Біздің сынып

Сабақтың мақсаты:      Оқушыларға тақырыпты ұғындыру, тапсырмалар орындату. Түсініктерін қалыптастыру.    Ой- өрістерін кеңейтіп, пәнге деген қызығушылықтарын ояту. Шығармашылық жұмыстар арқылы ойлау қабілеттерін жетілдіру, дамыту.    Зерделі де зейінді, түсінігі қалыптасқан шәкірт тәрбиелеу. •Оқушылардың өтілген тақырып •бойынша білім –дағдыларын айқындау, семантикалық •картамен жұмыс дағдысын қалыптастыру . Іскерліктен, өз бетімен еңбектену сезімдерін дамыту, жеке оқушылардың білімін арттыру. Әр оқушының ой қиялына ерік бере отырып, өзінше ойын түйіндеуге, шығармашылықпен жұмыс істеуге жұмылдыру, оқушылардың білімділігін арттыру, сөздік қорын байытып, тілін дамыту. Есте сақтау қабілетін ұлғайту. Оқушыларға тапсырмалар беру арқылы өз ойын көркем тілмен жеткізе білуге дағдыландыру екі тілде сөйлеуге машықтандыру •3. Шағын топқа бірлесе ынтымақпен жұмыс    атқарады,бірге қорытынды жасау. •Оқушыларды еңбектенуге, табандылыққа, дәлдікке, ұқыптылыққа, шыдамдылыққа, жан-жақтылыққа, сынып намысын қорғауға тәрбиелеу.
Раздел Основы безопасности жизнедеятельности (ОБЖ)
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: «Ойлы болсаң, озып көр»

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың әрбір пән бойынша алған білімдерін тиянақтау, топтар бойынша сайыс өткізу, шапшаңдыққа жинақтылыққа тәрбиелеу, ақыл - ойын дамыту.
Көрнекілігі: кеспе әріптер, сандар.
Түрі: Сайыс сабақ

Сабақтың барысы
Ұйымдастыру бөлімі.
1. Оқушыларды топқа бөлу.
2. Топ басшыларын сайлау.
3. Қазылар алқасын сайлау.
4. Жеребе тастап қай топ ойынды бірінші болып бастайтынын анықтау.

Мұғалім:
Бәйгеге түсіп жарыспай,
Жүйріктің бағы жана ма?
Білім мен өнер жұптаспай,
Тәлім, тәрбие алар ма?
Бұл бәйге ойдың бәйгесі.
Кім жүйрік болса сол алда
1. «Кім жылдам?» Әр оқушыға әріптер таратамын. Сол әріптен басталатын сұрақтарға жауап беру керек.

І топқа 8 сұрақ.
1. Ертегі оқисың ба?
2. Тәтті берсе жейсің бе?
3. Анаңа еркелейсің бе?
4. Сөмкеңде не бар?
5. Досың кім?
6. Аспанда не бар?
7. Қандай сыйлық алғанды ұнатасың?
8. Қандай тілек айтасың?

ІІ топқа.
1. Жасың нешеде?
2. Қалтаңда не бар?
3. Қандай кітап оқисың?
4. Алма берсе жейсің бе?
5. Нені жақсы көресің?
6. Кеше не істедің?
7. Ініңнің аты кім?
8. Кімге сәлем жолдайсың?

2. «Ұшқыр ой»
Асықпаймыз, саспаймыз,
Ұшқыр ойға бастаймыз.
Тақтадағы сөзден
Бірнеше сөз құраймыз.

Қолшатыр
Қол, от, шатыр, шар, шақ, қар, лақ, ол, тор, тал, ал, тар, торла.

3. «Біліміңді мықта»
Шабыт тасып шалқысын,
Көңілді кеш жасайық.
Мұнда қызық табылар,
Жұмбақ есеп бәрі бар.
Білімдеріңді сынайық.

І топқа:
1. Бір қазақ қалаға бара жатыр еді, жолда үш танысы қарсы шықты. Қанша адам қалаға барды? (1)
2. Төрт жұмыртқа төрт минутта піседі, ал екі жұмыртқа неше минутта піседі? (4)
ІІ топқа:
1. Үйдің төрт бұрышында төрт мысық отыр. Әр мысықтың алдында үш мысық отыр. Үйде неше мысық отыр? (4)
2. Тауық бір аяқпен тұрғанда бес кг, ал екі аяқпен тұрғанда неше кг болады? (5)

4. «Сен білесің бе?»
1. «Кел, балалар, оқылық!» кімнің өлеңі? (Ыбырай Алтынсарин)
2. Қазақстанның Республикасының президенті? (Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев)
3. Аптаның бесінші күні қалай аталады? (Жұма)
4. Қазақстан Республикасының бас қаласы? (Астана)
5. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік ту жобасының авторы? (Шәкен Ниязбеков)
6. Тәуелсіздік күні қашан тойланады? (16 - желтоқсан)
7. Кім? Кімдер?Не? Нелер? сұрағына жауап беретін сөз табы? (Зат есім)
8. Төрт түлік малдарды ата? (Сиыр, қой, ешкі, түйе, жылқы)
9. Адамға өмір сүру үшін не қажет? (Ауа, су, жылу, жарық, тамақ)
10. Жұмыртқа сөзінде неше буын бар? (3 буын, жұ - мырт - қа)

5. «Ойлан да, аяқта»
Ойланбастан басқасын,
Жазып қойма бұл жерге
Керек сөзді таңдап жаз,
Уақыт берем сіздерге.
1. Күш - білімде, білім - ...(кітапта)
2. Еңбектің наны тәтті, ...жаны тәтті (жалқаудың)
3. Денсаулық - зор ...(байлық)
4. Кітап - білім бұлағы, ...- өмір шырағы (білім)
5. Анадан артық...бар ма? (дос)
6. Анасыз ақын да болмайды,... да болмайды. (батыр)

Қорытынды
Қазылар орнықтырар әділдікті,
Кімдердің жауаптары кәміл шықты.
Білім мен тапқырлықтың жарысында,
Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты, - дей келе сөз кезегін әділқазыларға беріледі.

Кері қайту


Тақырыбы: Оқулық - біздің өміріміз

Сабақтың мақсаты:

  1. Оқушыларға білімнің оқулық арқылы берілетінін, оқулықтың адам өміріндегі маңызын түсіндіру.

