Қазақ тілі Жалаң және жайылма сөйлем 3 сынып

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:
Қазақ тілі Жалаң және жайылма сөйлем 3 сынып


Сабақтың тақырыбы: Жалаң және жайылма сөйлем
Сабақтың мақсаты: Жалаң және жайылма сөйлем туралы түсінік беру.
Сабақтың міндеті:
1. Сөйлемнің жалаң, жайылма болып бөлінуі тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелерге байланысты екенін меңгерту.
2.Оқушылардың сауатты, көркем жазу дағдыларын жетілдіру; Сөйлем мүшелеріне талдау дағдыларын қалыптастыру .
3.Сөз қорын байытып, ауызекі және жазба сөйлеу тілін, логикалық ойлау қабілетін, шығармашылық қабілетін дамыту.
Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгерту
Оқыту әдісі: сөздік, көрнекі, талдау, салыстыру, ажырату, жинақтау, өз бетінше жұмыс, жазба жұмысы, ізденіс әдісі, ойын.
Көрнекілік: тірек - сызба, слайд, карточка ,сөзжұмбақ,тест
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі:
-Балалар,бүгінгі сабағымыз ереше өтпек,бізге қонақтар келіп отыр тұрып сәлемдесейік.
1.Психалогиялық дайындық

-Күн жарығын алақанға саламын, Ізгі әрі нәзік,жарық,мейірімді,

Жүрегіме басып ұстай аламын. Болып кетер сонда дереу жан-жағым

2.-Жақсы ,балалр,ал енді бір -бірімізге бүгінгі сабаққа тілек айтайық! (әр қатар)
Балалар, мен сендерге бүгінгі сабақта оқып білгендеріңді көңілдеріне ықыласпен тоқуларына тілектеспін!. Сәттілік тілеймін!
ІІ.Өткенді қайталау

-Ал ендеше сабағымызды қайталаудан бастайық.Қайталау «Бәйге» ойыны арқылы жүреді.Қай қатар көп ұпай жинайды,сол қатар жеңімпаз.

1)Сөйлем мүшелері дегеніміз не?
2)Сөйлем мүшелері неше түрге бөлінеді?
3) Тұрлаулы мүшелер дегеніміз не?
4) Бастауыш деген не?
5) Баяндауыш дегеніміз не?
6)Тұрлаусыз мүшелер дегеніміз не? 7)Сөйлем дегеніміз не? 8)Бастауыш пен баяндауыш арасындағы сызықша? 9)Сөйлемдегі сөздердің арасындағы байланысты қалай анықтайды?
ІІІ. Жаңа сабақ
1.-Жақсы,балалар сендер өткен сабақ бойынша білімдеріңді көрсете білдіңдер.
Енді жаңа сабағымызға көңіл аударайық.
―Балалар, жаңа сабақ бастамас бұрын алдымен мына сөзжұмбақты шешейік,сонда жаңа сабағымыздың тақырыбын табамыз.

1.Кімге жан жуымайды? (жатқанға) 2.Адамның арқауы не?(ас) 3. Әдепті бала арлы бала,әдепсіз бала ше?(сорлы) 4.Олақтан кім жаман?(салақ) 5.Ненің түбі береке?(еңбек) 6.Аурудың жаманы не?(жалқаулық) 7.Досы көпті не алмайды?(жау) 8.Жері байдың елі қандай?(бай) 9.Жақсы адам елдің несі?(ырысы) 10.Сөздің көркі не?(мақал) 11.Несіз күнің жоқ?(білімсіз) 12.Еңбек адамның екінші несі?(анасы)

― Өте жақсы!Жарайсыңдар! Қандай тақырып шықты? «Жалаң және жайылма» -Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Жалаң және жайылма сөйлем»

2.-Балалар,оқулықтарыңның 88-бетін ашып Негеш пен Білімбектің арасындағы әңгімені оқиық .Ол үшін тақтаға екі оқушы шығып Негеш пен Білімбектің рольдерінде болады.Қалғанымыз мұқият тыңдайық.Олар не жайында айтты екен.Біз дұрыс ереже құрайық.
(Екі оқушы шығып диалог түрінде Негеш пен Білімбектің арасындағы әңгімені оқиды.
Екеуара әңгімеге сүйеніп, сызбаны толтырады қорытынды шығарып.
Тірек сызба көрсетіледі:

