• Преподавателю
  • ОБЖ
  • Дауыл мен Боран және су тасқындары, кептеліс, сең, желқума, орман өрттері. (11 сынып)

Дауыл мен Боран және су тасқындары, кептеліс, сең, желқума, орман өрттері. (11 сынып)

Раздел Основы безопасности жизнедеятельности (ОБЖ)
Класс 11 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

VIII-тарау . Өмір қауіпсіздігінің негіздері

15 тақырып. Табиғи апаттар.

3.сабақ . Дауыл мен Боран және су тасқындары , кептеліс , сең , желқума , орман өрттері

Мақсаттары: Білімділік. Оқушыларға мүмкіндігінше табиғи апаттар жөнінде түсініктер беру .

Дамыту. Дауыл мен борандардың салдарынан туындайтын факторларын жіктеу № 5 және 6 кесте бойынша

Тәрбиелік . Оқушылар сейсмикалық қауіпті жағдайларда өзін өзі ұстай алатындай психологи- ялық тестен өткендей дайындау ол алдын ала барлық тұсынан хабардар болуы тиіс .

Уақыты - 45 минут.

Сабақты өткізу орны : 11 сынып - бөлмесі.

Сабақты оқыту әдісі : әңгімелеу, көрсету, сұхбаттасу.

Сабақты жабдықтау көрнекі құралдармен : АӘД оқулық. «Төтенше жағдай» д\ф.

Ұй тапсырмасы: 1. Көшкіндер , селдер мен опырылулар деген не?

2. көшкіндер қалай жіктеледі?

3. қар көшкіндері дегеніміз не ?

1Ұйымдастыру кезеңі - 10 минут. Оқушыларды сынып бөлмесінде саптық жарғысы бойынша , сапқа тұрғызып киімі мен оқулықтарын тексеру. Командир взводының баяндамасынан кейін сәлемдесіп бөлімше бойынша орналастыру .

2 бөлім. Үй тапсырмасын тексеру - жаңа өтетін тақырыппен және тақырыптың мақсатымен таныстыру.

2. Негізгі кезең - 25 минут .

1.оқу сұрағы - дауыл мен боран дегеніміз не ?

Сондай - ақ басқа табиғи апараттарға қатты желдер, яғни дауылдар мен борандар жатады. Дауыл сөзі тар мағынасында жылдамдығы, шамамен 32м\с және одан да көп ( Бофорт шкаласы бойынша 12 балл) болатын, үлкен қиратушылық күші бар және айтарлықтай болатын, үлкен қиратушылық күші бар және айтарлықтай ұзаққа созылатын жел.

Боран - бұл жылдамдығы дауылдан аз жел. Алайда ол да қуатты және 15 - 20 м\с-қа дейін жетеді. Дауылдарға қарағанда, борандардан келетін шығын айтарлықтай аз болады . Кейде күшті боранды шторм деп те атайды.

Дауылдың ең маңызды сипаттамасы желдің жылдамдығы болып табылады , 10-кестеде (Бофорт шкаласы бойынша) жел жылдамдығы мен режімдер атауларының байланысы көрсетілген .

балдар

Желдің жылдамдығы (миль\сағ)

Желдік режімнің аталуы

Белгілері

0

0-1

тыныштық

Түтін тік шығады

1

2-3

Жеңіл самал

Түтін қисықтау шығады

2

4 - 7

Жеңіл бриз

Жапырақтар дірілдейді

3

8 - 12

Әлсіз бриз

Жапырақтар қозғалады

4

13 - 18

Шамалы бриз

Жапырақтар мен шаң ұшады

5

19 - 24

Сергітетін бриз

Жіңішке ағаштар тербеледі

6

25 - 31

Күшті бриз

Жуан бұтақтар тербеледі

7

32 - 38

Күшті жел

Ағаштардың діңдері майысады

8

39 - 46

боран

Бұтақтар сынады

9

47 - 54

Күшті боран

Қыш жабындар мен мұржаларды жұлып әкетеді

10

55 - 63

Толықтай боран

Ағаштарды тамырымен жұлып әкетеді

11

64 - 75

шторм

Барлық жерді зақымдайды

12

75-тен көп

дауыл

Алапат қиратулар

Дауылдар зілзаланың ең қуатты күштерінің бірі болып табылады. Өзінің апатты әсері бойынша жер сілкінісі сияқты қатерлі табиғи апаттан қалыспайды. Бұл оларда орасан мол энергияның болуымен түсіндіріледі . Қуаттылығы орташа дауылдың 1 сағатта бөліп шығаратын энергиясы 36 Мгт ядролық жарылыс энергиясына тең .

