Интелектуалды ойын: Көңілді тапқырлар

Интелектуалды ойын: Көңілді тапқырлар
Раздел Основы безопасности жизнедеятельности (ОБЖ)
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Көңілді тапқырлар.

Сабақтың мақсаты: 1.Оқушылардың осы уақытқа дейінгі

алған білімдерін пысықтай отырып,

берілген тапсырмаларды ынталана

дұрыс орындай білуге үйрету.

2.Оқушылардың сана - сезімін

қалыптастыру және терең ойлауы мен

ізденісін дамыту.Өз ойын еркін жеткізе

білуге дағдыландыру.

3.Ізденімпаздыққа, шапшандыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жарыс сабақ, топтық сайыс.

Әдісі: сұрақ - жауап.

Көрнекілігі: интерактивті тақта.

Жоспары:

  1. Топтың өзін таныстыру, амандасу рәсімі.

  2. Математика бойынша ауызша сұрақ - жауап.

  3. Логикалық есептер.

  4. Жаңылтпаштар сайысы.

  5. Мақал - мәтелдің екінші сыңарын табу.

  6. Тамаша бестік.

  7. Жеңімпаз "Кім көп біледі?"

Сабақтың барысы:

Қайырлы күн, қадірмен ұстаздар, оқушылар. «Көңілді тапқырлар» сайысына қош келдіңіздер.

Біреуінің жүрегінің түгі бар,

Біреуінің арқалап жүрген қоғамдық жүгі бар.

Біреуінің күмбірлеген күйі бар,

Енді біреуінің қатты істейтін миы бар, - сайыскерлерімізді таныстырайын.

(оқушыларды екі топқа бөлу, топ басшыларын сайлау.

І. «Тапқырлар» тобы. Ұраны: Білекті бірді жығады,

Білімді мыңды жығады.

Сәлемдесуі: Біз дайынбыз бұл сайысқа достарым,

Көрсетеміз бізде қандай күш барын.

Алға қойған мақсатымыз бір екен,

Сәтті болсын сапарымыз әрдайым.

ІІ. «Ойшылдар» тобы. Ұраны: Қандай сынақ болсадағы беріспе,

Әрқашанда үміткерміз жеңіске.

Сәлемдесуі: Армандарға қол созумен келеміз,

Өмір теңіз жүзіп келеді кемеміз.

Білімменен қаруланған тобымыз,

Қарсыласты қалай да біз жеңеміз.

І. Математика бойынша сұрақ - жауап.

1.S = а ۰ в қай фигураның ауданы? (тіктөртбұрыш)

2. 8² неге тең? (64) 4. 5² = 25 6. 7² = 49

3.2³ неге тең? (8) 5. 6² = 36 7. 5³ = 125

8.Қосудың ауыстырылымдық қасиеті. (қосылғыштардың орнын ауыстырғанмен мәні өзгермейді).

9.Бір тәулікте неше сағат бар? (24 сағат).

10.Кез келген санды 0 - ге көбейткенде не шығады? (0).

11.Әріпті өрнек неден тұрады? (саннан, әріптен, жақшадан, амал таңбадан тұрады).

12.Көбейтудің компоненттерін ата. (көбейткіш, көбейткіш, көбейтіндінің мәні).

13.Көпбұрыштың периметрі дегеніміз не? (көпбұрыштың барлық қабырғаларының қосындысы).

14.1ц - ? (100кг.), 1км - ?м (1000м), 1дм. - ?см, (10см.).

ІІ.Логикалық есептер.

1.Ағашта 3 ұзақ пен 2 қарға отырды.Екі құс ұшып кетті.Неше және қандай құстар ағашта қалуы мүмкін? (3 ұзақ қалуы мүмкін).

2.Қайрат, Болат, Алмат, Самат төртеуі жарыста алғашқы төрт орынды жеңіп алды.Кім қандай орын алды деген сұраққа, олардың үшеуі былай жауап берді: Қайрат 1 - ші, 4 - ші де емес Болат 2 - ші, Алмат соңғы емес.

Жауабы: Қайрат ІІІ, Болат ІІ, Алмат І, Самат ІV.

3.Артық санды тап: 4 8 12 16 20 24 28 29 32 36 (29).

