«Денсаулық және мен» таңдау курс бағдарламасы

Раздел Основы безопасности жизнедеятельности (ОБЖ)
Класс 3 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

№ 4 жалпы білім беретін орта мектебі.









«Денсаулық және мен»

таңдаулы курс бағдарламасы.













Бағдарламалық үлгіні құрастырған

бастауыш сынып мұғалімі:

Жанабаева Марзия Қуанышқызы.





Теміртау 2015 ж.









Түсініктеме.

Қазіргі уақыттағы әлеуметтік - экономикалық жағдай, тіршілік деңгейінің құлдырауы және экономикалық қолайсыздық Қазақстан Республикасының бүкіл халқының, әсіресе өскелең ұрпақтың денсаулығына кері әсерін тигізуде.
Ел Президентінің " Қазақстан - 2030" жолдамасындағы ұзақ мерзімді басымдықтың бірі - "Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл - ауқаты" тармағында "... азаматтарымыздың өз өмірінің аяғына дейін сау болуы және оларды қоршаған табиғи ортаның таза болуы үшін азаматтарымызды салауатты өмір салтына әзірлеу қажеттігі көрсетілген. Сондықтан елімізде салауатты өмір салтының пайдасына пәрменді білім беретін және ақпаратты науқан үдетіле түсуі қажет".

Көпбағытты медицина кезінде нарықтық экономикаға көшу жағдайларында сақтандыру шараларын білу, ісмерлік көрсету және оны бұзбау, салауатты өмір сүру салтын қалыптастыру денсаулықты сақтап, нығайтуда ең маңызды ерекше белгі болып табылады. Бұл көрсеткіштер көкейтесті әлеуметтік мәнділікке ие болады да, балалар мен жасөспірімдердің дұрыс өмір сүру қалпын қалыптастырудың белсенді стратегиясын, олардың әлеуметтік бейімделуі мен өз денсаулығын сақтау жауапкершілігін арттыруды, пайдалы қажеттілікке уәжділікті талап етеді.

Санитарлық - гигиеналық сауаттылық деңгейін жоғарылатуда, адам денсаулығын сақтап, нығайту үшін дұрыс өмір сүру қалпын қалыптастыру мақсатында .бастауыш сыныпқа енгізіліп отырған «Денсаулық және мен» таңдау пәні мемлекеттік стандартқа сай алынып отыр.

Бағдарлама үлгісі аптасына 1 сағат, жылына 34 сағат жүктеме берілген. Негізгі оқу материалдарын басшылыққа ала отырып,

«Денсаулық және мен» пәні арқылы оқушылар қалай салауатты болуды, денсаулықты сақтаудың жолдарын үйренеді. Қоршаған ортаның зиянды әсерінен,түрлі аурулардан сақтануға жәрдемдеседі. Гигиена ережелерін,күн тәртібін және тамақтану ережесін орындауды,ағзаның құрылысы жөнінде ,салауаттанудың кеңестерін қолдануды үйретеді. Болашақ қоғамның салауаттылығы әр адамға байланысты екенін, денсаулықты сатып алуға болмайтынына байланысты, спортпен айналысу, таза ауада серуендеу, еңбек етудің пайдасы туралы түсініктемелерді бастауыш сынып оқушыларының бойында қалыптастыру мақсатында түзілді.



Мақсаты:

Бастауыш сынып оқушыларына денсаулықты сақтау және нығайтудың әдістері мен тәсілдерін үйрету, өзінің және өз қоршаған ортасының денсаулығына салауатты көзқарасқа тәрбиелеу.

Міндеті:



  • Оқушыларды салауатты өмір сүруге және жас ұрпақты зиянды заттардан аулақ болуға;

  • оқушылардың өмірге, әсіресе адамзат ұрпағына деген адамгершілік құндылықтарды үйренуге ;

  • аурудың алдын - алуды ;

  • дене - бітімінің дұрыс дамуына ;

  • жаман әдеттен бойларын аулақ ұстауын,

  • санитарлық - гигиеналық талаптарға сай болуын ;

  • жеке бас тазалығын сақтау ережесін;

  • күн ережесін дұрыс сақтау дағдысын қалыптастыру.

