Урок по Основы права «Қылмысқа қатысу және оның түрлері. Қылмыс жасау сатылары»

Сабақтың мақсаты    Қылмыс істеудің сатылары мен қылмыс істеуден өз еркімен бас тартқандарды қылмыстық жауапкершіліктен босату туралы түсінік беру; қылмыстың қауіпті әрекет екенін ашып көрсету; қылмыстық әрекеттердің зардаптарын түсіндіру  арқылы қылмыстан сақтандыру; алдын алу шараларын түсіндіру арқылы құқықтық сауаттылығын арттыру; өз бетінше тұжырым жасауға, саналы әрекетке баулу.   Негізгі ұғымдар  Қылмыс жасаудың сатылары; өз еркімен бас тарту, қылмыс істеуге дайындалу, оқталу.  Көрнекті құралдар  Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексі, сызбалар.   Сабақтың жоспары 1. Қылмысқа қатысу және оның белгілері 2. Қылмыс жасаудың  сатылары туралы ұғым 3. Қылмыс жасауға дайындалу 4. Қылмыс жасауға оқталу 5. Қылмыс істеуден өз еркімен бас тарту   Сабақ оқушылармен әңгімелесу, ашық сұрақтар қою арқылы түсіндіріледі.    Ашық сұрақ, « Миға шабуыл «.    1. Қасақана қылмыс дегеніміз не? мысал келтір.    2. Қылмыс қоғамға қандай зиянды зардаптар алып келеді?    3. Қылмыс істеуден бас тартуға бола ма?      Оқушылардың материалды қандай дәрежеде меңгергенін білу үшін « Жобалау техникасы « жүргізіледі. Бұл оқушының логикалық ойлау қабілетін, танымдық қызметін дамытады. Оқушыларға қажетті сөздер беріледі, сол арқылы тосын жағдай құрастырылып, талдау жасалады.         Жобалау техникасы       I топ. Тонау, ұрлық, үлкен топ, шабуыл, мүлік, қымбат бағалы заттар, үй, дүкен, қарулы топ, кісі өлімі.        II топ. Дайындалды, қарақшылық жасады, автокөлік ұрлады, қорықты, бас тартты.       III - IV топ. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 24,25,26 - баптарымен танысып, оқып үйренеді.       I - II топ тосын жайттарды құрастырғаннан кейін III - IV топ Қылмыстық кодекстің баптары бойынша талдау жасайды. Қылмыс істеудің сатыларын, белгілерін анықтайды.     Қылмыс істеуден бас тартқанда қылмыстық жауапкершіліктен босатылатыны, кінәсін мойындауда адамгершілік тұрғыдан қарау қажеттілігін негізге ала отырып, дәріс беріледі.     Сабақты бекітуде параграф соңындағы берілген тапсырмаларды орындау тапсырылады, оқушылардың жауаптарының дұрыстығы арқылы бүгінгі сабқты қалай меңгергені анықталады, логикалық ынтасы дамытылады.     Үйге тапсырма.     Қылмыстық кодекстің 24,25,26 - баптарын қайталау. Оқулықтағы тапсырмаларды қарау.     Мұғалім оқушының білімін бағалау барысында сабаққа үнемі қатысып, дұрыс жауап берген оқушыларды басты назарда ұстауы қажет.     Кемел Тоқаевтың «Сарғабанда болған оқиға « , « Тасқын « атты шығармаларын оқуды ұсынуға болады.
Раздел Обществознание
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

13. Әрекеттің қылмыстылылығын жоққа шығаратын мән жайлар туралы түсінік және оның түрлері

Сабақтың мақсаты

- Қоғамдық қатынастарды қылмыстық жолмен келтіретін зияннан қорғаудың жолдары түсіндіріледі.

- Қылмысқа қарсы күресе білуге тәрбиелеу , заңдылықты сақтауға үйрету;

- Өз пікірін тұжырымдауға, өзін-өзі қорғауға үйрету.

Негізгі ұғымдар

Әрекеттің қылмыстылығын жоққа шығаратын мән жайлар, қажетті қорғану, аса қажеттілік, қылмыскерді ұсату, орынды тәуекел ету.

Көрнектілік құралдар

Қазақстан республиксының Қылмыстық кодексі, сызба, кесте.

Сабақтың нәтижесі

- Оқушылар қылмыстық әрекеттен өзін-өзі қорғау ға, әділдікті орнықтыруға үйренеді.

- Әрекеттің қылмыстылғын жоққа шығаратын мән жайларды түсіндіріп бере алад, оны қылмыстық іс-әрекеттен ажырата біледі.

Сабақтың жоспары

1.Әрекеттің қылмыстылығын жоққа шығаратын мән-жайлар туралы түсінік

2. Әрекеттің қылмыстылығын жоққа шығаратын мән- жағдайларға жалпы сипаттама

3. Қол сұғушылық жасаған адамды ұстау кезінде зиян келтіру

4. Орынды тәуекел ету

5.Аса қажеттілік

6. Күштеп немесе психикалық мәжбүрлеу, бұйрық немесе өкімді орныдау

Мұғалім оқушыларға күнделікті өмірде болып жатқан қылмыстық әрекеттерді арқау ете отырып, сұрақтар беру арқылы тақырыптың мазмұнын ашады.

