Қазақстан Республикасындағы Азаматтық қорғаныс жүйелері

"Описание материала: "Пән: Өмір сүру қауіпсіздігінің негіздері. "Тақырып: Қазақстан Республикасындағы Азаматтық қорғаныс жүйелері. "Мақсаты: студенттерге Қазақстан Республикасындағы Азаматтық қорғаныс жүйелері туралы мағлұмат беру. "Жоспар: 1 Азаматтық қорғаныстың ұлт қауіпсіздігіндегі рөлі. 2 Азаматтық қорғаныс жүйесінің құрылымы. 3 Азаматтық қорғаныс жүйесінің мақсаттары 4 Азаматтық қорғаныс жүйесінің басқару ұйымдары. 5 АҚ шараларын кешенді түрде қорғау жүргізудің маңызы. Осы мәліметтер өмірсүру қауіпсіздігі негіздері курсын өткенде Азаматтық қорғаныс тақырыбы бойынша берілген. Ең алдымен Азаматтық қорғаныстың ұлт қауіпсіздігіндегі рөліне тоқталған.Азаматтық қорғаныс жүйесінің құрылымы мен басқару ұйымдарына тоқталған. Азаматтық қорғаныс күштері мен басқару органдары көрсетілген. Азаматтық қорғаныстың тұрғындарды қорғаудағы мақсаты мен міндеттері туралы да мәліметтер берілген. "
Раздел Основы безопасности жизнедеятельности (ОБЖ)
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырып Қазақстан Республикасындағы

Азаматтық қорғаныс жүйелері

1 Азаматтық қорғаныстың ұлт қауіпсіздігіндегі рөлі.

2 Азаматтық қорғаныс жүйесінің құрылымы.

3 Азаматтық қорғаныс жүйесінің мақсаттары

4 Азаматтық қорғаныс жүйесінің басқару ұйымдары.

5 Азаматтық қорғаныс шараларын кешенді түрде қорғау жүргізудің

маңызы.

Тест тапсырмалары.

1 Азаматтық қорғаныстың ұлт қауіпсіздігіндегі рөлі.

«Қазақстан-2030» даму стратегиясына сәйкес ұлттық қауiпсiздік нөмiрi бiрiншi ұзақ мерзiмдi басымдық болып табылады. Қазақстан Республикасында ТЖ заңнамаға сәйкес ұлттық қауiпсiздiкке төнген қауiп-қатерге жатқызылады. Соңғы онжылдық әлемде қауiптi өндiрiстердi кеңiнен пайдаланатын iрi өнеркәсiптiк аймақтардың индустриялық жедел өсуiмен, табиғи ресурстардың қарқынды игерілуiмен, урбанизациялануымен, халықтың едәуiр өсуiмен және олардың шек қойылған аумақтарға, көбiнесе қауiптi аймақтарға көп шоғырлануымен сипатталады. Мұның бәрi қоршаған ортаға түсетiн антропогендiк күштiң күрт өсуiне, экономикалық, әлеуметтiк және экологиялық зардаптарға әкеп соғатын авариялардың, апаттардың және дүлей зiлзалалардың туындау ықтималдылығын арттырады.

Азаматтық қорғаныс бойынша жоғары оқу орындарында, басқа да мекемелерде табиғи апат, катастрофа, өндірістік апат нәтижелерін жою барысындағы Азаматтық қорғаныс құралдары мен күштерін басқару үрдісін игеруге бағытталған топтық-штабтық оқулар, сондай ақ, өндірістік авариялардың, апаттар барысындағы Азаматтық қорғаныс тарапынан қолданылатын іс - шараларды қолдану жөніндегі арнайы-тактикалық оқулар және де авариялық жағдайларға дайындық, хабарлау және жинау бойынша оқулар өткізіледі.

Азаматтық қорғанысты оқытудың мақсаты:

1. Азаматтық қорғаныстың бейбітшілік жағдайдан қарсыластың мүмкін шабуыл қаупі жағдайындағы қауіп төнудің тууына байланысты әскери жағдайға ауыстыру барысында ҚММу қызметкерлері мен жұмыскерлерінің, басқару органдарының, жетекші құрамының жұмысындағы үлкен қиындықтарға жету. Апат, катастрофа, стихиялық апат, Азаматтық қорғаныс және өмір қауіпсіздігіне төнген қауіпті жоюға байланысты әрекеттер.