  2. Оқулықты қадірлеп, күтіп ұстауға баулу.

  3. Оқушылардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру.

Сабақтың көрнекілігі: Кітап туралы жазылған плакаттар, кітаптар көрмесі, «ана тілі», дүниетану, «қазақ тілі», «математика» оқулықтары, тәрбие сағатының тақырыбы жазылған плакат т.б.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі

  2. Мұғалімнің кіріспе әңгімесі

  3. Оқулығың - құралың

Жағар білім шырағың

Баса алмайсың ешқашан

Онсыз алға бір адым. - дегендей, білім негізі, білімнің кілті - кітапта. Оқулық - адамның досы. Кітап оқымай өмірді білу де, білім алу да мүмкін емес.

Мына отырған бәріміз Қазақстан азаматтарымыз, яғни Қазақстанның әрбір азаматы білімді болып өсуі керек. Ол үшін терең білім, ғылым жаңалықтарын, өткен тарихымызды, өнерімізді, салт - дәстүрімізді, әдет -ғұрыптарымызды көбірек білуіміз үшін, алдымызда тұрған «Атамұра» баспасынан шыққан оқулықтарды көбірек оқуымыз керек.

  • Елбасымыз кім?

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев еліміздің барлық балаларының оқып, білім алуы үшін, оларды оқулықтармен қамтамасыз етуіне көп көңіл бөлуде.

Оқулық - біздің өміріміз. Оқулықтарды жасау үшін де көптеген мамандық иелері тынымсыз еңбек етеді.

  1. Оқулық қалай жасалады?

Бастаушы: Адамның досы кітап, өмір кілті,

Тең келмес оған жиған мүлкі.

Ақылшы жанға серік жол бастаушы,

Асыл ой, қазынасы, өмір көркі.

Бастаушы: Тұрады басын құрап әріп неден,

Басталған білім басы әліппеден.

Қарасаң шалқар теңіз, түпсіз мұхит,

Оқысаң кітап сырын ашып терең.

(Кітап макетін қолына ұстап тұрып)

Бастаушы:

  • Мен адамның досымын. Мені жасау үшін адам баласы көп еңбек сіңіреді. Алдымен адам орманнан ағаш кеседі. Оны фабрикаға апарады. Фабрика ол ағаштан қағаз жасап шығарады. Содан соң оған авторлар жазады. Суреттер салады. Баспахана жазулар мен суреттерді басып, кітап етіп шығарады. Жұмысшылар машинаға тиеп, ауылға, қала -қалаға таратады. Міне, мен енді сенің қасыңда тұрмын. Мені күтіп, жыртпай ұста. Мен сенімді досыңмын.

Бастаушы:

  • Қазіргі кезде барлық мектеп оқушыларына оқулықтар тегін берілуде. Оқулықты бүктеп, жыртып бүлдіруге болмайды. Өйткені әр кітап - Отан байлығы, аға - апаларымыз бен әже - аталарымыздың маңдай тері.

1 - оқушы: Саған білім жемісін,

Оқулығың береді.

Талай адам сол үшін

Маңдай терін төгеді.

2 - оқушы: Орманшының аялы

Алақаны өсірген

Сансыз ағаш саяла,

Қағаз үшін кесілген.

3 - оқушы: Ағаш кесіп қанша адам,

Ормандарда жүреді.

Аға қанша шаршаған

Ағаш тиеп үнемі.

4 - оқушы: Машинист боп жасынан,

Дүбірлетіп даланы.

Сол ағаштан тасыған,

Білер ме көп ағаны.

5 - оқушы: Заводтарда күні - түні,

Қағаз жасап бағалы

Қанша адамның кім үшін,

Маңдай тері тамады?

6 - оқушы: Оқулықты баршаға,

Талай ғалым қолға алып.

Жылдар бойы қаншама,

Жазады ұзақ толғанып.

7 - оқушы: Әдемілеп берсем деп,

Бояу жағып не түрлі.

Суретшілер көркемдеп,

Қанша уақыт отырды.

8 - оқушы: Әріп теру үшін де,

Талай адам терледі.

Баспахана ішінде,

Айлап тыным көрмеді.

9 - оқушы: Оқулықты мектебің

Берер саған теп - тегін.

Білмейсің -ау сен бірақ,

Қаншама еңбек кеткенін.

10 - оқушы: Оқулығың құралың,

Жоғары білім шырағың.

Баса алмайсың ешқашан,

Онсыз алға бір адым.

11 - оқушы: Оқулықты құрметте,

Күтіп ұста, кірлетпе.

Кішілерге табыс ет,

Дақ түсірмей бір бетке.

Ән. «Қазақстаным»

Грамматика: «Өнер алды - қызыл тіл» - дейді ғой халық. Сол өнердің де, білімнің де алды, адамдар қарым - қатынасының басты құралы болып табылатын тілде талай - талай қызық бар. Тіліміздің сан алуан сырын, қызық құбылысын грамматиканы оқып, үйрену арқылы меңгере аламыз.

Ана тілі: Мені қалың елім - қазақ баласы сүйеді, құрметтейді. Мен оларды ұрпақтан -ұрпаққа қастерлеп жеткізер қасиетті мұрасымын.

Мен де ондай ұрпағымның асыл арманы, қуанышы мен қызығы үшін қызмет етемін.

Ән. «Ана тілім»

Бастаушы: Кітап - біздің рухани жан азығымыз. Өмірдің қиын сәттерінде сенімді сырласымыз, адал досымыз.

Бастаушы: Кітап - жаман әдеттерден аулақ болуға үндейді. Ақыл кеңес, тәлім -тәрбие, үлгі - өнеге береді. Елді, жерді сүюге, талапты, кішіпейіл болуға мейірімділікке баулиды. Сондықтан оқулықты бүктеп, жыртып бүлдіруге болмайды.

Кітапты сүю, қастерлеу, оны күтіп ұстау мақсатында «Кітаптар мұңы» атты көрініс көрсетіледі.

Автор: Мектептің отын қоймасына біреу бір құшақ кітаптар әкеліп тастады. Беттерін шаң басқан бір топ оқулықтар қайда келдік дегендей жан - жағына көзін сығырайта ашып, көршісін түртті.

