«Орында жол тәртібін, жолы болсын әркімнің»

"Описание материала: Бұл, тәрбиелік сабақтың мақсаты бойынша балалардың жол ережесі туралы білімдерін толықтыру, іс жүзінде асыра білуге үйрету. Жолда жүру ережелеріне байланысты ситуациялар туғызу арқылы, сұрақтар қою, жұмбақ, өлең айту арқылы ойларын дамыту. Оқушыларды жолда жүру ережесін білуге, есте сақтауға дағдыландыру. Көшелер мен жолда жүру ережелерін сақтауға сонау ат - арба , пәуескі кезінде - ақ талпыныс жасалған еді. 1638 жылы Ресейде патшалар Иоанн және петр Алексеевичтердің жеке Ж...
Раздел Обществознание
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің

№ 9 орта мектебі» ММ


«Орында жол тәртібін, жолы болсын әркімнің»

Тақырыбы: Орында жол тәртібін,

Жолы болсын әркімнің



«Орында жол тәртібін, жолы болсын әркімнің»



Орындаған: Ошакбаева Ж. К









Қостанай 2014


Орында жол тәртібін,

Жолы болсын әркімнің.

8 ә сынып

Күні: 15.02.2014ж

Мақсаты:

Білімділік-балалардың жол ережесі туралы білімдерін толықтыру, іс жүзінде асыра білуге үйрету;

Дамытушылық: ситуация тудыру, сұрақтар қою, жұмбақ, өлең айту арқылы ойларын дамыту;

Тәрбиелік-жолда жүру ережесін білуге, есте сақтауға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: «Жолың болсын» тақырыбына газет, бағдаршам макеті, жол ережесінің белгілері, көлік модельдері, нақыл сөздер.

Барысы: Жарыс алдында оқушыларға оның мақсаты түсіндіріліп, бағдаршам макетін жасауға, жол белгілерін бейнелеу, жол ережесін орындау, жұмбақтар жаттау, «Жолың болсын» тақырыбына газет шығару сияқты тапсырмалар беріледі.

Мұғалім: Көшелер мен жолда жүру ережелерін сақтауға сонау ат-арба, пәуеске кезінде-ақ талпыныс жасалған еді.1683 жылы Ресейде патшалар Иоанн және Петр Алексеевичтердің жеке Жарлығы басылып, онда атты божымен басқаруға тыйым салынды. Ат айдаушы жақсы көрінуі үшін салт мінуі керек болды.

1730 жылы жаңа указ басылып, аттар жүгенделіп, тәртіп бұзбай жүру керек болды. 1742 жылы қайта шығып, онда «Кімде-кім тәртіп бұзатын болса, жазаланады» делінді.

1812 жылы жаңа ережеде оң жақты қозғалыс, жылдамдықты шектеу, нөмірлік белгілер қойылды.

1968 жылы Венада өткен жолда жүру туралы халықаралық конференцияда «Жолда жүру туралы халықаралық конференция» қабылданды. Осы құжат негізінде «Жолда жүру ережесі» жасалды. 1973 жылы күшіне енді.

Үш топқа тапсырмалар беріледі.Бірінші топ «Руль», екінші топ «Бағдаршам», үшінші топ «Радар» болып аталады.Үш топ сәлемдесіп өздерін таныстырады.

«Руль» тобының жетекшісі: «Бұрамын оңға, солға» деп жарысты бастады.

«Бағдаршам» тобының жетекшісі: «Тоқта», «Сақтан», «Жол ашық», «Жүрме жолға таласып» деп жарысты бастайды.

«Радар» тобының жетекшісі: «Жол ережесін сақта», «Тоқта», «Байқап жүр», «Жүрме жолға таласып» деп жарысты бастады.

«Руль» тобының сұрақтары:

  1. Өмірімізді қатерден сақтандырытын, көшемізде тұратын көмекшіміз не?

(Бағдаршам)

  1. Көше қиылыстарынан қалай өту керек?

(Мысал келтіре жауап береді)

  1. Қанша жасқа дейін көшеде вилосипедпен жүруге болмайды?

(Он төрт жасқа дейін)

  1. Жол торабында жаяу жүргінші қай жерден өтуі керек?

(Жүріп көрсетеді)

  1. Көше қиылысы деген не, ол не себепті қауіпті?

(Мысал келтіре жауап береді)

«Бағдаршам» тобының сұрақтары:

1.Бағдаршам болмаса көшенің екінші бетіне қалай өтеміз?

(Алдымен сол жағымызға қарайсыз, жолдың ортасына жеткенде оң жағымызға қараймыз)

2.Жолда жүру ережесіндегі ескерту белгілерді бейнеле және түсіндір?

(Бейнелеп көрсетеді)

3.Жаяу жүруге рұқсат етілген жолдардағы белгілерді бейнеле және түсіндір?

(Бейнелеп көрсетеді)

4.Балалар қай жерлерде ойнау керек?

(Арнайы алаңдарда)

5.Көлік күткенде қай жерде тұру керек?

(Аялдамаларда)

«Радар» тобының сұрақтары:

1. Тратуар деген не?

(Жаяу жүруге арналған жер)

2.Көше қиылысына келген жаяу жүргінші не істеу керек?

(Өз ойымен жауап береді)

3.Біздің адал досымыз не, оның әрбір түсін түсіндір?

(«Бағдаршам», қызыл-тоқтау, сары-күту, жасыл-жүру)

4.Бағдаршам болмаса көшенің екінші бетіне қала өтеміз?

(Өз ойымен айтып береді)

5. «STOP» белгісі нені білдіреді?

( «Жол жоқ» )

Үш топ бір -біріне жарыс тақырыбына байланысты жұмбақтар атады.

Жұмбақтар:

1. Сөйлесуді ол білмейді,

Бірақ «тоқта», «жүр» дейді.

(Бағдаршам)

2.Үзеңгісін тептім,

Зымырап кеттім.

(Велосипед)

3.Төрт аяғы дөңгелек,

Адамсыз ол жүрмейді.

(Машина)

4.Өзі тым күшті,

Аяғы тісті.

Ілезде тындырады,

Қыруар істі.

(Тактор)

Қорытынды.

Мұғалім:

1. Бағдаршам дегеніміз не, оның адам өмірі үшін алатын орны қандай?

Жауап: Бағдаршам- механикаландырылған немесе автомат жүйесіне қосылған үш көзді аспап. Ол жол бойының қозғалысын реттеуде өте үлкен рөль атқарады.

2.Бағдаршамның неше түрі болады?

Жауап: Бағдаршам бір немесе екі-үш бөліктен құралған қосымша көрсеткіштермен беріледі. Олар тік немесе көлденең қалыпта орналасады.

3.Бағдаршам жарықтарының қызметін айтып бере аласың ба?


© 2010-2022