2. оқу сұрағы. Су тасқындары неден пайда болады ?

Су тасқындары - бұл өзенге, көлге немесе су қоймасына жақын жатқан жерлерді су басу. Ол материалдық залал тудырады, халықтың денсаулығына нұқсан келтіріп, адамдардың опат болуына әкеледі . Егер су басу залал келтірмесе , онда ол өзеннің, көлдің су қоймасының тасуы болып табылады .

Әсіресе қауіпті су тасқындары өзендердің жауын - шашын және мұздық сулары арқылы артатын немесе бұл екі фактор үйлесетін жағдайларда байқалады.

Көктемгі су тасуы-бұл жыл сайын, белгілі бір маусымда қайталанатын өзен суының деңгейінің айтарлықтай ұзаққа созылатын көтерілуі. Әдетте су тасуы жазықтардағы қардың қарқынды еруінен немесе жауын-шашыннан пайда болады.

Тасқын-бұл салыстырмалы түрде су деңгейінің қысқа мерзімді қарқынды көтерілуі. Нөсер жауындармен, кейде қысқы жылымықтағы қардың еруімен қалыптасады.

Су тасқындарды аталған себептерден басқа қайнар коздердің кептелуі, сеңнің тоқтауы, жел әсерінен судың көтерілуі мен бөгеттердің бұзылуы сияқты басқа да гидрометеорологиялық құбылыстардың салдарынан туындауы мүмкін.

Су тасқындарының тікелей және жанама залалы болады. Тікелей залал-бұл, мысалы, тұрғын үй және өндірістік ғимараттардың электр және байланыс желілерінің зақымдануы мен қирауы, жануарлардың қырылуы, егіннің жойылуы , шикізет, отын, азық- түлік өнімдерінің, жем - шөптің жарамсыздығы мен бүлінуі , сондай-ақ халық пен материалдық құралдарды уақытша эвакуациялауға кететін шығындар.

Жанама залалдарға, әдетте, зардап шеккен аудандарға азық-түлік өнімдерін, құрылыс материалдарын және мал азығы үшін жем-шөп сатып алу мен оларды жеткізуге кеткен шығындарды, өнім өндірудің қысқаруын, халықтың тұрмыс жағдайының нашарлауын жатқызады . Тікелей және жанама залалдар көбінде 70 : 30 қатынасында болады.

«Су деңгейінің көтерілуі» және «су басу» түсініктері бар.Су деңгейінің көтерілуі кезінде су жертөлелерге кәріздік желілер,әртүрлі орлар және құбырлар арқылы өтеді.Су басу жағдайында зардап шеккен аймақ белгілі бір биіктіктегі су қабатымен жабылады.

Шығу себептеріне байланысты су тасқандары төртке бөлінеді.

  1. Қардың көктемгі еруінен пайда болған мол ағынға байланысты су тасқындары.Ол өзендегі су деңгейінің айтарлықтай және ұзақ уақыт көтерілуімен ерекшеленеді.

  2. Қарқынды жаңбырмен қалыптасатын су тасқындары.Олар су деңгейінің қарқынды,салыстырмалы түрде қысқа мерзімдік көтерілуімен сипатталады және тасқын деп аталады.

  3. Су ағысының үлкен кедергілерінен туындайтын су тасқындары.Бұлар көбінесе қыстың бас кезінде немесе соңында сеңнің кептелуі нәтижесінде ағыстың тоқтауынан болады.

  4. Ірі көлдер мен су қоймаларындағы,сондай-ақ өзендердің теңізге құятын сағаларындағы судың жел әсері арқылы көтерілуінен болатын су тасқындары.

Бөгеттердің бұзылуына байланысты су тасқындарының бесінші үлгісі болуы мүмкін,бірақ ол көбінде техногенді сипаттағы төтенше жағдайларға жатқызылады.

Су тасқындарының қатерінен және салдарынан халықты қорғау мен жасалатын іс-әрекеттер:

1. Эвакуацияның басталуы туралы ескертуді алған кезде эвакуацияланушы жылдам жиналуы және өзімен бірге:

-ақша мен бағалы заттарды;

-медициналық дәрі-дәрмек қобдишасын;

-маусым бойынша сырткиім мен аяқкиімді;

-төсек жаймалары мен жуынып-шайну құралдарын;

-азық-түлік өнімдерінің үш күндік қорын алуы тиіс .

