Қозғалысқа байланысты есеп шешу

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы : Қозғалысқа берілген есептерді шешу. Сабақтың мақсаты : Білімділік : Әр түрлі жылдамдықтағы денелердің қозғалысына байланысты есептерді шығаруға оқушыны дағдыландыру. Өткен сабақты оқушы санасына бекіту ,тиянақтау .Дамытушылық : Оқушыларды белсенді шығармашылық жұмысқа баулу,өз бетімен еңбектену сезімін ояту, ойлау қабілеттерін дамыту. Тәрбиелілік : Оқушының зейінін шоғырландыру , ұқыптылыққа, дәлділікке, ұжым намысын жоғары қоюға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Қайталау және пысықтау сабағы

Сабақтың әдісі : Қайталау, жаңғырту.

Сабақтың формасы : Жеке және ұжымдық .

Сабақтың көрнекілігі: Көрнекі материалдар, жетондар «Бағдаршам» тесті, интерактив тақта

Математикалық диктант

Есептің шартын құр, шығар: Туристер бірінші күні 5 км/сағ жылдамдықпен 5 сағ, екінші күні 4 км/сағ жылдамдықпен 7 сағ жол жүрді. Туристер 2 күнде қанша жол жүрді?

Сурет бойынша есеп құрастыр:

Қашықты тап:

Өрнектің мәнін тап:

251 ∙ 31 - 256 : 64 =

329 : 47 + 524 ∙ 16 =

Теңдеуді шеш:

С ∙ 4 ═ 1800 + 1400 2 ∙ х ═ 7528 - 6128

Амалдарды орында:

Логикалық есептеулер:

1).Кез келген нәрсенің төрттен бір бөлігі көп пе, әлде жартысының екіден бір бөлігі көп пе?

2).Тоғыз адам тоғыз минутта тоғыз балмұздақ жеді, ал он адам он минутта неше балмұздақ жеуі мүмкін?

3).Шешесі балаларына 10 шоколадты бөліп, қыздарына үш - үштен, ұлдарына екі - екіден бөліп берді. Қыздар нешеу, ұлдар нешеу екенін табыңдар.

4).Егер әр қайыққа 3 адамнан алса, жағада 6 адам қалады. Ал 4 адамнан алса, жағада 3 адам қалады. Сонда қайық нешеу, адам саны нешеу?

5). Баланың жинаған 8 қоңызы бар. Қоңыздың 6 аяғы бар. Барлығы қоңыздың неше аяғы бар?

6). Бірінші вазада 9 алма, ал екінші вазада біріншісінен 2 алма артық, үшінші вазада бірінші мен екінші вазаны қосқаннан 4 есе кем. Барлығы үш вазада неше алма бар?

7) Бөлменің әр бұрышында бір- бірден 4 мысық отыр.Әр мысыққа 3 мысықтан қарап отыр. Сонда бөлмеде барлығы қанша мысық бар?

Блиц - турнир

(жылдамдық, уақыт, қашықтық) «Бағдаршам» тестін пайдаланып кестедегі белгісіз шаманы тап:

Крестиктер-нөлдіктер

Рефлексия



© 2010-2022