• Преподавателю
  • ОБЖ
  • Қазақ тілі пәнінен мектепішілік олимпиада материалы 8-сынып оқушылары үшін (орыс сыныбына)

Қазақ тілі пәнінен мектепішілік олимпиада материалы 8-сынып оқушылары үшін (орыс сыныбына)

Қазақ тілі пәнінен мектепішілік олимпиада материалы8-сынып оқушылары үшін (орыс сыныбына) І тур Мазмұндама ҚожанасырБір бай той жасапты.Тойға көп адам келіпті.Қожанасыр да келіпті.Қожанасырдың үстіндегі киімі жаман екен.Қожаны ешкім елемепті,бұған төрге шық, тамақ же демепті.Қожа ақырындап далаға шығыпты.Үйіне барып, жақсы киімдерін киіп,қайта келіпті.Бұл жолы үй иесі Қожаға төрден орын беріпті. Ет келгенде:-Қожеке,алыңыз,алыңыз!-деп қадірлепті.Қожа етті жемеді, табаққа шапанының жеңін малып:-Же...
Раздел Основы безопасности жизнедеятельности (ОБЖ)
Класс -
Тип Тесты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Жақаева Асемгүл Есқабылқызы

Теректі ауданы





Қазақ тілі пәнінен мектепішілік олимпиада материалы

8-сынып оқушылары үшін (орыс сыныбына)


І тур


Мазмұндама

Қожанасыр

Бір бай той жасапты.Тойға көп адам келіпті.Қожанасыр да келіпті.Қожанасырдың үстіндегі киімі жаман екен.Қожаны ешкім елемепті,бұған төрге шық, тамақ же демепті.Қожа ақырындап далаға шығыпты.Үйіне барып, жақсы киімдерін киіп,қайта келіпті.Бұл жолы үй иесі Қожаға төрден орын беріпті. Ет келгенде:

-Қожеке,алыңыз,алыңыз!-деп қадірлепті.Қожа етті жемеді, табаққа шапанының жеңін малып:

-Же, шапаным,же,-деп отыра беріпті.Үй иесі өкпелеп:

-Сіз не қылғаныңыз, шапан ет жей ме?-дейді.

Сонда Қожа:

-Cен мені сыйламайсың, киімді сыйлайды екенсің.Сондықтан жеңіме жегізіп отырғаным ғой,-деп жауап беріпті.

(98 сөз)







І нұсқа


1.Қазақ тіліндегі үнді дауыссыз дыбыстарды көрсетіңіз.

А) Б, в, г, ғ, д, ж, з. В) П, ф, к, х, қ, т, с. С) Р, л, й, м, н, ң, у. Д) Ш, щ, х, һ, с.

2.Бірыңғай қатаң дауыссыз дыбыстан құралған сөзді көрсетіңіз.

А) Соқпақ. В) Барыс. С) Отан. Д) Ғалым.

3. Болымсыз етістікті табыңыз.

А) Мекендейді. В) Болады. С) Жазып отыр. Д) Көрінбейді.

4. Негізгі етістікті көрсетіңіз.

А) Аяқта. В) Жу. С) Тісте. Д) Жуын.

5. Жалпылау есімдікті көрсетіңіз.

А) Сен. В) Өзінің. С) Анау. Д) Бәрі.

6. Жіктеу есімдіктері бар қатарды анықтаңыз.

А) Біз, сен, олар. В) Кім? Неше? Қалай? С) Анау, сол, бұл. Д) Бәрі, түгіл, барлық.

7. Жинақтық сан есім жасайтын жұрнақтарды анықтаңыз.

А) -ға,-ге. В) -ып, -іп. С) -ның,-нің. Д) -ау,-еу.

8. Заттың санын, ретін білдіретін сөз табын анықтаңыз.

А) Сан есім. В) Зат есім. С) Сын есім. Д) Етістік.

9. Реттік сан есімді белгілеңіз.

А) Жүз. В) Тоғызыншы. С) Бесеу. Д) Отыздай.

10. Күрделі сан есімді тіркесті табыңыз.

А) Үш мектеп. В) Тоғыз оқушы. С) Үш жүз адам. Д) Бес көлік.

11. Бөлшектік сан есімді табыңыз.

А) Он екі. В) Екі. С) Төрттен бір. Д) Төртінші.

12. Қазақ тілінде қанша дауысты дыбыс бар екенін анықта.

А) 10. В) 12. С) 16. Д) 14.

13. Сын есімді табыңыз.

