Тәрбие сағаты «Анамызға мың алғыс!»

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Бекітемін:

ДТІЖО : Г.Б.Бисенгалиева

Сабақтың тақырыбы: « Анамызға мың алғыс!»

Сабақтың мақсаты: Оқушылар бойында 8 наурыз мейрамын қастерлеу сезімін дамыту.Өздерінің сүйікті аналарына деген сыйластығын тәрбиелеу.Оқушылардың бойындағы өнері мен дарындылығын дамыта түсу. Сабақтың барысы

Мұғалім: Құрметті аналар мен әжелер, қыз-қызғалдақтар! Сіздерді келе жатқан 8-наурыз аналар мерекесімен құттықтаймын.Деңдеріңізге саулық,отбасыңызға амандық, құт-береке, татулық, бақыт тілеймін.Мынау жарық дүниедегі өрнекті, өркен деген өмір құдіретті күннің ақ шуақ нұрынан, аяулы ананың ақ сүтінен жаралған. Сіздерге өмір сыйлаған аяулы жан-асыл аналарыңа өмір бойы қызмет етсең де, оның бір түнгі ұйқысына да татымайды. Ана балаға тек жақсылық тілейді, ұрпағының кейбір кемшілігі мен мінді мінездерінің кемісін кешіреді. «Баланың табанына кірген тікен,менің маңдайыма қадалсын»деген мақал осының дәлелі. Міне, сондықтан да ананың ақ сүтін ақтау үшін, оның өсиетін тыңдап, өнегесін орындап өсу, біздің перзенттік борышымыз екенін бар жан-тәнімізбен сезініп, тәрбиеленуге тиіспіз.

Жан ана

Жетпегенін мейіріммен,

Жеткізеді жан ана.

Қыл көпірден пейілімен,

Өткізеді жан ана.

Бір күн өмір сүрмейді,

Өзім үшін деп ана.

Көтмесе көз ілмейді,

Көрешегі көп ана.

Шаршап жүрген кезінде,

Табыл анаң қасынан.

Туған анаң барына,

Тәуба қыл, сен, жас ұлан!



Жып-жылы үйді

елестетші анасыз,

Ол бәрібір сұп-суық.

Күлер шақта

күле алмайсыз анасыз,

Жанарыңа шық тұнып.

Ана ғана-

Ет жүрегі елжіреп,

Ерітетін жаныңды.

Құшып, сүйіп мөлдіреп,

Үн қататын жағымды.

Тойдыратын тамағы,

Түксимейтін қабағы.

Ана ғана бала үшін,

Бар бейнетке барады. Аналар көктемгі күндей жарқырап гүлдей құлпырған, гүл мерекеңіз күн мерекеңіз құтты болсын! Осы аналар мерекесіне арнап «Қастерлейік қасиетті ананы» деп аталуының өзі, жайдан жай емес. Аналар аман болыңыздар! Күндей жарқырай беріңіздер!

І жүргізуші: Дилназ

Наурыздың келер сегізі

Сәті түсті бүгін сізге

Балаңыздың жүрек жарды

Анаға айтар лебізі

ІІ жүргізуші: Асхат

Күн жарық өнер сүйер барша қауым,

Бұл кеште керек сіздің шаршамауың

Сахнаға шықты міне балаларың

Қажет қой шапалақтап қарсылау

І жүргізуші: Назерке

- бүгін ерекше күн гой және келген қонақтар да жай қонақтар емес «Аналар». Сәби өмірге алғаш келгенде өз сезімін уілдеген үнімен білдірсе, мен ер жете келе ерекше сезімді әнмен жеткізгім келеді.

- Сенікі дұрыс екен. Бүгінгі күн, аяулы аналар, сіздер үшін де, сәбилеріңіз үшін де ерекше күн болмақ. Қиын да қысылтаң кезде шыдамдылықпен, ақылмен, мейірімділікпен аялай мәпелеп, еркелігімізді кешіре жол сілтеген ардақты аналар, бүгінгі балалық сезіміміз, алғысымыз, әсем әніміз,көңілді күйіміз, демалыс кешіміз сіздерге арналады.

Екеуі бірігіп:

  • Қош келдіңіздер!Аяулы аналар, құрметті қыздар!

  1. оқушы Дилназ

Аяулы да ардақты

Ашық аспан тілеймін

Ана сөзі жан-жақты

Бар баланы демеймін

Өмірге маған жол нұсқап

Тәрбие беріп өсірген

Қыңыр кетсем қолды ұстап

Қателігімді кешірген

Әлемдегі ең қымбат

Анашым менің анашым

Алысқа кетсем қол бұлғап

Сағынумен қаласың.

