Жаса, жайна ару қалам – Астанам!

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: Жаса, жайна ару қалам - Астанам!


Мақсаты: Білімділік: Республикамыздың астанасы-Астана Қазақстандықтардың бірлігі мен тәуелсіздігінің символы деп туған өлкеге, еліме деген сүйіспеншілік нұрын себу. Дамытушылық: Студенттердің бойына Арқа төсінде бой көтерген ертегідей аңыз қала Астана жайлы терең ойлап, кеңінен толғанатын, Отансүйгіштік сезімін ояту. Тәрбиешілік: Астана қаласының сәулеті мен дәулетіне,мәдениетіне құштар жандарды тәрбиелеу.
Көрнекіліктер;Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың портреті. «Астананың гүлденуі- Қазақстанның гүлденуі»атты фотокөрме. «Астанаға -10 жыл» жаңалықтар блогы. «Астана -өткені мен бүгіні», «Астана шежіресі»мерекелік көріністер. Мултимедиа материалдары,Ноутбук.
Сабақ түрі:Дәстүрлі емес сабақ
Қатысушы топтар: 224 топ «Стоматология» бөлімі 221 топ « Емдеу ісі» бөлімі Топ сағатының жоспары:
Ұйымдастыру 1.Кіріспе.Астана жаңа ғасыр қаласы 2.Баяндама.Астана - Қазақстандықтардың бірлігі мен тәуелсіздігінің символы. Астана елдің байтағы. 3.Әдеби монтаж. 4.Қорытынды. Ұйымдастыру Мәжіліс залын топ сағатының жоспарына сәйкес жабдықтап, топ сағатына қатысатын оқушыларды және қатысушы көрермендерді орындармен қамтамасыз ету.
Кіріспе. Құрметті ұстаздар, топ студенттері. Бүгінгі тәрбие сағатымыз Жаса, жайна ару қалам - Астанам!деп Астананың 10 жылдық мерей тойына арналады.

Қазақстан тәуелсіздігінің анық айғағын,тұрақтылығын паш ететін, мемлекеттік рәміздері болып табылатын көк байрақ туымыз көтеріліп,әнұранымыз орындалады.


Кіріспе. Менің елім - Қазақстан!Сонау Алтайдан Атырауға дейін созылып жатқан кең байтақ ғажайып өлке,бұл -Қазақстан!Еліміздің бай тарихы күрескерліктің, отаншылдықтың не екенін рәсімдейді.Арқаның төріне қоныс тепкен құт мекеннің құйқасы құнарлы,төскейі нұрайлы,айнала көкорай бел,көк шалғын,самал желі жібектей,саф ауасы самалдай,бозторғай сайрап,қызғалдағы құлпыра нұр шашады.1998жылы 6 маусымда Қазақстан Республикасының астанасы Ақмола қаласын Қазақстан Республикасының астанасыАстана қаласы деп қайта атау туралы Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығы шықты.Біздің бас қала-мыз көкке өрлеген Бәйтеректің ұшар басынан бастап,өскелең астананың Қазақстан Респуликасы деп мақтанышпен айтатын өркендеген мемлекет. Астана қаласының символы болар Бәйтерекке түркі халықтарының аңызы бойынша ЕР төстіктің айшылық алыс жолдардан ,асу белдерден өтіп,жерасты патшалығына тап болатыны бар емеспе еді. Сонда ол өмірдің бастауын бейнелейтін алып ағашты көретін еді ғой,міне осы алып ағаштың ұшар басына аңыздағы Самұрық құс жыл сайын жалғыз ғана алтын жұмыртқа салады екен.Сол жұмыртқа өмірдің символындай бүкіл тіршілікке жан беріп тұрады.Алайда жылдың белгілі бір мерзімінде осынау ұлы құстың жыл сайынғы жалғыз балапаны өліп қала береді.Жұмыртқадан балапан жарып шыққан бойда бір айдаhар-жылан алып ағаштың діңімен жоғары өрмелеп барып қорғансыз,күнәсіз балапанды жұтып қояды .Жерасты патшалығына түскен ЕрТөстік балапанға ұмтылған Айдаhарды садақпен атып өлтіреді.Бұған риза болған Самұрық балапанын ажалдан алып қалғаны үшін ЕрТөстікті жер астынан жер үстіне алып шығады. Әдетте, ертегіде мұндай алып ағаштың нақты мөлшері көрсетілмейді.Бірақ өмірде қиялдың шындыққа айналуы бола береді .Олай болса Астананың сол жағалауында бір кезде қиялда жүрген ой ,енді шындыққа айналған нағыз зәулім Бәйтерек бой көтерді. Бәйтеректің биіктігі 97 метр .Бәйтерек өзінің сұлулығымен, сәулетті сымбаттымен адамды өзіне тарта түседі .Біздің Бәйтерегіміздің аса бірегей болып табылатынын және әлемде бұған ұқсас обьекті жоқ екендігін атап көрсетуге тиіс піз.Міне, Астана да бір кездегі жалғыз ғана даңғылы бар қаладан қазір көлемді -қуатты мегаполиске біртіндеп айналып келеді.Ал,міне биылғы жылы Астана 10жасқа толып отыр.Әрбір толған жылдың өзі құндылығымен орын алады,әрі әрбір жыл Қазақстан Республикасының экономикасының дамуының нышаны,өз алдына тәуелсіздігінің ұзақтылығы,әрі Қазақстандық-тардың бақытты шақ бірлігі болып табылады.Сондықтан да Астана Қазақстандықтардың бірлігі мен тәуелсіздігінің символы дейміз.