2. Заттар мен азық-түліктерді шабадандарға , арқа қапшығына (рюкзак сөмкелерге) салу керек . Эвакуацияланатын адамдардың бәрі белгіленген уақытта тіркелуі және қауіпсіз ауданға жіберілуі үшін эвакуациялық пунктке тез арада келуі қажет. Қалыптасқан жағдайға байланысты халықты эвакуациялау осы мақсатта бөлінген арнаулы көлікпен немесе жаяу жүргізіледі . Эвакуацияның соңғы пунктіне келген кезде эвакуацияланған халықты тіркеу және рұқсат етілген уақытша тұратын жерге орналастыруды ұйымдастыру жүргізіледі.

3. Су тасқыны болған кезде ең жақын жердегі биік орынға жылдамырақ шығу және әртүрлі жүзу құралдарының көмегімен су немесе өткелдер арқылы жаяу ретпен ұйымдастырылатын эвакуацияға дайын болу қажет. Мұндай жағдайда үрейге берілмеу, өзін-өзі ұстай білу қажет және құтқарушылар суға кеткен және көмекке мұқтаж адамдарды өз уақытында табуы үшін мүмкіндік беретін шаралар қабылдаған жөн. Бұл әрекеттер күндіз биік жерге ақ немесе түрлі түсті матаны ілу арқылы , ал түнде жарықтық сигналдар берумен жүзеге асады.

4. Су басқан аймақта қалған адамдардың көмек келгенге дейін ғимараттардың шатырлары мен жоғарғы жуан бұтақтарында және басқа қауіпсіз жерлерде болғаны абзал.

5. Су қайытқаннан кейін үзілген немесе салбырап тұрған электр сымдарынан сақтанған жөн. Мұндай зақымданулар , сондай-ақ суқұбырлық , газ және кәріздік магистральдардың бұзылуы туралы ақпаратты дереу тиісті коммуналдық қызметтер мен ұйымдарға хабарлау қажет. Суға түскен азық-түліктерді санитарлық инспекцияның өкілдері тексеруден өткізгенге дейін қолдануға үзілді-кесілді тыйым салынады.

6. Су тасқынынан кейін үйге немесе ғимаратқа кірердің алдында олардың құрылымдарының айқын қирауға ұшырамағанына және қарап шығу үшін қауіп төндірмейтіндігіне көз жеткізген жөн. Үй жайға кірместен бұрын бірнеше минут бойы оны желдету , кіретін есіктер мен терезелерін ашу керек. Ғимараттың (тұрғын үйдің) ішкі бөлмелерін тексеру кезінде ауада газдың болуы мүмкіндігіне орай, жарық көзі ретінде сіріңкені немесе шырақты қолдануға кеңес берілмейді, бұл мақсат үшін электр қолшамын пайдалану керек. Электр желісінің жай-күйін мамандар тексергенге дейін жарық беру және өзге қажеттіліктер үшін электр көздерін пайдаланбау қажет. Ғимаратты кептіру есіктер мен терезелерді ашу және бір мезгілде су тасқыны салдарынан жинақталған су мен ылғалды қоқыстан тазарту арқылы жүргізіледі. Бұл жұмыстар орындалғаннан кейін қажеттілігіне қарай құрылысқа жеңіл-желпі немесе күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі .

Кептеліс - бұл арнада өзен ағысына кедергі келтіретін мұздың жинақталуы. Нәтижесінде судың көтерілуі мен оның тасуы іске асады. Кептеліс, әдетте, мұз жабыны жарылатын қыстың соңы мен көктемде түзіледі. Ол ірі және ұсақ мұз кесектерінен құралады.

Сең - мұз кептелісіне ұқсас құбылыс. Алайда, біріншіден, Сең босаң мұздың (жұқа мұз, кішкене мұз кесектері) жинақталуынан тұрады, ал кептеліс болса ірі мұз және сирек жағдайларда шағын мұз кесектерінен құралады. Екіншіден, мұз сеңі қыс басталған кезде, ал кептеліс қыстың соңы мен көктемде байқалады.

Желқума - бұл желдің су бетіне әсер етуінен туындайтын су деңгейінің көтерілуі. Мұндай құбылыстар ірі өзендердің сағаларында, сондай-ақ үлкен көлдер мен су қоймаларында орын алады. Желқума кептеліс, сең, көктемгі су тасуы сияқты табиғи апат. Пайда болуының басты себебін үлкен циклондарға тән күшті және ұсаққа созылған жел атқарады.

Орман өрттері - бұл орман аумағы бойынша стихиялы түрде таралатын, өсімдіктердің жануынан туындайтын апат.

