Жаман әдеттен сақ бол Сынып сағаты 5 сынып

Раздел Основы безопасности жизнедеятельности (ОБЖ)
Класс 5 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақ жоспары

План урока

Plan of the lesson

Күні/Дата/Date: 17.09.2015 жыл

Сынып/Класс/Class: 5 «Ә1»

Пән/Предмет/Subject: Сынып сағаты

Тақырып/Тема/Theme: Жаман әдеттен аулақ бол

Мақсаты/Цель/Aim: Балаларды үлкенге құрмет көрсетуге, кішіге қамқор болуға тәрбиелеу. Әдептілік қағидаларын меңгерте отырып, зиянды әдеттерден бойларын аулақ ұстауға шақыру.Салауатты өмір салтын ұстануға дағдыландыру.

Сабақтың формасы: дәстүрлі сабақ

Қолданылатын әдіс - тәсілдер: сұрақ-жауап, әңгімелесу, көрнекілік, репродуктивті әдістер

Көрнекіліктер: үлестірмелі қағаздар, Әдептілік туралы мақал-мәтелдер, салауатты өмір салтына байланысты суреттер.


Сабақтың барысы/ Ход урока/Course of the lesson

Жүргізуші: Салеметсіздер ме құрметті қонақтар! Қадірлі ұстаздар мен білімге құштар жас достар! Бүгінгі тәрбие сағатымыз «Аулақ бол жаман әдеттен » тақырыбы аясында өткізілмек.

Адам болатын бала-барлық жақсы қасиеттерді үйреніп, жаман әдеттерден бойын аулақ салуы тиіс.Біздің сыныптастарымыз әдепті болудың қыр-сырын мына өлең шумақтары арқылы жеткізбек. Қарсы алыңыздар!

Фариза Тәртіпті бала сүйеніш,
Төбең бір көкке жетеді.
Ұрыншақ бала жанында
Ұрыс пен керіс, айқай шу.
Ұстамды бала маңынан
Ұнамды қылық байқайсың.

Ержан: Сыйла үлкен кісіні,
Қамқорлыққа ал кішіні.
Сақтап көше тәртібін,
Бағдаршамның ал тілін.
Әдет қыл бұл ісіңді,
Тазалап жүр тісіңді.

Ерқанат: Қарсы ал ерте күн көзін,
Төсегіңді жина өзің.
Асықпай іш тамақты,
Жалама аяқ-табақты.

Асет:Пышақты ұста оң қолмен,
Шанышқыны сол қломен.
Нанды үгітпе,қадірле,
Қабығымен бәрін же.
Саусағыңды сормағын,
Салдыр салақ болмағын.

Асель: Сыйлап сәлем беремін
Көршілерді көргенде.
Ізетпен бас иемін,
Үйге қонақ келгенде.
Әдепсіз деп сөкпесін,
Анама айтып өкпесін.

Көрініс: « Үш пәледен аулақ »
(Екі бала ойнап жүр)
Амандық: - Азамат, екеуміз дос емеспіз бе?
Ержан: -Ия, доспыз. Неге сұрадың?
Амандық:-Сен ешкімге айтпа, менде керемет бір нәрсе бар.Мінекей,қарашы...(қалтасынан темекіні көрсетеді)
Ержан: - Оны қайдан алғансың?..
Амандық: -Әкемнен алдым (риза болып)
Ержан:: -Әкеңнен қалай алдың?Темекі деген жаман нәрсе, дереу таста.
Амандық: -Қалайша? Соншалықты жасан болса әкем неге тартады?
Ержан:: -Ой, достым, сенің әкең жас күнінде темекіге әуестенген,сол қателігін қазір жөндей алмай жүр.
Амандық:-Достым, дегенмен осыны тартып көрсек қайтеді?
Ержан: - Жоқ,достым! Мұндай жаман әдеттерден бойымызды аулақ салғанымыз абзал.Одан да ойынымызды жалғастырайық
(Осы кезде бөлмеге арақ, темекі, есірткі кіреді)

Балалар: Ассалаумағалейкум! Сіздер кімсіздер?
Арақ:
Мен арақпын,арақпын,
Жер жүзіне тараппын.Жұрттың құмар асы боп,
Керегіне жараппын.

Темекі:
Мен темекі шылыммын,
Аузына елдің іліндім.
Қанша мені тартса да,
Демеді ешкім бүліндім.

Есірткі:

Мен есірткі нашамын,
Уытымды шашамын.
Атым шулап тұрғанда,
Алшаңдап яқ басамын.

Ержан::

- О, жаратқан, жаратқан,
Жұрттың аузын қаратқан.
Ағайынды үшеуін,
Қандай пәле таратқан.

- О, адамдар, санаң бар,
Үш пәлеге қараңдар.
Үшеуі де ауыр дерт,
Бүкіл әлем алаңдар!

(Екі бала бірігіп)

«Арақ», «Темекі», «Есірткі»
Үшеуі де ауыр дерт.
Бүкіл елді бүлдірмей,
Арамыздан аулақ кет!


Жүргізуші: «Денсаулық» сөзінің әрбір әрпін салауатты өмір салтын ашатын,сипаттайтын сөздермен, сөз тіркестерімен,сөйлемдермен өрнектейік.

Д-демалу
Е-еңбектену
Н-нашақорлыққа жоламау
С-салауатты өмір
А-алғырлық
У-уайымсыз өмір
Л-лайықты өмір
Ы-ынта
Қ-қозғалыс

Барлық әріптер бірге:
Есірткі жойылсын!
Ішімдік құрысын!
Дені сау ұрпақтың
Ұрпағы көбейсін!

Жүргізуші: Балалар, бүгінгі тәрбие сағатымыз өз мәресіне жетті.Бұл тәрбие сағатынан сендер зиянды әдеттер жайлы біраз мағлұмат алдыңдар деп ойлаймын. Біз қазір оқушы болғандықтан, ата-ана, ұстадар қауымы да біздің болашағымызға алаңдайды. Мемлекетіміз оқушылардың тегін білім алуына және денсаулығына көңіл бөліп отыр. Кейбір балалар туа бітті мүгедек болып жатады. Соған қарамастан қоғамға кішкене болса да пайдасын тигізу үшін әрекеттеніп, тырмысып жатады. Ал, біздің деніміз сау, дене мүшелеріміз бүтін. Осы денсаулығымызды зиянды әдеттермен улап, өз болашағымызға балта шаппайық.Зиянды әдеттерден аулақ болып, салауатты өмір салтын жанымызға серік етейік!




© 2010-2022