Туған жерім қазақ жері,туған елім -қазақ елі өмірімізді,

Отаным-Қазақстанды көріп, Бұл -қазақ дейді.

Әнімізді ,жырымызды тыңдап, Бұл -қазақ дейді.

Ерлігімізге,тірлігімізге қарап, Бұл -қазақ дейді.

Дархандығымызды, дастарханымызды көріп ,Бұл -қазақ дейді.

Тұрқымызды, ғұрпымызды көріп, Бұл -қазақ дейді.

Өзімізді, сөзімізді тыңдап, Бұл -қазақ дейді.

Қазақ деген ғажап дейді.

Жарқын ғасырдың нақ төріне жол тартқан гүлденген, көркейген қазақ жері ал оның нақ күмбезі көгінде тұғырына енген қазақ елінің Елорда хроникасынымен танысып өтсек.

1-жүргізуші: Өзі жас қала, өзі бас қала, әсем қала елордасы - Астананың он жылдық мерей тойына арналған «Жаса, жайна ару қалам - Астанам!» атты кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер.

2-жүргізуші: Көз тіккен төрткүл дүние алты Алашы

Бұл бүгін қазағымның бас қаласы.

Елордам халқым үшін ерен бөлек -

Тәуелсіз елдің Астанасы!

Ән: «Сарыарқа»

1-жүргізуші: 1997 жылы 10-желтоқсаннан бастап Ақмола қаласын Қазақстан Республикасының Астанасы деп жариялау туралы жарлыққа Қазақстан Республикасының Президенті қол қойды.

2-жүргізуші: Ақмола қаласының Қазақстан Республикасының астанасы ретінде ресми тұсаукесері 1998 жылы 10-маусымда өткізілді. Міне содан бері он жыл өтті. Енді өткенге көз жүгіртіп ұлы дала тарихына шолып өтсек.

Ортаға студенттер шығып астаналар тарихы туралы мағұлмат береді.

1-студент: Кеңес өкіметі орныққаннан кейін 1920 жылы Қазақ автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасының астанасы Орынбор қаласы болды. Дегенмен Республиканың оңтүстік өңірлеріндегі тұрып жатқан қазақ халқының басым бөлігінің Орынбордан қашық болуы астананы көшірудің қажеттігін туғызады.

2-студент: 1925 жылы бұрынғы Қоқан хандығының шекаралық қамалы болған Ақмешіт (қазіргі Қызылорда) Қазақстанның астанасына айналды. Сол жылы Қазақстан кеңестерінің V съезі делагаттарының шешімі бойынша ақмешіттің патшалық атауын кеңестік заманға әбден лайықтап Қызылорда деп өзгертті.

3-студент: 1927 жылы Транссібір темір жолы магистралі салынды. Ол Қазақстанның ең ірі елді-мекені алматы қаласы арқылы өтті. Заманында Ресей патшалығының Жетісу және Түркістан өлкесіндегі негізгі тірегі болған бұл қала 1921 жылға дейін Верный атанып келген. 1929 жылы Республика өкіметі жаңа астанаға көшеді. Ол Алматы қаласы еді.

4-студент: Тура жетпіс жылдан кейін 1997 жылы 20-қазанда елбасының жарлығымен Ақмола Қазақстан Республикасының астанасына айналды. Сол кейінірек 8-қарашада мемлекеттің негізгі нышандық белгілерінің бірі республиканың туы, елтаңбасы және президент байрағы жаңа астанаға әкелінді. Сонымен Ақмола Астана болып дәйекті түрде өзгертіліп, Тәуелсіз ел егемен Қазақстанның кіндік қаласына айналды.

5-студент: Қадамың бар баспаған,

Асуың бар аспаған.

Халқың жетсін мұратқа,

Ей, бас қала - Астанам!

6-студент: Тың жылдарды бастаған,

Жалған атын тастаған,

Қайта түлеп, құлпырған

Ей, бас қала - Астанам!

7-студент: Жетпіс тоғыз - жас қыран

Жау дұшпанын жасқаған!

Намысың бар найзадай

Ей, бас қала - Астанам!