Найзағай зарядтары мен өздігінен тұтану себебінен өрттің туындауы өте сирек жағдайларда ғана кездеседі. 100 оқиғанаң ішінде 90-97 оқиғада өрттің шығуына кінәлілер - жұмыс алаңдары мен демалыс орындарында отты тиісті сақтық танытпай пайдаланатындар. Найзағайдан болатын өрттің үлесі жалпы саны 2% -ынан аспайды.

Көктемде өрт шығуының негізгі себебі өткен жылғы құрғақ шөпті жою және топырақты күлдік элементтермен байыту мақсатында өткізілетін ауылшаруашылық өртеулер болып табылады.

Бақылау нашар болған кезде от көбінде орманңа кетеді. Ағаш дайындау аудандарындағы өрт, негізінен, көктемде, яғни аталған жерлерді ағаш қалдықтарын өртеу әдісімен тазарту кезінде орын алады. Жаздың ортасында өрттің елеулі бөлігі жидек пен саңырауқұлақ жинайтын жерлерде туындайды.

Тұтану сипаты және орман құрамына қарай өрттер төменгі, биіктік, топырақтық болып бөлінеді . Олардың барлығы дерлік алғашында төменгі сипатқа ие болады, кейін белгілі бір жағдайлар әсер етуіне байланысты биіктік немесе топырақтық деңгейге өтеді. Төменгі және биіктік өрттердің таралу жылдамдығы аса маңызды сипаттамаларға ие. Сондықтан олар әлсіз, орташа және күшті болып жіктеледі. Оттың таралуы жылдамдығы бойынша төменгі және биіктік өрттер тұрақты және үстіртін болып бөлінеді. Әлсіз төменгі өрттің таралу жылдамдығы - 1 м\мин-тан аспайды, орташанікі - 1-ден 3 м\мин-қа дейін, күштінікі - 3м\мин-тан астам болады. Әлсіз биіктік өртте жылдамдық 3 м\мин-қа дейін, орташа 100 м\мин-қа дейін, ал күшті 100м\мин-тан астам болады.

Әсіресе ағаштардың жоғарғы бөліктері жанған кезде көп залал келтіреді.

Өрт қауіптілігі бар маусымда :

  • жанып тұрған сіріңкені, темекі қалдықтарын тастауға және темекі тарту түтікшесінен ыстық күлді қағып түсіруге;

  • аңшылық кезінде оңай тұтанатын немесе бықсып жанатын материалдарды пайдалануға;

  • орманда (арнайы бөлінген жерлерді қоспағанда) бензин, керосин немесе басқа жанғыш заттар сіңген немесе жағылған сүрткіш шүперектерді қалдыруға;

  • жұмыс істеп тұрған іштен жану қозғалтқыштарының отын бактарына жанармай кұюға; қозғалтқышының қоректендіру жүйесінде ақауы бар машинаны пайдалануға; сондай-ақ жанармай құйылып жатқан машиналарға жақын жерде темекі тартуға немесе ашық отты пайдалануға;

  • орманның күн сәулесі түсетін алаңқайына бөтелкелерді немесе әйнек сынықтарын қалдыруға болмайды, өйткені олар сәулелерді шағылыстыра отырып, тұтандырғыш линза ретінде өрт тудыруға қабілетті болады;

  • ағаштардың түбіндегі, орман алаңқайларындағы және шалғындардағы, сондай-ақ егістіктер мен шыбындықтардағы шөптерді тұтандыруға;

  • қылқанжапырақты жас ағаштарда, шымтезектік қазбаларда, ағаш түбірлері қалған ағаш дайындау және дайындалған ағашы бар орындарда, қураған шөпті жерлерде, ағаштардың түбінде, сондай-ақ зақымданған орман учаскелерінде (желмен құлаған, тамырымен қопарылған) және ескі от жағу орындарында алау жағуға тыйым салынады.

3. Қорытынды кезеңі - 10 минут.

Жаңа тақырыпты талдау және бекіту кезеңінде , 3-5 оқушылардан сабақ сұрау , сұрақтарына жауап беру.

Бағалау және бағаны оқушыларға хабарлау . Үй тапсырмасын жазып алуына мүмкіндік жасау.

Әскери қоштасу рәсімі оқушылармен.

Сұрақтар мен тапсырмалар

1.Көшкіндер , селдер мен опырылулар деген не ?

2.Көшкіндер қалай жіктеледі ?

3.Қар көшкіндері дегеніміз не ?


АӘД оқытушы - ұйымдастырушы :

майор Б. Сыздыков .




© 2010-2022