Сауат ашу ю дыбысы мен әрпі

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Пәні: сауат ашу

Сыныбы: 1 «Б»

Күні\айы: 25.11.15ж

Сабақтың тақырыбы: Ю дыбысы мен әрпі.

Сабақтың мақсаты: 1.Оқушыларды Юю дыбысы және ерпімен таныстыру. Юю дыбысының артикуляциясының дұрыс қолданып, Ю дыбысын дұрыс айтуға үйрету. Дыбыстың бас әрпі және кіші әріптерін көрсету және таныстыру. 2. Әріптердің дыбысталу ерекшелігіне қарай отырып, ішіндегі орнын анықтау дағдыларын дамыту. Мәтінді мәнерлеп оқуға, түсінгендерін айтуға үйрету. 3. Қызыл кітап туралы әңгімелеу, аңдарға қамқорлық жасауға тәрбиелеу.

Көрнекілік: А - дан Я- ға дейін кестесі әліппе бет, әріп үлгісі жазылған кесте, дауысты дыбыстар үйшігі, аю мен оюдың суреттері.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Әдістері: сұрақ-жауап, түсіндіру , ертегіге негізделген түсіндірме сабақ, ойын сабақ.

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі

- Амансың ба, Алтын күн,

- Амансың ба, Көк аспан,

- Амансың ба, достарым,

- Амансыздар ма , қонақтар,

Сабағымызды бастайық,

Жамандықты тастайық

- Жарайсыңдар, балалар, көңіл-күйіміз жасқы, қазір сабағымызды бастаймыз.

ІІ. Үй тапсырмасы бойынша жүргізілетін жұмыстар:

1. «Сұр қоян» өлеңін жатқа сұрау.

2. Өткен әріптер бойынша сұрақ қою, жауап алу.
1) Я қандай дыбыс?
А) дауысты
б) дауыссыз
2) Я дыбысы сөздің қай жерінде кездеседі?
А) ортасында
Ә) басында
Б) барлық буында

IІІ. Жаңа тақырып бойынша жүргізілетін жұмыстар:

1. Жұмбақ шешу.

Балпаң-балпаң басады,

Қыр-жотадан асады.

Паналайды үңгірді,

Іздемейді тасаны.

(АЮ)

«Аю»сөзіне дыбыстық талдау жасалды. Өздеріне таныс емес дыбыс аталып, оның дауысты екендігін анықтап, дыбыстың орнына ю әрпінің таңбасын қойып, ю әрпінің жазылу емлесімен таныстыру. Бас әрпі, кіші әрпі ,баспа түрі, жазба түрімен таныстырып, қызыл сандыққа салу. Ю дыбысының орнына й және у дыбыстарының естілетінін аңғарту. Жазуда й және у дыбыстарының орнына ю әрпі жазылатынын түсіндіру.

Ю дыбысының артикуляциясына сай дыбыстатып, бірнеше рет қайталату керек.

- Ю қандай дыбыс?- Ю дауысты дыбыс.

- Оны қалай ажыраттыңдар? - Созылып айтылады. Өз алдына буын жасай алады.

«Аю» сөзінде неше буын бар.
Бізге таныс емес қандай дыбыс естіліп тұр? (хормен айту)
- Қандай дыбыс екен?
- Дауысты
- Ю ю дыбысының баспа, жазба түрлерімен таныстыру
- Ю дыбысын айтқанда й - у қосарлы дыбысы естіледі, жазғанда ю болып жазылады.
Ю дыбысы өз алдында жеке буын жасай алады. Мысалы: а - ю, қо - ю, құ - ю
Аюды сипаттау. Аюдың суретін көрсету.
- Аю

қоңыр
аңғал
батыл
жылдам
жыртқыш
Жұмыстың осы түрін көрсете отырып, оқушылардың жануарларға деген сүйіспеншіліктерін арттырып, табиғатқа қамқорлық жасауға, мейірімділікпен қарауға тәрбиелеу.

ІV. Оқулықпен жұмыс. Оқулықтағы сөздерді тұтас оқу.

Аю, ою, қию, құю, сүю, қою, түю, үлкею, азаю, көбею.

Тақтамен жұмыс: Юю -ды жазудың жазба үлгісін көрсетіп , Ю- дың бас және кіші әрпінің жазылуын көрсету. 3, 4 оқушыға жазғызу.

Дәптермен жұмыс: Ережені еске түсіру.

1,2,3 Бойға жинап күш,

Қолға қалам аламыз,

Сауатты етіп жазамыз.

Юю -ды жазудың жазба үлгісін көрсетіп , Ю- дың бас және кіші әрпінің элементтерімен таныстыру. Ауада жаздыру. Дәптердегі үлгіні басшылыққа алады. Суреттерге сәйкес ю әрпін жазады. Қай жерде келетінін айтады.

Әдемі жазған оқушылардың жұмысын мадақтап, үлгі ету.

Сергіту сәті: Ормандағы аюдың,

Құлпынайы көп екен

Теріп-теріп алайық,

Себеттерге салайық

V Оқулықпен жұмыс.

«Жақсы көрем» өлеңін мұғалімнің мәнерлеп оқуы.
Топпен жұмыс
1 - топ: Оюдың суретін салады
2 - топ: «Сұр қоян» өлеңін айтып, өлең сөзіне байланысты қимыл - қозғалыс жасайды
3 - топ: Ю дыбысы бар сөздер айтқызу.
ФС. «Кім жылдам» ойыны
Допты бір - біріне лақтыра отырып ю дыбысы бар сөйлем құрату

VI. Дәптермен жұмыс.

аю, ұю, оюсөздерін жалғастырып жазу.

Тіл дамыту жұмыстары.(аң-аңдар, аю-аюлар, тиін-тиіндер, түлкі-түлкілер)

VII. Қорытындылау.

- Не үйрендік? Не білдік?

- Ю- қандай дыбыс? Сөздің қай жерінде келеді? Оюдың қандай түрлерін білесіңдер, ою не үшін қажет? Оюға байланысты не білесіңдер?

VIII. Үйге тапсырма: 97-беттегі «Ою» мәтінді оқып, жазу. Қазақтың оюлары туралы мәлімет жинап келу.

  1. Оқушыларды бағалау.



© 2010-2022