А) Адам. В) Мезгіл. С) Тәтті. Д) Өнер.

14. Тұйық буынды сөзді көрсетіңіз.

А) Анар. В) Бұрғы. С) Баспана. Д) Ант.

15. Басқа тілден енген сөздер қалай аталатынын айтыңыз.

А) Кірме сөздер. В) Көнерген сөздер. С) Жаңа сөздер. Д) Қос сөздер.

16. Тұрақты сөз тіркесін табыңыз.

А) Кәсіптік даярлық. В) Таяқ тастам жер. С) Семіз мал. Д) Істің басы.

17. Жалқы зат есімді табыңыз.

А) Көше. В) Облыс. С) Теңіз. Д)Ертіс.

18. Табыс септіктегі сөзді қажет ететін етістікті табыңыз.

А) Дара. В) Болымсыз. С) Салт. Д) Сабақты.

19. Буын түрлерінің санын анықтаңыз.

А) Үш. В) Төрт. С) Екі. Д) Бір.

20.Үнді дауыссыз дыбыстан құралған сөзді көрсетіңіз.

А) Құшақ В) Шығыс С) Жасақ Д) Арлан

21.Көп нүктенің орнына қойылатын ұяң дауыссыз дыбыстарды белгілеңіз.

Ба...а, ...аз, ...ерек.

А) Б, з, в. В) Д, г, з. С) Д, ғ, в. Д) Ғ, ж, з.

22.Сөйлемнен болымсыз етістікті табыңыз.

Жаңбыр жауса, біз ешқайда бармаймыз.

А) Жаңбыр. В) Жауса. С) Біз. Д) Бармаймыз.

23. Дара сан есімді көрсетіңіз.

А) Алтау. В) Он төрт. С) Екі жүз елу. Д) Алпыс бесінші.

24. Бір буынды сөзді табыңыз.

А) Қанат. В) Сезім. С) Адам. Д) Қант.

25. Зат есімнің білдіретін мағынасын анықтаңыз.

А) Заттың атын білдіреді. В) Заттың санын білдіреді.

С) Заттың сынын білдіреді. Д) Орынбасарлық қызмет атқарады.

26. Синоним сөзді табыңыз.

А) Кейіпкер, қабілет. В) Еріншек, екпінді. С) Әзілқой, әлпештеу. Д) Ескі, көне.

27. Қазақ тілі қандай тілдер тобына жатады?

А)парсы B)түркі С)латын D)қазақ

28. Қожа Ахмет Йасауи кесенесі қай қалада сақталып қалған?

А)Түркістан В)Отырар С)Тараз D)Алматы

29. Қазақ тілінде қанша дауысты дыбыс бар екенін анықта.

А) 10. В) 12. С) 16. Д) 14.

30. « Адам» сөзінің синонимын тап

А)құда В)ағайын С)кісі D)құдағи






ІІ нұсқа

1.Үнді дауыссыз дыбыстан құралған сөзді көрсетіңіз.

А) Құшақ В) Шығыс С) Жасақ Д) Арлан

2. Дауыссыз дыбыстар түрін анықтаңыз.

Р, л, й, м, н, ң, у.

А) Қатаң дауыссыз. В) Ұяң дауыссыз. С) Жуан дыбыстар. Д) Үнді дауыссыз.

3.Сөйлемнен болымсыз етістікті табыңыз.

Жаңбыр жауса, біз ешқайда бармаймыз.

А) Жаңбыр. В) Жауса. С) Біз. Д) Бармаймыз.

4. Тұйық буынды сөзді табыңыз.

А) Бар. В) Кең. С) Қала. Д) Ұл.

5. Түбір сөзді табыңыз.

А) Дала В) Сөйлес. С) Сана. Д) Дала.

6. Зат есімнің білдіретін мағынасын анықтаңыз.

А) Заттың атын білдіреді. В) Заттың санын білдіреді.

С) Заттың сынын білдіреді. Д) Орынбасарлық қызмет атқарады.

7. Жатыс септігінде тұрған сөзді табыңыз.

А) Ауылға. В) Ауылмен. С) Ауылдың. Д) Ауылда.

8. Көптік жалғаулы сөзді көрсетіңіз.

А) Ауылды. В) Жапты. С) Келісер. Д) Келгендер.

9. Дара етістікті анықтаңыз.

А) Ербол оқып отыр. В) Ол оқыды. С) Ойластырмаған әңгіме. Д) Бес жерде бес-жиырма бес.

