлы болашақ» негізін атап көрсетеді.

Қазақстан жастары жаңа заман құндылықтарына жасампаздықпен, мобильділік және талғамдықпен ерекшеленеді. Бұл өзіне тән дүниеге көзқарасымен және өтіп жатқан оқиғалар мен құбылыстарға көзқарасымен ерекшеленетін жаңа мәдени түр болып саналады. Жастарға жеке және қоғамдық табысқа жету үшін жаңа құндылықты мақсаттар тән, жаңа экономикалық және саяси түрленуге белсенді қатысу шабыты бар. Педагогикалық қоғам өзінің әлеуметтік және көрегенді жауапкершілігін жете түсіне отырып, біліктілік кадрларды дайындау және «Мәңгілік ел» ұлттық идеяны іске асыру, 5 институционалды реформаларды және 100 нақты қадамды іске асыру үшін бар күшін салады [5].

Біз сіздермен бейбітшілікте, достық пен ынтымақтастықта, демократикалық мемлекетте өмір сүреміз. Елімізге тұрақтылық қажет. Қазақстан - әмбебап көп ұлтты республика, көптеген жетістіктерге жетті, даму қарқының жоғалтпауымыз қажет.Мемлекет жалпы ұлттық идея қалыптасқанда және қоғам бірлікте болғанда белсенді түрде дамиды. Қазақстандық ұлттық идеяны құрастырушы болып Президент Нұрсұлтан Назарбаев табылады. Бұл идея - тәуелсіздік, бәсекеге жарамдылық, гүлдену идеясы[3].

Бүкіл халықтық қолдауға сүйене отырып, ҚР Бірінші Президенті ғаламдық деңгейде Тәуелсіз мемлекеттің мойындалуына қол жеткізді. Оның бастамасымен Конституция - ҚР Бас Заңы әзірленіп қабылданды, нышандар - ҚР Елтаңбасы, Байрағы және Әнұраны қабылданды, мемлекеттік тіл мәртебесі көтерілді. Ядролық қару сынақтарын тоқтату және атом полигонын жабу прогрессивтік дүниежүзілік қауымдастықпен қолданылды.

Қазақстан халқының бірлігі, мемлекеттік тіл, тұрғындардың тең құқықтығы және олардың Отан тағдырына, абыройына жауапкершілігі XXI ғасырда Қазақстанның табысты алға басуын қамтамасыз етеді. Барлық қазақстандықтар Тәуелсіздігіміздің берік тірегі болатын, барлық қазақстандықтарды біріктіретін халқымыздың таусылмас қуат көзі болатын «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясының терең мағынасын ұғыну қажет [4][5].

«…Қазақстандық бірдейлікті ары қарай нығайту қажет. Ол азаматтық принципінде негізделуі тиіс. Барлық азаматтар бірдей құқықты, жауапкершілігі бір және бірдей мүмкіншіліктерге ие болуы қажет. Бүгінде бізді «Мәңгілік Ел» құндылықтары: азаматтық біртектілік, еңбексүйгіштік, адалдық, оқымыстылық; зайырлы ел - толерантты ел. Бұл жағдайда азаматтық тұрақты және табысты мемлекеттің берік тірегі болып табылады». Онымен қоса, Президент ерекше белгіледі: « Мәңгілік ел идеясы жалпы азаматтық құндылықтар жүйесінде көрініс табуы қажет және екінші Конституция ретінде болуы қажет. Қазақстан халқы Ассамблеясы сессиясында талқыланып, барлығына түсінікті болатын Мәңгілік ел құжатын дайындау қажет. Мектептерде Мәңгілік ел идеясының бүкіл қазақстандық құндылықтарын оқыту қажет». «Идеясыз халық - болашағы жоқ халық. «Мәңгілік ел» актісі Қазақстан территориясында тұратын барлық халықты біріктіреді. «Мәңгілік ел» біздің біртұтас халық, ел және ортақ тарихымыз бар, бірегей болашағымыз бар мемлекет екенімізді аңғартады. Бұл өскелең ұрпақ үшін өте маңызды. Қазақстанда қанша ұлт, халық және этнос болмасын, олардың діни сеніміне қарамастан, бір идеямен біріккен бірегей халық болуымыз -халқымыздың дәулеттілігі [4].

Бір идеямен біріккен халық көптеген жетістіктерге жетеді.

«Адам ақша үшін емес, идея үшін өледі». Сондықтан да біз Екінші дүниежүзілік соғыста жеңіске жеттік. Сондықтан біз аз уақыт ішінде осындай қуатты мемлекет құрдық. Бір идеяға сүйене отырып, біз зауыттар, қалаларды саламыз. «Мәңгілік ел» Қазақстанның халқын біріктіретін идея болып табылады.