Математика: Ей, тұрсаңшы! Қайда келдік, тіріиісің өзі?

Ана тілі: Ой, мазамды алмашы, бүйткен тіршілігі құрысын. Бұданда парақтарымның жыртылып, желмен ұшып кеткені жақсы еді ғой.

Математика: Не болып қалды? Жалғыз сенің басыңа келді деймісің бұл қасірет. Біздің де көрген қорлығымыз аз емес. Биылғы оқу жылын зорға аяқтап шықтық. Басыңды көтер, жөн сұрайық. Кімсің өзің? Сыртың бүп - бүтін ғой?

Ана тілі: Сыртымды қайтесің? Сыртым бүтін, ішім түтін. Ана тілі оқулығы боламын. Мен үшін қагшама адамдар еңбек етті. Кім үшін? Балалар оқысын, сауатын ашсын, адам болсын деген ізгі ниет еді ғой бәрініңкі. Мен де қолымнан келгенше өз бойымдағы білімімді бердім.

Сонымен күнім не болды? Сорыма қарай Адырбай деген баланың қолына түсіп (бір күрсініп) о - ой өткен күнім есіме түссе, сай - сүйегім сырқырайды.

Қазақ тілі: Бәріміз де сол, мұңдас болдық досым. Мен Сотқарбай деген баланың кітабы боламын. Әдепті оқулық болып мектеп табалдырығын аттағаныма қуанышты едім. Оным көпке бармады. Ол парақтарымды жыртып алып, кептер жасап, ұшырып ойнағанда қой демеді ғой, анау үлкен ағасы.

Бейнелеу: Ей, е-ей! Біздің Артықбай көзімізді бақырайтып қойып, суреттерімді бастырып, бетімді шимайлады.

Бірақ шындығын айтқанда әркім өз дүниесіне ұқыпты болуы керек қой!

Математика: Енді бізді қайтер екен?

Қазақ тілі: Жинап - жинап, отқа тастайды.

Бәрі қосылып: Отқа тастар!!!

Математика: Мүмкін, бір кәдеге жаратар. Түптеуі мүмкін.

Дүниетану: Иә, түптесе мына сені түптер, жалаңаш бізді қайтсін. Жұртқа көрінуге ұялып, бір бұрышта отырған жоқпыз ба?

Бейнелеу: Тұрыңдар, достар! Сыныпта «кітаптар емханасы» бар емес пе? Жүріңдер, кітап дәрігеріне барып көрінейік.

Қазақ тілі: Иә, достар! Келер жылы ұқыпты оқушының қолына түсейік!

Дүниетану: оқулықтың қадірін білетін жақсы оқушылар көбейе берсін!

  • «Оқулық» сөзін құрастырып тұрып хормен айту.

«Оқулық»

Оқы талмай, құй санаңа жас бөбек,

Сыр құямын, жыр құямын бойыңа.

Таза ұстап, оқы мені қастерлеп,

Бар білімді мен егемін санаңа.

«Кітап емханасы» көрінісі.

Кітап түптеу дәрігерінің бөлмесі, дәрігер киімін киген оқушы. Қасында кітап түптеу емшілері. Стол үстінде керекті құралдар: қайшы, желім, қағаздар, ине, бігіз, мата т.б.

Дәрігер: - Балалар! Адамдар, жан - жануарлар, өсімдіктердің ауыратыны сияқты, кітаптар да ауырады.

Кітаптарда мынадай ауру түрлері бар.

  1. Туғаннан пайда болатын аурулар, яғни баспадан дұрыс басылмаған оқулықтар.

  2. Қартайғаннан болатын аурулар, яғни көп жыл ұсталған кітаптар.

  3. Жұқпалы аурулар, яғни сия төгіліп, май қолмен ұсталған кітаптар.

  4. Бақытсыздықтан болатын аурулар, яғни жығылып батпаққа былғанған, жыртылған оқулықтарды айтамыз.

Оқушы қыз: Сәлеметсіздер ме? Менің мына оқулықтарымның ауруын анықтап беріңіздерші.

Кітап емшісі: Окулыктарды колына ұстап тұрып:

  1. Мынау судың әсерінен ішкі беттерді былғанған, парактары бүктелген бұл жеңіл емделетін аурулар.

  2. Мына оқулық насекомдардың зияны әсерінен, сыртқы қабы бүлінген, түбі ажараған, парақтары босап қалған.

Кітап емшісі: Кітаптарыңызды тастап кетіңіз. Дәрігер екеуіміз операция жасау арқылы емдейміз.

Кітап емшісі: Түбі жыртылған кітапқа қатты қағазды өлшеп, қиып аламыз. Оны желімдейміз. Ине, жіп арқылы түскен парақтарын тігеміз. Кітап түбін шүберекпен желімдейміз. Сөйтіп кітаптарды емдеп, пайдалануға жарамды етіп шығарамыз.

Оқушы: (Кітап ұстап тұрып)

Кейбіреулер ерігіп, бос жүруден зерігіп,

Бетімді менің ашады, әңгімеге басады.

Жолдарымды сызады, шырқымды да бұзады.

Онымен іс бітпейді, беттерімді бүктейді.

Көп жерімді жазады, қайшыменен қияды.

Налымайын неге мен, бұл секілді пендеге.

Оқушы: Сені сүймес адам аз,

Ақылды көп, надан аз.

Ондайлардан түңілме,

Сені сыйлар түбінде.

Мұғалім: Иә, балалар! Білімнің кілті осы оқулықта. Оқулық - біздің өміріміз. Оқулықты жыртпай таза ұстайық. Оқулықта қаншама адамның еңбегі бар. Өзімізден кейінгі іні - сіңлі, қарындастарымыз бар, күтіп ұстап, соларға табыс етейік. Сыныбымызда кітап қадірін білетін балалар көбейе берсін. Сыныпта сайланған кітап бақылаушыларымыз күнделікті оқулықтың сырты қапталуын, таза ұсталуын бақылап отырады деп сенеміз.

Кітап, білім туралы мақал - мәтелдер, нақыл сөздерді айта отырып, сабағымды аяқтаймын.