10. Қысқарған сөзді көрсетіңіз.

А) Азан-қазан. В) Килограмм. С) Көңілді. Д) Педколледж.

11. Сын есімнің сұрақтарын табыңыз.

А) Кімнің? Ненің? В) Не істеді? Қайтті? С) Қанша? Нешеу? Д) Қандай? Қай?

12. Лепті сөйлемді анықтаңыз.

А) Сен неге ойнамайсың. В) Күн шайдай ашылды. С) Қай адам. Д) Алақай,әжем келді.

13. Барыс септік жалғауын көрсетіңіз.

А) -мен, -бен. В) -ның, -нің. С) -ға, -ге. Д) -нан, -нен.

14. Біріккен сөз сөйлемнің қай мүшесі, табыңыз. Таңертеңнен елдің мазасы кетіп отыр.

А) Пысықтауыш. В) Бастауыш. С) Толықтауыш. Д) Анықтауыш.

15. Бұйрықты сөйлем қандай мағынада қолданылады, табыңыз.

А) Талап ету. В) Көңіл күйді білдіреді. С) Хабарлау. Д) Сұрау.

16. Атау септігінде тұрған сөзді табыңыз.

А) Кітаптан оқы. В) Кітап алдым. С) Кітапта бар. Д) Кітап жатыр.

17. Жалпы есімді табыңыз.

А) Сырдария. В) Тау. С) Жамбыл. Д) Балқаш.

18. Буын түрлерінің санын анықтаңыз.

А) Үш. В) Бес. С) Бір. Д) Төрт. Е) Екі.

19. Дефис қойылатын орынды белгілеңіз.

А) Самал жел. В) Аңқау түлкі. С) Премьер Министр. Д) Әуел бастан.

20. Омоним болатын сөзді табыңыз.

А) Көрші. В) Дәптер. С) Бес. Д) Бер.

21. Синонимдік қатарды көрсетіңіз.

А) Бақ,айла,жер. В) Сұлу,керек,ақ. С) Көрік,сөз,әдемі. Д) Шыдам,сабыр,төзім.

22. Тәуелдік жалғауының әсерінен өзгеріске ұшырап тұрған сөзді табыңыз.

А) Жолдасы. В) Терегім. С) Қозыңыз. Д) Балықтары.

23. Еріндік дауысты дыбыстарды көрсетіңіз.

А) У, ұ, ы, ө. В) Ө, ұ, и, э. С) Ұ, ү, е, у. Д) О, ө, ұ, ү.

24. Антонимдік жұпты көрсетіңіз.

А) Тынығу-жату. В) Татуласу-жарасу. С) Тоқпақ-қол ағаш. Д) Ащы-тұщы.

25. Екі не одан да көп адамның өзара сөйлесуін көрсетіңіз.

А) Төлеу сөз. В) Автор сөзі. С) Төл сөз. Д) Диалог.

26. Сан есімді көрсетіңіз.

А) Оқушы. В) Жиырма. С) Сағыныш. Д) Әдемі.

27. Өздік есімдігі қатысқан тіркесі табыңыз.

А) Дос сыры. В) Өз үйім. С) Әдеби мұра. Д) Үйдің жаны.

28. Көп нүктенің орнына қай дауыстыны қойғанда мағыналы сөз шығатынын белгіле. Сәл...м

А) у. В) а. С) о. Д) е.

29. Сан есімнің сұрақтарын анықтаңыз.

А) Кім? В) Нешеу? С) Қалай? Д) Қандай?

30. Антонимді белгілеңіз.

А) Қарт, қария. В) Күндіз, түсте. С) Жарық, қараңғы. Д) Тұлға, сымбат.






ІІІ нұсқа

1. Синоним сөздерді табыңыз.

А) Ақылдасу,кеңесу. В) Алды-арты. С) Жүзік,алқа. Д)Бала,туыс.

2. Негізгі зат есімді табыңыз.

А) Егін. В) Кітапхана. С) Балықшы. Д) Әке.

3. Өздік есімдігі қатысқан тіркесті табыңыз.

А) Өз жұмысы. В) Біткен іс. С) Сөзшең адам. Д) Қайратты адам.

4. Соңы үндіге аяқталатын сөзді көрсетіңіз.

А) Міндет. В) Кеңесары. С) Ағаң. Д) Көрпеш.

5. Тыныс белгілерін дұрыс қою ережелерінің жиынтығын табыңыз.

А) Фонетика. В) Лексика. С) Пунктуация. Д) Синтаксис.