Жай сөйлем

/ \
Жалаң сөйлем Жайылма сөйлем
Тұрлаулы мүше Тұрлаулы мүше Тұрлаусыз мүше

Жалаң жайылма
Слайдтан екі бағандағы сөздер көрінеді.
Жаңбыр жауды. Жаңбыр себелеп жауды.
Күн күркіреді. Күн қатты күркіреді.
Қар жауды. Қар қалың жауды.
Екі бағандағы сөйлемдерді салыстырып,ереже құрастыру.
3.Құрастырған ережені кітаптағы ережемен салыстыру.
Ереже.Бастауыш пен баяндауыштан құралған сөйлемді жалаң сөйлем деп атаймыз.
Мысалы:Қыс басталды.
Тұрлаулы мүшелерден басқа тұрлаусыз мүшелері бар сөйлемді жайылма сөйлем дейміз.
Мысалы:Қыста қар қалың жауды.
4.Дидактикалық ойын
97- жаттығуды «Тиісті пойызға орналастыр» ойын түрінде орындайды.
Сөздерден сөйлем құрап, сөйлем мүшелеріне талдап, жалаң немесе жайылма екенін анықтайды. Содан соң тиісті пойызға сөйлемдерді орналастырады. Болғанан кейін дұрыстығын слайдтан тексереді.
Бұл сөйлемдердің бір -бірінен ерекшелігі неде?(ережені пысықтау)
5. Сергіту сәті (видео)
Оқушылардың назарын видеоға аудару
6.Дәптермен жұмыс
-Балалар енді дәптерлеріңді ашып бүгінгі күннің жадын жазамыз.

а)-Көркем жазу

1. Жж-әрпін жазғызу

2. Жадыраның жеңгесі жақсы жаңалығын жұртына жеткізді.

ә)Оқулықпен жұмыс.
98 - жаттығу. Жаттығудағы сөйлемдерді жалаң және жайылма белгісіне байланысты ажыратып, сөйлемдерді тұсына жазады. Дәптерлеріне жазып алады. Сөйлем мүшелеріне талдап, тиісті сызықпен сызады.
б)Өзіндік жұмыс
99 - жаттығу.Жалаң сөйлемдерді жайылма сөйлемге айналдырып жазады.
Оқушылар кездесті.(Оқушылар ардагерлермен кездесті.) Жолаушылар жақындады.(Жолаушылар автобусқа жақындады.)Ұстаз түсіндірді. (Ұстаз сабақ түсіндірді)Айдын қатысты.(Айдын жарысқа қатысты.)
Оқушылар тақтаға жалаң сөйлемді жайылма сөйлемге айналдырып жазады.
в)100-жаттығу ауызша орындайық..Жай сөйлемдерді түрлеріне қарай сәйкестендіреді.



IV. Қорытынды

Рефлексия
Қандай қиындықтар кездесті?
Бекіту Тест тапсырмалары беріледі.Тексеру «Тату көрші»әдісімен бағаланады
Көңіл - күйіңді сурет арқылы көрсет:

Бекіту.
V. Үй тапсырмасы.Күнделігімізді ашамыз үйге 101 - жаттығудағы. Ребусты шешу.Сөйлем мүшелеріне талдап, сөйлем түріне ажыратады.
Шығармашылық тапсырма «Қыс келбеті»тақырыбына қысқа әңгіме жазу. Әңгімеде жалаң және жайылма сөйлемдер болсын.

-Сабақты бағалау.Сабақ аяқталды.





«Жансүгіров атындағы орта мектебі»КММ





Қазақ тілі пәнінен өткізілген ашық сабақ


Тақырыбы:







Өткізген: Бастауыш сынып мұғалімі

Данабекова Г.Б.




Үржар ауылы

2015-2016 оқу жылы


Жалаң сөйлем

Жайылма сөйлем




Үржар

2015 - 2016 оқу жылы





© 2010-2022