Конспект урока на тему Әліппеге мың алғыс!

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:


Конспект урока на тему Әліппеге мың алғыс!


Әліппеге мың алғыс!

Асыл Жанибековна Нургалиева

Қобда орта мектебі

Қобда ауданы

Қобда ауылы

Мақсаты:
Оқушылардың сауат ашу пәнінен оқу барысында алған білімдерін тиянақтау;
өз - өнерлерін ата - аналарға көрсету, эстетикалық талғамдарын тереңдете түсу, өзін өзі басқаруы мен ана тілін сүйіп, қастерлеуге тәрбиелеу.

Жүру барысы:

Мұғалім: Құрметті ата - аналар, ұстаздар, оқушылар! Бүгін біздің қуанышымызға шек жоқ. Бүгін сіздер 1 «А» сынып оқушыларының «Таныстырған 42 әріппен, Әліппеге мың алғыс! ертеңгілігіне келіп отырсыздар.

Мұғалім:

Қош келіпсіз, ақ жаулықты аналар,
Жүздеріңнен мейірім мен нұр тамар.
Алдарыңда қызғалдақтай құлпырған,
Біз алаңсыз балғын шақты балалар.

Көз салып қараңызшы бойымызға
Ортақ боп бүгін өскен ойымызға.
Хош келіпсіз ұстаздар, ата - аналар,
Әліппемен қоштасу тойымызға.

Мейрамбек:
Бәрің бері қара.
Бүгін бізде
Болмақ қандай шара?

Аружан:
Тағзым етем, тақсырым,
Айтайын мен жан сырын
Естідім ұзын құлақтан,
1 «А» сыныбынан

Диана:
Қоштасу тойын бастайық,
Ән мен биге басайық.
Өнерімізді көрсетіп,
Құрметіне бұл тойдың.
Ән мен шашу шашайық.


Мұғалім:
Өсті міне бойларың,
Өсті ақыл - ойларың.
Қуанышқа ортақпын,
Құтты болсын тойларың!
- Балалар, сұраққа жауап айтындаршы.
Іші толған әріпке,
Білімдегі жарық не?
Хормен: Болашаққа жол ашқан,
Ол сүйікті Әліппе!
- Олай болса, бәрімізге ең қымбат Әліппені ортаға шақырайық.
Хормен: Әліппе, Әліппе, Әліппе!

Әліппе: Менің атым - Әліппе,
Мені анаңдай дәріпте.
Мені оқып ер жеткен,
Ағаң менен әпкең де.
Армысыздар, жас достар!
Армысыздар, ата - ана!
Болашаққа жол бастар,
Әліппең келді ортаға.

Мұғалім:Балалар, Әліппе өзімен бірге шашу алып келді. Тамашалап көрейік.

Ән. "Әліппе" Орындайтын: Данагүл, Фарида, Даяна, Махаббат, Деляфруз.
Әліппе: - Сендер қандайсыңдар?

Адина:
Талабы биік таудаймыз.
Мың бұралған бишіміз.
Біз шеберміз.
Ақылдымыз.
Үлкенге ізеттіміз, кішіге қамқормыз.
Барлығы хормен: Біз - қазақ елінің болашағымыз.

Ән: Отан

Мұғалім: Балалар, өзі жалқау, өзі сабақ оқысы келмейтін кім бар екен?
О: Жалқаубек /Ортаға Жалқаубек кіреді./
Жалқаубек:
- Ой мұнда неге көп балалар жиналған? Өздері шеттерінен әдемі екен. Бұл жерде не болып жатыр өзі, а?
Нұржан: Біз бүгін Әліппемен қоштасып жатырмыз.
Жалқаубек: Әліппе деген не?
Нұржан:
Іші толған әріпке,
Мынау әйбат әліппе.
Барлық ілім - білімнің,
Әжесі осы - әліппе.
Жалқаубек: Сонда сендер барлық әліппені білесіңдер ме?
Хормен: Әрине.
Жалқаубек: Ал мен білмеймін!
Әріптер шығады.

Диана:
Алфавитті жаттадық
Онда жүйе, қалып бар,
Біздің қазақ тілінде
42 әріп бар.

Алмас:
Сан әріпті үйрендік,
Бүгін бізге сеніңдер.
Әріптер әлеміне,
Саяхаттап көріңдер.

Мұғалім: Әліппе, кейде біздің әріптер айтысып та қалады, енді солардың айтысын тыңдаңыз.

Әліппе: Жарайды, оны да тыңдайын!

Адина:

Алфавиттің "А" тұрады басында ,

әрқашанда "Ә" тұрады қасында.

Байқадың ба, "Б" тұрады үшінші

Сыры неде түсінші?

Ақнұр:

"А" деген ол аналар ғой ардақты,

"Ә" деген ол әкелер ғой салмақты,

"Б" деген ол бабалар ғой әдемі,

Біздің елде үшеуі де кәделі.

Аружан:"Ее" Еріншектің ертеңі,

Елге таныс ертегі.

Мейрамбек: "Жж" Жаз да биыл жаңбырлы,

Жайлау талай жаңғырды.

Нұржан: "Ққ" Қауырсынын құстардың

Қызықтауға құштармын.

Ақнұр: "Мм" Мен көп тердім мақтаны,

Марат мені мақтады.

Диана: "Оо" Орындықта отырып,

Оқулықты оқыдық.

Диас: "Өө" Өз бөлменнен көрмедім,

Өрмекшінің өрмегін.

Адина: "Тт" Тәп- тәтті таба нан,

Таба алмай қалдым, табадан.

