Наурыз - жыл басы (1-сынып)

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: «Өнерлі өрге жүзер»

Мақсаты: Оқушыларды пәндер бойынша алған білімдерін саралау, ой ұшқырлықтарын байқау, топпен бірлесе отырып, жұмыс істей білуге және өз білімдерін көрсетуге үйрету.

Оқушылардың сөздік қорын молайту, дүниетанымдарын кеңейту, тіл байлығын, шығармашылық қиялын, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, өз ойларын еркін жеткізе білуге және шығармашылықпен еңбек етуге дағдыландыру.

Болашаққа өз үлесін қоса білетін, іздемпаз ұрпақ етіп тәрбиелеу.

Жан-жақты білімділікке, тапқырлыққа, жылдамдыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Барысы:

Жүргізуші: Құрметті ұстаздар, оқушылар, сайысқа қатысушылар!

«Өнерлі өрге жүзер» атты білімділер сайысын бастауға рұқсат етіңіздер. Бүгінгі сайысқа 1-4 сыныптың оқушылары қатысады. Сайысқа 4 топ қатысады. Әр топ құрамында 4 оқушыдан.

Сайыста әртүрлі қызықты сұрақтар мен тапсырмалар беріледі.

Асып әсте саспайық,

Батыл қадам бастайық.

Еркіңді билеп барынша,

Жарыста сірә қалыспа!

Сайыс қызығын балалар,

Осылайша шабытпен,

Кәне енді бастайық.

  • Алдарыңызда 4 топтың қатысушыларын қарсы алыңыздар.

Сайысты бағалайтын әділ-қазы алқасымен таныс болыңыздар!

Сайыс 5 айналымнан тұрады.

1 -айналым - әр топ өздерін таныстырып өтсін.

Топтарға сұрақ: Бүгінгі сайысқа қандай дайындықпен келдіңдер және не күтесіңдер?

  • Бәрекелді, олай болса, сендерге сәттілік тілеймін.

2- айналым - «Білгенге маржан». 1-2 сыныптар сурет салуға қажетті құрал

жабдықтарды, 3-4 сыныптар бейнелеу өнеріне байланысты сөздер жазады. Әр сөзге 1 ұпайдан беріледі.

3- айналым - «Құпия кітапша» деп аталады жұмбақтар беріледі, оның шешуін

суреттер арасынан тауып жабыстырып, 3 тілде айтады.

Жұдырықтай қызыл шар,

Тілді үйірген шырын бал. /Алма- яблоко- арріе/

Мұртымен туады,

Мұртымен өледі. /мысық - кошка- саt/

Қыста жерді басады,

Жазда сайға қашады. /қар - снег- snow/

Жеті қазынаның бірі,

Адамды қорғап жүреді. /ит- собака- doq/

Сағат сайын қағылады,

Тек мектептен табылады. /қоңырау- звонок -bell/

3 тілде дұрыс айтса 15 ұпай, 2 тілде 10 ұпай, 1 тілде 5 ұпай беріледі

4- айналым - «Кім жылдам?» 1- 2 сынып оқушыларына 1 сурет, 3-4 сыныпқа

2 суретНаурыз - жыл басы (1-сынып)

Наурыз - жыл басы (1-сынып)

5- айналым - «Сәйкестендір» бейнелеу өнеріне байланысты сөздердің мағынасын сәйкестендіреді.

1. Акварель- суда еритін мөлдір бояулар және осы бояулармен орындалған шығарма.

2 . Аппликация - белгілі бір фонға әр түрлі қиындылардан бейнені жапсыру арқылы шығарма орындау қажет.

3. Архитиктура - сәулет өнері.

4. Палитра -бояу араластыратын тақтайша.

5.Пейзаж -бейнелеу өнерінің табиғатты бейнелейтін жанр.

6- айналым - «Топ басшылар сайысы». Суретті кім әдемі бояйды?

Наурыз - жыл басы (1-сынып)



Қорытынды. Әділқазыларға сөз беру.

  • Осымен сайысымыз өз мәресіне жетті. Қатысқандарыңызға рахмет.


© 2010-2022