«Кітапхана-сарқылмас рухани қазына»

Кітап – біздің рухани құндылығымыз, теңдессіз байлығымыз, өткен замандардың тұңғиық тереңінен сыр шертетін тарихты да, әдебиетті де, басқа ғылым кереметтері де, талай оқиғалардың куәсі, талай жаңалықтардың көзі –осы кітаптар. Рухани білімнің, мәдениеттің ауадай қажеттілігі, маңыздылығы ешқашан мәнін жойған емес. Кітап адам өмірінде маңызды рөл атқарады. Ол елді, жерді сүюге, талапты, кішіпейіл болуға, мейірімділікке, төзімділікке, жаман әдеттерден аулақ болуға үйретеді. Кітапты біздің қоғамымыздың әрбір мүшесі күнделікті  тұрмысында пайдаланады. Одан ақыл-кеңес, тәлім-тәрбие, үлгі-өнеге алады. Кітап – біздің рухани жан азығымыз. Кітап оқу – оқушылардың  рухани өмірінің бір жағы. Сондықтан да, мектеп оқушысы қалай және нені оқиды, кітапты қалай түсінеді, оны кітап оқуға қандай ой итермелейді, кітапқа дег... Қазіргі кездегі жан-жақты білім мен тәрбие берер мәдени орындардың бірі-мектеп кітапханасы. Кітапхана сол оқу орнындағы білімге ұмтылған жас ұрпақтың, сондай-ақ ұстаздардың табылар жері. Осы заманғы ақпарат құралдары дамыған, жаңа технологиялар заманында да кітап адамның ішкі дүниесіне, ой-өрісіне ықпал жасап, мұқтажын қанағаттандыратын, рухани азығы болып қала бермек. Бүгінгі мектеп кітапханасы-кітап қоры және кітаппен қамтамасыз етумен ғана шектелмейді, сонымен қатар қоғамдық мәдени
Раздел Обществознание
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Кітап - біздің рухани құндылығымыз, теңдессіз байлығымыз, өткен замандардың тұңғиық тереңінен сыр шертетін тарихты да, әдебиетті де, басқа ғылым кереметтері де, талай оқиғалардың куәсі, талай жаңалықтардың көзі -осы кітаптар. Рухани білімнің, мәдениеттің ауадай қажеттілігі, маңыздылығы ешқашан мәнін жойған емес.

Кітап адам өмірінде маңызды рөл атқарады. Ол елді, жерді сүюге, талапты, кішіпейіл болуға, мейірімділікке, төзімділікке, жаман әдеттерден аулақ болуға үйретеді. Кітапты біздің қоғамымыздың әрбір мүшесі күнделікті тұрмысында пайдаланады. Одан ақыл-кеңес, тәлім-тәрбие, үлгі-өнеге алады. Кітап - біздің рухани жан азығымыз. Кітап оқу - оқушылардың рухани өмірінің бір жағы. Сондықтан да, мектеп оқушысы қалай және нені оқиды, кітапты қалай түсінеді, оны кітап оқуға қандай ой итермелейді, кітапқа деген ықыласының түсу себептері қандай екенін олардың таңдаған әдебиеттеріне байланысты біле аламыз. Ғылым мен білімнің негізі болып табылатын кітап пен білім ошақтары бірінен-бірі ажырағысыз рухани қазыналар. Оқушылар мен кітапханашы осы айтылған мәселелер айналасында пікірлерін айтып, аттас кітап көрмесімен танысты. Сонымен қатар, оқушылар назарына кітап туралы нақыл сөздер мен мақал-мәтелдерден тұратын «Кітап - білім бұлағы, білім - өмір шырағы» бүктемесі ұсынылса, кітапты қалай таңдап, оқи білу, кітап оқудан ләззат алу туралы пайдалы кеңестерден құрастырылған «Кітап оқудан жалықпау» атты бүктемесі дайындалды.

Қазіргі кездегі жан-жақты білім мен тәрбие берер мәдени орындардың бірі-мектеп кітапханасы. Кітапхана сол оқу орнындағы білімге ұмтылған жас ұрпақтың, сондай-ақ ұстаздардың табылар жері.

Осы заманғы ақпарат құралдары дамыған, жаңа технологиялар заманында да кітап адамның ішкі дүниесіне, ой-өрісіне ықпал жасап, мұқтажын қанағаттандыратын, рухани азығы болып қала бермек.

Бүгінгі мектеп кітапханасы-кітап қоры және кітаппен қамтамасыз етумен ғана шектелмейді, сонымен қатар қоғамдық мәдени орталық. Ал бүгінгі мектеп кітапханашысы, кітап қарауылшысы ғана емес, білім жолындағы білім мен тәрбие процесінің концепсиясын жауапкершілікпен қадағалап дәріптеуші.

Мектеп кітапханасында еңбек етіп жүрген біздің басты мақсатымыз оқырман көңілінен шығып, олардың талаптарын қанағаттандыру бағытында еңбек ету, кітапхананың кітап қорын сақтап, молайту. Жас ұрпақтың бойында кітапқұмарлықты, кітап оқуға деген қызығушылықты қалыптастыру.

«Кітапхана» сенің атың тым ыстық-

Жаңа таңда жарқылдаған күміс шық,

Секілденіп, жанымызға нұр тамыз,

Сен құстай боп көзімізде жүр ұшып.

Сені Абайдың аруағы жебесін,

Сені Ыбырай ықыласы демесін,

Сені айналып шағаладай шарықта,

Біздің жаңа ғылым,білім кемесін!


© 2010-2022