«Сыныптан тыс шара»
Тақырып: «Біз білімді ұрпақпыз»
Мақсаты: оқушылардың әрбір пән бойынша алған білімдерін тиянақтау, топтар бойынша сайыс өткізу, шапшаңдыққа, жинақылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: ойын бөлімдері жазылған плакаттар,
Жүру барысы:
Ал, келіңдер, келіңдер!
Біріңе бірің еріңдер
Біліміңді тексеріп
Жарысқа қатысып көріңдер - деп балалар ортаға шақырылады.
Мұғалім:
1. - Бәйгеге түсіп жарыспай
Жүйріктің бағы жанар ма?
Білім мен өнер жарысып
Тәрбие, тәлім табар ма?
Бұл бәйге ойдың бәйгесі
Кім ұшқыр ойға - сол алда - дегендей, бүгінгі сабағымызды бастайтын уақыт та келіп жетті.
- Балалар бүгін бізде кімдер отыр? /Қонақтар/
- Дұрыс айтасыңдар.
- Біздің халқымыз қонақжай екенін білесіңдер, келген қонақтарды қалай күтеміз?
- Иә, балалар, біз қонақтарды сабаққа жақсы дайындығымызбен, қарсы алайық.
2.«Қазылар алқасын» сайлау
Құрметті қонақтар, бүгінгі болатын сайысты «Білімді ұрпақ - еліміздің болашағы» деген атпен 4 А сыныбының оқушылары ұйымдастырып отыр.
Сонымен ортада « Тамаша жетілік» тобы.
Екі топқа бөлу: «Құлагер» «Тайбурыл»
1. Сәлемдесу:
«Құлагер»
Құлагердей халық сүйген
Шаршамастан шабамыз
Қиналмай - ақ, сұрақтардың
Жауаптарын табамыз
«Тайбурыл»
Тайбурылды серік етсе
Қобыланды сынды бабамыз
Қиын сұрақты шешкен сайын
Арта түспек бағымыз
Сұрақ деген не тәйірі?
Шемішкеше шағамыз
2. Ой ұшқырлығын байқаймыз. «Бәйге» /әр дұрыс жауапқа 10 ұпай қойылады
1. Абай Құнанбаев кім?
2. Қабанбай батырдың шын аты? / Ерасыл/
3. Қазақтың ең алғаш ұшқыш - ғарышкері кім? /Тоқтар Әубәкіров/
4. Исатайдың жан серігі кім? / Махамбет/
5. Тірі табиғатқа не жатады? / өсімдік, адам, жануарлар/
6. Жүрек қандай қызмет атқарады? /қан айналу/
7. - Түйеқұс 2 аяғымен тұрғанда 15 кг тартса, бір аяғымен тұрғанда қанша тартады? /15кг/
8. - Ұшақ Алматыдан Семейге дейін 1сағ 40мин ұшады, ал кері қайтқанда 100 мин ұшады. Айырмашылығы бар ма? /100 мин/
9. - Екі қарға бірі оңтүстікке қарап, бірі солтүстікке қарап отыр. Олар бір - біріне « досым мен сені көріп отырмын дейді» сонда олар бір бірін қалай көрген. /екеуі бір - біріне қарама қарсы отыр/
10. Ілік септіктің сұрақтарын ата / кімнің?, ненің?/
4. « Жеті жұрттың тілін біл» немесе полиглот / дұрыс жауапқа 20 ұпай, егер біреуі дұрыс болса 10 ұпай/
Мұнда сендер қазақша, орысша, ағылшынша тілді дұрыс сөйлеумен қатар, қатесіз жазуларыңыз тексеріледі.
1. Күн мен түн теңелетін жыл мезгілі / көктем - весна - spring/
2. Мұрты бар, иегінде сақалы жоқ,
Тоны бар, киеріне шапаны жоқ.
Пайдасы үй ішінен табылған соң,
Далаға кіріп - шығар сапары жоқ / мысық - кот - cat/
3. Жүз теңгең болғанша,
Жүз........... болсын. /дос - друг - friend/
4. Тықырлатып тақтайды,
Түні бойы жатпайды /тышқан - мышь -/
5. Футболшының алаңдағы ойын заты /доп - мяч - ball/
6. Қабат - қабат қаттама
Ақылың болса аттама / кітап - книга - Book/
7. Жеті қазынаның бірі -
Адамды қорғап жүретін досы /ит - собака - dog/
8. Қыста ұйықтап жатады,
Жазда қызыққа батады / аю - медведь/
9. Бір үйге
Көзсіз боп басты сұғасың
Бұл үйден
Көреген боп шығасың / мектеп - школа/
10. Әр адамның шағын Отаны /отбасы - семья - family/
5. « Қызықты жетілік»
20 20 20
30 30 30
40 40 40

