Урок на тему Жергілікті жерде картасыз бағдарлану

Раздел Основы безопасности жизнедеятельности (ОБЖ)
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

1. Сабақтың тақырыбы: Жергілікті жерде картасыз бағдарлану.
2. Сабақтың мақсаты: Оқушыларды жергілікті жерде картасыз бағдарланудың тәсілдеріне үйрету.
Білімділік: Оқушыларға жергілікті жерде картасыз бағдарлануды түсінуде өз бетімен және топпен оқу арқылы теориялық - практикалық сауаттылықтарын арттыру.
Дамытушылық: Оқушыға сұрақтар қою арқылы олардың логикалық ойлау қабілетін, еске сақтау және қабылдау дәрежесін көтеру. Танымдық дағдысын дамытып, шығармашылықпен жұмыс істеуге дағдыландыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, тәртіптілікке, әскери жарғы ережелерін құрметтеуге және отаншылдықққа тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже: Өз бетімен және бөлімшемен жұмыс істей отырып «Жергілікті жерде картасыз бағдарлану» тақырыбында жан - жақты түсінік алып, жергілікті жерде картасыз бағдарлануды үйрену.
3. Уақыты: 45 минут.
4. Өткізілетін орны: 10 сынып
5. Көрнекілік құралдар: АӘД оқулығы, компас, сағат. интер белсенді тақта, презентация, бейне үзіктер және бағалау парағы.
1. Сабақтың түрі: аралас сабақ
2. Сабақтың әдіс - тәсілдері: топтық жұмыс, сұрақ - жауап, зерттеу және шығармашылық.

І Ұйымдастыру кезеңі - 3 минут.
- оқушылардың сапқа тұруы
- взвод командирінің баяндау
- оқушылармен сәлемдесу
- оқушылардың сыртқы келбетін тексеру
- оқушылардың назарын сабаққа аудару
- топқа бөлу.
Бірінші және екінші санау арқылы топқа бөлінеді.
Бөлімше командиріне бағалау парағы беріледі.
ІІ Үй тапсырмасын сұрау
Мақсаты:
- Алдыңғы тақырыпта оқылған материалды еске түсіру.
- Белсенді әрекетке жұмылу
- Ойлау жұмысына ынталандыру.
Тексеру сұрақтары:
- Бақылау қалай жүргізіледі?
- Жергілікті жерді бақылауда неге аса назар аударылады?
- Түнде және дүрбіні қолдану жағдайларында бақылау жүргізу ерекшеліктері жайлы айтып беріңдер.
- Нысананы көрсету үшін командирге баяндау тәртібі қандай?
- Нысанаға дейінгі арақашықтық қалай анықталады?
- Заттың бұрышы мыңдықпен қалай есептелінеді?
- Заттың бұрыштық шамасын қалай анықтауға болады?
- Дүрбінің бұрыш өлшегіш шкаласын пайдалану тәсілдері туралы айтыңдар.

ІІІ Жаңа тақырып

Жергілікті жерде картасыз бағдарлану
1. Зерттеу жұмысы «карта» деген не? (екі топтан екі оқушы жауап береді.)
2 «Бағдарлану» терминіне түсінік беру( Мұғалім таныстырады)
3. Көкжиек тұстарын анықтау тәсілдері (топ мүшелері бір - біріне түсіндіреді)
ІҮ Жаңа тақырыпты бекіту
1. Карта, компас сөздеріне түсінік
Картамен жұмыс (бейне үзік)
2. Карта, компас пайда болу қысқаша тарихы
Компас туралы (бейне үзік)
Ү. Сабақты бекіту
Топтастыру 1 - топ Жергілікті жер бағдарларын ата?
2 - топ Көкжиек тұстарын анықтау тәсілдерін ата?
Қорытынды
Сұрақтар мен тапсырмалар:
- Әскери топография нені зерделейді?
- Топографиялық жергілікті жер элементтерін атаңдар?
- Жергілікті жерде бағдарлану нені білдіреді?
- Таңдалып алынған бағдарлар қандай талаптарды қанағаттандыра алуы қажет?
- Көкжиек тұсын күндіз және түнде анықтаудың қандай тәсілдері бар?

Бағалау
Үй тапсырмасы

© 2010-2022