Дүниетану Жүрек-қан тамырлары. Қанның қызметі. (3-сынып)

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қысқа мерзімді жоспарлау


Күні

Сыныбы:

3 «А»

Сабақтың тақырыбы:

Жүрек - қан тамырлары. Қанның қызметі

Сабақтың мақсаты:

Топпен жұмыс жасау барысында сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастырып, жүрек, қан тамырлары туралы білімдерін толықтыру

Оқыту нәтижелері :

1.Жүрек, қан тамырларының не екенін , жүректен келетін ірі қан тамыр- қолқа екенін,тарайтыниқан тамырларын артерия, жүрекке баратын қан тамыр-көк тамыр ден аталатынын біледі

2.Өз ойларын тұжырымдап толық жеткізеді.

3.Топпен жұмыс істей алады

4.Өздерін бағалай біледі.

5.Бірін-бірі тыңдауды үйренеді.

Қолданылатын әдіс-тәсілдер

1.СТО стратегиясы,

2.кластер,

3.эмоциялық символдар

4.АКТ-ны қолдану,

5.топтық жұмыс,

6.диалог арқылы оқыту,

7..INSERT әдісі

8.5 жолды өлең

Сабақтың кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Уақыты

Ұйым

дастыру кезеңі

Шаттық шеңбері

1.Топқа бөлу түрлі-түсті қағаздар арқылы

2.Мозайка жүректің суреті шығады.

Оқушылар шеңбер жасап тұрады

-Қайырлы күн, достым!

-Қайырлы күн, құрбым!

-Жұма күннің сәті сәттілікке

толсын!

-Бүгінгі алған бағаң кілең бестік

болсын!

Топқа бөлінеді.Түрлі түсті қағаздар бойынша бөлінеді.

5


Балалар, бүгін біз өз ағзамыз туралы білімімізді ары қарай дамытамыз. Ол үшін өткен сабақтарды еске түсіріп көрейік,ең алдымен мына сұрақтарға жауап беріп көріңдерші:

«Расында да солай ма?» «Басбармақ» әдісі

Егер айтылған ой дұрыс болса бас бармақты жоғары , дұрыс емес болса , бас бармақты төмен,түсініксіз болса оңға қарай бұрады

  1. Адам табиғаттың бір бөлігі.

  2. Тері - ағзаның қорғаныш мүшесі.

  3. Адам қаңқасы 2-ақ сүйектен тұрады.

  4. Терідегі саңылаулар оны жұмсартып, құрғап кетуден сақтайды.

  5. Қолды күніне бір -ақ рет жуу керек.

  6. Адам денесіндегі сүйектер бұлшық еттердің көмегімен қимылдайды.

  7. Ми бас сүйекте орналасқан.

  8. Адамда 14 жұп қабырға болады.

  9. Қаңқа мен бұлшық етті тірек және қимыл қозғалыс мүшелері дейді.

  10. Адам ағзасында 8 л қан бар.

-Қай сұраққа жауап беруге

қиналдыңдар?

Бүгін осы сұраққа жауап беру үшін топқа бөлінгенде алған қағаздарыңды құрастырып көріңдерші, ненің суретін құрадыңдар?

Расында да, барлық топта да түстері әр түрлі болғанмен жүректің суреті. Адамдар сурет салғанда жүректі осылай бейнелейді.

Ал шын жүректі көргілерің келе ме?

Ендеше бүгінгі тақырыбымыз.

Жүрек - қан тамырлары. Қанның қызметі



Егер айтылған ой дұрыс болса бас бармақты жоғары , дұрыс емес болса, бас бармақты төмен,түсініксіз болса оңға қарай бұрады







- Біз 10-сұраққа жауап беруге қиналдық, себебі адам ағзасында қанша литр қан барын біз білмейміз.

Жүрек,жүрек,жүрек, жүрек.


7

Білу

Балалар,қазір мұқият қараңдар,сендермен видеоролик көреміз.Мұндағы мақсатымыз : жүректің қызметін байқау.

Балалар видеороликті көреді


5

«Түсіну»

Оқулықпен жұмыс

Алдарыңда берілген мәтінді іштеріңнен оқыңдар.

Енді әрбір топ абзац бойынша оқып, «INSERT» әдісі бойынша белгі қойыңдар.