Бұл кезеңде сендер өздерің таңдап алған сұраққа жауап бересіңдер.
Жеңіл сұрақ 20, ең күрделі сұрақ 40 ұпай
қазақ тілі /20 ұпай/ - сөз таптарын ата
ана тілі - 30 /ұпай/
Балалар, бұл - жол басы даналыққа
Келіңдер түсіп келіп, байқайық та
Бұл жолмен бара жатқан өзіңдей көп
Соларды көре тұра қалайық па? - авторы / А Байтұрсынов/
/20 ұпай/ - Елтаңбаның авторлары кім? / Шот Аман Уалиханов, Жандарбек Мәлібеков/
20 ұпай - математика - Геометриялық фигуралардың периметрін қалай табамыз
30 ұпай - Неше материк бар, соны картадан көрсетіп бер
30 ұпай - неше мұхит бар, соны картадан көрсетіп бер
40 ұпай - Қашықтықты қалай табамыз
40 пай - 8 - дің көбейту кестесін айтып шық
40 ұпай - Отан деген не? / менің жерім, елім/
6.« Кім жылдам? 1 - топ
1. Ертегі оқисың ба?
2. Тәтті берсе жейсің бе?
3. Анаңа еркелейсің бе?
4. Сөмкеңде не бар?
5. Досың кім?
6. Аспанда не бар?
7. Қандай сыйлық алғанды ұнатасың?
8. Қандай тілек айтасың?
2 - топ
1. Жасың нешеде?
2. Қалтаңда не бар?
3. Қандай кітап оқисың?
4. Алма берсе жейсің бе?
5. Нені жақсы көресің?
6. Ініңнің аты кім?
7. Кеше не істедің?
8. Кімге сәлем жолдайсың?
7.«Біліміңді мықта» деп аталады.
Шабыт тасып шалқысын
Көңілді кеш жасайық
Мұнда қызық табылар
Жұмбақ есеп бәрі бар
Білімдеріңді сынайық
Қателеспей мұқият ойланып айтуларыңыз қажет.
1. Бір қазақ қалаға бара жатыр еді, жолда үш танысы қарсы шықты. Қанша адам қалаға барды? /1 адам/
2. Төрт жұмыртқа төрт минутта піседі, ал екі жұмыртқа неше минутта піседі? / 4/
3. Үйдің төрт бұрышында төрт мысық отыр. Әр мысықтың алдында үш мысық отыр. Үйде неше мысық отыр? /4/
4. Тауық бір аяқпен тұрғанда 5 кг, ал екі аяқпен тұрғанда неше кг болады?/ 5/
8.« Сен білесің бе?» / екі капитан жарысы/
1. Кел, балалар, оқылық өлеңінің авторы кім? / Ыбырай/
2. Қазақстан тұңғыш президенті кім?
3. Дыбыстар нешеге бөлінеді?
4. Қос бүйірін таянып тұрған қай әріп?
5. Аптаның бесінші күні қалай аталады?
6. Адам немен тыныс алады?
7. Жылджан құр қалған жануар?
8. Ұя салмайтын құс?
9. Көру мүшесі
10. 9 - мамыр қай күн?
9. « Ойлан да, аяқта»
Ойланбастан басқасын
Жазып қойма бұл жерге
Керек сөзді таңдап жаз
Уақыт берем сендерге
1. Отан оттан да........ /ыстық/
2. Айтылған сөз - атылған.........../оқ/
3. Көз қорқақ, қол.............../ батыр/
4. Ашу - дұшпан
Ақыл --....... /дос/
5. Денсаулық - зор................/байлық/
6. Күш - білімде
Білім -..................../кітапта/
11. Қорытынды:
Қазылар орнықтырар әділдікті
Кімдердің жауаптары кәміл шықты
Білім мен тапқырлықтың жарысында
Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты, - дей келе сөз кезегін әділқазыларға береміз
Қорытындылау, бағалау


Мақсаты: Оқушылардың әр пән бойынша алған білімдерін тексере отырып, білім - білік дағдыларын байқау, ақыл-ой өрісін жан-жақты дамыту. Ана тілін сүюге, аталы сөзді түсінуге үйрету. Елін, жерін қастерлеп, қорғауға тәрбиелеу.

Мұғалім: Жер үстінде адам өмір өткізер,
Бар нәрсеге білім қолды жеткізер.
Бар ізгілік тек білімнен алынар,
Білімменнен аспанға жол салынар.
Армысыздар ата - аналар, ұстаздар!
- Бармысыздар,
Болашақтың басталуы,
Балғын шақты балалар!
Қазір сіздер осы уақытқа дейін алған білімімізді көрсететін «Сынып үздігі» атты интеллектуалды ойынымызды тамашалайсыздар.
Ал, келіңдер, келіңдер,
Біріңе - бірің еріңдер,
Біліміңді тексеріп,
Ойынға қатысып көріңдер
(Ойынға қатысушы оқушыларды ортаға шақырамыз)
Қатысушы оқушылар:
1. Кеңес Диас
2 .......
Осы аралықта алған білім дәрежемізді өлең - жыр, жұмбақ, мақал - мәтелмен өрнектеп барымызды ортаға салайық. Біліміміздің артып, санамыздың өскенін, сөз байлығымыздың молайғанын көрсетейік.
«Сынып үздігі» атты интеллектуалды ойынымыз 5 бөлімнен тұрады.
1. «Бәйге»
2. «Тіл өнер»
3. «Ғажайып төрттік»
4. «Тапқырлық»
5. «Жорға»
Сайысқа қатысатын оқушыларға іске сәт!
1 - бөлім: «Бәйге». Бұл бөлімде 20 сұрақ қойылады. Сол сұраққа ең бірінші қол көтерген оқушы жауап береді. Дұрыс жауапқа 10 балл
1. Қазақ әліпбиінде қанша әріп бар? (42 әріп бар)
2. Ең кіші бір таңбалы сан? (1)
3. Сұйық зат? (Су)
4. "Қ" қандай дауыссыз дыбыс? (Қатаң дауыссыз)
5. Ешкінің төлі қалай аталады? (Лақ)
6. Бір сағатта неше минут бар? (60 минут)
7. Тудың түсі? (Көгілдір)
8. Қар қай мезгілде түседі? (Қыста)
9. Қазақстан Республикасының президенті? (Н. Назарбаев)
10. Сиырдың төлі? (Бұзау)
11. Жер бетінің өсімдік өсетін қабаты? (Топырақ)
12. Қой маңырайды, сиыр. (Мөңірейді)
13. Балалар сөзіне қандай сұрақ қойылады? (Кімдер?)
14. Жемістер қай мезгілде піседі? (Күзде)
15. Қазақстан Республикасының астанасы? (Астана)
16. Екі өркешті жануар? (Түйе)
17. Алфавиттің ең бірінші әрпі? (А)
18. Жаяу жүргінші бағдаршамның қай түсі жанғанда жүреді? (Жасыл)
19. Бүгін аптаның қай күні? (Жұма)
20. "О" дыбыбы қандай дыбыс? (Дауысты, жуан)
Ұпайы аз 2 оқушы ойыннан шығады.