2. Білім алушылардың жоғары моральдық және психологиялық қасиеттерін дамыту, қалыптасқан жағдайда сауатты әрекет етуге дайындық. Қазақстан Республикасында Азаматтық қорғаныс барлық жерде аймақтық-өндірістік принциппен ұйымдастырылған. Оны ҚазақстанРеспубликасы Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комитетінің төрағасы тікелей басқарады. Комитеттің облыстық, қалалық және аудандық бөлімдері бар. Жергілікті жерлерде мекеме, ұйым, оқу орындары, өнеркәсіпбасшылары және азаматтық қорғаныс шараларын өткізуге жауапты болып табылады.Азаматтық қорғаныс күштері - Азаматтық қорғаныстың әскери бөлімдері, аумақтық, объектілік құрамалар, Азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлар қызметтерінің құрамалары, мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелерінің жедел-құтқару отрядтары; Азаматтық қорғаныс құрамалары - облыстарда, қалаларда, аудандарда, орталық және жергілікті атқарушы органдарда, ұйымдарда құрылатын аумақтық және объектілік құрамалар, Азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлар қызметтерінің құрамалары.

Азаматтық қорғаныс - бұл басқару органдарының мемлекеттік жүйесі және бейбіт, соғыс уақытында халықты, шаруашылық объектілерін және ел аумағын осы заманғы зақымдау құралдарының, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай факторларының зақымдағыш (жойқын) әсерінен қорғау мақсатында өткізілетін жалпы мемлекеттік шаралардың жиыны.

Азаматтық Қорғаныс (АҚ) - мемлекеттік қорғаныс шаралары жүйесінің құрамдас бөлігі. Міндеттері: жергілікті халық пен халық шаруашылығын жау шабуылынан, жаппай қыру қаруынан, табиғат апаттарынан т.б. төтенше жағдайлардан қорғау және қорғану шараларын үйрету; су тасқыны, сел, жер сілкінісі, өрт болған аймақтарда құтқару жұмыстарын жүргізу; халыққа жау шабуылының немесе табиғат апатының қаупі туралы алдын-ала хабарлау,т.б. Азаматтық қорғаныс бейбіт кезеңде және соғыс уақытында мынадай шараларды жүзеге асырады: жаппай қыру қаруынан сақтану үшін арнайы қорғаныс жайлары салынып, жеке бас қорғаныс жабдықтары дайындалады, ірі қалалар тұрғындары қауіпсіз жерге көшіріліп, оларға қорғану тәсілдері үйретіледі, ықтимал қауіп туралы халыққа егжей-тегжейлі түсіндіріледі, соғыс кезінде өндіріс орындары мен мекемелерде жұмыс тоқтамау үшін әртүрлі ұйымдастыру және инженер-техникалық шаралар жүргізіледі, нақты өндіріс орындары қорғалады, математика-техника құралдар, электр энергиясын шығару көздері, газбен, суменқамтамасыз ету қорлары жасалады; қираған шаруашылықтарды қалпына келтіруге қажетті қосалқы жабдықтар жинастырылады, арнайы азаматтық қорғаныс топтары құрылады т.б. Азаматтық қорғаныс саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - Азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттік реттеу мен бақы лауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган; Азаматтық қорғаныстың басқару органдары - бейбіт уақытта және соғыс уақытында Азаматтық қорғаныс іс-шараларына басшылық жасайтын және олардың орындалуын қамтамасыз ететін Қазақстан Республи касының орталық және жергілікті атқарушы органдары, ұйымдар; "Баршаңыздың назарыңызға!" дабылы - Азаматтық қорғаныстың дабылдамалармен және басқа да дабыл беру құралдарымен берілетін бірыңғай дабылы. Осы дабыл бойынша халық теледидарларды, радионы және басқа да ақпарат қабылдау құралдарын іске қосып қоюға, беріліп жатқан ақпаратты мұқият тыңдап, іс-әрекет тәртібі мен жүріс-тұрыс ережелері жөніндегі талаптарды орындауға міндетті; жедел-құтқару отрядтары - жол қатынасы қиын аудандарда және аса күрделі объекті лерде іздеу-құтқару жұмыстарын жүргізуге арналған республикалық, облыстық, қалалық, аудандық ұйымдар; қорғану құрылыстарының қоры - өндірістік персонал мен халықты осы заманғы зақымдау құралдарынан, сондай-ақ табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде арнайы қорғауға арналған қолда бар барлық инженерлік құрылыстардың жиынтығы; шаруашылық жүргізу объектілері - өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы өндірісінің және қоғам қызметінің басқа да салаларының мүдделері үшін пайдаланылатын үйлер, ғимараттар және басқа да құрылыстар; эвакуациялық органдар - халықты, материалдық құндылық тарды қауіпсіз аймаққа эвакуациялау, оларды орналастыруды, өндірістік қызметті және тыныс-тіршілікті қамтамасыз етуді ұйымдастыру үшін орталық және жергілікті атқарушы органдар, ұйымдар құратын эвакуациялық және эвакуация лық-қабылдау комиссиялары.

2 Азаматтық қорғаныс жүйесінің құрылымы.