Алмас: "Пп" Партамызға отырдық,

Парақтап кітап оқыдық.

Диас:

Енді біз жаза аламыз,
Әріпті қосып әріпке,
Риза боп саған жүреміз,
Сүйікті біздің Әліппе.
О: Осы қыс ішінде әйбат әліппені үйреніп кел. (Әріптерді барлығын Жалқаубекке береді)
Мұғалім: - Балалар, Әліппе сендерді оқуға, жазуға үйретті. Сол үшін Әліппе достарыңа не айту керек?
Балаларға ақ тілек,
Болашаққа бақ тілеп.
Хормен: Балаларға ақ тілек,
Болашаққа бақ тілеп.
Біздерге білім үйреткен,
Әліппе, саған мың рақмет!

Әліппе:
- Балалар, сендер менімен ғана достасып қойған жоқсыңдар, сонымен бірге қандай негізгі пәндерді оқыдыңдар?
Оқушылар: Математика, дүниетану, ән сабағы, бейнелеу өнері, еңбекке баулу.
Жалқаубек: Математика деген не?
Сандар шығады.
Әліппе:
Ретімен тізбелі,
Әрбір санды даралап.
Қайсың барсың бізге енді,
Айтып берер санамақ?

Нұржан:
1) 1 дегенім - бесік,
Шықтың содан өсіп.
Алмас:
2) 2 дегенім - елім,
Далам, тауым, көгім.
Нұржан:
3) 3 дегенім - үміт,
Үміт артар жігіт.
Ақнұр:
4) 4 дегенім - төзім,
Төзе білем өзім.
Мейрамбек:
5) 5 дегенім - бақыт,
Бағалайтын бақыт.
Аружан:
6) 6 дегенім - ақыл,
Тыңдағаның мақұл.
Диас:
7) 7 дегенім - жалау,
Жүректегі алау.
Адина:
8) 8 дегенім - сөзің,
Серт беретін кезің.
Алмас
9) 9 дегенім - тоқтау,
Елдің жоғын жоқтау.
Диана:
10. 10 дегенім - Отан,

Қорға еліңді ботам.

О: Ал, мамырға дейін санап үйреніп кел. (Сандардың барлығын Жалқаубекке береді)

Аружан:
Көңілді өскен баламыз,
Шырқатып әнге саламыз.
Тойымызға сән берер,
Би де билей аламыз.

Ақнұр:
Әліппені бітірдім,
Жаза аламын атымды.
Әліппені бітіріп,
Бала болдым ақылды.

Мейрамбек:
Қош бол, құтты Әліппем!
Көп нәрсені үйреткен.
Таныстырып әріппен,
Тақылдатып сөйлеткен.

Нұржан:
Әліппемен қош айтысып қаламыз,
Енді қолға ана тілін аламыз.
Ата - ана қуанышқа ортақ бол,
Сауатты боп шықты міне балаңыз!

Әліппе: Енді мен сендермен қоштасайын.
Кір шалмасын беттерін,
Таза болсын оқулық пен дәптерің.
Оқығандарың есте болсың,
Күнделіктерің 5 - ке толсын!
Қыздар: Бәрімізді сүйіп өткен,
Ұлдар: Балаларға үйреткен.
Хормен: Әліппе мен ұстазға
Бас иеміз құрметпен.


Ән: «Әліппе!»

Би
Әліппе: Балалар, рақмет сендерге! Мен сендерге өте ризамын. Енді менен алған білімдеріңді «Ана тілімен» ұштайсыңдар. Міне, менің досым, өзі де келіп қалыпты, қарсы алыңдар. Ана тілі оқулықтарыңды жақсы оқыңдар, үлгілі оқушы болыңдар. Ал мен енді кетейін, қош сау болыңдар!
Ана тілі: Сәлеметсіңдер ме, балалар!
Бірге: Қош сау бол, құтты Әліппе! (Әліппе кетеді)
О: Үйрен жақсы әдеттен,
Жирен жаман әдеттен!
(Жалқаубектің тұрысын, киімін жөндейді)
Жалқаубек: Мен өз қатемді түсіндім, мен де сендер сияқты ақылды да, тәртіпті болғым келеді. Мен өз атымды Ақылбекке ауыстырып ендігі жылы әліппені меңгеріп келемін.
Оқушылар: Біз саған сенеміз, Жалқаубек. Қош сау бол! (Жалқаубек кетеді)
Мұғалім: Өздеріміз білетін «Ана тілі» туралы тақпақтарымызды айтып берейік.

Диас:

Ана тілің - арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрің біл,
Өз тіліңді құрметте.

Алмас:

Ана тілін ақтандар,
Ана тілін сақтандар.
Ана тілмен безеніп
Ата берсін ақ таңдар.

Мейрамбек:

Ана тілің біліп қой,

Бостаңдығын теңдігін,

Ана тілің біліп қой,

Мақтанышың елдігің!

Ән. Ана тілін сүйеміз.

Мұғалім:

Ана тілі: Балалар, енді басқа да қызықты кітаптар оқитын боласыңдар. Ынта қойып оқысаңдар көп нәрсеге үйренесіңдер.
Хормен: Оқимыз, «Ана тілі», оқимыз!

Ән: Ана тілі
Мұғалім: - Бізді осындай күнге жеткізіп, бірге қуанып жүрген аналар мен әкелеріміз, аталар мен әжелерімізге мың алғыс айтамыз.
Білім баспалдағына өрлеген сапарларың сәтті болсын!

Конспект урока на тему Әліппеге мың алғыс!



© 2010-2022