  1. оқушы Диана

Өмірде ана-бұлақ, ана-пана,

Өмірді өркендетер ана ғана.

Өсірген талай көсем, талай шешен,

Талай ер, талай ақын, талай дана.

Ана! Ол - біздің елде ардақты адам,

Кіші де, үлкен де оны ардақтаған.

Өзінің аяулысы - Отанды да,

«Ана» деп біздің халық текке айтпаған.

  1. оқушы Дастан

Күн сәулелі анашым,

Рухыңмен панасың.

Жадымда әркез қаласың,

Жүрегім боп соғасың.

Күн мейірімі төгілген

Ана ғана ғаламда.

Жақсы ананың шуағы

Мәңгі қалар санаңда.

Аналардың мейірімі

Тірлікті еткен ғаламат.

Ұмытпайық біз мұны,

Үлкен, кіші азамат.

Хор: «Анашым»

Әні: М.Омаровтікі

Сөзі: Қ.Жұмағалиевтікі

  1. оқушы Қуаныш

Ана деген - өмірімнің шырағы,

Өмір көзі - алтын күннің шуағы.

Дем беретін, сүйетұғын жанымен,

Шөл далада сусындайтын бұлағың.

Бала деген - анасының жүрегі,

Бала үшін ана өмір сүреді.

Егер бала көңілденіп, қуанса,

Анасы да қуанады, күледі.

  1. оқушы Аида

Анашым менің анашым

Көңілімді табасың

Сен ғой мені ойлайтын

Ерекшесін,панасын

Бір шытпайды қабағын,

Пісіретін тамағын.

Ана ғана бала үшін,

Бар бейнетке қалады

Анам менің данамсың

Қорғанымсың панамсың

Сені ғана жырлайтын

Жүректегі дара әнсін.

  1. оқушы Айбек

Жүрегім сен деп соғады,

Ауырма аман жүрші анам.

Ақылың берер мол әлі,

Жетпейді ешкім бір саған.

Өскенде меннен көрерсің,

Жақсылықтың барлығын.

Баласы сүйсе анасын,

Ол әркімге заңды ұғым.

І жүргізуші: Дилназ

Армысыңдар сыныбымыздың асылдары

Жайнасын көңілімнің жасыл бағы

Сіздер үшін ән мен күй өлең мен би

Сіздер үшін бишілердің шашулары

Би: Самигулла А,Амангельдиев М

оқушы Әлімжан

Мәпелейсің мені, анам.

Қолыңдағы құсыңдай

Құлпыра өсіп дем алам

Құшағыңда қысылмай

Үмітіңдей көзіме

Көп қарайсың үніліп

Еркелеген сөзімде

Ертеңіңіз тұр күліп.

Сен жалықпай жетектеп

Мен жаттыға жетермін.

Айтқаңынды екі етпей

Ақ сүтіңді өтермін.

Біліп тұрсың, жан анам

Міндеті үлкен ботаңның.

Күтері сол баладан

Ана менен Отанның.

  1. оқушы Айдын

Ардақтайық ананы

Ауырады жүрегі бір сен үшін,

Қайғырады қашанда бір сен үшін.

Аналарға ауырлық артпайық,

Көңіліне көлеңке түсірмейік.

  1. оқушы Дастан

Ана деген - өмірдегі ардақтым,

Ана деген - баға жетпес қымбаттым,

Жаралды ғой барлық дана анадан,

Ана деген - қолдаушым мен қорғаушым,

Кейбіреулер жылатады анасын,

Қадіріне жете алмайды ананың,

Ана деген - қасиетті ұлы жан,

Анасыз бұл өмір деген құр қараң.

І жүргізуші: Дилназ

Ана - әлемдегі ең ардақты, құрметке ие, аяулы асыл жан. Елдің болашағын, заманының дарабозын, өмірдің сәйгүлігін тәрбиелеп, қанатын қатайтып, өмір нұрын сыйлаушы. Өмірдің соққан дауылды желінен, тағдырдың ойлы-қырлы соқпағынан жеңілмей, жеңіп өтуді үйретеді.

ІІ жүргізуші: Темірлан

Адалдықтың сиқырын түсіндіру де нағыз аналардың арқасында асқақ қыздар, арыстандай ұлдар Отанның перзенттері болып өсіп жатыр.

Елдің тірегін тәрбиелеу халықтың тілегі мен аналардың құдіретінен қуат алады.

Хор: «Ана туралы жыр»

Сөзі: Ғафу Қайырбековтікі

  1. оқушы Жанерке

Кім сендерді, балалар сүйетұғын,

Қуанышыңа қуанып күйетұғын?