2 - бөлім: «Тіл өнер»
Бұл турда оқушыларға 14 сұрақ қойылып, дұрыс жауапты екі тiлде яғни, қазақ, орыс, ағылшын тiлiндегi аудармаларын айтады. Дұрыс жауапқа 10 ұпайдан қосылады.
1. Қолымды 4 алма,
Табақта 4 алма,
Барлығын қосқанда
Болады неше алма? Жауабы: бес - пять - five
2. Әкеңнің анасы саған кім болады? Жауабы: әже - бабушка - grandmother
3. Сылдыр сұйық, су емес,
Iшсең шөлiң қанады.
Ақ болса да, қар емес.
Шешуiн кiм табады ? Жауабы: сүт - молоко - milk
4. Аң патшасы? Жауабы: арыстан - лев - lion
5. Жылы киім тон
"Т" алып тастап
Не деп айтқан жөн? Жауабы: он - десять -
6. Бетін адам ашады,
Білім нұрын шашады. Жауабы: кiтап - книга - book
7. Білімнен мол сый - асы,
Балғындардың ұясы. Жауабы: мектеп - школа - sсhool
8. Білімнен мол сый - асы,
Балғындардың ұясы. Жауабы: мектеп - школа - sсhool
9. Алуан түрлі із салғанмен,
Өзінен де пайдалысы - өзегі. Жауабы: қарындаш - карандаш - реncil
10. Тіл ұшында уы бар
Ол не екенін біліп ал. Жауабы: жылан - змея - snake
11. Тәтті жеміс? Жауабы: алма - яблоко - apple
12. Он асықтың үшеуін
Досың сұрап алады.
Айтшы, сонда нешеуі,
Өз қолыңда қалады? Жауабы: жеті - семь - seven
13. Бұл кім?
Бала, бала, бала деп,
Түнде шошып оянған.
Түн ұйқысын төрт бөліп,
Түнде бесік таянған? Жауабы: ана - мама - моther
14. Алманың түсі? Жауабы: қызыл- красный - red
Ұпайы аз 2 оқушы ойыннан шығады.

3 - бөлім: «Ғажайып төрттік»
Бұл тур бойынша ұпай санын (30, 40, 50) таңдау арқылы әр пәннен сұрақтар қойылады. Дұрыс жауапқа таңдаған ұпай саны берiледi.
Қазақ тілі
30. Б, в, г, ғ, д, ж, з дауыссыз дыбыстарды қай түріне жатады?
Жауаптары: А) қатаң Б) ұяң В) үнді
40. Тасымалданбайтын сөзді тап:
Жауаптары: А) асық Б) шағала В) жылқы
50. У дыбысы дауысты болып тұрған сөзді тап:
Жауаптары: А) ауа Б) уақыт В) көшу
Әдебиеттік оқу.
30. "Ғылым таппай мақтанба" өлеңінің авторы кім?
Жауаптары: А) А. Байтұрсынұлы Б) Ы. Алтынсарин В) А. Құнанбайұлы
40. Ахмет Байтұрсынұлының "Балықшы мен балық" шығармасы қандай әдеби жанр түріне жатады?
Жауаптары:А) Аңыз Б) Өтірік өлең В) Ертегі
50. Шапшаң айтылатын бір шумақ өлең қалай аталады?
Жауаптары:А)Жұмбақ Б)Жаңылтпаш В)Мақал
Математика.
30. 1 дециметрде (дм) неше сантиметр (см) бар?
Жауаптары: А) 10 см Б) 1 см В) 100 см
40. 8 - х = 6 қандай өрнек?
Жауаптары: А) әріпті өрнек Б) санды өрнек В) теңдеу
50. 1 метрде (дм) неше сантиметр (см) бар?
Жауаптары: А) 10 см Б) 1 см В) 100 см
Дүниетану.
30. Көкжиектің негізгі неше тұсы бар?
Жауаптары: А) 3 Б) 5 В) 4
40. Өсімдіктің топырақ астындағы бөлігі қалай аталады?
Жауаптары:А) тамыр Б) сабақ В) жапырақ
50. Жергілікті жерде көкжиек тұстарын анықтайтын құрал?
Жауаптары: А) Сағат Б) Құбылнама В) План
Ұпайы аз 1 оқушы ойыннан шығады.

4 - бөлім: «Тапқырлық»
Бұл турда оқушыларға бір сөз беріледі сол сөзден бірнеше сөз құрастыру қажет.
Уақыты 1 минут.
Қ А З А Қ С Т А Н
Қаз, ақ, қазақ, ас, ат, ана, зат, нақ, сақ, сақа, тана, сана, қас, қан, тас.
Ұпайы аз 1 оқушы ойыннан шығады.
5 - бөлім: «Жорға»
Бұл турда ұпайы көп қалған екi оқушыға жеке-жеке 1 минутта 10 сұрақ қойылып, дұрыс жауапқа 10 баллдан ұпай жинайды.
1 - оқушы
1. 35 саныңда неше ондық бар? (3 ондық)
2. Қарға сөзінде неше буын бар? (2 буын, қар - ға)
3. 10 + 8 өрнегінің мәні нешеге тең? (18)
4. Суда еритін заттар? (Қант пен тұз)
5. Тау сөзіндегі у дыбысы қандай дыбысқа жатады? (Дауыссыз)
6. 5 ондық, 9 бірлік нешеге тең? (59)
7. Қазақстан Ресубликасының мемлекеттік тілі? (Қазақ тілі)
8. Мұз бен қар судың қандай күйіне жатады? (Қатты күйі)
9. Қа...бақ көп нүктенің орнында қандай әріп қойылады? (ң)
10. Бұл қандай бұрыш? (Тік бұрыш)

2 - оқушы:
1. 45 саныңда неше ондық бар? (4)
2. Домбыра сөзінде неше буын бар? (3 буын, дом - бы - ра)
3. 30 + 8 өрнегінің мәні нешеге тең? (38)
4. Суда ерімейтін заттар? (Құм мен саз)
5. Ту сөзіндегі у дыбысы қандай дыбысқа жатады? (Дауыссыз)
6. 7 ондық, 8 бірлік нешеге тең? (78)
7. Топырақтың ең басты қасиеті? (Құнарлылығы)
8. Кіта.. . көп нүктенің орнында қандай әріп қойылады? (п)
9. Қазақтың тұңғыш ғарышкері? (Тоқтар Әубәкіров)
10. Бұл қандай бұрыш? (Сүйір бұрыш)

Мұғалім: «Сынып үздігін» марапаттау
Бастауышта оқиды,
Ойға білім тоқиды
Бұлар бізден жалындар
Ертеңгі ірі ғалымдар
Алдыңда ұзақ жолың бар,
Оқумен өсіп толыңдар
Қиындыққа мойымай
Аман - есен болыңдар.

