Тәрбие сағатының тақырыбы: Сабырлылық пен ұстамдылық

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тәрбие сағатының тақырыбы: Сабырлылық пен ұстамдылықТәрбие сағатының тақырыбы: Сабырлылық пен ұстамдылық

Тәрбие сағатының мақсаты: «сабырлылық» және «ұстамдылық» ұғымдарының құндылығы мен маңыздылығын ашу.
Міндеттері:
- сабырлылық, ұстамдылық және мінез - құлық мәдениеті туралы түсінік беру;
- адамдармен дұрыс қарым - қатынас жасай білу қабілеттерін дамыту;
- өз сезімдері мен көңіл - күйлерін басқара білуге тәрбиелеу.
Түрі: СТО технологиясына негізделген сабақ

Пәнаралық байланыс: ана тілі, дүниетану, өзін-өзі тану
Әдісі: пікіралысу, әңгімелесу, түсіндіру, сұрақ-жауап
Көрнекілігі: слайд, үлестірме материалдар, суреттер, ИКТ

Ұйымдастыру бөлімдері:

І.Психологиялық дайындық

а) Сәлемдесу.

ІІ. Қызығушылық ояту:
а) Ой шақыру
ә) Ассоциация құру (тақтамен жұмыс)
ІІІ. Мағынаны тану
а) Мәтінмен жұмыс
ә) Түсініктеме (жаңа ақпарат)

б) Шығармашылық жұмыс
ІҮ. Ой талқы.
Ү. Қорытынды

Барысы:
І.Психологиялық дайындық

а) Сәлемдесу.

Мейірімді жүрекпен,
Ақпейілді тілекпен,
Амандасып алайық,
Бір жадырап қалайық!
ә) Оқушыларды үш топқа бөлу.
ІІ. Қызығушылықты ояту

а) Ой шақыру
1. Төзімділік деген сөзді қалай түсінесіңдер?
2. Адамға қандай жағдайларда ұстамдылық керек деп ойлайсыңдар?
3. Сабырлылық сақтағанда қандай күйде боласыңдар?
4. Өзің ұстамдылық таныту үшін не істедің?

б) Ассоциация құру (тақтамен жұмыс)

-Сабырлы адам қандай болады?



ІІ. Мағынаны тану
а) Мәтінмен жұмыс:

"Жан жарасы жазылмайды" (аңыз әңгіме)
І топ:

Ертеде қарияның ашушаң, ұстамсыз немересі болыпты. Бір күні қария немересіне бір қапшық шеге беріп:
- Өзіңді ашу қысқан сайын ағаш бағанға шеге қағып, ашуың басылған кезде, суырып аларсың, - дейді.
ІІ топ:

Немересі бірінші күні - ақ бағанға он шақты шеге қағылғанын байқап, өзін - өзі ұстауға, ашуға бой бермеуге тырысты. Қағылған шегенің саны күнбе-күн азая бастады. Немересі бағанға шеге қағылғаннан гөрі ашуын басқан жеңіл екенін түсінді. Ақырында бағанға бір шеге қақпаған күнге де жетті. Сонда атасы немересін бағанға жетелеп келіп:
ІІІ топ:

- Жарайсың, балам! Бірақ бағанның шұрық-шұрық болғанын көріп тұрған шығарсың? Ол ешқашанда бастапқы қалпына келе алмайды. Адамға жағымсыз сөз айтсаң, оның көңіліне жара саласың, оның жан дүниесі осы баған сияқты шұрық-шұрық болады. Одан кейін қанша кешірім сұрасаң да, жан - жарасы жазылмайды. Ашуыңды ақылға жеңгізе біл, балам,- дейді.

Тапсырмалар:

1 топқа: атасы немересіне осы сөзді неге айтты деп ойлайсыңдар? (ашуды басу үшін, қатты сөз айтпау үшін, ұстамды, төзімді болу үшін)

2 топқа: атасы немересіне не айтты деп ойлайсыңдар? (оқушылардың еркін жауаптары)

3 топқа: жағымсыз сөздерді айтатын бала қандай болады? (әдепсіз, тәртіпсіз, тентек, бұзық, ашушаң, ызақор)


ә) Түсініктеме (жаңа ақпарат)

  • Әр нәрсенің байыбына барып, ақылға салып, өзін - өзі ұстай білу - сабырлылықтың белгісі.

  • Қандай жағдайда болмасын қызбалыққа салынбай шыдамдылық танытып, өз ісіне байсалдылықпен қарау - ұстамдылықтың белгісі.

б) Шығармашылық жұмыс
Венн диаграммасы: әркім жағымды және жағымсыз қасиеттер деген жерге өз бойларындағы қасиеттерді жазады. Ал ортасына екеуіне де ортақ қасиеттерді тізіп шығады.

ІҮ. Ой талқы

Ой толғаныс. "Не білдім? Не үйрендім?" (Әр оқушы өз түйгендерін айтады).

Ү. Қорытынды. Жүректен жүрекке

Сабыр деген әр іске шыдамдылық,
Өте керек адамға бұл бір қылық.
Қолы жетпей талай жан ізденеді,
Осыдан кеп шығады адамшылық.
Сақтық деген әрқашан байқап жүрмек,
Пайда ма не залал ма - ескерілмек.
Көргенін, естігенін есепке алса,
Сонда оңай әрбір істі ойлап білмек.

(Ш. Құдайбердиев)

Балалар шеңберде бір - біріне жылы лебіздерін білдіреді.




Пойма бастауыш мектебі

Тәрбие сағатының тақырыбы:

Тәрбие сағатының тақырыбы: Сабырлылық пен ұстамдылық


Өткізген: Кодасова А.Ш.





2014-жыл.

© 2010-2022