СабақКалашников автоматы 10 сынып

Раздел Основы безопасности жизнедеятельности (ОБЖ)
Класс 10 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

№ Бекітемін:

Сабақтың тақырыбы: Калашников автоматы және қол пулеметінің атқаратын қызметі, ұрыстық қасиеті, жалпы құрылысы және жұмыс істеу тәртібі.

Сыныбы: 10

Өткізілетін күні:

Сабақтың мақсаты: Калашников автоматының міндетін, құрылысын, ұрыстық қасиеттерін толық емес бөлшектеу мен жинастырудың ретін түсіндіру, білдіру, меңгерту. Оқыта және тәрбие бере отырып, елдің қауіпсіздігін сақтау басты борыш екенін үнемі дамыта меңгерту, білдіру. Елін, жерін сүюге, саналы түрде Отанын қорғауға дайын болуды, Қарулы күштерге деген құрметті, қырағылыққа, батылдыққа және бастамашылыққа тәрбиелеу.

Уақыты: 45 минут.

Өткізілетін орны: АӘД бөлмесі

Көрнекілік құралдар: плакаттар, топшамалар, оқулық,т.б

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі - 12 минут.

1. Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру.

2. Мемлекетіміздің гимнін орындату.

3. Жаңа сабаққа дайындық.

- адыммен қозғалыс жасау минутына қанша адым?

- жорықтық адыммен қозғалыс жасауда қандай пәрмен беріледі?

- саптық адыммен қозғалыс жасағанда аяқтың ұшы жерден қанша см

көтерілуі керек?

- адыммен қозғалыс жасағанда адымның арасы, шамасы қанша см?

II.Негізгі бөлім - 25 минут.

1947 жылы Калашников автоматының жасалуы қару-жарақ саласында үлкен оқиғаға айналды. Бұл қару бүгінге дейін 60-70 млн данамен шықты деген жорамал бар. Өнертапқыш Михаил Тимофеевичтің автоматы дүниенің о шеті мен бұ шетіне түгел тараған десек қателеспейміз. 1945 жылы Жеңістен кейін де әлемде 60-тан аса соғыстар болған, ірі қақтығыстар кездескен. Олардың 40-ында Калашников автоматы қолданылған.

Ол керемет өнертапқыш болған. Танкіге қарсы зеңбіректен атылған оқтың нақты санын есептеу үшін, өз екпінімен «Санағыш» аспап ойластырса, ату саңылауының тиімділігі арқылы танкі мұнарасын ату үшін «П» тапаншасына арнайы қолдан жасалған құрал ойлап табады. Танк двигателінің мотор ресурсын есептеу құралын құрастырып шығарады.

1941 жылдың маусым айында генерал Жуков оның соңғы шығарған өнертапқыштық жаңалығын жоғары бағалап, қару өндірісін жетілдіруге Ленинградқа жібереді. Соғыс басталғанда Калашников майданға аттанып, танк командирі болды. Соғыста жүріп тапанша-пулеметтің жобасын жасауды ойластырады. Сөйтіп жүргенде жарақат алып алты айлық демалысында Матай станциясына оралады. Сонда локомотив депосының қазіргі дайындау цехында Кравченко, Милащус, Құсайын, Медьведь секілді азаматтармен бірге жүріп «АК» автоматының тұңғыш жобасын жасайды. Жаз айында матай станциясынан екі шақырым қашықтықтағы көшпелі қызыл құмды төбелердің бірінде әріптестерімен М. Калашников өзі жасаған автоматты сынақтан өткізді. Алғашқы сынақта автомат оғы 500 метрге, кейнгі сынақта 1-1,5 шақырымға жеткен.

Кейіннен автомат жетілдіріп АКМ, АКМС, АК-74 калибрлі 5,45 мм, жиналмалы АКС-74, қысқа ұңғылы АКС-74-У, 5,56 мм, АК-101 және АК-103 т.б. қарулар жасалады. Қысқасы Калашников автоматының 12, пулеметтің 10 түрі өндіріледі. Бүгінде осы қарулар 16 мемлекетте шығатыны ресми түрде тіркелсе 26 елдің армиясы Калашниковпен қаруланған.

Қазақстан Қарулы Күштерінде Калашников автоматы бар. Алайда мұны келешекте жаңа қарулар алмастыратыны сөзсіз. Қалай айтсақ та Михаил Тимофеевич Калашниковтың кезінде Матай станциясында тұрып, әлем мойындаған қуатты қару жасағаны біз үшін мақтаныш. Калашников автоматы және қару болып табылады және қарсыластың адам күшін жоюға арналған. Автоматтан автоматты және жекелей атыс жүргізіледі. Автоматтың автоматты жүргізуі ұңғы каналынан бекітпе жақтауының газ поршеніне бөлінетін оқ-дәрі газдарының энергиясын пайдалануға негізделген. Автоматты ұрыстың қасиеттері кестеде келтірілген мәліметтермен сипатталады.

Автоматтың негізгі бөліктері мен механизмдері.

1. Ұңғы қорабымен, көздеу құрылғысымен және дүмбімен қоса ұңғы.

2. Ұңғы қорабының қақпағы.

3. Сүңгі-пышақ.

4. Қайтарма механизм.

5. Газ поршенімен бекітпе жақтауы.

6. Ұңғы бастырмасы газ түтігі.

7. Бекітпе.

8. Сүмбі .

9. Шет мойын.

10. Оқжатар.

11. Керек-жарағымен пенал.

Бір-бірімен айқасқан екі шеңбердің екі жағына АКМ және АК-74 автоматтарының сипаттамалары жазылады. Ал айқасқан жерге екеуіне ортақ сипаттар тізіледі. Оқушыларға осы тапсырманы орындатамын.

АКМ

Ұңғы калибрі 7,62 мм. Оқтың шекті ұшу алыстығы 3000 м. Шоғырланған атыс қашықтығы жер үстіндегі нысаналар бойынша 800-ге дейін.

АК - 74

Ұңғы калибрі 5,45 мм. Оқтың шекті ұшу алыстығы 3150 м. Шоғырланған атыс қашықтығы жер үстіндегі нысаналар бойынша 1000-ға дейін.

Адам күшін жоюға арналған. Автоматты, жекелей атыс жүргізеді. Атудың көзделуі қашықтығы 1000 м. Шоғырланған атыс қашықтығы ұшақтар мен парашютшілер үшін 500 м. Атыс қарқыны 600 ату/мин. Ұрыстық ату жылдамдығы жекелей атыспен атқанда 40-қа дейін. Оқжатар сыйымдылығы 30 оқ.

III.Қорытынды бөлім - 8 минут.

1. Сұрақтар мен тапсырмалар:

2. Оқушыларды бағалау.

3. Үйге тапсырма беру.

4. Сабақты қорытындылау.


© 2010-2022