Ш. А. Амонашвилидің «Жүрексіз біз нені ұғамыз»

Раздел Основы безопасности жизнедеятельности (ОБЖ)
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Р. А.Б.Б. «Өзін-өзі тану»

ІІІ Базалық деңгейі.

ІІ этап «Практикалық құндылықтары»

Тыңдаушы: Назарова Майрамкул.

Мұнайлы ауданы, Батыр ауылдық округі № 10 орта мектеп

Куратор: Сейсенова Ардақ

Ш.А.Амонашвилидің «Жүрексіз біз нені ұғамыз» еңбегін оқығаннан кейінгі ойым.

Атақты жазушы, ғалым, педагог Шалва Амонашвилидің «Жүрексіз біз нені ұғамыз» «Без сердца что поймем» деген кітабын оқи отырып оның, айтқан ойларымен толық келісемін. Менің түсінгенім бойынша айтатын болсам, яғни, біз кейде, онау дейміз, мынай дейміз, бірақ баламен жүргізілген жұмыстың қажеттілігіне , оның нәтижесіне көңіл бөлмейміз. Ш.А.Амонашвилидің сөзімен айтсақ баланың жүрегіне жол табу үшін, баланың білуы үшін ешқандай батыс технологиясының қажеттілігі жоқ. Ең алдымен таза жүрегімізбен қалауынша жақсылықты бере аламыз. Біз баламен жүргізілетін әрбір істі үлкен мәселе деп қарамай, оны күнделікті қарапайым, әрі шешімі бар іс деп қарауымыз керек. Мектепке дейінгі бала, ол ойын баласы, оның негізгі әрекеті ойын. Бала өзінің бар өнерін ойында, іс-әркетінде көрсетеді. Егер біз мектептегі білім беру ісінде оқыту жүйесін әркет деп алып, соған жаңалықтар енгізген болсақ, мектепке дейінгі баланың ойының мазмұнына , бағытына , ұйымдастыруына көңіл бөлу қажет. Баланың ең алдымен өзіне, күллі әлемге, жанындағы достарына, құрбы - жолдастарына деген сүйіспеншілік сезімі сонда ғана байқауға болады. Біз «әркім өзі жақсы көретін, өзіне қолайлы жеке тапсырмалар берсек, баланың да құмары қанып ойнауына, қуанышқа бөленуіне жақсы жағдай жасауымыз керек екен. Тіпті кейде өмірде үлкен адамдар жақпаған іс, қаламаған тапсырма берілген болса, немқұрайлылықпен атқарады, көп адамдар жүрекке үңілмейді, себебі адамдар оны қаламайды. Мысалы: бару керек болса барады, айту керек болса айтады, болмаса достарының айтуымен немесе ата-ананың айтуымен, амалсыз жанына, жүрегіне жақпаса да сол іспен айналысуға тура келеді. Көп адамдар жүрегімізді білеміз, түсінеміз, жүрек лүпілін сеземіз деп көбі жүректің қалауын ойламайды. Өзіміздің сыртқы қажеттіліктерімізді ойлаймыз, басқа адамдардың сөзіне, өсегіне еріп кетеміз. Өз жүрегіміздің қалауын білмесек, оны орындамасақ алған білімімізден не пайда. Жүрексіз алған білімнен, берген білімнен түк пайда келмейді, қайта бізді кері тартып, аяқтан шалумен болады. Жүректің да түрлері көп болады. Жақсылықты ойлайтын және жамандықты ойлайтын.

Мысалы: Қайырымды жүрек, қайырымсыз жүрек, сүйетін жүрек, жек көретін жүрек, түсінетін жүрек, түсінбейтін жүрек, жылы жүрек, салқын жүрек, жомарт жүрек, сараң жүрек, жалынды жүрек, жалынсыз сөнген жүрек, таза жүрек, лас жүрек түрлері бар. Зұлымдыққа толы жүректер өз жүректерінен айналасына зұлымдықты шаша беретін болады. Ал сүйіспеншілікке толы жүрек жарқырап, айналасына нұр шашып тек жақсылықты ойлайды. Сонда барша адамзатта жүрек бар. Сол жүректер не жақсылықты жасайды, не жамандықты жасайтын болады. Осыған орай сол кітаптағы тәмсілдің бірін айта кетсем. Бір кісі өзінің үйінен шығып, жолында кездескен барлық адамнан сұрап отырыпты: - Жүрегің барма? Адамдар бұл сұраққа түсінбей өзінен қайта сұрапты:

  • Неге сен қайырымдылық туралы, шыдымдылық, адалдық, немесе махаббат туралы сұрамайсың? - депті.