Жүрек көкірек қуысының сол жағында орналасқан.Ол -біздің ағзамызға негізгі қан адайтын қозғағыш саналады . Оның үлкендігі адамның өз жұдырығындай ғана. Жүрек жақсы жетілген қалың бұлшық еттен тұрады. Жүрек еті бір жиырылып, бір босаңсып кезекпен жұмыс істейді. Оның қызметі сорап (сорап) сияқты: жүрек жиырылғанда қан күшпен қан тамырларға айдап шығарылып, адамның барлық мүшелеріне тарайды. т.с.с.

- Жүрек туралы не білдік?

- Балалар, тақырып бойынша қандай сұрақтар туындады?

Қандай жаңа ақпарат алдық, + - белгісін қойғандығы туралы әр топта талқылааңдар.

Айтып беріңдер.

Топтардың жұмысын қолдары- мызды шапалақтау арқылы бағалаймыз.

«Өте жақсы» -үш рет

«жақсы» -екі рет

«қанағаттанарлық» -бір рет

Оқулықтағы тапсырманы оқиды,түсінбегендерін сұрайды.

V- білемін

+ - жаңа ақпарат

? - таныс емес



Барлығын оқып болған соң, неліктен сол белгіні қойғанын топ бойынша дәлелдейді. Түсінгендерін айтады.

Оқушылар бағалайды

7


Сергіту сәті

(видео)


Балалар «Жұмыр қылыш» күйіне билейді

2

«Қолдану»

Балалар,енді жүректеріңді тыңдап көріңдерші,қалай соғып тұр?

-Бір-біріңді тыңдаңдар

-Неліктен қатты соғып тұр деп ойлайсыңдар?

Жылындыңдар ма?

Неліктен?

Жүректің соғысын тағы неден білеміз?

Қане, сол қолымыздың тамырын ұстап көрейікші. Тамыр соғысын сезіп тұрсыңдар ма?

Ендеше бірге он рет соққанын санап көрейік.

Шыққан санды 6-ға көбейтсек, 1 минутта неше рет соғатынын білеміз

Зерттеу нәтижесіне қараңдаршы

Слайд 6

Қалыпты жағдайда минутына қанша рет соғады екен?

Ал дене жаттығуларынан кейін ше?

Бұдан қандай қорытынды шығарамыз?

.

  • Қатты дүрсілдеп тұр.

  • Біз билегеннен кейін, қатты соқты.

-Тамыр соғысынан білеміз



-Қалыпты жағдайда минутына 60-70 рет соғады.

-Дене қимылынан кейін

минутына 80-90 рет соғады

Дене шынықтырғаннан кейін, жүрек соғысы жиілейді.

5


Талдау

Топтарға тапсырма:

Кластер жасау

1-2 топ.Сендер кластер толты-рыңдар.

3- топ. Сендер берілген суреттен

қан тамырларын (артерия-қызыл, вена-көк) бояуп көрсетіңдер.

4-5-топ. Жүрек сөзіне бес тармақты өлең жазыңдар.

Бұл не? Сурет бойынша ойларын айту.

Нәрестеде 1 чашка

Сендер сияқты оқушыда-2л

Ересек адамда 5л қан болады екен.

Бағанағы 8л дұрыс па екен?

Топтар

1-2 топ Қан айналым мүшелерін қан тамырларын: қолқа, артерия, көк тамырды кластерге жазады.

3.Суреттен Қан тамырларын бояп көрсетеді.

4-5..Бес тармақты өлең жазады. (синквейн).

4

Жинақтау

Мына видеороликке назар аударайықшы, Енді мына слайдтарға назар аударайық,

не үшін көрсетті деп ойлайсыңдар?

Күніне 15 минут күлсе,

қан айналым мүшелеріне

өте пайдалы.

Күлкі жүрек ауруларынан сақтайды.

Күлген баланы көрдік.

4


Бағалау

Слайд 13-14 Қорытынды «Жүректерден жүректерге»

Сонымен балалар, бүгін қан айналым жүрек тақырыптарын қорытындыладық. Бүгінгі сабақ түсінікті, басқаларға түсіндіре аламын деген оқушылар - ашық қызыл жүректі, ал түсінбегенім бар деген оқушылар - сары жүректі көтеріңдер.

Жүрек ауырмас үшін жүрекке не қажет деп ойлайсыздар? Бәріміздің деніміз сау, жүрек соғысымыз қалыпты болсын деп жүрекшеге бір-бірлеріңізге тілек жазып қалдырыңыздар.

Балалар өзін-өзі бағалау жүргізеді


4

Үйге тапсырма

18-21 бет оқу

Тақырыпты оқу, жүректі күту ережелерін құрастыру

1



© 2010-2022