Оқушы білу керек:

;

  • Денсаулық туралы негізгі түсінікті;

  • денсаулыққа қауіп төндіретін факторларды;

  • денсаулықты сақтау тәсілдері мен әдістерін;

  • салауатты өмір салтын қалыптастырудың ғылыми негіздерін;

  • ағзаны сауықтыру әдістерін;

Үйрену керек:

  • Жеке адамның және ұжымдық денсаулық сақтаудың деңгейін талдау,және болжауды;

  • денсаулықты сақтау және нығайту үшін қажетті валеологиялық білімді қолдануды;

  • оқулықтар және ғылыми әдебиеттермен өз бетінше жұмыс істеуді;

БАҒАЛАНУЫ:

  • Күнделікті бақылау: тест жүргізу,ауызша сурау.

  • Аралық бақылау: ауызша,жазбаша сұрақ

  • Қорытынды бақылау: сынақ




Бағдарлама мазмұны.

І- бөлім. Салауатты өмір салты - 7 сағат

Салауатты өмір салтын қалыптастырудың ғылыми негіздерін үйрету

ІІ- бөлім. Гигиена- 7- сағат

Оқушының санитарлық - гигиеналық талаптарға сай болуын ,жеке бас тазалығын сақтау ережесін, күн ережесін дұрыс сақтау дағдысын қалыптастыру.

ІІІ- бөлім. Дене жаттығулары - 4 -сағат

Дене - бітімінің дұрыс дамуына , денсаулығының нығаюына күнделікті дене қозғалыс жаттығуларын орындауға ықпал ету.

ІV- бөлім. Денсаулықты сақтау жолдары- 8- сағат

Адам денсаулығын бұзатын себептерді болдырмау және алдын алу.

V-- бөлім Адамгершілік құндылықтар-2- сағат

Адамның рухани саулығының басты белгілерінің бірі-адамгершілік. Сондықтанда оқушылардың бойына адамгершілік қасиеттерді сіңдіре отырып, оларға жанұя мүшелерімен,жолдастарымен үйде,мектепте,қоғамдық орындарда өзара қарым-қатынас жасауды үйрету.

VI--- бөлім. Отбасы - 3- сағат

Жанұя мүшелерінің арасындағы сыйластық, тату, және еңбекқор жанұя -оның әрбір мүшесінің денсаулығы мықты болып,ұзақ өмір сүруінің негізі болып табалады.

VI- бөлім Денсаулық-6- сағат.

Салауатты өмір салтының ережесін сақтап, денсаулықты нығайту мақсатында,аурудың алдын алу үшін табиғи және халықтық әдістертерді пайдалану,организмді қалыпты салауатты жағдайға әкелуге негізделген.



қ/с

Тақырыбы

Сағ.саны

күні

І

І тоқсан - 9 сағат


1


2

Өмір салты туралы ұғым

1

3

Денсаулықты бұзатын себептер

1

4

Қан айналу мүшелері



5

Қан тамырлары

1

6

Ағза үшін қанның маңызы

1

7

Гигиенаның мақсаты мен міндеттері

1

8

Еңбек пен тынығу ережелері

1

9

Ауыз қуысының гигиенасы

1

Тіс щөткасының тарихынан

1

1

ІІ тоқсан - 7 сағат

1

2

Дене гигиенасы



3

Педикулез (биттеу) және одан сақтану шаралары

1



4

Ұйқының гигиеналық мәні

1


5

Дене жаттығуларының кешені

1


6

Қозғалыс дегеніміз - өмір

1


7

Дене белсенділігінің жүрек- тамыр жүйесіне әсері

1


ІІІ

Дене жаттығуларының тыныс алу мүшелеріне әсері

1


1

ІІІ тоқсан - 10 сағат

1


2

Ұтымды тамақтану

1


3

Судың ағза үшін маңызы



4

Су көздері


5

Иммунитет туралы ұғым

1


6

Алдын ала егу шаралары

1


7

Игеруге болатын жұқпалы аурулар туралы ұғым

1


8

Денені уланудан сақтандыру

1


9

Саңырауқұлақтан улану

1


10

Химиялық заттардан улану

1


IV

Жағымсыз әдеттер



1

ІҮ тоқсан - 8 сағат

1


2

Адамгершілік құндылықтар

1


3

Жанұя туыстығы мен дәстүрі

1


4

Жанұядағы үйлесімді қарым-қатынас -денсаулық кепілі.Ұлдар мен қыздар арасындағы өзара қарым-қатынас

1


5

Өнер және денсаулық



6

Есте сақтау және қырағылық

1


7

Кикілжің және денсаулық

1


Экология және денсаулық.Адам денсаулығына экологияның зиянды әсері



Сауығудың дәстүрлі емес тәсілдері

1




Пайдаланылған әдебиет:

.

1.Ә.С.Әділханов,К.А. Жаңабердиева «Салауаттану» 2-4 сыныптар





© 2010-2022