План урока по познания мира на тему Жапырақ

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Жапырақ.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға тақырыпты ұғындыру.
Білімділік: Өсімдік мүшелерінің ішінде жапырақтың атқаратын қызметі, түрлері жайында мағұлұмат беру.
Дамытушылық: Қосымша тапсырмалар, сөзжұмбақ тәжірибелер орындату арқылы ойлау қабілеттерін дамыту, қызығушылығын ояту, өздіктерінен жұмыс істеп, қорытынды шығаруға машықтандыру.
Тәрбиелік: Қоршаған ортаны қорғауға үйрету арқылы экологиялық тәрбие беру..
Сабақтың көрнекілігі: Жапырақтардың түрі, тірек - сызбалар, сөзжұмбақ.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Әдістері сұрақ - жауап, талдау, салыстыру, іздену, жинақтау.
Сабақ барысы
1. Бағалау - мотивациялық кезең.
а\Психологиялық дайындық
Сабақ мәтінін оқу және сұрақтарға жауап беру. Балалалр сабақ жайында не біледі екенбіз, оны сызба арқылы көрсетейік.

Сендер сабақ жайында жақсы біледі екенсіңдер. Ендеше мына сөзжұмбақты шешейік. Дұрыс шешсек, жаңа сабағымыздың тақырыбы шығады.

2Операциялық - орындаушылық кезең.
Ой толғаныс сатысы. Сөзжұмбақ шешу.

1. Ең ыстық мезгіл.
2. Өсімдіктің үш түрінің бірі.
3. Өсімдік өсетін жұмсақ, борпылдақ қабат.
4. Күзде себілетін дән.
5. Өсімдіктің жер асты мүшесі.
6. Өсімдіктің барлық мүшесін бір - бірімен жалғастырып тұратын мүшесі.
7. Ағаш., Балалар, қандай сөз шықты? Жапырақ
Балалар, біз өсімдіктің тамыры мен сабағын білеміз. Өсімдіктің сабағына көрік беретін не деп ойлайсыңдар?
Дұрыс, жапырақ. Ендеше бүгінгі сабағымыздың тақырыбы - Жапырақ. Алдыңда жатқан жапырақтар қандай ағаштікі деп ойлайсыңдар?(Оқушы жауабын тыңдау)

Жаз мезгілінде Күз мезгілінде

Сонымен, балалар, өсімдікке сән беретін жапырақ екен. Балалар ағаш жапырақтары қай кезде әдемі көрінеді? Ағаш жапырақтары қай кезде сарғаяды?
Оқулықпен жұмыс.
- Оқушыларға тізбектей оқыту.
Шығармашылықпен жұмыс.
1 - топ. Жапырақтың суретін салу.

2 - топ. Жапырақ туралы өлең шығару.

Үйеңкінің жапырағы Талшынның жапырағы Еменнің жапырағы

Ақжелкеннің жапырағы Теректің жапырағы

Сонымен, балалар, өсімдік ең маңызды мүшесі жапырақ туралы оқиық.
(Мұғалімнің оқуы, талдау, тірек - сызбамен жұмыс.)

4. Сергіту сәті.
Орнымыздан тұрамыз,
Қолды белге қоямыз.
1, 2, 3 қарлығаш боп ұшамыз.
Қоян шықты далаға,
Жан - жағына қарады.
Жүгірді, секірді.
Орнына келіп отырды
5. Зеттеу жұмысы.
Ал, енді, балалар, бөлме өсімдігінің жапырағында не бар екенін зерттеп, көрейік.
Тәжірибе: Дайын жапырақ, қайшы, салфетка.
Қорытынды: Жапырақтың бойында су бар.

Поэзия минуты.
Оқушыларға табиғат туралы өлеңдерді жатқа айтқызу.

3. Рефлексиялық - бағалау кезеңі.

Сонымен, балалар, қандай тақырыппен таныстық? Өсімдік мүшелеріне нелер жатады? (Сызбамен жұмыс): Енді балалар, мына суреттен тал құрастырайық. Ол үшін ең бірінші тамыр, сабақ, жапырақ, гүл, жемісті орналастырамыз. (Осы сурет - сызба арқылы сабақты бекіту)

Үй тапсырмасы. «Жапырақ» мәтінін оқу, түсінігін айту. Жапырақтың суретін салу.
Бағалау: Жақсы қатысқан балаларға баға қою.

© 2010-2022