Бастауыш сыныптарға: Мәңгі жасар өмір. (4 сынып)

Раздел Начальные классы
Класс 4 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Бекітемін_________________

Мектеп директоры: Тұрсынова Қ.Д.

Қаныш Сәтпаев атындағы орта мектеп

мемлекеттік мекемесі







АШЫҚ САБАҚ

Әдебиеттік оқу

Тақырыбы:

«Мәңгі жасар өмір»

Сынып: 4 «В»

Сынып жетекшісі: Асқарова Р.Р.

Қаскелен қаласы 2015-2016 оқу жылы

Сабақтың тақырыбы: «Мәңгі жасар өмір»

Сабақтың мақсаты:

  1. Оқушылардың өткен сабақтан алған білім негіздерін қорытындылай отырып, жаңа білім негіздерін қалау.

  2. Оқушыларды Тұрсынбек Кәкішев өмірімен, әңгімесін таныстыра отырып, Мәңгі жасар өмір мәтінінің мазмұнын ашу. Мәтінді әңгімелей отырып, ойын, тілін дамыту.

  3. Мәтінді негізге ала отырып, балаларды мейірімділікке , имандылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.

Әдіс -тәсілдер: Сұрақ-жауап, түсіндіру, талдау, салыстыру.

Сабақтың көрнекілігі: Т.Кәкішев портреті, қима қағаздар.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

1. Оқушылармен сәлемдесу.

2. оқушыларды сабаққа даярлау.

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау, тексеру.

  1. Сұрақ-жауап әдісін пайдалану арқылы жалғастыру ойынын ойнау.

Ойын ережесі.

Мұғалім допты лақтыру арқылы балаларға сұрақ қояды. Допты алған бала сұраққа жауап беріп, допты қайта мұғалімге қайтарады.

Сұрақтар:

  • Өткен сабақта қандай әңгімемен таныстыңдар ?

  • Әңгіменің авторы кім?

  • Әңгіме кім туралы?

  • Тұрар Серікті неліктен сұраққа алды?

  • Серік неліктен шындықты айтуға мәжбүр болды?

  • Тұрар мен Қабылбек қандай шешім қабылдады ?

  • Сен олардың орнында болсаң, не істер едің ?

ІІІ. Үй тапсырмасын бекіту.

Үш қатар жарысады, қай қатардың балалары белсенді қатысқандығы мақтап, марапатталады.

ІV. Меңгеруге даярлау.

Сергіту жұмысы:

Тербеледі ағаштар,

Алдымнан жел еседі.

Кіп кішкентай балалар,

Үп, үлкен боп өседі.

- Оқушылардың сабаққа зейіндерін аудару.

- Тақырыппен таныстыру.

- Мәңгі жасар өмір.

V.Жаңа сабақ.

1. Т.Кәкішев портретімен таныстыру.

-оқушыларға мәтінді мәнерлеп оқып, мазмұнын түсіндіру.

2. Оқулықпен жұмыс.

- Мәтінді тізбектеп оқыту.

3. Оқушылардың білімін тексеру.

Сұрақ-жауап

  • Мәтінде е басынан өткен қандай кезең суреттелген ?

  • Оны неден аңғардың?

  • Әңгіме неліктен «Мәңгі жасар өмір » деп аталған?

  • Ол кімге қатысты айтылған сөз?

Сершіту сәті:

Қарлығашқа ұқсайық,

Қане қанат қағайық.

Қарлығаш боп ұшайық,

Ұшып,ұшып алайық.

5. Мәтіннің негізгі ойын табу.

Сұрақ-жауап:

  • Әңгіме неліктен «Мәңгі жасар өмір » деп аталған?

  • Суретпен жұмыс.

  • Берілген сурет пен мәтіннің арасында байланыс бар ма? Болса қандай ?

Қорытынды бөлім.

-Сөзжұмбақ шешу.

-Балалардың білімдерін бағалау.

Үйге тапсырма беру.

  • Мәтінді оқып, әңгімелеп келу.



© 2010-2022