Қарулы күштерді әлсірету үшін әр соғысушы жақ екінші жақтың ту сыртына соққы беру мақсат етеді. Мұндай соққы беру мүмкіндігі 1914-1918 жылдары ұшақтардың пайда болуына байланысты, әуеден бақылау мүмкіндігі туды. Сөйтіп қалаларға, қорғаныс шебінен тыс тылдарға әуеден соққы беріле бастады. Ал мұның өзі осы қалалардың ауадан шабуылына қарсы тұра алатындай дәрежеде болуын талап етті. Бұл жағдай әуе шабуылына қарсы қарсы тұратын әскери күштермен қатар, қираған өндіріс орындарын, тұрғын үйлерді қайта қалпына келтіруге халықтың өзін көтеру қажеттілігі туындады.

Сөйтіп әуе шабуылынан қорғау үшін 1920 жылы жергілікті әуе шабуылынан қорғану жүйесі құрылды.

Кеңес одағында ХӘҚЖ 1961 жылы Азаматтық қорғаныс (АҚ) - деп аталына бастады. Кеңес өкіметі 1925-1932 жылдары осы Азаматтық қорғаныс жүйесін одан әрі нығайту мақсатында бірнеше қаулылар қабылдады. Осы ХӘҚЖ - не төмендегідей міндеттер жүктелді:

  • әуе шабуылы туралы халыққа ескерту және қауіптің өткендігін хабарлау;

  • әуе шабуылының зардаптарын жою;

  • бомбадан не газдан, улағыш заттардан (УЗ) паналау орындарын дайындау;

  • зардап шеккен жан-жануарларға көмек көрсету;

  • қауіп төнген аудандарға қоғамдық тәртіпті сақтау шараларын жүргізу;

  • ХӘҚЖ үшін арнайы мамандар дайындау жұмысын жүргізу.

Арнайы курстарда, қоғамдық қорғану ұйымдарында оқытуды ұйымдастыру. Ұлы Отан соғысы жылдарында бұл істерге жоғары маңыз беріліп, бұл күштер халықты қорғауда, шабуыл зардаптарын жоюда үлкен жұмыстар атқарды.Ұлы Отан соғысы аяқталғаннан кейін де бұл қызмет одан ары қарай жалғастырып жетілдіре берілді.

Бұл күндері оларға жаңа міндеттер жүктелінген, құрылымы өзгерген. Халықты әуе шабуылынан, атом бомбасының қолдануынан, химиялық, бактериологиялық қарулардан қорғануға дайындау жұмыстары жүктелді. Бұл жұмысты басқаруды ұйымдастыру министрліктерге, облыстық, қалалық және аудандық әкімшіліктерге жүктелген.

3 Азаматтық қорғаныс жүйесінің мақсаттары

Азаматтық қорғаныстың мақсаттары:

  • әр қоғамдағы ең басты және бағалысы-адам. Сондықтан барлық қорғану шараларында адамдардың кауіпсіздігін ескерту-негізгі мақсат. Адамды қорғай білу-мемлекет үшін маңызды. Сондықтан халықты қорғау адамның өмірін сақтап қалу, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету азаматтық қорғаныс жүйесінің негізгі жұмысы.

  • халықтың еңбегімен жасалған барлық байлықты сақтап қалу. АҚ ережелерінде олар сенімді түрде қорғалуы қажет деп көрсетілген.

Азаматтық қорғаныс міндеттері:

  • халықты жаппай қыру құралдарының(ядролық, химиялық, бактериялық) зардаптарынан сақтап қалу;

  • төтенше жағдайда өндіріс орындарының тұрақты жұмысын қамтамасыз ету;

  • зардапқа ұшыраған адамдарды құтқару және қалпына келтіру жұмыстарын жеделдетіп жүргізу;

  • апат болған, қираған жерлерде барлау жұмыстарын жүргізу;

  • зардап шеккен адамдарды іздестіру, құтқару, оларға қажетті көмек көрсету;

  • төтенше жағдайда шыққан өртпен күресу, олардың өршуіне жол бермеу;

  • өндірістік орындардағы апаттық көрші тұрғын объектіге зиянын келтірмеуін көздеу және қалпына келтіпу;

  • адамдарды және техникаларды басқа да объектілерді улы, бактериялық, химиялық заттардан санитарлық тазалықтан өткізу;

  • территорияны, техниканы, киімді, тамақты, улы радиактивті заттардан, бактериялардан қорғау.

4 Азаматтық қорғаныс жүйесінің басқару ұйымдары.

Азаматтық қорғаныстың басқару ұйымдары:

  • республикадағы азаматтық қорғаныс штабы;

  • облыстық, қалалық, аудандық штабтар;

  • министрлік бойынша жергілікті жердегі мекемелерде;

  • АҚ штабтары немесе қызметкерлері;

  • азаматтық қорғаныс ұйымының кезекшілік қызметкерлері мен байланыс органдары.

