Шуақты көктем тәрбие сағаты

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Күні; 03.03.14ж.

Сыныбы: 3 «Б»

Сынып жетекшісі: Дайырбекова Улжан Тохтарбековна

Тақырыбы: «ШУАҚТЫ КӨКТЕМ» Мақсаты: Оқушыларға жыл мезгілдерінің бірі көктем туралы жан-жақты білім беру. Жаңа сөздерді сөз тіркестері мен сөйлемдерде пайдалана білу. Жыл мезгілі тақырыбында сөйлеу дағдысын қалыптастыру. Әр оқушының білім сапасын оқылым, тыңдалым, жазылым, айтылым әрекеттері арқылы дамыту.Табиғатты сүюге, қадірлеуге, табиғат заттарына деген сүйіспеншіліктерін арттыру.

Түрі: топтық

Көрнекілігі: Слайд-шоу, үлестірмелер, гүл, тақырып жазылған плакат, смайлик

Әдіс-тәсілдері: Иллюстративті түсіндіру, көрнекілік, миға шабуыл, топтық, сұрақ-жауап, кубизм әдісі, 5 жолды өлең

Пән аралық байланыс: Дүниетану, бейнелеу, қазақ тілі

Формативті бағалау нормасы:

Шуақты көктем тәрбие сағатытапсырманы толық нақты орындаса (өте жақсы)

Шуақты көктем тәрбие сағатытапсырманы жақсы орындаса (жақсы)

Шуақты көктем тәрбие сағатытапсырманы орташа орындаса (қанағаттанарлық)

Барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі:

  • Оқушылармен амандасу;

  • Сынып ұранын айтқызу;

  • Сыныпты топқа бөлу (Көктемнің 3 айы)

  • Топ басшысын сайлау, «Алтын ережеле» құру

ІІ. Негізгі бөлім:

  • Қызығушылықтарын ояту. «Сөзжұмбақ шешу»

  • Шешуі: «Көктем»

- Қазір қай жыл мезгілі?
- Қазір көктем.
- Көктем айлары қай айлар?
- Көктем айлары: наурыз, сәуір, мамыр.

- Яғни балалар біздің топтарымыздың аттары да осы көктем мезгілінің аттарымен аталады екен.

  • Әр топ өз топ аттарын қорғайды
    - Саған көктем ұнай ма?
    - Иә, ұнайды.

  1. Әр топқа үлестірме таратып «Көктем» топтастыру схемасын құрату

Мұғалім сөзі: Міне, бәріміздің тағатсыздана күткен, сағынып жеткен көктем де келіп жетті. Айнала бір жайма-шуақ күйге еніп, мерекелі де берекелі күндердің бастауына себеп болып тұрғандай. Өйткені, шаруасын шыр айналдырып, ары-бері ағылып жатқан адамдардың көңіл-күйі мерекелік күнге арналған, бүгін. Көктем келгенде - тылсым табиғат түрленіп, жер ананың жайқалып, жасыл баққа орануы бір ғажайып жаратылыс! Дала маңы у-шуға толып, бар тіршіліктің дүркіреп бір сала беретін шағы. Бәйшешегі ше, шұрқырап барып теретін. Талдар бүршік атып, жайқалған дала көздің жауын ала бастайды, Таңертең аздап, қар қылаң беріп еді, жай ұшқын екен, қазір көктемнің әдемі лебі бар...



  1. Алдын-ала берілген тапсырмалар бойынша жұмыс:

1 - топ: «Наурыз» - «Шуақты көктем» эссе жазу.

2 - топ: «Сәуір» - Көктем мезгілі туралы жыр шумақтары.

3 - топ: «Мамыр» - «Көктем сәні» тақырыбында сурет салу.

( 3 топтын 1-2 оқушыдан шығып қорғайды)

  • «Кім көп біледі?» ойыны, сұрақтарға жауап - беру
-Балалар көктемде ең алғаш гүл жаратын қай гүл? Бәйшешек. - Ендеше осы бәйшешек гүлдерін теру арқылы ішіндегі гүлдерге жауап берейік. (Әр топқа 3 сұрақтан)

Сұрақтары:

  1. Көктем айлары және оны 3 тілде айт
(Наурыз-март-мащ. Сәуір-апрель-ейприл. Мамыр-май-мей)
  1. Көктем мерекелерін ата?

(8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні
22 наурыз - Наурыз мерекесі
1 мамыр - Қазақстан халықтарының бірлігі күні
9 мамыр - Жеңіс күні)

  1. Жеті атаны ата (Әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене, туажат)

  2. Қазақтың ұлттық ойындарын ата (Қыз қуу, алтыбақан, асық ату, ақсүйек т.б.)

  3. Қанаттары үшкір әрі ұзын, құйрықтары екі айыр құс. Қандай құс? Ән салатын қандай құс? (Қарлығаш, Бұлбұл.)

  4. Қазақтың қандай салт-дәстүрлерін білесің? Біреуіне тоқталып өт?

  5. Бозторғайдың қанша түрі бар, Қазақстанда қаншасы кездеседі?

  6. Сырылдатады шәйнегн,
    Ұнатпаса да жұрт, мейлі.
    Тереземіздің әйнегін
    Жуады,
    Бірақ сүртпейді. (Жаңбыр)

  7. Қараңғыда жымыңдайды,жанады,
    Жарық түссе,бірден сөніп қалады. (Жұлдыз)

  8. Қазақтың үш биі

Сергіту сәті.

Ән «Көктем». Орындайтын: Ажар



  • Топтық тапсырма

1 - топ: «Наурыз» - «Көктем» сөзіне 5 жолды өлең

2 - топ: «Сәуір» - «Құс» сөзін тәуелде

3 - топ: «Мамыр» «Көктем» сөзіне фонетикалық талдау



  • Топ басшыларының сайысы. «Кубизм» әдісі бойынша сұрақтар

  1. Үстел беті төртбұрышты, оның бір бұрышын арамен кесіп алсақ, неше бұрыш қалады? 5

  2. Нанды үш бөлікке бөлу үшін, нанды неше рет кесу керек? 2 рет

  3. Тік бұрыштан үлкен бұрыш қалай аталады? Доғал бұрыш

  4. Төртбұрыштың барлық қабырғаларының қосындысы. Периметр

  5. Үстелде 3 стақан сүт бар.Алмаз бір стақан сүтті ішіп қойды.

Үстелде неше стақан бар? 3 стакан

  1. Қыры 5 дм-ге тең шаршының ауданы. 25 кв.см

ІІІ. Қорытынды. «Рефлексия»

Бүгінгі сабақтан алған әсерлерін көңіл-күй арқылы жеткізу.

1. Неше жыл мезгілі бар?
2. Бір жылда неше ай бар?
3. Бір айда неше күн бар?
4. Бір айда неше апта бар?
5. Бір аптада неше күн бар?
6. Бір тәулікте неше сағат бар?
7. Бір сағатта неше минут бар?
8. Бір минутта неше секунд бар?


© 2010-2022