ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ – БОЛАШАҚТЫҢ КІЛТІ

·        Елбасы Жолдауы – елдіктің арқауы   ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ – БОЛАШАҚТЫҢ КІЛТІ   Бүгінгі таңда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сарабдал саясатының нәтижесінде білім саласында өрге бастырар өзгерістер мен тың идеяларға толы жаңашылдықтарға қол жеткізіп келеміз. Жалпы орта білім беретін мектептерге «Өзін-өзі тану» пәнінің енгізіліп, жүзеге асуы да соның бір көрінісі іспеттес. Ұстаздар қауымы үшін оқушылармен жұмыс жасау қазіргі уақытта өте күрделі екені баршаға бесенеден белгілі. Аталмыш пәннің өскеле...
Раздел Обществознание
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Облысымыздың оқушылары олимпиададан олжалы оралды

Ағымдағы жылдың 25-26 қыркүйегі күні облыстық әдістемелік кабинет базасында «Өзін-өзі тану» пәнінен Республикалық олимпиаданың облыстық 1 кезеңі өткізілді.Олимпиадаға 7-9 сынып оқушыларынан аудан, қала бойынша барлығы 42 оқушы қатысты. Олимпиаданың негізгі мақсаты: оқушылардың өзін-өзі тануға қызығушылығын дамыту,оларды рухани-адамгершілік құндылықтарға тарту, балалардың шырғамашылық әулетін белсендіру, шығармашылық бастамшылдығын дамыту оқушылардың бойында жоғары адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру, өмірлік міндеттерді шеше білу іскерліктері мен дағдыларын дамыту. «Өзін-өзі тану» пәнінен Республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі екі турмен өткізілді.Бірінші тур-эссе,екінші тур-тест тапсырмаларын орындады. Әділетті әділ қазылар алқасының шешімімен екі турдың тапсырмаларының ұпайларын жинақтап, қорытындылай келе,бірінші кезеңге қатысқан 42 оқушының ішінен «Өзін-өзі тану» пәнін оқуда жетістіктерге қол жеткізген, қызықты шығармашылық жұмыстар мен жобалардың авторлары өздерінің портфолиосын дайындаған 7 оқушы облыстық білім басқармасының I,II және III дәрежелі дипломдарымен марапатталды. Республикалық олимпиаданың ережесіне сәйкес, жүлделі орындарды иеленген 7оқушыны (7 адамнан тұратын команда) республикалық олимпаданың екінші кезеңіне жолдама алған болатын. Олар екінші кезең 5-9 қарашада Алматы қаласында «Бөбек » ұлттық ғылыми-практикалық білім беру және сауықтыру орталығында «Жүрегіңнің түбіне терең бойла...» атты «Өзін-өзі тану»пәні бойынша Бірінші Республикалық олимпиадасына қатысып қайтты . Бұл шараға республиканың түкпір-түкпірінен ең үздік оқушылар қатысты.Онда оқушылар таңертеңгілік шаттық шеңберінен бастап,ауада серуендеп, түрлі спорттық ойындар ойнап, «Мейір» және «Дружные ребята», «Ұлан» журнал мен газеттері корреспонденттерінің шеберлік сабақтары, Ізгілік сабақтары өткізіліп, «Бөбек» ҰҒПББСО обсерваториясына саяхат жасады және «Мост в Терабитию» көркем фильмін тамашалады. 5 қараша күні «Сүйемін сені, туған өлкем!» аймақтық презентация қорғалып, өз өнерлі көрсетілді. 6 қараша күні олимпиаданың Бірінші кезеңінде тест тапсырмалары орындылып, 7 қараша күні екінші кезеңі эссе жазылды. Барлық шараларға біздің Атырау облысының оқушылары белсенділік таныта білді. Бізден қатысқан 7 оқушының әр қайсысы жүлделі орынмен оралып, облысымыздың оқушылары олимпиададан олжалы оралды.

Олар бұл шарадан жақсы көңіл күймен қайтқанын поезға отырысымен жарыса әңгімеледі. Күзгі каникулдың көңілді өткенін, жақсы демалыс болғанын, көкірек көзінің ашылғанын және көп дос тапқанын мақтанышпен айтты. Өз өлкелерін, туған-туысқандарын, достарын сағынды ма «Атырау арман» әнін жайымен балалық балғын жүздері жайнап,бір-біріне жақсы көзбен қарай отырып шырқай жөнелді. Оларға бауыр басып қалсам керек, сүйіспеншілікпен өзімде қосыла жырладым. Шіркін, балаларымыздың қуанышты күндері көп болғай, тек биіктен көріне бергей.

Өзін -өзі тану жобасынын әліде берер мүмкіндігі көп.

Республикалық олимпиадаға қатысатын

оқушылардың топ жетекшісі

Ғ. Мәсәлімов атындағы орта мектебінің

өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі

Батима Рахметова

© 2010-2022