Сыныптан тыс шара Мұқағалиға арнау 9-сынып

Раздел Обществознание
Класс 9 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Мұқағалиға арнау

Өлеңнің шекпен қылып сор тақтайын,

Нысанаға алайын өлеңнің сөз шоқ маңдайын.

Халқыма өлеңменен сәлем бердім,

Шапқан аттай енді мен жортақтайын.

Халқыңды өлеңменен еркелеттің,

Әр қазақты сен дүлділ ер ке еттің.

Қайран бабам жыр патшасы Мұқағали,

Қимастықпен өмірден ерте кеттің.

Рух беріп әр қазақтың жүрегіне,

Қос көрген қорыққанды еркек еттің.

Қара сөзбен қиық қып үзіп-үзіп ,

Алқымына салдың ғой өрнек беттің.

Заманыңның дүлділі едің ақын бабам,

Өлеңнен өрнек еткен бұлбұлы едің.

Жегідей жеп жанды мұң қинағанда,

Табатынсың өлеңнің құрғыр емін.

Қазір жоқсың аңсаттың ақын бабам,

Әр сөзіңмен мен сенің тақымдалам.

Қара өлеңмн сыр шертіп ән жолдайды,

Сөзіңнің парқын ұғар ақын балаң.

Тыңдар жанға сөзіңді сүйікті еттің,

Жау алдынды еңсеңді биіктеттің.

Ар-намысты,рухты қайран бабам,

Қыл өміріңді шүберекке түйіп кеттің.

Алтындай ғып өрдің өлең қаласын қаласын,

Жалғандықтың бөліп тұрдың ақиқаттың арасын.

Жүрегіне әр пенденің рух беріп,

Тіктеген ең жерден мықтап қазақтың әр баласын.

Тілімді нықтап басам жалған сөз төсетпеймін,

Өтуменен әр күнді мен есептеймін.

Ақын бабам жүрегімнен сені ұмытсам,

Мен өзімді өлдім деп есептеймін.

© 2010-2022