Біздің ел басымыз өзінің жыл сайынғы Жолдауында: «Біз, қазақстандықтар, бірегей халықпыз! Және біз үшін ортақ тағдыр - бұл біздің Мәңгілік Ел, біздің қадірлеуге тұрарлық және ғұлама Қазақстан! «Мәңгілік Ел» - бұл біздің жалпы қазақстандық үйіміздің мемлекеттік идеясы, арғы аталарымыздың арманы» деп айтты. 24 жыл егеменді даму ішінде қазақстандықтарды біріктіретін және еліміздің болашағының тірегін құрайтын бас құндылықтар пайда болды. Бұл құндылықтар уақытпен сынауды өткен Қазақстан жолының тәжірибесі. Біріншіден, бұл Қазақстан мен Астананың Тәуелсіздігі. Екіншіден, қоғамымыздағы ұлттық бірлік, бейбітшілік және ынтымақтастық. Үшіншіден, бұл зайырлы қоғам мен жоғарғы руханият. Төртіншіден, инновация мен индустрияландыру негізіндегі экономикалық даму. Бесіншіден, бұл Жалпы Еңбек Қоғамы. Алтыншыдан, тарихтың, мәдениет пен тілдің біртұтастығы. Жетіншіден, ұлттық қауіпсіздік және еліміздің дүниежүзілік және жергілікті мәселелерді шешуде ғаламдық қатысуы. Осы құндылықтар нәтижесінде біз әрқашанда жеңімпаз болдық, елімізді нығайтып, ұлы жетістіктерімізді арттырдық [7].

Осы мемлекет құрушы, жалпы ұлттық құндылықтарда Жаңа Қазақстандық Патриотизмнің идеялық негізі жатыр.

Осымен байланысты, Қазақстан халық Ассамблеясының 20 жылдық мерейтойын тойлау шегінде идеяны талқылау жаңа сипат алды. Осылай, Парламент Мәжілісінің депутаты Егор Каппель баяндады: «Әлеуметтік сұрастыру нәтижесінде азаматтардың 95 % өздерін Қазақстанның бірегей халық өкілі ретінде санайтыны мәлім болды». Қазір Қазақстанда 130 ұлт пен халық достық пен ынтымақтастықта тұрады. Кең байтақ елімізде бірде бір адам өзін мәдениет, тіл және діни тұрғыдан қысым көрмеген. Сонымен бірге «Мәңгілік ел» идеясы еліміздің болашағының бірегей тірегің құрайды. Мемлекеттің маңызды мақсатына жататын «Мәңгілік ел» идеясы жалпы азаматтық шоғырландырушы міндет жүйесінің негізі болды [4].

Қазақстан халқына жолдауында өзінің қорытынды бөлігінде Н.Ә.Назарбаев өз сөзінде: «Біздің қоғамымыз неғұрлым қуатты және біртұтас бола отырып, тарихи тұрғыда көптеген тілдерден және мәдениеттерден қалыптасты. Бұл жай сөздер ғана емес. Біздің ата-бабаларымыз айтқан: «Егерде сіздер бір жылға бұрын ойлансаңдар, бидай өсіріңіздер. Егерде сіздер жүз жылға бұрын ойлансаңыздар, ағаш отырғызыңыздар.Егерде сіздер бүкіл ғұмырларыңызды ойласаңыздар, адамды тәрбиелеңіздер». «Мәңгілік Ел» құндылықтары біздің бақуатты болашағымызға бағдарлама болады. Сондықтан біз елдің бірлігі мен топтасқандығы үшін одан әрі де өзіміздің ортақ азаматтық біртектілігімізді нығайтуымыз керек», деген болатын.

Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы - біздің ұлттық тарихымыздың жоғары дәрежеге жету жылы: Қазақ хандығы іргетасының қалануының 550 жылдығы, Конституция қабылдауының 20 жылдығы, Ұлы Жеңістің 70 жылдығы. Бұл жетістіктеріміздің негізгі тарихи кезеңдері және оның негізінде келесі ұрпаққа табыстауымыз қажет мұра - ұлттық бірлік жатыр.

Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевпен жарияланған «Мәңгілік ел» идеясы XIII ғасыр бұрын қаланған қазақстандық мемлекеттіліктің тарихи түкпірі екенін жете түсінуіміз қажет!

Мәңгі және ең жақсы құндылықтарды, дәлірек айтқанда зейінділік, еңбекқорлық және мақсатқа талпынушылықты нығайтуға және Қазақстан игілігіне қызмет етуге шақырамыз. Міне осындай нақты міндеттер 30 дамыған елдер қатарына кіру жолында мемлекет және қоғам алдына қойылған. Бізге бұл міндеттерді заң кітабына нақтылы түрде көрсету қажет [8].

Қолданылған әдебиеттер:

1. Н.Ә. Назарбаев Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты 27.01.2012 // akorda.kz/

2. Н.Ә. Назарбаев «Мемлекет құрылысының әрі қарай дамуының 100 нақты қадамы» // 24.kz

3. «Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаетың Қазақстан халқына Жолдауы // akorda.kz

4. Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының XXII сессиясында сөйлеген сөзі 23.04.2015. // akorda.kz

5. «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаетың Жолдауы // Казахстанская правда от 15.12.2012.

6. «Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаетың Қазақстан халқына Жолдауы // akorda.kz

7. «Нұрлы Жол» - болашаққа бастар жол» ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаетың Қазақстан халқына Жолдауы // akorda.kz

8. Н.Ә. Назарбаев ХХI ғасырдағы тұрақты дамуың ғаламдық энергоэкологиялық стратегиясы // Астана, 2011.

4


© 2010-2022