Классный час на тему Қош бол, сүйікті Әліппеп!

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы:Қош бол, құтты Әліппем!

Мақсаты: Оқуға, білімге деген сүйіспеншілігін арттырып, әліппені бітірулеріне байланысты әліппеге өз ризашылықтарын білдіруі. Өздерінің үйренгендерін, білгендерін, оқығандарын көрсету.

Оқушыларды өзін-өзі ұстауға, сыйластыққа ұжымшылдыққа тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: «Қош бол, сүйікті Әліппем!», «Білім кілті-Әліппе» ұлағатты сөздер.

Сабақтың барысы: Балалар, бүгін тәрбие сағатымызға көптеген қонақтар келіп отыр, әдеп бойынша амандасайық.

Мұғалім:Қош келдіңіздер, құрметті қонақтар мен оқушылар! Бүгін өздерінің сүйікті әліппелерімен қоштасып отыр. Олай болса әліппемізді ренжітпей, рахметімізді айтып, өзіміздің дайындаған өнерімізді көрсетейік.

Ой қозғау

-БіздіңОтанымыз!

-Қазақстан

-Ұлтымыз!

-Қазақ

-Туған жеріміз!

-Сулышоқ ауылы.

Мұғалім: Балалар мен сендерге жұмбақ қоямын, сендер жауап беріңдерші.

Іші толған әріпке,

Білімдегі жарық не?

Оқушылар: Әліппе.

Мұғалім: Олай болса, әліппені ортаға шақырайық.

Хормен:Әліппе.

Әліппе: Армысыздар, жас достар!

Армысыздар ата-ана!

Болашаққа жол бастап

Әліппе келді ортаға.

Мұғалім:Қош келіпсіз Әліппе, төрлетіңіз.

Балалар әліппеге дайындаған тақпақтарын айтады.

1-оқушы: Бар кітапқа бас болған

Әліппе-ғылым анасы

Әліппеден басталған

Даналықтың данасы.

2-оқушы: Келгенде алғаш мектепке

Білмеуші едік әріпте

Оқимыз қазір ертекті

Үйреткен оны Әліппе.

3-оқушы:Ана, әке атын сен,

Бізге үйреттің Әліппе

Бәрін нағыз жақсының

Сенен білдім Әліппе.

Алфавитті айту

Мұғалім: сөз айтады, оқушы шығып жазады.

Оқулықпен жұмыс: оқу. Сергіту сәт

Математика Ауызша санау.

Есептер шығару

Ән айту «Үйретеді, үйретеді мектепте»

Мұғалім: Құрметті әліппе, сізбен қоштасамыз.

1-оқушы: Енді біз жаза білеміз,

Әріпті қосып әріпке

Риза боп саған жүреміз

Сүйікті біздің Әліппе.

2-оқушы: Қош бол, құтты Әліппем!

Көп нәрсені үйреттің

Таныстырып әріппен

Тақылдатып сөйлеттің. Оқушылар: Сау бол, әліппе!

Мұғалім: жаңа доспен достасамыз. Оның аты Ана тілі. Ана тілін тарату.

Мұғалім: Осымен біз Қош бол, құтты Әліппем! Атты тәрбие сағатымызды жабық деп жариялаймын.





© 2010-2022