1. Қоғамға қарсы әрекеттерді тойтарудың маңыздылығы неде?

2. Өзіңді, туыстарыңды, достарыңды қорғаған кездерің болды ма? қажетті қорған дегенді қалай түсінесіндер?

Оқушылардың пікірлерін саралап, ойын дамыта отырып сабақтың мазмұнын ашуға болады.

Қылмыстық кодекстің 32,33,34,35,36,37- баптары экраннан немесе қағаздарға жазу арқылы таратылып беріледі. Шағын 5 топқа бөлініп, жұмыс істейді., Өзара түсіндіреді.

Қорытынды. Мемлекет пен адам күштерін біріктіріп, қылмысқа қарсы күрес жүргізгенде қылмыс азаяды, қоғамға қауіптілігі жойылады.

Үйге тапсырма

"Мен қылмыс атаулығыа қарсымын" деген ойтолғау жазу. Оқулықтағы параграф соңында берілген тапсырмаларды ауызша

14. Қылмысқа қатысу және оның түрлері.Қылмыс жасау сатылары


Сабақтың мақсаты

Қылмыс істеудің сатылары мен қылмыс істеуден өз еркімен бас тартқандарды қылмыстық жауапкершіліктен босату туралы түсінік беру; қылмыстың қауіпті әрекет екенін ашып көрсету; қылмыстық әрекеттердің зардаптарын түсіндіру арқылы қылмыстан сақтандыру; алдын алу шараларын түсіндіру арқылы құқықтық сауаттылығын арттыру; өз бетінше тұжырым жасауға, саналы әрекетке баулу.

Негізгі ұғымдар

Қылмыс жасаудың сатылары; өз еркімен бас тарту, қылмыс істеуге дайындалу, оқталу.

Көрнекті құралдар

Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексі, сызбалар.

Сабақтың жоспары

1. Қылмысқа қатысу және оның белгілері

2. Қылмыс жасаудың сатылары туралы ұғым

3. Қылмыс жасауға дайындалу

4. Қылмыс жасауға оқталу

5. Қылмыс істеуден өз еркімен бас тарту

Сабақ оқушылармен әңгімелесу, ашық сұрақтар қою арқылы түсіндіріледі.

Ашық сұрақ, " Миға шабуыл ".

1. Қасақана қылмыс дегеніміз не? мысал келтір.

2. Қылмыс қоғамға қандай зиянды зардаптар алып келеді?

3. Қылмыс істеуден бас тартуға бола ма?

Оқушылардың материалды қандай дәрежеде меңгергенін білу үшін " Жобалау техникасы " жүргізіледі. Бұл оқушының логикалық ойлау қабілетін, танымдық қызметін дамытады. Оқушыларға қажетті сөздер беріледі, сол арқылы тосын жағдай құрастырылып, талдау жасалады.

Жобалау техникасы

I топ. Тонау, ұрлық, үлкен топ, шабуыл, мүлік, қымбат бағалы заттар, үй, дүкен, қарулы топ, кісі өлімі.

II топ. Дайындалды, қарақшылық жасады, автокөлік ұрлады, қорықты, бас тартты.

III - IV топ. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 24,25,26 - баптарымен танысып, оқып үйренеді.

I - II топ тосын жайттарды құрастырғаннан кейін III - IV топ Қылмыстық кодекстің баптары бойынша талдау жасайды. Қылмыс істеудің сатыларын, белгілерін анықтайды.

Қылмыс істеуден бас тартқанда қылмыстық жауапкершіліктен босатылатыны, кінәсін мойындауда адамгершілік тұрғыдан қарау қажеттілігін негізге ала отырып, дәріс беріледі.

Сабақты бекітуде параграф соңындағы берілген тапсырмаларды орындау тапсырылады, оқушылардың жауаптарының дұрыстығы арқылы бүгінгі сабқты қалай меңгергені анықталады, логикалық ынтасы дамытылады.

Үйге тапсырма.

Қылмыстық кодекстің 24,25,26 - баптарын қайталау. Оқулықтағы тапсырмаларды қарау.

Мұғалім оқушының білімін бағалау барысында сабаққа үнемі қатысып, дұрыс жауап берген оқушыларды басты назарда ұстауы қажет.

Кемел Тоқаевтың "Сарғабанда болған оқиға " , " Тасқын " атты шығармаларын оқуды ұсынуға болады.





































15. Жаза түсінігі және мақсаты.

