Түйеқұстың біз білмейтін сырлары (4 сынып)

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Презентации
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

І тарау.

1.1 Түйеқұстың біз білмейтін сырлары.

Ұшпайтын құстар тобына қарасты түйеқұстар көне дәуірден бері өмір сүріп келеді. Жартылай шөлді климатта өмір сүретін бұл құсқа деген адамдардың қызығушылығы сонау ерте кезден басталған көрінеді.

Көне Мысырда түйеқұс жұмыртқаларын емдік мақсатта пайдаланған. Рим сарбаздарының белбеулеріне сый ретінде түйеқұстың бір тал қанаты тағылатын болған. Түйеқұстың еті мен терісіне қызыққан кейбір араб тайпалары оны аулаумен де айналысқан. Кейінгі жылдары әлем елдріндегі құс шаруашлығының бір түрі - осы түйеқұс өсіру. Түйеқұстың еті сиыр етіне ұқсас келеді, құрамында май мен холестериндеңгейі аз болғандықтан, еті денсаулыққа, әсіресе, жүрек ауруына пайдалы. Өте өсімтал құс. Түйеқұстың жұмыртқасы, терісі, жүні, тырнақтары, тұмсығы, ішектері, іш майы, сүйегімен қоса аяқ терісі де түгел дерлік пайдаға асады.

Саудалау мақсатында түйеқұс өсіру тұңғыш рет 1860 жылы Оңтүстік Африкада басталған көрінеді. Бүгінгі таңда Америка, Астралия, Еуропа, Қытай, Израиль секілді көптеген елдердің құс фермаларында түйеқұс өсірілуде.

Түйеқұстың біз білмейтін сырлары (4 сынып)



1.2 Түйе мен түйеқұс.

Түйеқұстардың түйелермен ұқсастығы тек атында ғана емес. Аяқтарының ұзындығы, денесінің ірілігі, түйеге ұқсас мойнымен «түйеқұс» деген атауға әбден-ақ лайық.

Түйеқұстың біз білмейтін сырлары (4 сынып)



Көбіне-көп түйелер секілді шөлді климатта өмір сүретін түйеқұстар климатқа физиологиялық жағынан бейім келеді.Түйеқұстың біз білмейтін сырлары (4 сынып)


Түйелер секілді шөлге шыдамды жаратылған түйеқұстың көз шараналарының үстіңгі жағындағы тұз қалталары тұз ерушілікке жол ашып, судың ең аз жұмсалуын қамтамасыз етеді. Үлкендігі жағынан түйеқұстың көзімен ешқандай құс теңдесе алмайды. 5 см шамасындағы көздері өте өткір келеді. Түйе мен түйеқұстың екеуінің де кеуделерінің төменгі жағында дене салмағының тепе-теңдігін қамтамасыз ететін жастық пішіндес ұлпа болады. Түйеқұстардың азықтануы да түйелерге ұқсас. Олар шөп талғап жатпайды, не жесе денесіне шыр боп бітіп, ет ала береді. Қызығы сол, шөлді жерлерде талғап жейтін шөп кездесепесе де еті мен жұмыртқасы өте дәмді.

ІІ тарау.

2.1 Жаратылыс ерекшеліктері.

Түйеқұс ең ірі құс түріне жатады. Бойы 2,5-3 метрге, салмағы 100-160 кг-ға дейін жетеді. Қанаттары қысқа болғандықтан ұша алмайды. Алайда, өте күшті аяқтарымен сағатына 70 шақырымға дейін жүгіре алады. Бұл оның өзіне төнген қауіптен қашып құтылуына әрі шөл ортасында азығын оп-оңай тауып жеуіне көмектеседі. Түйеқұстың біз білмейтін сырлары (4 сынып)



Түйеқұстардың Африка, Оңтүстік Америка, және Австралияда өмір сүретін үш түрі кездеседі. Олар бір-бірімен аяқ саусақтарының саны және іріліктерімен ажыратылады. Бұл үш түрге жататын түйеқұстар артқа да, алға да 400 кг-ға дейін жететін аса ауыр күшпен тебе алады.

Түйеқұстың біз білмейтін сырлары (4 сынып)



Түйеқұс уақытының 30 пайызын жем іздеумен өткізеді. Көбіне-көп түрегеп тұрған күйі немесе кетіп бара жатып та қоректене береді. Ұзын мойны мен өте қырағы көздері арқылы кішкене шылаушынды да іліп алып жей береді.


Тұмсықтарының түбін де көре алатын түйеқұстардың бір көзі 60 грамм салмақ тартады. Яғни, адам көзімен салыстырғанда төрт есе көп салмаққа ие. Шөлдегі құмды борандардан сақтану үшін көздің үстіңгі және астыңғы қабағымен қоса, көздің тазалануын қамтамасыз ететін жұқа қабықтан құралға тағы бір көз қабағына ие.

