Сөйлеу мәдениеті қазақ тілі (2 класс)

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:
Күні:03.11.2015 ЖЫЛ Сыныбы: 2Б Пәні: қазақ тілі Тақырыбы: Сөйлеу мәдениеті Мақсаты: 1.Оқушыларды мәтін түрлерін ажырата білуге, жоспар бойынша мәтін құрастыра білуге мүмкіндік туғызу; байланыстырып сөйлеу тілін, ақыл-ойын дамыту; 2.Алған білімдерін өз тәжірибелеріне қолдана алу дағдыларын және есте сақтау қабілеттерін дамыта отырып, сабаққа деген қызығушылықтарын арттыру; 3.Бойларына адамгершілік тәрбиені сіңіре отырып, мәдениеттілікке, әдептілікке баули отырып, сауатты, әдемі, таза жазуға тәрбиелеу; Сабақ түрі : қайталау Көрнекіліктер: сюжетті суреттер т.б

Әдіс-тәсілдер: СТО әдістері,көрнекілік,талдау,түсіндірмелі,сұрақ-жауап т.б Пәнаралық байланыс: дүниетану,әдебиет. Сабақ барысы 1.Ұйымдастыру кезеңі: Сабаққа дайындықтарын тексеру 2. Үй тапсырмасын тексеру. 3-4 оқушыға оқыту Дәптермен жұмыс. Ой қозғау. -Мәтін дегеніміз не? -Мәтін неше бөліктен тұрады? -Әр жол қалай жазылады? -Мәтін неше түрге бөлінеді? Каллиографиялық минут: әріп элеметтерін жазу. 3.Қызығушылықты ояту.

  • Әдептілік деген не?
  • Көпшілік жерде отырғанда бала өз өзін қалай ұстау керек? Үлкендермен қалай сөйлесу керек?
«Сиқырлы сөздер әлемі» ойыны: Сәлем! Хош келдің! Мезгілінде келдің! Жоғары шық! Тамақ алыңыз!
  • Балалар сендердің үйлеріңе қонаққа досың келді. Осы сөздерді пайдаланып, қонақты қарсы алыңдар
4.Мағынаны тану Оқулықпен жұмыс 159 - жаттығу өлеңді мәнерлеп оқыту, талдау.
  • Ерланның сөздерінен не байқадыңдар? Ерланға қандай мінездеме беруге болады?
  • Біздің сыныпта осы Ерлан сияқты ізетті балалар бар ма?
Дәптерге жаттығуды көшіріп, жазып алады. Сергіту сәті:қимылды жаттығулар жасату 5. Тақтамен жұмыс: 160- жаттығу: берілген сөздерді көшіріп жазу. Өзіндік жұмыс: Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді тауып жазыңдар: Мына кітапты көруге .... ..., кіруге рұқсат па?! Мен байқамай қалдым, ... ... тағы да алуға бола ма?! 161-жаттығу: берілген сөздерді қатыстырып сөйлемдер құрату: Мүмкін болса, мақұл. 6.Ой толғаныс: Топпен жұмыс

Сөз ойла, тез ойла" (ойын)
Бір сөзден көп сөз ойла.
Әдептілік Қамқорлық Кішіпейілдік Сыйластық 162-жаттығу (ауызша) сұрақтарға жауап алу:

  • Мәтіннің басты кейіпкерлері кімдер екен?
  • Олар қай жерде кездесіп қалды?
  • Ерден қандай бала?
  • Ал, Еркебұланның әрекетінен оның қандай бала екенін аңғаруға болады?
  • Сонда екеуінің қайсысы тапқыр, ақылды болғаны? Неліктен?
«Ұйқасын тап» ойыны арқылы сабақты қорытындылау:
  • «Әдепті бала - ...бала», «Әдептілік, ар-ұят, ... белгісі», «Сәлем - .... сөздің анасы»
7.Үйге тапсырма: 163-жаттығу «Әдепті бала - арлы бала» тақырыбына шығарма жазу 8.Бағалау: Сөйлеу мәдениеті қазақ тілі (2 класс)
© 2010-2022