Азаматтық қорғаныстың күштеріне жататындар:

  • азаматтық қорғаныс әскерлері;

  • ауқымдық не министрліктерге бағынатын жасақшылар;

  • арнайы жасақшылар.

Басқару органдары:

  • Қазақ Республикасының Прьемер-министрі;

  • республикалық азаматтық қорғаныс штабы;

  • төтенше жағдай жөніндегі комиссия;

  • облыс әкімі;

  • қала әкімі;

  • аудан әкімі;

  • әр мекемедегі бірінші басшы (3-сурет).

Мекеменің басшысы осы мекеменің төтенше жағдай кезінде дайындығы үшін, құтқару жұмыстарының ұйымдастырылу жұмыстарына жауап береді. ТЖ-дың зардабын жоюға жауапты адам.

Азаматтық қорғаныс жүйесі территориялық және өндірістік негіздері бойынша құрылады.

Территориялық - дегеніміз әр облыс, қала , аудан территориясында құрылады.

Өндірістік - дегеніміз жұмыс саласындағы әр министрлік бойынша жергілікті жерде солардың басшылығымен жұмыс жасайтын азаматтық қорғаныстың орындары болады.

5 Азаматтық қорғаныс шараларын кешенді түрде қорғау жүргізудің маңызы.

Егемендiк алғалы берi азаматтық қорғаныс жүйесiнiң қазiргі бар әлеуетi табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою үшiн кең қолданылды. Нарықтық экономика жағдайла рында жеке меншiк иелерi есебiнен азаматтық қорғаныстың қазiргi инженерлiк құрылыстарын, сондай-ақ кәсiпорындарда орнатылған хабарлау жүйелерi ұстау қиынға соқты. Жаңадан салынып жатқан объектiлерде панажайлар салу жүргізiлмей отыр. Халыққа арналған жеке қорғану құралдарын, олардың сандық құрамын тиiмдi caқтaу және облыс бойынша аумақтық бөлу мәселелерi шешiлмеген.

Азаматтық қорғаныс саласындағы түрлi оқыту бағдарламалары (алғашқы әскери дайындық, азаматтық қорғаныс, жол қауiпсiздiгi, өрт қауiпсiздігі, тыныс-тiршiлiк қауiпсiздiгi негiздерi, медициналық дайындық және басқалар) көбiнесе бiр бiрiмен еш байланысы жоқ жүйесiз енгізiледi. XXI ғасырдың басында адамзат халықаралық терроризм мен экстремизм сияқты тағы да бiр қатерлi арандатушылыққа аяқ басты. Террористердiң осы заманғы техниканы, радиациялық-химиялық және биологиялық қауiптi заттар мен материалдарды пайдалана алатын, сондай-ақ техногендiк төтенше жағдайларды қолдан жасай алатын мүмкiншiлiктерiнiң болуы террорлық әрекеттердiң, әсiресе химиялық және биологиялық шабуылдардың жасалуы кезiнде олардың зардаптарын жоятын күштердiң (қызметтердiң) материалдық-техникалық базасын одан әрi нығайтуды талап етедi.

Азаматтық қорғаныс республиканың бүкiл аумағында аумақтық-өндiрiстiк принцип бойынша ұйымдастырылады. Азаматтық қорғаныс шараларын орындауды Қазақстан Республикасының орталық, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдары, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары, Қазақстан Республикасының Азаматтық қорғаныс ұйымдары, басқару органдары мен күштерi және азаматтары жүзеге асырады.

Азаматтық қорғаныс бойынша дайындық осы заманғы зақымдау құралдарының дамуы және аталған аумақта, салада немесе ұйымда барынша ықтимал төтенше жағдайлар ескерiле отырып, алдын ала жүргiзiледi. Азаматтық қорғаныс шараларын кешендi түрде және саралап жүргiзу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн тәртiппен азаматтық қорғаныс бойынша қалаларды топтарға, ал ұйымдарды санаттарға жатқызу маңыздылық дәрежесiне қарай жүзеге асырылады. Азаматтық қорғаныс шараларын ұйымдастыру мен жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының орталық, жергiлiктi атқарушы органдарының және ұйымдардың басшылары жауапты болады.

Бақылау сұрақтары:

1 Азаматтық қорғаныстың ұлт қауіпсіздігіндегі рөлі қандай?

2 Азаматтық қорғаныс жүйесінің құрылымын атаңыз?

3 Азаматтық қорғаныс жүйесінің міндеттері қандай?

4 Азаматтық қорғаныс жүйесінің басқару ұйымдарына не жатады?

5 АҚ шараларын кешенді түрде қорғау жүргізудің маңызын айтыңыз?


© 2010-2022