Сабақтың тақырыбы: Қарумен саптық тұрыс

Раздел Основы безопасности жизнедеятельности (ОБЖ)
Класс 10 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:



Сынып 10.

Сабақтың тақырыбы: Қарумен саптық тұрыс

Сабаққа бөлінетін уақыт: 1 сағат (40-45 мин.)

Сабақтың түрі: Практикалық сабақ. Далалық жағдайда ер балалармен.

Сабақтың мақсаттары:

1. Оқытулық: Қаруды меңгеру, оны алып жүру мен қолдануға машықтану, «Арқада»

«Белдікте», «Кеудеге» пәрмендерінің орындалу ретін меңгеру.

2. Дамытулық: Автоматтың макеттері арқылы қаруды асыну әдіс тәсілдерін

жаттығулар жасау арқылы үйрену, жеке және бөлімшемен біркелкі

жасай білу.

3. Тәрбиелілік: Саптық дайындық арқылы ерік-жігерлерін шыңдау, ілтипаттылыққа,

ұқыптылыққа, жинақылыққа, байқағыштықтарын, орындаушылық

қабілеттерін дамыту.

Пән аралық байланыс : Дене тәрбиесі

Көрнекіліктер: ҚР Конституциясының 15 жыл толуына арналған әскери шеруден

көрініс, бейнетаспа -15-20 мин.

Сабақ өтілетін орын: Саптық алаң.

Қолданылатын әдебиеттер: 10 сынып оқулығы, деректер. АӘД журналы.

Сабақтың өтілу барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі: Сабақ алдында взвод бойынша саптануы. Взвод

командирлерінің сабаққа қатысушылар мен дайындықтары туралы

баяндамасы. Оқушылардың сыртқы бейнесі (әскериленген киінуі мен

тазалығын, үтіктелуін тексеру, ер балалардың шашы, аяқ киімдерінің

тазалығы, жағалықтары мен жеке гигеналық құралдарының

түгелдігін тексеріп, аяқ киімдерінің тазалығына жеке оқушыларға

ескертулер жасау) қаралады.

Сабақтың міндеті мен тақырыбы, өтілу орны туралы хабарлау.

Сабақ алдында 5-7 минуттық саяси хабарлама, тәуліктік кезекші

немесе алдын ала бөлінген оқушы жасайды.

2. Қайталау сұрақтары : Бөлімше жазылма сабы қандай болуы керек? Екі қатарға немесе бір қатарға тұрғызылу қандай әмірлер арқылы жүргізіледі? Бастықтармен сәлемдесуді қалай іске асырады?

3. Жаңа материалмен таныстыру: «Бауды босат (тарт)», «Автоматты - кеудеге!», «Автоматты- белдікке», «Автоматты - арқаға!» әмірлерінің орындалуы жайында түсінік береміз. Қарумен саптық тұрыс қарусыз саптық тұрыс сияқты, қарудың ұңғысы жоғары қараған қалыпта оң қолдың білегін белдіктің жоғарғы тұсына тигізіп, ал жиналмалы дүмбілі автоматта ұңғысы төмен қаратып иыққа іле ұстауды «белдікке» деп аталады. Қол пулеметі дүмбісі оң аяқ өкшесіне еркін түсіріліп, оң қолмен ұстау керек.

Сабақтың тақырыбы: Қарумен саптық тұрыс


Карабинді аяққа қойып, қол пулеметі сияқты газ түтігінен ұстайды.

Автоматты «белдікке» күйінен «кеудеге» күйіне және кері ауыстыру үш тәсілмен орындалады. (көрсету)

Жиналмалы дүмбілі автомат үшін бүл ауысулар екі тәсілде жасалады.

Белдіктері ыңғайлы болулары үшін «Белдікті - тарт (босат)» әмірлері беріледі. «Белдікке» әмірі бойынша автомат және қол гранатаатқышы қолға, карабин мен пулеметтар аяққа ұсталады. Осыдан кейін «Белдікті - тарт (босат)» орындалады.

Сабақтың тақырыбы: Қарумен саптық тұрыс

«Автоматты - кеудеге!», «Автоматты- белдікке», «Автоматты - арқаға!» әмірлері берілмес бұрын, «Сақтандырғышқа қой» әмірі беріледі. Егерде сүңгі пышақты алып тастау (қайырып тастау) қажет болса, онда «Сүңгі пышақты - ал (қайырып таста!)» не

«Сүңгі пышақты - сал!» әмірлері беріледі. Әр берілген әмірлерден кейін қаруларды қалыпты жағдайда ұстау, ыңғайлы болулары үшін «Қаруды -түзет!» әмірлері беріледі.

Жоғарыда айтылғандарды практика жүзінде жасап көрсету.

4. Сабақты қорытындылауға, тақырыпты қамтуға арналған сұрақтар: Саптық тұрыс орындалу кезінде қарулардың орналасу жағдайлары қандай? «Автоматты - кеудеге!», «Автоматты- белдікке», «Автоматты - арқаға!», «Қаруды -түзет!», «Сақтандырғышқа қой», «Сүңгі пышақты - ал (қайырып таста!)»,«Сүңгі пышақты - сал!» орындалу тәсілдері. Қарумен қозғалыс пен бұрылыстардың орындалуы.

5. Үйге берілетін тапсырма:т.6.4. 278-283 бет.

6. Бағалау.Ескертпелер мен көңіл аударуды қажет ететін сұрақтар:





АӘД пәні оқытушы-ұйымдастырушысы Е.С Казангапов


© 2010-2022