Кері қайту

Ілмек сөздер: Сынып үздігі, тәрбие сағаты

Тақырыбы: «Бүгінгі білім - ертеңгі болашағым» Сайыс
Мақсаты: Оқушылардың білім - білік дағдыларын байқап, өздерін емін еркін ұстай білуге үйрету. Шапшаң ойлау, шығармашылық қабілетін дамытып,
білімге деген қызығушылықтарын арттыру.
Түрі: Сайыс сабақ
Көрнекілігі: Слайд, интерактивті тақта
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру бөлімі
Кіріспе
Жер үстінде адам өмір өткізер,
Бар нәрсеге білім қолды жеткізер.
Бар ізгілік тек білімнен алынар,
Білімнен аспанға жол салынар.

Армысыздар ұстаздар!
- Бармысыздар,
Болашақтың бастауы
Балғын шақты балалар!
Алдарыңызда тұрған 2 - сынып оқушыларының «Бүгінгі білім ертеңгі болашағым» атты интелектуалдық ойынын тамашалап отырсыздар.
Ал оқушы, ұстаздар
Ортаға назар салайық
Білімділер шықпақ ортаға
Қол соғып қарсы алайық деп ортаға сайыскерлерімізді шақырайық.

Білімімізді артып, санамыздың өскенін, сөз байлығымыздың молайғанын көрсетейік
Сәттілік.
Ашық жарқын жүзді,
Әділ қазылар біздің
Таңдап баға беруге
Шақырайық төрге деп әділ - қазыларымызды сайлайық

Интелектуалдық ойынымыз 7 бөлімнен тұрады. Әр сұрақ жауабына ұпай сандары беріліп отырады. Тағы бір айта кететін жағдай құрметті ойыншылар осы сайыста жеңген жеңімпаз «Талап»АҚ ұсынған сыйлыққа ие болады.
Жоспар
1. Бәйге
2. Пән бойынша сұрақтар
3. «Мың бір мақал»
4. «Жүз бір жұмбақ»
5. Ұйқасын тап
6. Шешендік өнер
7. Оқушының ойы «Егерде мен.......»
Жеребе суыру
Егер сайыскерлеріміз дайын болса І тур. Бәйге
Қарап тұрмай бәйгеге еріңіз
Шәкірттерге әділ шешім беріңіз
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар
Бәйге, бәйге, бәйгені бір көріңіз
І оқушы
1. Жапырақ қай кезде сарғаяды (күзде)
2. Бір сағатта неше минут бар (алпыс мин)
3. Қазақтың ұлттық саз аспабы (домбыра)
4. Дауысты дыбыстардың түрлері (жуан, жіңішке)
5. Жыл неше мезгілден тұрады (төрт)
6. Жердің пішіні қандай (домалақ, шар тәрізді)
7. Қ. Р. Рәміздерін ата (ту, елтаңба, әнұран)
8. Қойдың төлі (қошақан)
9. Әкеңнің шешесі қалай аталады (әже)
10. Қазақ тілі оқулығының авторы (Балтабаева, Солтанғазина, Лекерова)
ІІ оқушы
1. Ешкінің төлі қалай аталады (лақ)
2. Тудың түсі қандай (көгілдір)
3. Қазақ халқының ұлы ақыны (Абай)
4. Қасиетті тағам (нан)
5. Мүсін неден жасалады (саз, ағаш, металл, тас)
6. Қыстың көркі не (қар)
7. 16 - желтоқсан қандай мейрам (тәуелсіздік күні)
8. Торғай шырылдайды, қаз.... (қаңқылдайды)
9. Жылдан құр қалған жануар (Түйе)
10. Ұя салмайтын құс (Көкек)
ІІІ оқушы
1. Судың түсі қандай (түссіз, мөлдір)
2. Көру мүшесі (көз)
3. 7 күнді не дейміз (апта)
4. Білім ұясы (мектеп)
5. Көшет қай мезгілде отырғызылады (көктемде)
6. Қазақ алфавитінде неше әріп бар (қырық екі)
7. Математика оқулығының авторы (Ақпаева, Лебедева Буровова)
8. Бір жылда неше ай бар (он екі)
9. Жылқы иесі (Қамбар ата)
10. Бір тәулікте неше сағат бар (жиырма төрт)
ІV оқушы
1. Аспанның түсі қандай (көк, көгілдір)
2. Түн ұйқысын төрт бөлген адам (ана)
3. «Кел балалар оқылық» өлеңінің авторы кім (Ы. Алтынсарин)
4. Алфавиттің ең соңғы әріпі (я)
5. Екі өркешті жануар (Түйе)
6. Адам өміріне не қажет (ауа, су, жарық)
7. Жаяу жүргінші бағдаршамның қай түсі жанғанда жүреді (жасыл)
8. Жұлдыздар қай кезде пайда болады (түнде)
9. Әнұранның авторлары (Ш. Қалдаяқов, Н. Назарбаев, Ж. Нәжімеденов)
10. Дыбыстар неше түрге бөлінеді (дауысты, дауыссыз)
V оқушы
1. Іс қимылды білдіретін сөзге мысал келтір (жүрді)
2. Жылдың ең соңғы айы (желтоқсан)
3. Балық қайда болады (суда
4. Ы. Алтынсарин кім (ұстаз)
5. Ақтөс ит, Марат кім (адам)
6. Адамдарға қандай сұрақ қойылады (кім, кімдер)
7. Елтаңбаның авторы (Ш. Уалиханов, Ж. Мәлібеков)
8. Әкеңнің әкесі саған кім болады (ата)
9. Судың пішіні болама (пішінсіз)
10. Иіс сезу мүшесі (мұрын)
Сонымен І бөлім аяқталды. ІІ бөлім Пән бойынша сұрақтар
МАТЕМАТИКА
Ұшқыр ойға ерік болып шеберлік
Сөз кезеңін математикаға берелік
Арамызда тапқыш достар көп екен
Солардың енді жауаптарын көрелік.