Түйеқұстың біз білмейтін сырлары (4 сынып)


Жайылған кезде ауыздары толғанша шөп жұлып ала береді. Өңешінен өткізіп жұтынғанын сырттай оп-оңай бақылауға болады. Асын жұтарда басын тік көтеретін түйеқұстар бұндай кездерде көбіне айналаны бақылайды. Қабылданған азық дереу матаболизмнен өтеді я болмаса сақталады. Маусымға қарай өзгеретіндігін есепке алғанда түйеқұстардың ішетін су мөлшері күніге орташа 12 литр. Түйеқұстың біз білмейтін сырлары (4 сынып)


Түйеқұстар түйе, қойлармен де бірге жайыла береді. Қолға тез үйренеді. Осы тұрғыдан алғанда, Оңтүстік Африкада түйеқұстарға туристердің мініп жүріп қыдыратыны, тіпті жарыс ұйымдастыратын кездері де кездеседі. Түйеқұстың біз білмейтін сырлары (4 сынып)


Түйеқұстың біз білмейтін сырлары (4 сынып)


Түйеқұстың біз білмейтін сырлары (4 сынып)


Түйеқұстар көбінесе ашық алаңқайларда жайылғанды жақсы көреді. Өздеріне нәсіп етілген керемет жүндері арқылы күндіз ыстықтан, түнде суықтан қорғанып, денелерінің жылу температурасын сақтайды. Ешқандай термодинамикалық сабақ алмаса да қатты ыстықта жүндерін желпу арқылы салқындайды. Қанаттары жылу температурасын реттеумен қатар дұшпандарын қорқыту және өз серігін таңдау ісінде көп көмегін тигізеді.

Түйеқұстың біз білмейтін сырлары (4 сынып)



Түйеқұстың біз білмейтін сырлары (4 сынып)


Еркегі ашу шақырған уақытта мойны мен басын тік көтеріп, көкірегін керіп, құйрық жүндерін тікірейтеді. Көбею кезінде топ-топтарға бөлінеді. Аналығы 12-18 жұмыртқа басады. бізге Ынтымағы жарасқан отбасы кейпін елестетіп, түйеқұстардың еркегі де, ұрғашысы да кезектесіп жұмыртқа басады. Жұмыртқа шайқау ісі күндіз ұрғашысына, қалған уақыттарда еркегіне тән. Көбінесе 15 минут пен бір жарым сағат аралығында басқан жұмыртқаларын аударып-төңкеріп отырады. Ұя басып-шығаруы бір ай он екі күнге созылады.

Түйеқұстың біз білмейтін сырлары (4 сынып)
































2.2 Түйеқұстардың жұмыртқасы.

Түйеқұстар орташа алғанда 18-24 айлығында жұмыртқалай бастайды. Жақсы бапталға түйеқұстар жылына 40-80 жұп жұмыртқа бере алады. Түйеқұс жұмыртқасы 1-1,5 кг салмағында ең үлкен жұмыртқа түріне жатады.

Түйеқұстың біз білмейтін сырлары (4 сынып)


Түйеқұстың бір жұмыртқасы тауықтың 25-30 жұмыртқасына тең. Протеин мен витаминге бай келгендіктен түйеқұстың бір жұмыртқасымен 20 адамды еркін тойдыруға болады. Жұмыртқалары тауық жұмыртқалары секілді дәмді. Түйеқұс жұмыртқасының сыртқы қабығын көне мешіттерде өрмектілерден қорғану мақсатында қабырғаларға іліп қоятын болған екен. Қазірдің өзінде түйеқұс жұмыртқасының сыртқы қабығы әр түрлі түске боялып, әрленіп, ұсақ-түйек әшекей заттарға қолданылуда.

Түйеқұстың біз білмейтін сырлары (4 сынып)Түйеқұстың біз білмейтін сырлары (4 сынып)


Терісінің қалыңдығы сөмке жасауға ыңғайлы болса, үлпілдеген жүндері сәндік бұйым ретінде, тырнақ, сүйек; тұмсығы болса, түйме, тарақ т.б. заттар жасалуында пайдаланылуда.

Түйеқұстың біз білмейтін сырлары (4 сынып)Түйеқұстың біз білмейтін сырлары (4 сынып)


Түйеқұс өсіру шаруашылығымен айналысу - жаңа жұмыс көзі болумен қатар экономикалық табыс әкелетін өте тиімді сала.

Түйеқұстың біз білмейтін сырлары (4 сынып)

Пайдаланған әдебиеттер.

  1. «Аңсар» журналы. Зоология бөлімі. 14-16 б.

  2. «Балдырған» журналы.

  3. enchantedlearning.com

  4. ostriches.org

  5. Балалар энциклопедиясы.

  6. Бейко В.Б., Березина М.Ф., Богатырева Е.Л. Большая энциклопедия животного мира: «Научно-поп. Издание для детей» ЗАО «РОСМЭН-ПРЕСС», 2005-303 с.

© 2010-2022