Ол сонда былай деп жауап берген екен:Тек адамдар жүрек туралы ұмытпаса екен, қалғандары өздері ақ келеді.- деген екен.

Ересек адамдар қандай болмасын істі алдымен өзі үшін, өз қажетіне қарай жасайды десек, баланың да жасаған әрекеті өзіне, өз пайдасына жұмсалуы керек. Егер балада өзін қанағаттандыратын жұмыспен болса және өз ісіне баға беру, есеп беретін жағдайда, өз бойынан шыққан жақсылықты, көмектесуді, қайырымдылықты көрсетуді шынайы көңілмен жасайды,

Шынында да ойлап қарасақ адамгершілік қасиеттердің бәрі осы жүрегімізге ұялайды. Егер де жүрек болмаса қайда барады. Сондықтан адами қасиеттердің бәрі бір жерге баратындай мәуелі бақ орнату керек . Ол бақ жүрек. Түсінгенім әр нәрсені жүрек қалауымен жасау керек. Мамандық таңдағанда да жүрекпен таңдау керек. Жүрек қалауынсыз таңдалған мамандық біздің ішкі жан дүниемізге кері әсерін тигізеді, шығармашылықпен айналыса алмай, өз мамандығын сүйіп атқармас еді. Сондықтан сөз соңында айтарым жүрек қалауымен таңдаған ұстаз ғана ұстаз бола алады. Өз ісін сүйіп істегенде ғана шығармашылықпен айналыса алады. Өз ісін жүрекпен сүйіп жасағанда ғана оқушылардың жүрегіне жетеді деп ойлаймын. Алған білімізді, үйренген ісімізді жүрекпен орындап нәтижеге жетуіміз керек.



Курстан алған әсерім

Мен Назарова Майрамкүл Күзекбайқыз Мұнайлы ауданы Батыр ауылдық округі №10 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі.«Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беруде өзін-өзі тану ІІІ базалық деңгейлік барысында көзқарасым жақсы жағына өзгерді. Барлық жалпыадамзаттық құндылықтарды, Ақиқат, Сүйіспеншілік, Дұрыс әрекет, Ішкі тыныштық, Қиянат жасамау құндылықтарын кеңінен ашып, түсіндіріп, өзінің биязылығымен, мейірімділігімен, қарапайымдылығымен, түсінікті тілменен, жүректен шыққан әдемі сөздерімен айтқандары, өткізген сабақтары біздің жүрегімізге жеткізе білген тренерім Сейсенова Ардақ Тынымжанқызына алғызым шексіз. Осындай білім алуымызға жағдай жасап, практикалық жұмыстар үйретіп, мектептерде тәжірибие алмасу сабақтарын (№10 мектеп) ұйымдастырғанына алғысымды білдіремін. Бұл курста алған білімімнен ұққаным оқушыларға ең бірінші жалпыадамзаттық құндылықтарды бере отырып, риясыз іс-әрекет жасауға, риясыз сүйе білуге баса назар аудару керектігін бірінші орынға қоюды міндеттедім.Баламен қатар ата-аналар да осы жалпыадамзаттық құндылықтарды білу, оны өмірде қолдану. Баланы риясыз сүйіспеншілікке, жақсыны көруге, жақсыға қарауға, жақсылық жасауға, жақсымен дос болуға тәрбиелеу.

«Өзін-өзі тану» пәні арқылы әрбір оқушы бойында мейірім мен адамгершілік, әділдік, адалдық, сүйіспеншілік сияқты қасиеттер мен құндылықтарды дамытуға болады. Әр баланы керемет рухани күш иесі деп қарап, оның шексіз шексіздікті үйренсем деген ұмтылысына уақытында көңіл бөліп, демеу жасасақ, қуаттандырсақ, жүрегі нұрға толы, жан-жағына шуағын шашып тұрған мейірімді, адамгершілігі мол, үнемі талпынып тұратын, өз елін, туған жерін, отбасын сүйетін, еңбекқор, адал адам тәрбиелей алатынымызға курс барысында көзім жеткендей болды.

Ұстаздың ең негізгі ұстанымы - баланың рухани дүниесін түсіне отырып, оның өзіне деген сенімін жоғарылатып, әрқашан жақсы нәрсеге ұмтылдыру. Осы курс барысындағы дәрістер әсерлі және маған үлкен ойлар туғызды. «Өзін-өзі тану» пәнінің рухани тереңдігін түсініп, оның жалпыадамзаттық құндылығын аша білу және әдістемелік тәсілдерді ұтымды қолдануды үйрендім. «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік сабағы - сол көздеген нысанаға жетелейтін шамшырақ іспетті пән. Курста үйренген әдіс-тәсілдерді алда тиімді қолдана алатыныма сенімім мол.

© 2010-2022