Қазақ тілі пәнінен сабақ: Дауыссыз н мен ң

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:



Ключев орта мектебі

Қазақ тілі пәнінен сабақ: Дауыссыз н мен ң

Тақырыбы: «Дауыссыз н мен ң»

2-сынып

ӨТКІЗГЕН: Ажкаева А.Б

2015-2016 оқу жыл

Пән атауы: Қазақ тілі

Күні: 23.10.2015 ж Сабақтың тақырыбы: Дауыссыз н мен ң дыбыстары. Сабақтың мақсаты:

  1. Дауыссыз дыбыс түрлерімен таныстыру. Үнді дауыссыз дыбыс туралы
алған білімдерін пысықтау. Н,ң дыбыстарының сөз басында келгенде жазылуы мен айтылу ерекшеліктерін түсіндіру.
  1. Оқушылардың ой-өрісін, сөздік қорын, байланыстырып сөйлеу дағдысын,
  2. сауатты жазу дағдыларын қалыптастыру, дамыту.
  3. Балаларды сауатты жазуға, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ Сабақтың типі: аралас сабақ Сабақтың әдіс-тәсілдері. түсіндіру, сұрақ - жауап Сабақтың көрнекілігі: суреттер, үлестірмелер, жұмыс дәптері

Сабақ барысы

І.Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылардың құрал-жабдықтарын тексеру.

ІІ. Пихологиялық ахуал.

Мақсатымыз білім алу,

Міндетіміз еңбек ету.

Еңбек етіп жұмыла

5-ке қолды жеткізу.

ІІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

ТЕСТ

№ Тапсырмалар Жауаптар 1 Төмендегі сөздердегі и қандай дыбыс ? Ки, имек, киім а)дауыссыз ә)дауысты 2 Дұрыс жазылған сөздерді белгіле. а)каимақ, кайрақ ә)қаыймақ,қаыйрақ б)қаймақ, қайрақ 3 Көп нүктенің орнына тиісті әріпті белгіле. А...а,қа...ын,...ық а)ұ ә)ү б)у 4 У қай кезде дауысты ? а) дауыссыздан кейін келсе, ә) дауысты дыбыстан кейін келсе, б) дауысты дыбыстан кейін , сөз басында келсе, 5 Дұрыс жазылған сөзді белгіле. а) тайақ ә) таяқ б) тайяқ 6 Көп нүктенің орнына тиісті әріпті қой. Қо....,о....,кү... . а)йу ә)ю б)йю 7 Үнді дауыссыз дыбыстарды тап а)б,в,г,ғ,д,ж,з, ә)л,м,н,ң,р,й,у б)а,о,ә.ұ 8 Б қандай дыбыс ? а) қатаң ә)үнді б)ұяң 9 Дұрыс жазылған сөзді тап а)құлақы ә)құлағы б)құлагы 10 Дұрыс жазылған сөзді тап а)жанғақ ә)жамғақ б)жаңғақ Жауаптар 1) Ә 2) Б 3) Б 4) Ә 5) Ә

6) Ә 7) Ә 8) Б 9) Ә 10) Б

ІҮ. Жаңа сабақ - Балалар, мен сендерге қазір әріптерге байланысты жұмбақ жасырамын, соны шешіп көрейік. Қос ағашты тік қойып, Беліне белдік байладым Бұл қандай әріп ?(Н)

  • Н мен ң дыбыстарына байланысты қандай сөздер білесіңдер ? ң дыбысы сөз
басында ешқашан келмейді. Міне бүгінгі сабақта біз н мен ң дыбыстарына талдау жасаймыз. Дәптермен жұмыс. Көркем жазу. ң ң ң ң ң ң ң ң ң ң ң оң аң шаң еңбек алшаң тең Оқулықпен жұмыс.

1-жаттығу

Сөйлемдерді оқу, сөйлемдердегі қарамен жазылған сөздерге назар аударып,

мағынасын түсіндіру, жазылуын естерінде сақтау.

Мен-мең, кен-кең, шың-шын. 2- жаттығу. Сөздерді көшіріп жазып, мағыналарын түсіндіру. Қауын, жауын, жауынгер, сәнқой,көнгіш, сенгіш. Таңғыш, мәңгілік,әңгелек,үңгір,ертеңгі.

  • Бірнеше сөйлемді қатыстырып сөйлем құрау.
Тақтамен жұмыс.

Көп нүктенің орнына н , ң әріптерінің тиістісін қойып, көшіріп жаз.

Жауы...гер, кө...гіш, үзе...гі, се...гіш, ша...ғы, қара...ғы,

бұры...ғы, ә...гіме, кө...іл.

Ү. Сергіту сәті. Далада жел тұрды, Жжел қатты тұрды. Далада жаңбыр жауды Жаңбыр қатты жауды. Найзағай жарқ етті Жаңбыр басылды Күн ашылды.

Шығармашылық тапсырма. 3- жаттығу. «Еңбек» мәтінін оқу. Шөмеле сөзіне түсінік беру. Мәтіндегі адам аттарын апта күндеріне айналдыру.

Айтылуы Жазылуы

Дүйсембі Дүйсенбі

Сейсембі Сейсенбі

Сәрсембі Сәрсенбі

Бейсембі Бейсенбі

Сембі Сенбі

Жексембі Жексенбі

4- жаттығу. Суреттердің атын жаз.



  • Н әрпінің асытн бір сызықпен, ң әрпінің астын екі сызықпен сызыңдар.

  • Сөздерді қатыстырып сөйлем құрастырыңдар.

Шығармашылық тапсырма.

1-жұп. 2-жұп. 3-жұп.

Қо...ыз, Төмендегі Суретке қарай отырып,

жо...ышқа, сөздерді "Күз" тақырыбына

дола...а, пайдаланып, 3 сөйлем жаз.

ә...гелек, сурет сал:

егі..., Бұлт, жаңбыр,

дө...гелек, жел, ағаш,

кү...бағыс.

ҮІ.Сабақты қорытындылау

Өздік диктант.

Н ма, ң ба?

Ша....., ө.....ер, те......, ....а....., та....., о...ы....., се....і, ме...і...., тү....., е...бек, ...ағашы, қо...ыз, тере..., екі...ші.

  • Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді?

  • Үнді дауыссыз дыбыстарды кім атап береді?

Л, р дыбыстары сөз басында келген жағдайда, олардың айтылуында қандай дыбыстар қолданылады?

ҮІІ. Үйге тапсырма беру 5 - жаттығу 59 - бет

ҮІІІ.Бағалау



© 2010-2022