4.Балалар 2 шелек және жарты шелек жаңғақ жинады.Балалардың саны бесеу болса, осы жинаған жаңғақты бірдей етіп қалай бөлуге болады?

(әрқайсысына жарты шелектен).

ІІІ. Жаңылтпаштар сайысы.

1.Ұшып кетті үш құс,

Ұшып келді үш құс.

2.Жоғалды бес шыбыш,

Жоқ әлі еш сыбыс.

Жоқ әлі еш сыбыс,

Жоғалды бес шыбыш.

ІV. Мақал - мәтелдің екінші сыңарын табу.

1.Батыр туса (ел ырысы),

Жаңбыр жауса (жер ырысы).

2.Жел дауылды (шақырады),

Бұлт жауынды (шақырады).

3.Байлықтың атасы - еңбек, (анасы - жер).

4.Жолдасы жаманды (жау алады).

5.Таспен ұрғанды (аспен ұр).

6.Сөз сүйектен өтеді, (таяқ еттен өтеді).

7.Білекті біді жығады,

(Білімді мыңды жығады).

8.Жүз сомың болғанша,

(жүз досың болсын).

V. Тамаша бестік. Ана тілі.

1. 1904 жылы Алматы облысында дүниеге келген.Сегіз жасында әкесінен жетім қалып, қой соңында жүрген.Жас күнінде ағаштан ою ойып, тастан қашап жануарлардың мүсіндерін жасаумен әуестенген кім? (Ә.Қастеев).

2.Бетховен тас керең болса да, ғажап музыка жазған.Байқадамов қазақ әндерін айтуға олақ болғанымен, нағыз қазақи әндерді жазған.Өйткені бәрінің көкірегінде сайрайтын бір - бір аққұсы бар. Кімнің сөзі? (Ш.Қалдаяқов).

3.Ол арбасынан шелегін алып арқанға байлады, су тартып, сусынын қандырды, содан соң алғысын айтып жүріп кетті.Ал шелек құдық басында арқанға байланған қалпында қала берді.Бұл қандай адам? (Бұл нағыз адам).

4.Ел ешкісін қырқыпты,

Егіндерін жыртыпты деген өлең жолдарында жылдың қай мезгілі туралы айтылған? (көктем).

Қазақ тілі.

1.Сөз таптарын ата. (зат есім, етістік, сын есім, сан есім)

2.Сөздің одан ары бөлінбейтін бөлігі. (түбір).

3.Заттың біреуге тән екенін білдіретін жалғауларды не деп атайды?

(тәуелдік жалғаулары).

4.Кітап, кітапша, кітапхана, кітапхананы - қандай сөздер? (түбірлес сөздер).

Дүниетану.

1.Жердің өсімдік өсетін беткі құнарлы қабаты не деп аталады? (топырақ).

2.Жанғыш пайдалы қазбалар. (тас көмір, мұнай, табиғи газ).

3.Ылғалсүйгіш өсімдіктерді ата. (шашақты беде, бақбақ, қоңыраубас,т.б.).

4.Улы өсімдіктерді ата. (қара саңырауқұлақ, меңдуана, сарғалдақ).

Бейнелеу өнері.

1.Иллюстрация дегеніміз не? (кітапты безендірген суреттерді иллюстрация дейді).

Технология.

1.Фольга дегеніміз не?

(әр түрлі металдар мен қорытпалардан өте жұқартылып жасалған материал.

VІ. Жеңімпаз «Кім көп біледі?»

1.Тудың авторы. (Ш.Ниязбеков).

2.Елтаңба авторы. (Ш.Уалиханов,Ж.Мәлібекұлы).

3.1кг. темір мен 1кг. Мақтаның қайсысы ауыр? (бірдей).

4.Жыл мезгілдерін ата.

5.Қазақ тілі оқулығының авторы. (Г.И.Уәйсова, Ә.Е.Жұмабаева)

6.Сәуле дегеніміз не?

7.64 қай санның квадраты? (8*8).

8.Табиғат апттарын ата.(сел көшкін, жер сілкіну, дауыл, су).

9.Су қанша күйде болады? (3)

10.Еліміздің астанасы (Астана).

VІІ.Қорытынды.

Жеңімпаздар марапатталады.

© 2010-2022