8-студент: Кенесары - бас бабаң,

Озық туған басқадан.

Арыстарды ардақта

Ей, бас қала - Астанам!

9-студент: Шырқап көкке асқақ ән,

Болшаққа бас қадам.

Қазақ рухын биіктет,

Ей, бас қала -Астанам!

10-студент: Жас Астанам - жас қалам,

Тарихың бар ашпаған.

Ордасы бол ойшылдың

Ей, бас қала - Астанам!

Хор: «Елім менің»

Сөзі: Н.Назарбаев

Әні: Б.Тілеуханов

Арайлап таңым,асқақтап тауым,

Ән ойнап көгім, күй тартты көлім.

Қол жетті, міне, аңсаған күнге,

Жасай бер,жаса, қазағым менің.

Қазақыстаным-жасыл орманым,

Қуанышымды жасыра алмадым.

Аңсаған бабам, аңсаған елім

Бостандық еді-асыл арманың!

Қайырмасы:

Елім менің аңсаған,

Тас бұғаудан босаған.

Құтты болсын отауың,

Берік болсын босағаң.

Бабамның қаны, анамның жасы

Сіңген бұл далам,қымбатсың маған.

Береке, бірлік амалдың басы,

Ұрпаққа мәңгі тіл қатшы,далам.

Күйінсін жауын, суйінсін досың,

Жийлсын қауым,жиылсын көшің.

Ертенің үшін аянба,елім,

Ояншы елім, жиылсың есің.

Қайырмасы:

Ұрпақ үшін,ел үшін,

Атамекен жер үшін,

Мереке мен бірлігің

Таси берсің өрісің! 1-жүргізуші: Елбасын 1992 жылы Қазақстанның Президенттігіне сайланганнан кейін сол жылы Ақмолағға келіпті. Есілден көлденең тартылған ескі көпірдің ортасында тұрыпөзенге қарапты. Елбасына қашанда қаланың ортасынан ағып жататын өзен ұнайды екен. 2-жүргізуші: Өзен қалаға ерекше көрік береді, мәртебесін көтереді. Мысалы, бізде Жайықтың бойында Атырау, Сырдарияның бойында Қызылорда, Тобылдың бойында Қостанай, Ертістің бойында Семей мен Кереку орналасқан. 1-жүргізуші: Ал әлемде қаншама астаналар ылғи өзеннің жағасына салынған. Санк-Петербор-Невада,Мәскеу-өзі аттас өзенде, Париж-Сенада, Лондон-Темзада тұр. Оның үстіне Ақмола Қазақстан мен бүкіл Еуразияның орталығына орналасқан. 2-жүргізуші: Сонымен Есіл өзені бойынан жобасы Елбасы сызып берген қала көтерді. Ендеше әсем қаланың төрінен еңсе көтерген зәулім сарайлар мен ғимараттар жөнінде сөз қозғасақ.

1-оқушы:Салынып жатыр Астана.

Салынып жатыр

Ресторан,

Кафе,

Асхана.

Балға мен балта,

Қашау мен қайла қосылса,

Ақыл мен айла қосылса,Тіл бітер тегі тасқа да!

Салынып жатыр Астана.

2-оқушы: Салынып жатыр Астана...

Мазасыз бүгін маң дала,

Бақытын іздеп жанбаған,

Өз жолын жана таңдаған.

Салынып жатыр...

Желбіреп жалау,

Жалындап алау-

Күнмен түнді жалғаған,

Жерімде кран,

Көгімде қыран самғаған,

Салынып жатыр Астана.

3-оқушы: Салынып жатыр Астана,

Қарамай тіпті

Дауылға,

Желге,

Жаңбырға.

Жанына серік,

Жан-жақтан келіп,

Береді ерік әң жырға.

Салынып жатыр...

Салынып жатыр Астана.

4-оқушы:Қала қандай!

Жарқ еткен жарық таңдай.

Сол қаланы орнатқан халық қандай!

Осы шығар-

Бағзының ертегісі,

Сағат сайын өсетін Алыптардай.

Қайда шаттық,

Қайда той,

Қайда думан?!

Желбірейді жел есіп айдарынан.

Осы шығар-

Отырар қайта туып,

Көтерілген тарихтың қойнауынан.

5-оқушы:Маңғаз дала-құлпырған қиыр қандай,

Маңдайыма бақ болып бұйырғандай.

Барлық өзен арнасын бұрып алып,

Ағыл-тегіл Есілге құйылғандай.

Тұр Астана,

- Құрметті ұстаздар, студенттер бүгінгі Жаса, жайна ару қалам - Астанам! деп Астананың 10 жылдық мерей тойына арналған топ сағатымыз аяқталды.

Құрастырғандар: Алиева А.К.

Абилова Ж.М.






«Жаса, жайна ару қалам - Астанам!»

атты ашық топ сағатының жоспары


© 2010-2022