Түн ұйқысын төрт бөліп, кірпік қақпай,

Шешең байғұс дамылсыз жүретұғын.

Кім сендерді балалар, тербететін,

Еркелетіп, ойнатып, сергітетін.

  1. оқушы Диана

Титтей бөбек кезімнен

Әлдилеген емізген

Еркелетіп клгізген

Алғаш «апа» дегізген

Кішкентайы мен үшін

Тағат байыз таппайтын

Не жемесін,не ішсін

Менсіз тағам татпайды

Шомылдырып кешкісін

Мен жатпасам жатпайды.

Анам менің қандай-ды!

  1. оқушы Оралхан

Ана тілі махаббаты, тілегі,

Теңіз сынды сарқылмайды,білемін,

Жаныңа да,жүрегіңе ең жақын,

Сол жан ғой қорғаштайтын үнемі.


  1. оқушы Айбек

Ардақты ана,аяулы ана,қымбаттым,

Сәбиіңді әлдилеумен түн қаттың

Ақ сүтіңмен ауызданып есейдім,

Кең құшағың аясындай гүл бақтың

Анашым тілеуімді тілеп жүрген,

Аумайсың жарығы мол ашық күннен.

Бүгін сіз шаршамаңыз біздер үшін.

Әр балаң өсер ертең болып жүлдең.

  1. оқушы Назерке

Ана деген ақылшың

Анаң барда батылсың

Қасында кім болса да

Тек анаңа жақынсың.


  1. оқушы Дилназ

Айналаға қарашы,

Неткен көркем тамаша!

Талдар биік өседі,

Бір-бірімен таласа

Күн сүйеді аймалап,

Ағаштарды балаша.

Табиғат та бір ана

Шапағатын санаса

  1. оқушы Бақтияр

Анашымның жылы-жылы сөздері,

Көңілімнің өсуіне себепкер.

Анашымның мейірімді көздері,

Өмірімді өмір бақи өбектер

Анашымның қас-қабағы түспесін,

Қайғыланып қара шайын ішпесін

Анасына еркелеген бар бала,

Анасы үшін тек жақсылық істесін.

  1. оқушы Дилназ

Анам менің бесігім.

Тұла бойы кешірім.

Анам аман тұрғанда

Өшірмеймін есімін.

Хор: «Анаға сәлем»

Сөзі: Оспанәлі Иманәлиевтікі

  1. оқушы Дилназ «Ана»туралы әңгіме оқиды

ІІ бөлім

І жүргізуші: Жанерке

Мейіріміңе табынармын ата-ана

Алыс кетсем сағынармын ата-ана

Екеуіңе жоламасын қайғы - мұң

Сендер үшін жаным пида,ата-ана.

(Оқушылардың аналарына шығарған өлеңдеріне береміз)

Дилназ

Түн ұйқысын төрт бөлген

Сенсің ана тірегім

Саған бақыт тілеймін

Сіз деп соғар жүрегім.

Бір сәт кетсең қасымнан

Сағанамын әрдайым.

Саят

Анашымның жылы-жылы сөздері,

Өмірімді өмір бақи өбектер.

Анашымның мейірімді көздері,

Көңілімнің өсуіне себепкер.

Дастан

Ақ сүт беріп өсірген асыл анам

Көңілінді ешқашан түсірмеймін,

Оқимын,еңбектенем ақын болам

Анашыма тек жақсылық тілеймін мен.

Бақтияр

Анаң сенің жүрегің

Ана - сенің тірегің

Сен бақытты ұлансың

Бәрі саған қуансың.

Өмірімде бір ғана,

Кешіріп жүрген бұл ана.

Мақтан етіп баласын,

Мәпелеген жан ана.

Дилназ

Анам маған күн мейірімін төгеді

Анам менің алтын айым көктегі

Ана деген әрқашанда асыл жан

Анам маған жүрек нұрын себеді

Анашым менің алиыным

Сенсің менің жақыным

Саған деген өмірде

Ақ алғысым көп менің

Ана асыл білемісің ол жайлы

Ол жанарды ренжітуге болмайды

Жан анасын аямаған адамзат,

Ғұмыр бойы тіршілікте оңбайды.

Хор: «Анашым қартаймашы»

  • Осымен шағын мерекелік шарамыз аяқталды, назарларыңызға рахмет!

№ 37 жалпы орта білім беретін мектебі

Тәрбие сағаты

«Анамызға мың алғыс!»

3 г сынып жетекшісі: Г.К.Сарсенова


Орал - 2014 ж

© 2010-2022