Презентация по русскому языку на тему

Раздел Основы безопасности жизнедеятельности (ОБЖ)
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сыбайлас жемқорлықпен күрес -ортақ парызымыз» атты дөңгелек үстел отырысы

2015 - 2016 оқу жылының 20 - қарашасында Үстірт орта мектебінде директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары К.Ж Мақсымбайдың ұйымдастыруымен сынып жетекшілер арасында «Сыбайлас жемқорлықпен күрес -ортақ парызымыз» атты дөңгелек үстел отырысы өткізілді. Оған аудандық ішкі істер бөлімінің полиция подполковнигі Б.Утеев пен мектеп инспекторы полиция капитаны С.Махмутов қатысты.Дөңгелек үстел отырысына қатысушылар алдында «өз баяндамасында: «Сыбайлас жемқорлық ел экономикасының көтерілуіне үлкен кедергі келтіріп отырған қоғамымыздың ең басты қауіп - қатерлерінің бірі болып табылады. Сондықтанда оны болдырмау, алдын-алу мақсатында елімізде көптеген іс-шаралар жоспарланып, жүзеге асырылуда. Алайда, жемқорлықпен күрес барысы күн сайын қарқын алып келеді дегенімізбен, жегі құртқа айналған осы бір қатерлі дерттен бойын аулақ ұстағысы келмейтіндердің қатары да уақыт өткен сайын көбейе түсуде. Презентация по русскому языку на тему

Қазақстан Республикасының 2015 - 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясына орай , сыбайлас жемқорлықпен күресу әрбір мемлекеттік органдар басшыларының, ел азаматтарының міндеті екендігі атап көрсетілді. Аталмыш заң азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сыбайлас жемқорлық көріністерінен туындайтын қауіп-қатерден еліміздің ұлттық қауіпсіздігін қамтамсыз етуге, жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған. Қоғамымыздың барлық саласына дендеп еніп бара жатқан жемқорлықтың жолына батыл тоқсауыл қойып, олардың зардаптарын жою және мүдделілерді жауапқа тарту бүгінгі күннің ең басты міндеттерінің бірі.

Осындай келеңсіз құбылыстармен бітіспес күрес жүргізу тек сот,құқық қорғау немесе мемлекеттік органдардың міндеті емес, барлық ұлтжанды азаматтардың парызы. Мемлекеттік органдарда жұмыс жасайтындардың өзгенің тағдырына, жұмысына деген немқұрайдылығы, тоңмойын шенеуініктердің тойымсыздығы, қарапайым анықтама алуы үшін шеті мен шегі жоқ кезек көптеген азаматтар мемлекеттік қызметкерлерді пара алуға өздері арандатады. Өйткені халық арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы білімділік жетіспейді. Сол себепті де мұндай ауыр кеселді тек мемлекеттік және құқық қорғау органдарының күшімен жеңе алмаймыз. Жемқорлықпен күресуді бүкіл халық болып қолға алсақ қана тоқтатуға болады.
Көптеген заң бұзушылықтарға, жергілікті атқарушы орган басшылары тарапынан жол берілетіні байқалады. Олар тарапынан өздерінің қарамағындағы қызметкерлерден болмашы жайтқа бола ауыр алым-салымға жүктеу жайттары жиі кездесіп жатады.
Алайда, осындай заң бұзушылықтар орын ала тұра құқығы бұзылған азаматтар дер кезінде құқық қорғау органдарына хабар бермегендіктен, кінәлі тұлғалар жауапкершіліктен құтылып кетеді. Осындай олқылықтарға жол беруден аулақ болған жөн.


Бүгінгі таңда, мемлекеттің ұйымдасқан қылмыс және сыбайлас жемқорлықпен күрес саласындағы ең басты назары экономикалық даму процестерінің басқарылуына, ұйымдық-құрылымдық буындардың тиімді жолдарына, ішкі өзін-өзі бақылау жүйесін құруға және қылмыстылықты тазартуға аударылуы тиіс. Сонымен бірге, сыбайлас жемқорлықпен күрестің басты бағыты - оның алдын алу, яғни, оның себептері мен шарттарына ықпал жасау болуы керектігін ескерген жөн деп есептеймін.» - деп қорытындылады.Осы іс-шараға қатысушылар пайдалы ақпараттар алып, бір-бірімен қызықты пікір алмасты.

Үстірт орта мектебінің технология пәні мұғалімі: Н.Ж.Аманова

© 2010-2022