6. Шығыс септік жалғауынан тұрған сөзді табыңыз.

А) Үйіне. В) Жұмысшымен. С) Сөйлемді. Д) Әркімнен.

7. Сын есімді көрсетіңіз.

А) Елең-алаң. В) Барған. С) Жол-жөнекей. Д) Ақылды.

8. Жалқы есімді көрсетіңіз.

А) Ауа. В) Гүл. С) Өзен. Д) Арман.

9. Сын есім қандай сөз табы?

А) Заттың санын білдіреді. В) Қимылдың түрлі белгісін білдіреді.

С) Заттың атын білдіреді. Д) Заттың сапасын білдіреді.

10. Қатаң дауыссыз дыбысты көрсетіңіз.

А) Т,с,м,һ. В) Х,к,с,ғ. С) Ү,с,л,й. Д) Ш,п,х,т.

11. Қарсылықты салаласты табыңыз.

А) Жүрген жерін білетін шығар, өйткені ол да жақында Жайық бетінен келді.

В) Мал етінің асылдануы сондай-майы аузыңа салдырмайды.

С) Қазақстанның жері кеңге бай.

Д) Ән басылып қалды, бірақ гитара сазы тоқталған жоқ-ты.

12. Бөлшектік сан есімді көрсетіңіз.

А) Тоқсан. В) Алпысыншы. С) Үштен екі. Д) Отызға тарта.

13. Ұяң дауыссыз дыбысқа аяқталған сөзді көрсетіңіз.

А) Тұр. В) Жағалау. С) Залал. Д) Біз.

14. Ашық дауыстылардан құралған сөзді көрсетіңіз.

А) Күйзеліс. В) Ойыншық. С) Әлдеқашан. Д) Кінәрат.

15. Тәуелдік жалғауының екінші жағында тұрған сөзді табыңыз.

А) Асылым. В) Үйіміздегі. С) Балаң. Д) Ұлттарымыз.

16. «Аумақ»деген сөздің аудармасын тап.

а) территория в) правилос) площадьд) система

17. Мақалды аяқтандар.

Отансыз адам - ...

а) асқар тау в) бауырындағы бұлақ с) қу мазар д) ормансыз бұлбұл

18. Ежелгі қаланы ата?

а) Алматы в) Қостанай с) Отырар д) Шымкент

19.Құрмалас сөйлемнің неше түрі бар?

а ) 5 б )7 с) 8 д) 3

20. Отбасы... негізгі туыстық қатынас ер... жағымен есептелген. Көп нүктенің орнына керекті жалғауларды жалғаңдар.

А) -нан, -тарВ) -нде, -лерС) -нда, -лерД) -ды, -дар

21. Қыздан туған баланы кім деп атаймыз?

А) бөлеВ) немереС) жиенД) іні

22. Көргенді отбасылары қыз баланы кім деп мәпелеген?

А) бауырВ) қызымС) еркемД) қонақ

7. Адамды несіне қарап бағалау керек?

А) түріне

В) киіміне

С) отбасына

Д) іс-әрекетіне

23. «... отбасына басталады. Көп нүктенің орнына керекті сөзді қойыңдар».

А) шындықВ) тәрбиеС) туыстықД) бақыт

24. Қазақ тілінде неше сөйлем мүшелері бар

А)6 В)3 С)4 D)5

25 Дұрыс құрылған сөйлемді тап.

А)Жері туып-өскен адамның дегеніміз Отан.

В)Адамның жері өскен туып Отан дегеніміз.

С)Туып жері Отан өскен адамның дегеніміз

D)Отан дегеніміз адамның туып өскен жері

26. Антоним сөздерді тап.

А) ақ-қара

В) үш-төрт

С) жуан-семіз

D) биік-жалпақ

27. Мына сөздің антонимін тап: Күшті

А) әлсіз В) сирек С) жылдам D) жаңа

28. Қазақ алфавитінде неше әріп бар?

А) 33 В) 43 С) 42 D) 26

29. Тәуелсіздік күні қай күн?

А) 10 қаңтар, 1992ж.

В) 15 қазан, 1999ж.

С) 25 маусым, 1988ж.

D) 16 желтоқсан, 1991ж.

30.Көптік жалғауларын ата.

A) -дың, -дің, -тың, -тің

B) -ға, -ге, -қа, -ке

C) -мен, -бен, -пен

D) -лар, -лер, -дар,-дер, -тар, -тер











© 2010-2022