Жауапкершілікті ауырлататын және жеңілдететін мән-жайлар


Сабақтың мақсаты

Жаза, оның мақсаты мен жүйелерін түсіндіру, әлеуметтік жазаны тағайындап әділдікті орнатудағы рөлін ашып көрсету; жаман әдеттерден сақтандыру, құқықтық сауаттылығын арттыру; өз пікірн дәлелдуге, қорғауға, щағармащылық ізденісті дамытуға үйрету.

Негізгі ұғымдар

Жза, жаза тағайындау ауырлататын және жеңілдететін мән - жайлар, бас бостандығынан айыру, өлім жазасы, әлеуметтік әділеттілік.

Көрнектілік құралдар

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі, сзбалар, эпипроеткер, кесте, кодоскоп.

Сабақтың жоспары

1. Жаза туралы түсінік және оның белгілері.

2. Жазаның мақсаты.

3. Жазаның жүйелері.

4. Жаза тғайындаудың жалпы негіздері.

5. Жазаны жеңілдететін мән - жайлар.

6. Жазны ауырлататын мән - жайлар.

Сабақ жоспарын тақтаға жазу барысында оқушылар алдындағы басты мақсат айқындалуы тиіс. Күнделікті өмірмен байланысытырып, оқушыларға проблемалық сұрақтар бере отырып, сабақ мазмұнын ашу керек.

1. Жаза дегеніміз не, ол не үшін қажет?

2. Жазадн адам түзеле ме?

3. Не себепті кейбір жазасын өтеп, бостандыққа шыққандар қайтадан қылмыс жасайды?

Оқушылардың жауабынан кейін шағын дәріс беріледі, жазаның қажеттігі қылмысқа тосқауыл қоюдың негізі екенін ашып көрсеткен жөн және де оқушыларды нормативті құжаттармен жұмыс істеуге үйреткенн дұрыс. Кодоскоп арқылы экранда Қылмыстық кодекстің 38,39,53,54 - баптары көрсетіледі. Оқушылар баптар бойынша жұмыс жүргізеді. Жазаның мақсатын, белгілерін, түрлерін анқтайды. Кесте құрастырады.

Проблемалық сұрақ: Жазаның мақсаты не?

Жауап: Әлеуметтік әділдікті қалпына келтіру, басқа адамдарды қылмыс істеуден сақтандыру.

Жазаның мақсатын оқушылардың ой - пікірі арқылы қорытып шығарған тиімді.

Тосын жағдай

Оқушыларды шағын топтарға бөліп, жағдайлар бөлініп, таратылып беріледі. Оларға талдау жасалынады.

1. 18 жасар Алмат өзінің достарына еріп магнитафон ұрлады. Сот үкімі бойынша мәжбүрлік еңбек ету мерзімі 1 жылға тағайындалды.

Жауабы. Түзету жұмыстары (қылмыстық кодекс 43-бап. 1-тармақ)

2. Келісімшарт бойынша әскери қызмет атқарып жүрген Сауранов кезекті әскери күзетте ұықтап қалған, өз міндетін жауапкершілікпен ақтамаған.

Жауабы: Әскери қызметтен шектеу, 3 айға. Қылмыстық кодексі 44-бабы.

3. Медетов өз әйелін қатал ұстаған, уйден шығармай, жөнсіз зәбірлеген. Әйелі Майра жолдасының моральға жат мінез-құлықын ешкімге айтпай, іштен тынып, жан күйзелісінен азап шекті.Нәтижесінде денсаулығына психикалық зақым келіп, ауруханаға түсті. Осыған байланысты іс - қозғалып, азамат Медетовке сот үкімін шығарды.

Жауабы: Бас бостандығын шекте ( Қылмыстық кодекс 108-бап, 2-тармақ)

4. Мұратбекұлы күш басымдығын танытып, өзінен төменгі курста оқитын 1 курс студентін ұрып-соғып ақша талап еткен.

Жауабы: Қамау ( қылмыстық кодекс 106- бабы)

5. Қатардығы жауынгер Зорбаев рота командирінің бурығына бағынбай, өз міндетін орындаудан бас тартты.

Жауабы: Тәртіптік әскери бөлімде ұстау ( қылмыстық кодекс 367-бап,1-тармақ)

6. Васильев бастаған ұйымдасқан топ мұражайдағы құнды картиналарды ұрлаған. Кейіннен Васильев картинаны сатып жүрген жерінде ұсталды.

Жауабы: Бас бостандығынан айыру ( қылмыстық кодекс 180-бап, 1-тармақ)

Негізгі талаптар

Нақты себептерді атауды тапсырған жөн.

Сабақты қорытындылауда оқушылардың пікірін бағалай келіп, өлім жазасын қолданатын елдердегі ерекшеліктерді ашып көрсеткен дұрыс. Қазақстанда өлім жазасы алынып тасталғанына нақты түсінік берген жөн.

Үйге тапсырма.

Оқулықты параграф соңында берілген сұрақтарға жауап дайындау. Кемел Тоқаевтың "Түнгі жаңғырық" , "Түнде атылған оқ" шығармалары

© 2010-2022