1. 19 - 5=14
2. 1дм неше см болады `(10 см)
3. Айырманың мәніне азайтқышты қосқанда не шығады (азайғыш)
4. 9онд 3 бірліктен тұратын сан (тоқсан үш)
5. 1 ғасырда неше жыл бар (100)
6. Шаршы дегеніміз не
7. Альбомда 15 түрлі түсті, одан 7 і кем жай сурет бар. Альбомда неше жай фотосурет бар ( 8)
8. 7+9=16
9. 19 - 7=12
10. Cенде барлығы он бес теңге, сен сегіз теңгесіне карандаш сатып алдың. Сен қанша теңге қалды(жеті)

ҚАЗАҚ ТІЛІ
Әрбір тілде сөйле адамды таң қылып,
Ана тілін білмеу қандай заңдылық
Өсер болсаң байтақ далаң тұрғанда
Қазақ тілі жасау керек мәңгілік
1. Заттың іс қимылын білдіретін сөздерге мысал келтір
2. Дауыссыз дыбыстар неше топқа бөлінеді
3. Ұяң дауыссыз дыбыстарды ата (б, в, г, ғ, д, ж, з)
4. Мына мақалдан етістікті тап Бірлігі жоқ ел тозады Бірлігі күшті ел озады
5. Сөйлем неден құралады (сөзден)
6. Мына сөйлемнен заттың сынын білдіретін сөзді тап Терісі жазда сұр түске өзгереді
7. Ауызекі тіл дегеніміз не (бірін бірі көріп және естіп тұрған адамдардың өзара қарым қатынасы, әңгімелесуі.
8. Белгілі бір мәтіннің мазмұнын жазбаша түрде баяндап беру (мазмұндама)
9. Р дыбысы дауыссыз дыбыс тың қай түріне жатады (үнді)
10. Күз сөзінде неше буын бар (бір)
ДҮНИЕТАНУ
1. Дүниетану оқулығының авторы (Аймағамбетова)
2. Көкжиек дегеніміз не ( жай көзбен қарағанда көз жеткен жерге дейінгі кеңістік)
3. Көкжиек тұстарын анықтайтын құрал (Компас)
4. Көкжиектің негізгі төрт тұсын ата (С, О, Б, Ш)
5. Біздің айналамызды түгел қоршап тұр, біз оны көрмейміз, себебі ол мөлдір, түссіз (Ауа)
6. Судың қасиеттерін ата (пішіні болмайды, түссіз, мөлдір, дәмі болмайды, иіссіз)
7. Өмір сүру үшін адамға не қажет
8. Сұйық зат, ол бұлақ, өзен, көл, теңіздерде болады. (су)
9. Ауаны ластайтын заттарды ата
10. От жану үшін не қажет (ауа)
Әдебиеттік оқу
1. Сұлтан Бейбарыс әңгімесі не туралы айтылған (тұмар)
2. Айгөлек журналының авторы (Қ. Әбділда)
3. Шежірелі жерлер әңгімесіндегі Қазығұрт дегеніміз не (тау)
4. Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіров қай жылы ғарышқа ұшты (екінші қазан тоқсан бір)
5. Ең бірінші бақытым халқым менің
Соған берем ойымның алтын кенін
Ал екінші бақытым тілім менің
Тас жүректі тіліммен тілімдедім өлеңінің авторы кім (М. Мақатаев)
6. Өз үйім өлең төсегім мәтінінің мағынасын түсіндір
7. Әлкей Марғұлан кім (атақты ғалым, ғылымның әр саласында еңбек еткен)
8. Әдебиеттік оқу кітабының авторы (Иманбекова Мадиева)
9. Қазақ тілі Мемлекеттік тіл делінген. Сондықтан әрбір Қазақстан азаматы қазақ тілін білу керек деп қай заңда айтылған (Ата Заңда)
10. Талай ақын жыр еткен,
Есілдің оң жағасы
Елге әйгілі Қара өткел
Ескі Ақмола қаласы (Астана)
АРАЛАС СҰРАҚТАР
1. Домбырада неше ішек бар (екі)
2. Қатаң дауыссыз дыбыстарды ата (к, қ, п, ф, с, т, х, ц, ч, ш, щ, һ
3. Жаңылтпаш дегеніміз не (шапшаң айтылатын бір шумақты өлең)
4. 17 - 6=11
5. 1 онд7 бірліктен тұратын сан
6. Тірі табиғатты ата (адам, жануар, өсімдік)
7. Құбылнаманың ең негізгі бөлігі (қозғалмалы тілдер)
8. Ауаның қасиеттері (мөлдір түссіз, пішіні жоқ, сығылады, иісі жоқ
9. Табиғаттағы су неше күйде кездеседі
10. Омар ойыннан кеш келді іс әрекетті білдіретін сөзді тап
3Тур Мың бір жұмбақ»
Өлең, мақал, жаңылтпаш, ертегі, жыр,
Мұның бәрі жанды сөз, ішінде сыр
1. Ти десе тимейді
Тиме десең тиеді (ерін)
2. Қабат - қабат қаптама
Ақылын болса аттама (кітап)
3. Аппақ дала, қара дән
Дәнін сепкен, түсінуге жараған (әріптер)
4. Өзім сөзден тұрамын
Аяқталған ойды құрамын (сөйлем)
5. Ауыл сыртында сайда
Жатыр үлкен айна (мұз)
6. Қант емес
Қатты
Мұз емес
Тәтті (сәбіз)
7Күн күледі
Жер түледі (көктем)
8. Қалың киімді ұнатады
Шешіндірсең жылатады (пияз)
9. Шөпшілердің шөбін шашты
Қалпағымды ала қашты (жел)
10. Жайса көлдей,
Жиса еңдей (кітап)
4тур «Мақал - мәтел мәйегі»
Кім көп мақал біледі

5тур «Ұйқасын тап»
Жаңбыр жауып жабылды
Аспан шайдай ашылды
.......................................
..........................................
Көктем қандай көңілді
Күміс жаңбыр төгілді
.......................................
....................................
Мен гүлдерді жұлмаймын
Торғайларды қумаймын
........................................
.....................................
Айдын көлі сағынып
Қаздар қанат қақты бір
.............................................
..............................................
Мақтан етем ұстазымның әр ісін
Білім, беріп сусындатқан бәрі үшін
.........................................................
........................................................

6. бөлім Егерде мен...........
Егер де мен Президент болсам.....
Егер де мен Досыммен ренжісіп қалсам....
Егерде мен сабаққа дайындықсыз келсем
Егер де мен ақша тауып алсам

7. Шешендік өнер кезеңі
Менің Отаным
Білім - өмір шырағы
Менің ұстазым
Кім болам?

Бүгінгі сайысымыз аяқталды. Әділқазыларға сөз беріп, кім сайыс жеңісіне жеткенін тамашалайық.

Кері қайту


© 2010-2022